Пятница , 4 июля 2025

Немере-күйеу федерацияға келді, ҚҰДАНЫҢ НЫСАНАСЫ – УЕФА

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №8 (372) от 2 мар­та 2017 г.

Тек қана фут­бол ма?


Қаза­қстан пре­зи­ден­тінің неме­ресі Айсұл­тан Назар­ба­ев (сурет­те) Қаза­қстан фут­бол феде­ра­ци­я­сы­ның вице-пре­зи­ден­ті қыз­метін атқа­ру­шы болып тағай­ын­дал­ды. Бұл ақпа­рат­ты ҚФФ пре­зи­ден­ті Сей­іл­дә Бай­шақов рас­та­ды, деп хабар­лай­ды Azattyq.org.

Феде­ра­ция сай­тын­дағы мәлі­мет­тер­ге қараған­да, халы­қа­ра­лық ұйым­дар­мен бай­ла­ныс жөнін­де­гі вице-пре­зи­дент қыз­метіне вакан­сия жари­я­ланған. Деген­мен бұған дей­ін осын­дай қыз­мет­тің болға­ны тура­лы мәлі­мет табылмады.

Спорт сарап­шы­сы Айдын Қожах­мет­тің түсін­діруін­ше, бұған дей­ін вице-пре­зи­дент атқа­ра­тын мін­дет­тер жари­я­лан­бай­тын. Осы­ған дей­ін вице-пре­зи­дент қыз­мет­терін Олжас Абра­ев пен Аза­мат Айт­хо­жин атқарған, Абра­ев ақпан­ның орта­сы­нан бері Феде­ра­ция құра­мын­да жоқ.

Айсұл­тан Назар­ба­ев­тың нақты қан­дай мін­дет­тер атқа­ра­ты­нын феде­ра­ция түсін­діріп жат­па­ды. Бірақ бір деректер­ге қараған­да, ол ҚФФ-ның халы­қа­ра­лық фут­бол ұйым­да­ры­мен бай­ла­ныс жөнін­де­гі вице-пре­зи­ден­ті мін­детін атқармақ.

Еске сала кет­сек, Айсұл­тан Назар­ба­ев ҚФФ-ның бұры­нғы бас­шы­лы­ғын сынау арқы­лы да көз­ге түс­кен еді. Ол ҚФФ пре­зи­ден­ті сай­ла­у­ы­на 2015 жылы үміт­кер болып, меке­менің сол кез­де­гі бас­шы­сы Ерлан Қожаға­па­но­вқа қар­сы­лас болған.

Бұл екі ара­да Қаза­қстан пре­зи­ден­ті мен оның қызы Дариға Назар­ба­е­ва­ның құда­сы, Айсұл­тан­ның қай­ын ата­сы Қай­рат Боран­ба­ев­тың (сурет­те) УЕФА атқа­ру коми­тетіне көз тігіп оты­рға­ны жөнін­де хабар тара­ды. Бұл жөнін­де Azattyq.org пор­та­лы­ның тіл­шісі Анна Клев­цо­ва «Батыс бас­пасөзі Қай­рат Боран­ба­ев­тың УЕФА атқа­ру коми­теті құра­мы­на кіру жос­па­рын сөз ету­де», – деп жазады.

«Кана­да­лық Brandon Sun газетін­де­гі «Орта­лық Азия оли­гар­хы УЕФА атқа­ру коми­тетіне көз тік­ті» деген мақа­ла­да қаза­қстан­дық топ-биз­нес­мен әрі ел пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың құда­сы Қай­рат Боран­ба­ев­тың УЕФА атқа­ру коми­теті құра­мы­на кіру жос­па­ры талқы­ланған. Еуро­па­ның фут­бол кон­фе­де­ра­ци­я­сы (УЕФА) – халы­қа­ра­лық бедел­ді спорт ұйым­да­ры­ның бірі. Қай­рат Боран­ба­ев – кезін­де ең мықты совет­тік клуб­тар­дың бірі болған «Қай­рат» фут­бол клу­бы­ның қазір­гі қожайыны.

«Боран­ба­ев УЕФА-дағы қыз­мет­ке өзін рефор­ма­тор ретін­де ұсын­бай­ды, бірақ ол Ресей­де тұңғыш рет өткелі оты­рған әлем чем­пи­о­на­ты қар­саңын­да бұры­нғы совет елдері көбірек өкіл ұсы­нуға лай­ы­қты деп мәлім­дей­ді» деп жазған Brandon Sun. Пост­со­вет­тік елдер­дің жалғыз өкілі – укра­и­на­лық Гри­го­рий Сур­кис қыз­меті­нен кететінін ескер­сек, бұл уәж ұлт­тық қауым­да­сты­қтар тара­пы­нан қол­дау табуы мүм­кін деп жазған газет.

Мақа­ла­да пре­зи­дент Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың жиені Айсұл­танға қызы Әли­ма­ны тұр­мысқа бер­ген Қай­рат Боран­ба­ев­тың ауқым­ды биз­несі мен тамыр-таны­ста­ры­на қаты­сты ком­мен­та­рий­лер бар: «Биз­не­смен­нің ұсы­ныс хат автор­ла­ры бола ала­тын сая­си тамыр-таны­ста­ры­на қоса фут­бол жұл­ды­зда­ры Луис Фиго, Фабио Кан­на­ва­ро және Кле­ренс Сидорф сын­ды әйгілі таны­ста­ры да көп» деп жаза­ды Brandon Sun газеті. Қай­рат Боран­ба­ев­тың биз­несі мұнай-газ сала­сы­нан бастап, фар­ма­цев­ти­ка, фит­нес-клуб­тар мен McDonald’s мей­рам­ха­на­ла­ры­на дей­ін­гі қилы сала­ны қам­ти­ды. Қаза­қстан­да мұн­дай алға­шқы мей­рам­ха­на­лар­ды өткен жылы дәл осы Боран­ба­ев ашқан бола­тын. Был­тыр Forbes Kazakhstan жур­на­лы Боран­ба­ев­тың бай­лы­ғын 350 мил­ли­он дол­ларға баға­лап, оны елде­гі ең бай 50 биз­нес­мен рей­тин­гіне алғаш рет енгізген.

Қаза­қстан бір кез­дері Азия фут­бол кон­фе­де­ра­ци­я­сы құра­мын­да болған, бірақ Қаза­қстан­ның Жай­ық өзенінің арғы бетін­де­гі тер­ри­то­ри­я­сы гео­гра­фи­я­лық жағы­нан Еуро­паға жата­ды деген уәж­бен, 2002 жылы УЕФА ұйы­мы­на кір­ген. Кезін­де Қаза­қстан­ды УЕФА-ға мүше ету шаруа­сы­мен ел пре­зи­ден­тінің сол кез­де­гі күй­еу бала­сы, кей­інірек қуғы­нға ұшы­рап, ақы­ры Қаза­қстан билі­гінің қыл­мыстық айып­та­у­ла­ры негізін­де Австрия түр­месіне түсіп, сон­да қаза болған Рахат Әли­ев айналысқан.

Спорт­тағы беделін арқа­ла­ну – совет зама­ны­нан бері Қаза­қстан үшін әлдебір атри­бут сияқты болып келеді. Аме­ри­ка­лық The Oakland Press сай­тын­дағы «2024: Екі қала және Олим­пи­а­да­ның бұлы­ңғыр бола­шағы тура­лы әңгі­ме» деген мақа­ла­да халы­қа­ра­лық олим­пи­а­да коми­теті (ХОК) пре­зи­ден­ті Томас Бах­тың олим­пи­а­да өткізу­ге өтініш беретін елдер қата­рын көбей­туді ынта­лан­ды­ру үшін, олим­пи­а­да ойын­да­рын өткізу­ге жұм­са­ла­тын шығын­дар­ды қысқар­ту жос­па­ры «сәт­ті бол­ма­ды», – деп жаза­ды. Өйт­кені кей­ін­гі 20 жыл көле­мін­де кей­бір елдер Олим­пи­а­да­ның жал­пы шығы­ны­нан асы­рып ақша жұм­саған, бірақ сосын кей ста­ди­он­дар пай­да­ла­ныл­май бос қалады.

«2022 жылғы қысқы Олим­пи­а­да ойын­да­рын өткізу­ге Қытай мен Қаза­қтан таласқан. Еке­уі де шығын­да­рын ешкім қадаға­лай алмай­тын авто­ри­тар­лы билік басқа­ра­тын елдер. Әлгі тала­ста Қытай жең­ген, енді ол Оңтүстік Коре­я­дағы келер жылғы қысқы ойын­дар мен Жапо­ни­ядағы жазғы ойын­дар­дан бастап, шығын­да­ры спи­раль бой­ы­мен шары­қтап кет­кен Ази­ядағы үшін­ші елге айна­ла­ды», – деп жаза­ды The Oakland Press сайты.

Azattyq.org

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн