Суббота , 12 июля 2025

ҮНЕМ ҮШІН КҮРЕС ЖОЛЫНДА

 

Аста­на­да Баку квар­та­лы салынады

Елор­да­да Баку ора­мы, жаңа интел­лек­ту­ал­ды тұрғын үй кешен­дері, біре­гей саябақтар пай­да бола­ды, делін­ген Аста­на­ның ресми сай­тын­да жари­я­ланған хабарда.

Бұл жай­ын­да Аста­на қала­сы­ның Сәу­лет және қала құры­лы­сы басқар­ма­сы ұйым­да­сты­рған «Аста­на Бас жос­пар» ғылы­ми-зерт­теу жоба­лау инсти­ту­ты» ЖШС семи­нар-кеңесін­де бел­гілі бол­ды. Таны­сты­ры­лым­да түр­лі шетел­дік құры­лыс ком­па­ни­я­ла­ры­ның өкіл­дері Аста­на­ның зама­на­уи қай­та­лан­бас кел­бетін қалып­та­сты­руға қан­дай үлес қоса ала­тын­да­рын айтты.

- Біз Аста­на құры­лы­сы­на ат салы­сып, «Caspian Palace» тұрғын үй кешенін сал­дық. Қазір Аста­на­да фран­цуз, ағы­л­шын, Милан орам­да­ры салы­нып жатыр. Біз Баку ора­мын салу жоба­сын дай­ын­дау үстін­де­міз. Жақын ара­да ол да Аста­на­ның көр­кін аша түседі деп үміт­те­не­міз, – деді «Caspian Service» әзер­бай­жан­дық құры­лыс ком­па­ни­я­сы­ның Дирек­тор­лар кеңесінің төраға­сы Рашим Сұлтанов.

Ал еске сала кет­сек, үкі­мет­тің жуы­қта өткен кеңей­тіл­ген оты­ры­сын­да ҚР пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев елді жай­лаған эко­но­ми­ка­лық кри­зис жағ­дай­ын­да үнем үшін күре­су керек деген еді. Қазы­на­ның қар­жы­сын үнем­ді пай­да­ла­ну мақ­са­тын баса айтқан пре­зи­дент тіп­ті мек­теп­те­гі бала­ларға тамақ беруді де тыю керек деген-ді.

Енде­ше, тақыр дала­дағы Аста­наға фран­цуз, ағы­л­шын, Милан, Баку орман­да­рын қау­ла­та­мыз деп әлек болу – қан­дай үне­мнің әлпе­ті бола­ды? Бәл­кім, орман­ды қоя тұрып, алды­мен елде­гі шағын және орта биз­не­сті қау­ла­тып алған дұрыс бол­мас па еді?

Сауыр САЙҚАН

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн