ҮНПАРАҚ НЕНІ ҮНДЕГЕН

Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде қазақтарға жіберілген листовкалар:

Қазақтар!

Көп жылдардан бері большевиктер мен жүхүттер (жөйттер) қол астында езілдіңіздер. Олар сіздерді ұрды, соқты, тұтқынға алды, мыңдаған кінәсіздерді Сібірге айдады. Сіздерді зорлықпен колхозға кіргізіп, еріксіз құл қылды. Өлім алдындағы большевиктер — Сталин қазір де сіздерді қойдай топтап, өздерін сақтап қалмақ үшін, біздің оққа қарсы айдап жатыр, сіздер біздің күшті құралымыздың қарсысында босқа құрып кетесіздер. Өткен июль айында сіздер үйлеріңізде едіңіздер, ал қазір Сталиннің диктатурасы үшін сіздерді өлімге, фронтқа айдап келді.

Сіздерге өш алатын күн туды. Күнәсіз өліп кеткен бауырларыңыз үшін өш алыңыздар!

Орыс большевиктер жендеттеріне жәрдем бермеңіздер!

Герман елі сіздерге қол үшін созды!

 

Аманғали Әбуов: Негізі кімге құл болсаң да, жақсылығы жоқ. Бірақ неміс жеңгенде, қазақ бүгінгідей қырылып, рухсызданып, орысқұлданып кетпес еді. Неміс әскері басып алған Еуропа елдерінде орыстың оспадырсыздығы болған жоқ. Жалпы мемлекетінің территориясы шектеспейтін империяның боданы болу – территориясы шектесіп жатқан империяның боданы болудан әлдеқайда дұрыс қой. Ресейдің боданы болған 300 жылда жеріміздің біраз бөлігін өзіне қаратып алды. Қалған территориямызға миллиондап орыс, славян, өзге халықтарды әкеліп қоныстандырды. Осылайша біртіндеп халқымызды орыстандырып, жерімізді тұтас иеленіп алуды көкседі (әлі де көксеп отыр).

Ал Ағылшын, АҚШ, Герман елдерінің бірінің қол астында болып, боданы болғанымызда, жағдайымыз бүгінгіден әлдеқайда жақсы, жеріміз тұтас, халқымыздың саны 4 еседей көп, тіліміз, дініміз өз орнында болар еді. Дегенмен, «мың өліп, мың тірілген» қазаққа Жаратқан мың бірінші мәрте өлмеу үшін тағы бір мүмкіндік беріп отыр. Осы жолғы егемендігімізді толық азаттыққа жеткізе алсақ, Мәңгілік ел – жер бетінен жойылмайтын мемлекеттердің біріне айналар едік.

(«Фейсбуктағы» парақшасынан)

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн