Пятница , 4 июля 2025

ҮНДЕУ және жалтарма ЖАУАП

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №4 (368) от 2 фев­ра­ля 2017 г.

 

Хал қалай, мектеп?

 


 

Өткен жыл­дың қара­ша айы­ның соңын­да «Ағар­ту­шы» қоғам­дық қозға­лы­сы­ның мүше­лері және елдің бірқа­тар облы­ста­ры­ның ұста­зда­ры, ата-ана­лар қол қой­ып, мек­теп­те «үштіл­ділік» оқу жүй­есін қол­да­нуға қар­сы­лық бел­гісі ретін­де Үндеу жари­я­лаған еді («Аbai.kz», «Жас Алаш», «ДАТ»). Ол үнде­уде «үштіл­ділік­тің» бола­шақ ұрпаққа төн­дірер қау­пі мен мұғалім­дер­ді жер­гілік­ті әкім­дер­дің «қара жұмысы­на» жегуді тоқта­ту және «элек­трон­ды күн­делік» мәсе­лесі, газет-жур­нал­дарға зор­лы­қ­пен жаз­ды­ру, тағы басқа да өзек­ті тақы­рып­тар қам­ты­лған болатын.

 

Бұл үнде­уді «Ағар­ту­шы» қоғам­дық қозға­лы­сы­ның мүше­сі Айман Сағи­дул­ла Білім және ғылым мини­стр­лі­гінің ресми өкілі Бағым Көп­тіле­уоваға Қаза­қстан мұғалім­дері аты­нан тап­сы­рған бола­тын (http://khabar.kz/kz/m‑ra-at/ba-darlamalar/item/71478-bilim).

Өткен жылы 2 жел­тоқ­сан­да беріл­ген үнде­у­ге осы қаңтар­дың 20-ында мини­стр­лік тара­пы­нан жау­ап кел­ген екен. «Аталған үнде­уде Қаза­қстан­да мек­теп пен білім беру сала­сын­дағы ортақ тақы­рып сөз бол­са да, мини­стр­лік­тен кел­ген жау­ап Алма­ты облы­сы­ның Қара­сай ауда­ны­на ғана қаты­сты болып шықты», – дей­ді үнде­у­ге баста­ма­шы­лық жасаған бел­сен­ділер­дің бірі Айман Сағидулла.

«Мен мек­теп­тер­де­гі өрес­кел жағ­дай­ды жары­ққа шығарға­ным үшін екі жыл бойы көп­те­ген қысым­дар көр­дім. Халық қол­дап, қуда­ла­удан аман-есен қал­дым. Қазір аудан­дағы білім бөлі­мінің басты­ғы­нан бастап, мек­теп дирек­то­ры­на дей­ін ауы­сты­рыл­ды. Қара­сай ауда­нын­да мұғалім­дер­ді ауыр жұмысқа салу, кон­церт­тер­ге билет­тер­ді зор­лы­қ­пен сату тоқтатылды.

Деген­мен, бүкіл Қаза­қстан­ның ұста­здар қауы­мы­ның жанай­қайы сияқты үнде­у­ге Қара­сай ауда­ны­ның білім бөлі­мінің жұмысын көл­де­нең тар­тып, жал­тар­ма жау­ап беру – Білім мини­стр­лі­гінің жұмысы­на үлкен сын. Үнде­уде көр­сетіл­ген жал­пы­ға ортақ ірі мәсе­лені жеке аудан­ның жағ­дай­ы­мен алма­сты­рған мини­стр­лік білім сала­сын сүт зауы­ты­мен «шата­сты­рып» алғанға ұқсай­ды», – дей­ді аза­мат­тық ұста­ны­мы берік бел­сен­ді Айман Сағидулла.

Мей­ір­жан ТЕМІРБЕК,

«Ағар­ту­шы» қоғамдық

қозға­лы­сы­ның мүшесі

 


 

ӘБДЕН КҮЙІНГЕН МҰҒАЛІМ мек­теп­тер­де­гі былық-шылы­қты жариялады

 

Қаза­қстан­дағы мек­теп мұғалі­мінің өмірі – жүй­ке жұқа­ру мен кедей­шілік­те өте­ді. Оқы­ту­шы кәсібін сау­ап­ты іс дей­тін­дер мені кінәлай­тын болар. Бірақ сау­ап­ты іс пен жоға­ры мақ­сат­тар тура­лы оқы­ту­дың алға­шқы жылын­да-ақ ұмы­тып кетесің.

 

Менің ойым­ша, мұғалім­дік­ке бос уақы­ты көп неме­се жалғы­з­ба­сты, отба­сын құру, бала­лы болу­ды қала­май­тын адам баруы керек. Өздеріңіз түсініп оты­рған­дай, атал­мыш нұсқа­лар­дың бар­лы­ғы мүм­кін емес. Ондай адам жоқ.

Менің жасым 30-да. Орта мек­теп­те ағы­л­шын тілі­нен сабақ бере­мін. Менің жеке өмірім де, артық ақшам да жоқ, айна­лы­сып жатқан ісі­ме қанағат­тан­бай­мын. Қаза­қстан­дық мұғалім­дер дөрекі оқы­ту­шы­лар мен есер­соқ бас­шы­ларға, білім жүй­есін­де­гі бей-бере­кет­сіздік­ке қар­сы тұруға тал­пы­нып жүр­ген, ешқан­дай құқы­ғы жоқ адам­дар. Бала­лар­дан бастай­ық. Мен алғаш мек­теп­ке мұғалім болып орна­ласқан­да, оқу­шы­лар­ды барын­ша қызы­қты­руға тыры­стым. «London is the capital of Great Britain» деуден ары­ға бар­май­тын мұғалім­дер­ге қараған­да, мен­де басқа оқы­ту әдісі бол­ды. Сүй­ік­ті ағы­л­шын әндерін оқу­шы­лар­мен бір­ге аудар­дым. Оқу­шы­лар қызы­қты ағы­л­шын теле­хи­ка­я­ла­рын суб­титр­мен көре алу үшін, бар­лық жат­ты­ғу­лар­ды аз уақыт­тың ішін­де жаса­уға тура кел­ді. Сабақтан тыс уақыт­та бала­лар ағы­л­шын тілін­де сөй­ле­суім­ді сұрай­тын. Олар­дың көзі жанып тұрды!

Оқу­шы­лар «Қызы­қты ағы­л­шын тілі» пәнінің уақы­тын ұзар­тып, зерік­тіретін ағы­л­шын­ды мүл­де алып таста­уым­ды сұра­ды. Отан­дық автор­лар­дың сапа­сыз кітап­та­рын оқы­ғы­сы кел­меді. Автор­лар – қазір­гі заман­ның адам­да­ры, алай­да оқы­ту әдісі ескіріп кет­кен. Мен жоға­ры сынып­тың мұғалі­мі бол­сам да, кітап­тар мек­теп­ке дей­ін­гі бала­ларға арнап жазған­дай әсер қал­ды­ра­ды. Бала­лар әртүр­лі бола­ды: оқу­шы­лар­дың жет­кін­шек кезеңін, өмір­ге қызы­ғу­шы­лы­ғын, олар­дың бой­ын­да гор­мон­дар түзілетін ере­сек кезін, басқа да мәсе­ле­лер­ді еске­ру қажет. Иә, менің мұғалім­дік жұмысым да көз жас­сыз бол­ма­ды. Бұған 9‑сыныпта оқи­тын оқу­шы­лар­дың бірі себеп­кер бол­ды. Ол үне­мі сабаққа кеші­гіп келіп, сабақ кезін­де бел­сен­ділік таныт­пай, пән бой­ын­ша ешқан­дай білі­мі бол­маған­ды­қтан, сәй­кесін­ше тоқ­сан­ның соңын­да оған қанағат­та­нар­лық баға ғана қой­дым. Мұны біл­ген ата-ана­сы бүкіл мек­теп­ке жан­жал шыға­рып, сот­пен қорқытты.

Бұған дей­ін сый­лап кел­ген дирек­то­рым мені шақы­рып алып, баға­ны төрт­ке түзе­туім­ді сұра­ды. «Біз­ге артық бас ауру­дың қажеті не? Әкесінің бай­ла­ны­ста­ры мықты», – деді дирек­тор құлағы­ма сыбыр­лап. Шыны­мен де, өздерінің ерке­то­тай бала­ла­ры­на баға­ны сатып алып беретін «үлкен» адам­дарға қар­сы не істей ала­мыз? Келесі тоқ­сан­да «ақыл­ды» оқу­шы­ға төрт қой­ға­ным оның сабаққа мүл­де кел­ме­уіне мүм­кін­дік бер­ді. Құдай­ға шүкір, оқу­шы­лар­дың көбі үйін­де жақ­сы тәр­бие алған­дар. Олар бұл жағ­дай­ға түсіністік­пен қарады.

Енді гра­фик жөнін­де. 247 – бұл біздің ұран: сен­білік­тер, мәде­ни шара­лар, қағаз­ба­сты­лық, ата-ана­ларға хабар­ла­су, біт­пей­тін жина­лы­стар… Бұл үшін мұғалім­ге ақша төлен­бей­ді. Мұғалім­дер­дер саға­ты­на ғана ақша алады.

Мек­теп­ке келетін комис­сия – бұл бөлек тақы­рып. Комис­сия бізді түрт­пек­те­ме­уі үшін, оларға сый­лық жасай­мыз. Оған қар­жы жинау жасы­рын түр­де жүреді…

Біздің мек­теп­тер­ге артық кінә таға алмай­сың. Егер ешқан­дай жаб­дық бол­ма­са, жөн­деу жұмыста­ры­на қар­жы бөлін­бе­се, еден жуу­шы­лар­дың жалақы­сы 50 мың тең­ге бол­са, мек­теп­тер­ге не деп кінә артуға бола­ды? Біз оны­мен қой­май сый­лық жасай­мыз. Бай­мыз ғой себебі…

Жас мұғалім­дер­ге өсу­ге ешқан­дай мүм­кін­дік жоқ. Осы жылы мен жұмыстан шыға­мын және бұл тоза­ққа қай­тып ора­луға ешқан­дай ниетім жоқ. Оқу­шы­лар сағы­на­ты­нын айтып жатыр. Әрине, мен де олар­ды сағы­на­мын. Бірақ қай­тесің, тек оқу­шы­ларға деген махаб­бат­пен ғана өмір сүре алмай­сың. Сон­ды­қтан, қым­бат­ты ата-ана­лар, біз тура­лы жаман пікір біл­діре­рдің алдын­да біздің орны­мы­зда болып көріңіз­дер! Сіз­дер бұл жер­де бір сағат та тұра алмай­тын­да­ры­ңы­зға сенім­ді­мін. Ал ай соңын­да мар­дым­сыз жалақы­ны көр­ген­де, жылап жібересіздер!

Айып­та­маңы­здар! Одан да бала­ла­ры­ңы­зға қаза­қстан­дық мұғалім­дер­дің еңбе­гін сый­ла­уды үйретіңіздер!

• Рandaland.kz сай­тын­да жари­я­ланған хат­ты қазақ тіліне аударған Qamshy.kz.

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн