Суббота , 5 июля 2025

Қоғамды ЖЕЛІ жебейді

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №47 (364) от 22 декаб­ря 2016 г.

 

ДАТ-САУАЛНАМА

 


 

Ардақ ӘШІМОВА, бло­гер (Шым­кент):

 

 

– Жуы­қта фран­цуз түр­месі­нен босап шыққан Мұх­тар Әбі­ля­зов Қаза­қстан­дағы қар­сы­лық қозға­лы­сты әле­умет­тік желінің көме­гі­мен дамы­ту мүм­кін­ді­гін айт­ты. Әле­умет­тік желілер­дің қаза­қстан­дық кон­тен­ті сая­си-әле­умет­тік қозға­лы­сқа дем беру дәре­же­сіне жет­ті деп ойлай­сыз ба?

– Әрине, жет­ті! Қазір әле­умет­тік желі адам­дар­дың тек қызы­ғу­шы­лы­ғын ғана туды­рып қой­май, қоғам­дағы сая­си-әле­умет­тік жағ­дай­лар­дан да көп хабар­дар ете­ді. Себебі қазір­гі билік халы­қтың көше­ге – пикет, митинг­ке шығуын қала­маған­нан кей­ін, адам­дар әле­умет­тік желі­ге жап­пай бет бұр­ды. Сон­ды­қтан Мұх­тар Әбі­ля­зов мыр­за­мен толы­қтай келі­су­ге бола­ды. Әле­умет­тік желі сая­си-әле­умет­тік қозға­лы­сқа дем бер­гені былай тұр­сын, ол үлкен күш­ке айна­ла ала­ды. Бұл өте тама­ша өрлеу және өз дәре­же­сіне жет­ті деп нық айта аламын.

– Қаза­қстан­дық билік әле­умет­тік желілер арқы­лы халық ара­сын­да мем­ле­кет­тік наси­хат (мәсе­лен, сала­физм­ге қар­сы) жүр­гі­зу мүм­кін­ді­гін толық пай­да­ла­нып жүр ме? Жал­пы, желілер­ден мем­ле­кет­тік құры­лым­дар­дың іс-қимыл әре­кетін көре алды­ңыз ба?

– Егер билік шыны­мен әле­умет­тік желілер арқы­лы наси­хат жүр­гізіп отыр­са, онда көше­лері­міз­де сақал­да­ры сап­сиған, балақта­ры кесіл­ген сала­фит­тер тал­таң­дап жүр­мес еді. Сон­ды­қтан толық пай­да­ла­нып жүр деп айту қиын. Тиіп-қашып, оқта-тек­те пай­да­ла­нып жүр деп айт­сақ, әлдеқай­да дұры­сы­рақ болады.

– Әле­умет­тік желілер­ді халық мүд­десіне пай­да­ла­ну мақ­са­тын­да желі пай­да­ла­ну­шы­ларға қан­дай ақыл-кеңе­стер берер едіңіз?

– Әле­умет­тік желіні халық мүд­десіне пай­да­ла­ну үшін жалған ақпа­рат пен лас сая­сат ойы­нын тоқта­ту керек. Желіні пай­да­ла­на­сың ба – тек өзіңнің шынайы көзқа­ра­сы­ң­ды ашық айту пози­ци­я­сын ұста­ну керек. Жағым­паз­дық пен құл­дық сан­амен желіні былғау – ол барып тұрған бұза­қы­лық. Қазір кей­бір пиғы­лы арам адам­дар желіні пай­да­ла­ну арқы­лы шын­ды­қты бұр­ма­лап, оп-оңай өтірік­ке айнал­ды­ра сала­ды. Әсіре­се осын­дай­лар­дан сақ болу керек. Олар әле­умет­тік желілер­де өздерінің бет­терін көр­сет­пей­ді, басқа бір сурет қой­ып алып, ойран­да­тып оты­ра­ды. Ондай адам­дар­дың жазған пост­та­ры­на сене берудің де қажеті жоқ.

Сон­дай-ақ билік­тің мүд­десін қорғай­тын теле­ар­на­лар­ды көріп, ресми газет-жур­нал­дар­ды оқып, алданған­нан гөрі, бірін­ші­ден, «Фейс­бук­ке» және т.б. әле­умет­тік желілер­ге тір­келіп, осы жер­лер­де­гі шынайы жазы­лған ақпа­рат­тар­ды оқу әлдеқай­да пай­да­лы деп айтар едім.

Желі пай­да­ла­ну­шы­ларға айтар басты кеңесім: билік­те­гі депу­тат­тар халық мүд­десі үшін жұмыс істе­уді ұмыт­ты. Сон­ды­қтан желі­де­гі бло­гер­лер барын­ша халы­қтың мүд­десін қорғай­тын пост­тар­ды көп­теп жазуы керек. Ақы­ры халық сай­лаған депу­тат­тар халы­қтың сөзін сөй­ле­меді ме (кешірерсіз, шынын­да олар­ды халық сай­лаған жоқ, олар­ды билік сай­лаған екен ғой), демек, сол жалған депу­тат­тар­дың орны­на желіні пай­да­ла­ну­шы әрбір бло­гер желі депу­та­ты ретін­де халы­қтың сөзі мен мүд­десін қорға­уға кірі­суі керек.

Жазып алған –

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ

 

 

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн