Суббота , 5 июля 2025

НЕ СӨЗ?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №40 (357) от 03 нояб­ря 2016 г.

Апта апты­ғы

Темірқа­зық


Сөй­ле­ген­де сужұқ­пас жыл­пың жорға Нұре­кең соңғы кез­дері сөз­ден сүрі­ней­ін деген сияқты. Бұл әлде қар­тай­ып, шау тар­тқан шал­ды­қтың бел­гісі, әлде «мен білем» деген дағ­да­рыс дағ­ды­ға айна­лып кет­кен, қаза­қтың қара­пай­ым ата­уын­ды­ғы «мыл­жы­ң­ды­қтың» кері бол­са керек.

Қараңыз – тая­у­да ғана ел пре­зи­ден­ті қар­жы мини­стрі Бақыт Сұл­та­но­вты қабыл­да­ды. Бұлар­дың еке­уа­ра сөзін бағып, қасын­да тұрған ешкім бол­маға­ны анық. Бірақ елба­сы­ның есебін түген­дей­тін бас­пасөз қыз­меті мен кер­ней­ші теле­ар­на­лар сол кез­де­судің біраз егжей-тег­жей­ін тарқа­тып­ты. Сон­дағы пре­зи­дент­тің айтқа­ны (жол­ма-жол):

«Төрт көлі­гі бар­лар біре­уінің құнын бер­сін. Бұған мем­ле­кеті­міз­де рұқ­сат бар. Қар­жы мини­стр­лі­гі 5 мил­ли­онға сатып алған үйін жүз мың деп көр­сет­кен­дер­ді жіті бақы­ла­сын. Яғни, біз осын­ша­ма ақшаға үй сатып алуға рұқ­сат бере­міз. Ал рұқ­сат бар жер­де, салық та бар», – деп­ті Нұр­сұл­тан Назарбаев.

Осын­дағы «төрт көлік­тің біре­уінің құнын бер­сін» дегені не сөз? Есі дұрыс адам «біре­уінің құнын» теп-тегін қалай береді? Арам­та­мақ үкі­мет­ті адал ақша­сы­мен жары­лқа­удың орны­на бұл өмір­ден «төр­тін­ші» көлік мін­бей-ақ өтпей ме?

Жоқ, «төр­тін­шісін», тіп­ті «бесін­шісін» мін­сін. Бірақ осы­ның бәрін ол өз аты­на жазып ала­тын ақы­мақ па? Бір отба­сын­да төрт адам бол­са, төрт көлік төр­те­уінің аты­на жазы­луы – Қаза­қстан түгілі, Мар­ста да солай шығар…

Ал «осын­ша­ма ақшаға үй сатып алуға рұқ­сат бере­міз» дегенін қалай түсі­не­міз? «Бізі» кім – өзі ме, өкі­мет пе? Өзі бол­са, бір айтқа­ны бар еді: «Бай­ы­ң­дар, ауқат­ты ада­мы көп қоғам – бай қоғам» деп. Өкі­мет бол­са –халы­қты қанау арқы­лы күн көр­ген өкі­мет­тің билік басын­да оты­рған­дар­дан басқаға кере­гі бар ма?

Енді­гісі мынау – «құн төлесін» деп, халы­қтың қал­та­сы­на кезек­ті қол­ды сұғуға иша­ра біл­діріп оты­рға­ны. Иә, бұл үкі­мет халы­қтың мүл­кін заң­да­сты­ру арқы­лы ақша тап­сын. Тіп­ті мем­ле­кет­тік мен­шік­ті жап­пай сатып, қазы­на­ның жыр­ты­ғын жамай­мыз деген «жал­мау» сая­са­ты­на да тірі жан қар­сы шыққан жоқ. Сат­сын – бұған дей­ін кім қой депті?!

Бірақ сатарға түгі қал­маған соң, халы­қтың қал­та­сы­на «қол сұғу­дың» соңы жақ­сы­лы­ққа апар­ма­са керек-ті. Бірін­ші­ден, бұ халы­қтың 90 пай­ы­зын­да «төрт көлік» түгілі, тышқақ лақ қалға­ны – некен-саяқ. Екін­ші­ден, бір басын­да «төрт көлі­гі» бар бақу­ат­ты­лар­ды халы­қтың ара­сы­нан емес, Ақор­да­ның айна­ла­сы­нан іздеу керек. Үшін­ші­ден, тіп­ті ел ішін­де «төрт көлік­ті» қатар мін­ген­дер болып жат­са, ондай­лар бәлелі қуы­сқа бар­мақ тық­пай­ды: оларға «құн төле­уден» бұрын, сол «төр­тін­ші» көлі­гін өртеп жібер­ген тып-тыныш тір­лік болады.

Төр­тін­ші­ден, «Фейс­бук» желісі­нен бір жаз­ба­ны оқы­дым (алда-жал­да қауіп­ке қал­дыр­май­ын деп, аты-жөнін ата­ма­дым). Ол былай деп жазып­ты: «Бір кісі 4 көлі­гі бар­лар біре­уін өкі­мет­ке бер­сін деп­ті. Өзінің бай­лы­ғы 100 мил­ли­ард «дол­дыр» деп естіп ем. Соның 25 мил­ли­ар­дын, күй­еу бала­сы­ның 1 мил­ли­ар­дын салы­ққа құй­са, 30-дық емес, 10-дықты қақы­ра­тып кіріп барып, «нұр­ла­най­ын» деп тұр­мыз ғой, обшым…».

Бесін­ші­ден, бұл жаз­баға алып-қоса­рым жоқ…

Ермұрат БАПИ

 

 

Уақыт уыты

«Дно­дан өттік» дей ме? Қалай өттік осы, суы тар­ты­лға­сын өттік пе, әлде прәм судың асты­мен дно­ны басып-басып өтіп кет­тік пе? Қашан өтіп жүр­міз? Пәми­тім­де дым жоқ…

  • Шара Тұр­маған­бе­то­ва­ның ФБ-парақшасынан. 

 

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн