Среда , 14 мая 2025

НЕГЕ?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №10–11 (375) от 16 мар­та 2017 г.

 

Наурыз-нама әзіл­дер

 


«Новый год» мере­кесін әлем халқы тойлайды.

Әдет­те жел­тоқ­сан айы­ның орта тұсы­нан баста­ла­тын думан­дық шара­лар қаңтар­дың алға­шқы дека­да­сы­нан аса «жығы­ла­ды».

Ал Наурыз мей­ра­мы – өз Жаңа жылы­мыз емес пе?

 

Мені мына­дай «ыңғай­сыз сұрақтар» жиі мазалайды:

1. Мәң­гілік елге «Наурыз мей­ра­мы» қан­ша­лы­қты маңы­зды? Атал­мыш мере­кенің бүкіл­ха­лы­қтық шара ретін­де­гі сал­мағы неге «Новый год­тан» кем түседі?

 

2. Мере­кені өткі­зу шара­ла­ры неге жасанды?

 

3. Қаза­қтың Наурыз мей­ра­мы неге «шапан киіп, көже ішу­мен» ғана шек­те­ле береді?

 

4. Наурыз тарихы мен ата-баба дәстүрі жай­лы «ағар­ту­шы­лық» жаз­ба­лар мен ролик­тер­ден аса алмай­мыз. Жыл сай­ын сол көрініс… Жыл сай­ын «сол жартас…»

 

5. Мей­рам неге мей-рам-дал-май-ды?

Неге осы күні көсем­сіп, ақыл айта бере­міз? («Новый год» мере­кесін­де «Иссус ағай­дың мама­сы қай «род­дом­да» боса­нып, неге осы себеп­ке бай­ла­ны­сты 2017 жыл бойы уақыт санап жүр­гені­міз жай­лы «таным­дық» әңгі­ме айту ешкім­нің ойы­на да кіріп шық­пай­ды ғой).

 

6. 22 наурыз – жыл басы ма, жоқ әлде «қаза­қтың дәстүрі тура­лы ашық лек­ция оқу күні» ме?

 

7. Наурыз мере­кесі – жыл басы бол­са, оны неге думан­да­тып, түн­де неме­се таң алдын­да қар­сы алмаймыз?

 

8. Бүкіл отба­сы­мы­з­бен жел­тоқ­сан­ның 31‑і күні сағат 00.00-ді тағат­сызда­на күтіп, Құдай­дан жақ­сы­лық пен жаңа­лық дәметіп оты­ра­мыз. Ал 21 науры­здан 22-сіне ауған түні неге пысыл­дап ұйы­қтап жата­мыз? (Ертеңіне «қисық қал­пақ, жыл­тыр шапан» киіп, көше­ге шығып көже ішу үшін бе?).

Сіз не айтасыз?

 

Серік АББАС-ШАХ

 

 

 

 

 

«СЦЕНАРИЙ»

 

Көп­тен бері фан­та­сти­ка жан­рын­да бір сце­на­рий жаз­сам ба деген ой толған­ды­рып жүр еді. Кей­ін Голи­вудқа жолым түсіп жат­са, сол жақтан про­дю­сер табы­лып қалар. Сол сце­на­рий­ді жазу­дың уақы­ты кел­ген секіл­ді. Фильм­нің сюжетін аздап таны­сты­ра кетейін.

Күн­дер­дің бір күнін­де Джо­кер (Ерлан Саға­ди­ев) қазақ xалқы­ның бола­шағы­на бал­та шап­пақ болып, қазақ тілін жою­дың ама­лын ойла­сты­ра­ды. Оны есті­ген Бет­ман (Бек­бо­лат Тіле­уxан) бір рет қар­сы­ла­са­ды да, шар­ша­ды ма, кім біл­сін, талы­қ­сып ұйқы­ға кете­ді. Дәл осы тұста қытай беті­нен асып келе жатқан бір топ босқы­нға вам­пир­лер шабуыл жаса­ды деген жедел xабар келіп жете­ді. Оны есті­ген xалық баты­ры Супер Мен (Мұxтар Тай­жан) там­нан тамға секіріп, бір­ден сол бағы­тқа қарай бет ала­ды. Транс­фор­мер­лер (оппо­зи­ци­о­нер­лер) жер шары­на әлі жақын­дай қой­ма­са керек, бұл жағ­дай­дан бей­xа­бар болды.

Осы тұста Сара Дже­си­ка Пар­кер (Баян Есен­та­е­ва) «Секс в боль­шом горо­де» филь­мінің үшін­ші бөлі­міне түсіп жатқан бола­тын. Ал Мале­фи­сен­та (Дариға Назар­ба­е­ва) бол­са, бір­де Джо­кер­ді қол­да­са, бір­де Бет­ман­ды қол­дап, бір­де опе­ра айт­са, бір­де би билеп, өмір­ден өзінің ізгілік­ті жолын әлі таба алмай жүр­ген еді. Таяу баты­ста Халк (Мұxтар Абля­зов) босап шықты деген­ді естіп, Изгой­дың (Н.Назарбаев) қаны басы­на шаба­ды. Изгой қат­ты сасқан­нан Тор­ды (Иманға­ли Тасмағам­бе­тов) мар­сқа (Мәс­ке­у­ге) қол жина­уға жібе­реді. Тор ол кез­де Изгой­ға саты­лып кет­кен. Жота­ның төмен­гі жағын­да адам­дар мен зом­би­лер әлі қырқы­сып жата­ды. Ал прин­цес­са Диа­на (Бакыт­гуль Хаме­но­ва) бол­са жер шары­ның ата­уын Изгой­дың аты­мен атай­мыз деп бет бақтыр­май­ды. Фильм­нің соңын­да бар­лы­ғы өз мұра­ты­на жете­ді. Бірақ көп ұза­май, фильм­нің екін­ші бөлі­мін­де қай­та жауласады.

 

P.S. Бұл фильм­нің сюжет желісі фарс неме­се коме­дия жан­ры­на ұқсаға­ны­мен де, түсір­ген­де нағыз фан­та­сти­ка болып шыға­ды. Иә, жаза бер­сең, Қаза­қстан деген біт­пей­тін бір ертегі.

Әзір­ге бел­гісіз, бірақ

талант­ты режиссер –

Еңлік СЫДЫҚОВА

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн