Назарбаевтың лайнері ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ҚЫМБАТ ұшақтар тізіміне кірді

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №26 (390) от 5 июля 2017 г.

Апта аптығы

Бұл екі арада


 

Чартерлік тасымал бойынша әлемдік көшбасшы Air Charter Service компаниясы әлем лидерлері қатынайтын әуе кемелерінің тізімін жария етті, – деп «Еуразия бірінші арнасы» хабарлады.

 

Сонымен, ең қымбат лайнер Катар Әмірі Тамим бин Хамад Әл Таниде екен. Бағасы 1,5 миллиард доллар. Екінші орында, «Эйр Форс» ұшағының иесі Дональд Трамп. Ақ үй қожайынының әуе кемесі 1 миллиард доллар тұрады екен. Ал үшінші орындағы Ресей президенті Владимир Путин мінетін лайнердің құны 500 миллион доллар.

Ангела Меркель 300 миллион долларлық лайнермен қатынаса, Францияның экс-президенті Франсуа Олланд 270 миллион АҚШ валютасы тұратын «Эйрбасты» қолданады. Алтыншы орынға бірден төрт ел көшбасшыларының ұшағы жайғасқан.

Бұл елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың нөмірі бірінші борты. Қазақстан президентінің лайнерімен бір сатыда Қытай басшысы Си Цзиньпинь, Британия премьері Тереза Мэй және Бахрейн патшасы Хамад ибн Иса Әл Халифаның ұшақтары жайғасқан.

Stan.kz

 

 

 

«D»

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн