НАЗАРБАЕВТАР ӘУЛЕТІНДЕ «ЖИЕН-ГЕЙТ» БАСТАЛДЫ

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №14 (331) от 07 апреля 2016 г.

 

 

Коррупция мен ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығы (Organised Crime and Corruption Reporting Project – OCCRP) медиа тобы мен Халықаралық журналистік зерттеулер консорциумы (ICIJ) және бірнеше әлем басылымдары панамалық Mossack Fonseca заң компаниясының әшкере болып кеткен құжаттарын жариялады.

 

Mossack Fonseca заң компаниясының құжаттарына қарағанда, Рахат Әлиевтің ұлы, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Нұрәлі Әлиев британдық Виргин аралдарында бірнеше фирманың акционері болған. Құжаттарда Астана әкімінің бұрынғы орынбасары Нұрәлі Әлиев 2008 жылы Виргин аралдарында тіркелген Baltimore Alliance Inc. фирмасының акционері болғаны жазылған. Бұл компания яхталарды сатып алу және сатумен айналысқан. 2008 жылы фирма 77 футтық «Номад» деп аталатын яхта сатып алған. Яхта Mossack Fonseca фирмасы арқылы тіркелген.

Кейін Әлиевті Baltimore Alliance Inc. компаниясында акционер ретінде Лондондағы жылжымайтын мүліктерге бақылау жасайтын Greatex Trade &Invest Group (GTIG) компаниясы алмастырған. Әлиев 2008 жылы GTIG компаниясының әкімшілік президенті болған.

Mossack Fonseca құжаттарында Нұрәлі Әлиев бұған қоса 2014 жылы Виргин аралдарында құрылған Alba International Holdings LTD компаниясына да ие екені айтылады. Ол компанияны Кипрдегі банк есепшоттарын ұстау үшін пайдаланған.

Нұрәлі Әлиев 2014 жылдың соңынан биылғы наурыздың ортасына дейін Астана әкімінің орынбасары болған. Ол әр жылдары «Нұрбанк» төрағасының бірінші орынбасары, директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарған. 2008–2013 жылдары «Қазақстанның даму банкі» басқарма төрағасының орынбасары, «Транстелеком» компаниясы басқарма төрағасы болған.

Нұрәлі Әлиевтің шешесі Дариға Назарбаева – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы, премьер-министрдің орынбасары.

Нұрәлі Әлиевтің әкесі Рахат Әлиев 2015 жылы ақпанда Вена түрмесінде өлі күйінде табылған. Ол «Нұрбанк» топ-менеджерлері Жолдас Темірәлиев пен Айбар Хасеновты ұрлап өлтіруге қатысы бар» деп айыпталып, 2007 жылы мемлекеттік қызметтен қуылғалы, Еуропа елдерінде тұрып жатқан еді.

Руслан МЕДЕЛБЕК,

Azattyq.org

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн