Воскресенье , 6 июля 2025

ҚОҒАЛЫДА ескерткіш АШЫЛДЫ

 

Жам­был облы­сы Жуа­лы ауда­нын­дағы Борал­дай ауыл­дық әкім­шілі­гіне қарас­ты Қоға­лы ауы­лын­да соғы­стан, еңбек арми­я­сы­нан орал­маған боздақтарға, соғы­стан кей­ін елге келіп, еңбек етіп, қай­тыс болған аза­мат­тарға арна­лып үлкен ас беріл­ді. Аумағы 580 метр­ден аса­тын бей­іт пен ескі қорым­дарға қор­шау жаса­лып, кіре берісін­де­гі қақ­па­ның маң­дай­ша­сы­на «Қоға­лы» деп жазылды.

 

Төм­пе­шік-поста­мент­тің үс­ті­не қой­ы­лған қызыл мәр­мәр тасқа аты қаша­лып жазы­лған бар­лы­ғы 150-ден астам марқұм болған­дар – осы Қоға­лы­да туып-өскен аза­мат­тар. Аруақ­тарға құран бағы­шта­лып, ес­теліктер айтыл­ды. Алға­шқы сөздің басын осы ескерт­кі­шті орна­ту жұмыста­рын өз қолы­на алып, ұйым­да­сты­ра біл­ген Ордаб­ек Момы­нқұ­лов аға­мыз бастап, қысқа­ша баян­да­ма жаса­ды. Кеңе­стер Одағы зама­нын­да Мәс­ке­уде­гі халы­қа­ра­лық көр­ме­ге қаты­сқан­дар­дың қа­тарында Қоға­лы ауы­лы­ның сол кез­де­гі үздік бөлім­ше меңге­рушісі Алшын­бек Қасқыр­ба­ев пен кол­хоз­дың бас шопа­ны Айкел­ді Қабы­лов болға­нын атап өтті.

Аудан әкі­мі Батыр­бек Құле­кеев сөз бары­сын­да аудан бой­ын­ша 14 ескерт­кі­штің ашыл­­ғанын айт­са, Қызы­лор­да­дан кел­ген қонақтар­дың аты­нан жасы сек­сен­ді еңсер­ген Мұқит Смай­ы­лов, Саға­дат Нұрма­ғанбетов атын­дағы қор­дың Жам­был облы­сы бой­ын­ша бас­шы­сы Тұрғы­нға­ли Нұр­сей­ітов бола­шақ ұрпаққа үлгі болар игі іске риза­шы­лы­қта­рын білдірді.

Осы шараға Сәт­пай Қожам­құлов, Сәр­сен­бек Құл­ба­ев, Ға­бит Жәй­ші­бе­ков, Ғалым Қо­жамқұлов, Нұрға­ли Мыр­за­ли­ев, Қуа­ныш Болы­с­ба­ев қар­жы­лай деме­ушілік жаса­са, ауыл­дың әр түтіні он мың тең­ге­ден жинап, өз үле­стерін қосты. Ау­ыл ақсақал­да­ры Бура Көпбо­сынов пен Әзім­бек Қасқыр­ба­ев, Тұра­лы Әзі­мов құры­лыс жұ­мысының сапа­лы жүр­гізілуіне ақыл-кеңе­стерін айтып, басы-қасын­да жүрді.

Аға ұрпаққа тағ­зым ету – бола­шаққа өне­ге бол­сын деген ниет­тен туған ізгі шараға ауыл, аудан, облыс аумаға­ны­нан келіп қаты­сқан аза­мат­тарға «ДАТ» газеті арқы­лы алғыс айтып, қуа­ны­шы­мы­з­бен бөлі­суді жөн көрдік.

Дәу­лет­бек ҰЛАМАКӘДІРОВ,

зей­нет­кер

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн