Воскресенье , 4 мая 2025

Әнші Тоқтар Серіков «АСТАҺФИРУЛЛАХ» деп сахнадан кетеді…

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №27 (344) от 07 июля 2016 г.


Ойдан-қыр­дан


Бүгін­де бір­не­ше кәсіп­тің басын ұстаған Тоқтар Сері­ков өнер­ден кет­пек. Ол мұның себебін әріп­те­стеріне деген рені­ші­мен түсін­дір­ді, – деп хабар­лай­ды Stan.kz-ке сіл­те­ме жасаған Qamshy.kz порталы.

 

Тоқтар мен Бей­біт егіз­дері дүни­е­ге кел­гелі халы­ққа көрін­бей жүр. Бей­біт үш ұлы­на қарай­ла­са, Тоқтар дом­бы­рас­ын жеке кәсіп­ке айыр­ба­стаған. Алай­да әншілер­дің халы­ққа көрін­бе­уінің тағы бір себебі бар. Ол – сырға тағып, шашын бояп, жыр­тық киім киген әріп­те­стері мен олар­ды қорғаған аға буы­нға деген реніші.

«Мен­де сыл­тау жоқ. Тіп­ті не айта­рым­ды да біл­мей­мін. Кіші­гірім кәсіп­ті қолға алып, бүгін­де мал шару­а­шы­лы­ғы­мен, арнайы тех­ни­ка­лар әзір­ле­умен айна­лы­сып жүр­мін. Алдағы уақыт­та егін шару­а­шы­лы­ғы­мен де айна­лы­спақ­пын. Адам болған соң, бір нәр­се­мен тоқтап қалуға бол­май­ды. Дүни­е­де­гі жалқау адам­ның таңы мен кеші бір­дей. Күн­нің қалай өтіп жатқа­нын біл­мей қала­ды. Ара­сын­да тір­лік жасап қалуы керек. Бала-шағам менің арқам­да өмір сүр­се деп арман­дай­мын. Әлем­нің ең мықты ЖОО-ларын­да білім алып, қазақ дей­тін халы­ққа сүбелі үлес қоса­тын адам болу. Осы­лар үшін қыз­мет ете­мін. Биз­не­спен айна­лы­сып жүр­генім­ді еш жасыр­май­мын. Оны әріп­те­стерім­нің бар­лы­ғы біледі», – дей­ді Тоқтар Серіков.

Әнші сыл­та­уым жоқ десе де, халық алды­на шығып өнер көр­сет­пе­уінің тағы бір себебі бар. Әсіре­се жас буы­нға «адво­кат­шыл» бола қала­тын үлкен­дер­ге өкпе­леп жүр­генін кесіп айт­ты. «Киелі сахна­мы­зда шашын бояп, құлақта­ры­на сырға салып, аула­ры салақтаған әншілер қап­тап кет­ті. Солар­дан жиір­кен­ген­нен кет­кім келеді, кетіп бара­мын. Құлақта­ры­на сырға сала­тын бауыр­ла­рым, астаһ­фи­рул­лах, олар менің бауыр­ла­рым емес».

Бауыр­ла­рым бол­май-ақ қой­сын. Бұдан өзге тізесі жыр­тық киім киетін қарын­даста­рым бар. Солар­ды көр­ген кез­де сахна­дан кет­кім келеді. Қазақ сахна­сы олар­ды мен­сін­бе­уі керек. Солар­ды жақтаған аға-апа­ла­ры­ма өкпе­лі­мін», – дей­ді әнші.

Qamshy.kz

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн