Пятница , 4 июля 2025

ОҢАША ОФШОРҒА ТЫҒЫЛҒАНҚАРЖЫ ЕЛГЕ ҚАЙТЫП КЕЛЕ МЕ?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №42 (406) от 16 нояб­ря 2017 г.

 

Дат-сау­ал­на­ма


 

Енді­гі бел­гілі болған­дай, өткен апта­да Кор­руп­ция және ұйым­дасқан қыл­мысты зерт­теу орта­лы­ғы (OCCRP) халы­қа­ра­лық ұйы­мы мен «Жур­на­ли­стік зерт­те­улер­дің халы­қа­ра­лық кон­сор­ци­у­мы» (International Consortium of Investigative Journalists, ICIJ) офшор­лық ком­па­ни­я­ларға тығы­лған есеп­шот­тар мен олар­дың иелерін жари­я­лаған еді. Осы орай­да Батыс бас­пасөзін­де Бер­муд арал­да­рын­дағы фир­ма-реги­стра­тор­дың мәлі­мет­тері жари­я­ла­нып кетуі нәти­же­сін­де әшке­ре болған офшор ком­па­ни­я­лар­дың әре­кеті­нен кел­ген зиян көле­мін есеп­те­улер жалға­сып жатыр.

Еске сала кет­сек, мил­ли­ард­таған дол­лар ақша бел­гілі бір елде салы­қтан жал­та­ру үшін офшор­лық ком­па­ни­я­ларға жасы­ры­ла­ды. Яғни, офшор арқы­лы тығы­лған қар­жы­дан есеп­шот иесі өз елін­де салық төле­мей­ді. Ал біздің елде, бел­гілі болған­дай, екі бір­дей қаза­қстан­дық лау­а­зым­гер – «Қаз­Мұ­най­Газ» ұлт­тық ком­па­ни­я­сы­ның басқар­ма төраға­сы Сау­ат Мың­ба­ев пен қорға­ныс және аэроға­рыш өнер­кәсібі мини­стрі Бей­біт Ата­мқұ­ло­втың офшор­лық есеп­шот­та­ры әшке­ре болды.

Тағы да еске ала­тын бол­сақ, бұған дей­ін «Пана­ма архиві» офшор­лық есеп­шо­ты­нан ҚР пар­ла­мен­ті сена­ты­ның депу­та­ты – ел пре­зи­ден­тінің қызы Дариға Назар­ба­е­ва мен оның ұлы Нұрә­ли Әли­ев­тің ақша­ла­ры табы­лған болатын.

Осы орай­да Батыс елдерін­де офшор­лық ком­па­ни­я­лар­дан табы­лған есеп­шот иелеріне қаты­сты тер­геу-тек­се­ру әре­кет­тері жүріп жатыр. Себебі өрке­ни­ет­ті баты­стық мем­ле­кет­тер­де салы­қтан жал­та­ру – ауыр қыл­мыс сана­ла­ды. Сол сияқты қаза­қстан­дық заң­дар бой­ын­ша да салы­қтан жал­тарған заң­ды неме­се жеке тұлға тиісті жау­ап­кер­шілік­ке тар­ты­луы тиіс еді.

Бірақ тиісті қаза­қстан­дық орган­дар тара­пы­нан мұн­дай тер­геу-тек­се­ру әре­кет­тері жүріп жатқа­ны жөнін­де жария ақпа­рат жоқ. Осы орай­да қоғам өкіл­дерінің ара­сын­да сау­ал­на­ма жүр­гіз­ген едік:

 

Салы­қтан жал­та­рып, офшор­лық есеп­шот­тарға қар­жы жасы­рған аза­мат­тарға қаты­сты аны­қтау шара­ла­рын неге жүргізілмеуде?

Аула­сын­дағы азын-аулақ малы мен үйінің жанын­дағы бау-бақ­ша үшін жұмыс­сыз адам­нан салық төле­уді талап ететін қаза­қстан­дық заң офшорға тығы­лған мил­ли­ард­таған қар­жы табы­лған нақты жағ­дай­да неге дәр­мен­сіз болып отыр деп ойлайсыз?

 

Уәли­хан ҚАЙСАРОВ,

экс-сена­тор:

 

– Бүгін­гі күн­де әлем­де жемқор­лы­қ­пен жым­да­са бай­ла­ны­сып кет­кен мем­ле­кет­тер­дің саны жыл­дан-жылға айтар­лы­қтай азай­ып бара жатыр. Өйт­кені сол елдер­де халық нара­зы­лы­ғын біл­діруі­мен қоса, халы­қа­ра­лық қауым­да­сты­қтың әре­кет­тері өз нәти­же­лерін бере баста­ды. Бірқа­тар мем­ле­кет­тер­де­гі құзыр­лы орган­дар­ды басқа­рып оты­рған лау­а­зым­ды шене­унік­тер­дің шетел банк­терін­де­гі шот­та­ры бұғат­та­лып жатқа­ны бәрі­міз­ге мәлім. Халы­қа­ра­лық бақы­ла­у­шы ұйым­дар­дың қадаға­ла­у­ы­мен қыру­ар қар­жы өз елдеріне қай­та­ры­лып жатқа­ны­нан да хабар­дар­мыз. Біз­бен көр­шілес Ресей Феде­ра­ци­я­сы неме­се біз­бен бауыр­лас Қырғыз Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­мат­та­ры билік­тің тый­ым салуы­на қара­ма­стан, нара­зы­лық біл­ді­ру үшін ірі қала­лар­дың орта­лық алаң­да­ры мен көше­ге жылы­на бір­не­ше рет шеру­ге шығу­ды жалға­сты­рып жатыр.

Еске сал­сақ, осы­дан он шақты жыл бұрын Қаза­қстанға 84 млн АҚШ дол­ла­ры қай­ы­рым­ды­лық қоры арқы­лы қай­та­ры­лған. Бірақ олар­дан басқа жүз мил­ли­ард­тан астам АҚШ дол­ла­ры әлі күн­ге дей­ін өз еліне қай­та­тын амал­дың жолын тап­пай жүр. Оның ең басты себебі – біздің мем­ле­кет пен халы­қтан ұрланған қар­жы осы мем­ле­кет­ті басқа­рып жүр­ген шене­унік­тер­дің офшор­дағы орна­ласқан банк­тер мен ком­па­ни­я­лар­дың шот­та­ры­на ауда­ры­лып жатыр. Осы­ған орай жемқор­лы­қ­пен күрес тек төмен­гі дең­гей­де жүріп жатыр деп айтуға бола­тын шығар.

Ел тұрғын­да­ры­на, жемқор­лы­қ­пен күре­сетін шетел­дік халы­қа­ра­лық ұйым­дарға осы сала­да күр­делі жұмыс атқа­ры­лып жатыр деген жалған ақпа­рат тара­ты­лу­да. Әрине, ол жұмыс та өз нәти­же­сін беру­де. Элек­трон­дық үкі­мет­тің қыз­мет көр­се­ту түр­лері ұсақ-түй­ек «май­да шабақтар­ды» тұтқын­дау арқы­лы жер­гілік­ті жер­лер­де жемқор­лы­қтың дең­гейі түсе баста­уда. Алай­да жемқор­лы­қтың ең маңы­зды күрес жолы жоғарғы жақтан бастал­маған­ды­қтан, осы күрес науқа­ны еш уақыт­та аяқтал­май­ды. «Балық бастан шіриді» деген сөз бар!

Бұған қосар тағы да қаза­қтың: «Ауруын жасы­рған – өледі» деген асыл сөзі бар. Міне, тәу­ел­сізді­гі­мізді алған­нан бері ширек ғасыр­дан астам уақыт өтті. Әуел бастан-ақ біздің мем­ле­кеті­міздің бас­шы­ла­ры халы­қтың ақша­сы­на жете салы­сы­мен, оған қол­да­рын сұғып, тонай баста­ды. Ақы­рын­да біздің эко­но­ми­ка­мыз бен халы­қтың әл-ауқат жағ­дайы төмен­де­ген­нен кей­ін, үкі­мет басқа мем­ле­кет­тер­ден несие сұрап, эко­но­ми­ка­лық тәу­ел­ділік­ке тап болды.

Бірақ біздің бас­шы­ла­ры­мы­здың көз­дері ақшаға той­ып, қанағат­та­на алмай, шетел­ден алған неси­е­ге де қол­да­рын сұғып, ұрлап-жыр­лап, түгесіп таста­ды. Сон­дай сорақы­лы­қтың нәти­же­сін­де шетел­ге әр қаза­қтың жан басы­на шаққан­да 14 000 АҚШ дол­ла­ры шама­сын­дай қара­жат бере­шек болып шыға келді.

Мысалға орта­ша тұр­мысы бар үш бала­лы қазақ отба­сын ала­тын бол­сақ, онда олар­дың ел ішін­де­гі банк­тер­ден алы­нған неси­есін есеп­те­мей-ақ, шетел­ден мой­ны­на түс­кен қар­жы сал­мағы 70 000 АҚШ дол­лар­дың ары-бері шама­сын­да. Осы­ның бәрін еске ала оты­рып, біз ел басқа­рып жүр­ген­дер­ді тоқтат­па­сақ, еге­мен­ді­гі­міз­ден мің­дет­ті түр­де айы­ры­лып қала­мыз. Бұған дүние жүзі тарихын­да бір­не­ше рет орын алған жағ­дай­лар дәлел. Бар­ша­мы­зға осы­ны ұмыт­пай, әрқа­шан есі­міз­де сақтап жүр­гені­міз абзал.

Ал енді біздің жемқор­лы­қ­пен күре­сетін мем­ле­кет­тік орган­дар тура­лы айта­тын бол­сақ, олар­дың жоғарғы дең­гей­ге қол­да­ры жет­пей­тінінің себебі бір ғана басты мәсе­ле­ге тіреліп отыр. Қан­дай десеңіз, атал­мыш құзыр­лы орган­дар­дың кез кел­ген дең­гей­ін­де­гі бас­шы­сы билік­тің ең жоғарғы жағын­да қарас­ты­ры­ла­ды. Ал онда кім­дер­дің оты­рған­да­рын бәрі­міз біле­міз. Сон­ды­қтан бәрі бір-біріне тәу­ел­ді болып, жоға­ры­дағы­ның ауы­зы­на қарап отыр.

Назар­ба­ев­тың өзінің айтқан сөзі бар емес пе: «Я каж­до­го из вас могу запро­сто взять за руки и отве­сти в суд». Олар­дың жасаған қыл­мыста­рын біле оты­рып, нелік­тен сотқа сүй­ре­мей жүр деген заң­ды сау­ал туын­дай­ды. Менің­ше, про­бле­ма­ның ең басты тамы­ры да осында.

Басқа­лар­ды айт­пай-ақ, пре­зи­дент­тің қызы Дариға мен неме­ресі Нұрә­лидің офшор­лық аймақтар­дағы қар­жы­сы тура­лы ақпа­рат­тар жария бол­ды. Заңға сәй­кес, елі­міз­де­гі Бас про­ку­ра­ту­ра осы­ған бай­ла­ны­сты тер­ге­уді баста­уға мің­дет­ті еді. Бірақ олар үн-түн­сіз, ауы­зда­ры­на су тол­ты­рған­дай болып отыр. Ал кешелі-бүгін ғана біздің екі министр тура­лы дәл сон­дай ақпа­рат пай­да бол­ды. Әрине, олар­ды тағай­ын­дай­тын ада­мы­на қарап, оның аяғы не болып шыға­ты­ны біз­ге ол әңгі­ме бастал­май жатып бел­гілі болып тұр.

Осы­ның бәрін қарап оты­рып, бір ғана қоры­тын­ды жаса­уға бола­ды. Бүгін­гі таң­да, егер біз тек қана Қаза­қстан­ды ала­тын бол­сақ, жемқор­лы­қ­пен күре­су­ге шақы­ру­ды – мем­ле­кет­пен және мем­ле­кет­тік құры­лым­мен күре­су­ге үндеу деп, бір­дей дең­гей­де теңе­стіру­ге болады.

Елі­міз­де­гі әрбір аза­мат: мен кім үшін өмірі сүріп жүр­мін? Шіріп біт­кен билік үшін бе, жоқ әлде өзім және бала­ла­рым­ның бола­шағы үшін бе? Елім­нің тәу­ел­сізді­гі үшін бе, жоқ әлде бас­шы­ла­ры­ның және олар­дың ұрпақта­ры­ның тәу­ел­сізді­гі үшін бе? деген сұрақтарға берер жау­а­бын өзі шешуі керек.

 

Марат УАТҚАН,

қоғам бел­сен­дісі:

–Мына сұрақтар­ды көр­ген­де, «Әмір­шің соқыр бол­са, бір көзіңді қысып жүр» деген тәм­сіл есі­ме түсті. Біздің мем­ле­кет соқыр­лар үшін маң­дай тері мен ақыл-пара­са­тын жұм­са­май, мол бай­лы­ққа кене­лу­ге мүм­кін­дік беретін табыст­ың бір­ден-бір көзіне айналға­ны қай заман?! Билік басын­да мем­ле­кет­тік қыз­мет­те оты­рған оли­гарх­тар­дың ешқай­сысы биз­не­сте еңбек етіп, адам­ның ойы түгілі, түсіне де кір­мей­тін офшор­лық есеп­шот­тарға жасы­рған мол қара­жат­ты қай­дан тапты?!

Оның көзі – кор­руп­ция – сыбай­ласқан жемқор­лық! Қарға қарға­ның көзін шұқы­май­ты­ны секіл­ді, жемқор жемқор­дың жегенін көр­мей­ді. Көр­гісі де кел­мей­ді. Көр­се, жанын­дағы­лар­дың бар­лы­ғы – өзінің сенім­ді серік­тері, ілік-жілік­тері, тума-туы­ста­ры. Іші­на­ра бір­лі-жары­мы көз­ге түсе қал­са, олар­ды оңдыр­май­ты­нын да көріп жүр­міз. Олар – онсыз да ортақ қазан­нан шет­тетілу­ге тиісті, ісі өткен, енді керексіз боп қалған бей­бақтар мен бола­шақта дара билік­ке қауіп төн­діруі мүм­кін мипаз шене­унік­тер. Офшор­дағы шот­тар­ды аны­қтау шара­ла­ры жүр­гізіл­ме­уінің себебі – осында.

Атқа­ру­шы билік тар­мақта­рын­да оты­рған адам­дар мем­ле­кет мін­дет­те­ген қыз­метін заң аясын­да атқа­ра алмай­ды. Заңға сай жұмыс жасай­тын бол­са, ол орын­да бір күн де оты­рғы­зып қой­мас еді. Басы кететінін біледі. Кет­пе­се де, жылы орын­тағы­нан айы­ры­ла­ды. Одан кей­ін­гі күні не бола­рын біл­мей­тін бей­бақ «сен тиме­сең – мен тимен» деп жал­тақтаған қал­пын­да неғұр­лым ұзақ оты­руға тыры­са­тын болар…

Осын­дай тип­ті мың­даған адам­ның кесірі де билік­тің шірік­те­суіне өзінің қомақты үлесін қосып отыр. Мем­ле­кет пен қоғам­ның тұрақты­лы­ғы­на ең зор қатер төн­діретін билік­тің сег­мен­ті де – осы­лар десем, артық айтқан­дық болмас…

«Таз ашуын тыр­на­дан ала­ды» деген сөз бар. Авто­ри­тар­лық билік­тің орта буы­ны заңға емес, өзін қыз­мет­ке тағай­ын­даған басты­ғы­на жүгі­неді. Соның айтқа­ны­мен жүріп, айтағы­на көнеді. Әрқан­дай кіші­гірім шене­унік жоға­ры­ға ауыз аша алмай­ды. Өзі­нен төмен­гі­ге өзі – құдай! Шаш ал десе, бас алуға бей­ім тұрады.

Билік­тің асы­ра­у­шы­сы – халық. Халық жұмыспен қам­та­ма­сыз етіл­ме­се де, салық төлей­ді. Төлен­ген салы­ғы қай­да, неге жұм­са­лып жатыр, оны­мен көбісінің шаруа­сы жоқ. «Өкі­мет өлтір­мей­ді, тыны­штық бол­са – бол­ды», – деп күн­делік­ті күй­беңінің соңын­да жүре береді. Сары қатын, қара бала­ның қамын жаса­удан қолы бір боса­май­ды. «Елім аман, жұр­тым тыныш бол­са» деген сенім­мен үмітін үзбей, тір­лі­гін жасай­ды. Осын­дай мамы­ра­жай, момын халы­қты «таз билік» «тыр­наға» айнал­ды­рып алды. Түгі қал­ма­са да, салы­ғын күн­нен-күн­ге өсіріп келеді. «Азық-түлік дағ­да­ры­сы» бола­ты­нын пре­зи­дент өзі мой­ын­да­ды. Бұл – жуан­ның жіңіш­керіп, жіңіш­кенің үзілетін, халы­қтың ашуға мінетін кезі екенінің хабары.

Осы айты­лған­дар негізін­де мен­де де бір сұрақ бар: халық ашуын кім­нен алады?

 

Қуат КҮНБОЛАТОВ,

ЖСДП сая­си кеңесінің мүшесі:

– Жал­пы, офшор иелерін аны­қтау шара­ла­рын жүр­гі­зу – оңай шаруа қата­ры­на жат­пай­ды. Себебі кей­бір офшор­лар­да есеп­шот­тың нақты иелері тура­лы ақпа­рат да талап етіл­мей­ді. Ол жер­де ашы­лған ком­па­ния сол мем­ле­кет заң­на­ма­ла­ры­на сай, тек жыл сай­ы­нғы бел­гілі бір көлем­де қара­жат­ты төлеп отыр­са болға­ны – салық та салын­бай­ды. Ал басқа біре­улерін­де есеп­шот иелері тура­лы ақпа­рат алы­на­ды және мем­ле­кет­ке қар­жы­лық есеп беріліп отырады.

Офшор тура­лы тағы мына жәйт­ті айтып өткен­ді жөн көріп отыр­мын. Қазір­гі таң­да билік­те­гі бел­гілі аза­мат­тар­дың қара­жат­та­ры тура­лы ақпа­рат біз­ге кез­дей­соқ мәлім бол­ды. Неге? Себебі қазір­гі таң­да жал­пы дүни­е­жүзілік даму қарқы­ны­ның төмен­де­уіне бай­ла­ны­сты офшор­лар­мен соғыс тен­ден­ци­яға айна­лып отыр – бұл бір жағы. Екін­ші жағы – офшор­лық есеп­шот­тар­дағы жымқы­ры­лған қара­жат көле­мі, кей­бір сарап­та­ма­ларға сүй­ен­сек, 11–15 трил­ли­он АҚШ дол­ла­ры ара­лы­ғын­да деп айтылады.

Ал дүние жүзін­де­гі әр офф­шор бел­гілі бір дамы­ған мем­ле­кет­тер­дің қара­мағын­да екені тағы да мәлім, оның ірілері: Ұлы­бри­та­ния, АҚШ, Фран­ция. Осын­дай қомақты қара­жат­ты әр мем­ле­кет өз наза­рын­да ұстап оты­рғы­сы келетінін түсін­ді­ру қажет емес шығар.

Сон­ды­қтан соңғы жыл­да­ры АҚШ-тың қар­жы­лық бар­лау ұйым­да­ры басқа мем­ле­кет­тер­дің қара­мағын­дағы офшор­лар­ды өз қара­мағы­на алу жұмыста­рын жүр­гізіп жатыр. Сол жұмыстар­дың нәти­же­сін­де бірер жыл бұрын «Пана­ма­лық досье» деген ата­у­мен болған шулы іс негізін­де пана­ма­лық офшор­да қара­жат­та­рын жасы­рған Дариға Назар­ба­е­ва, ұлы Нұрә­ли Әли­ев­тің және Ерлан Саға­ди­ев­тің атта­ры біз­ге мәлім бол­ды. Ал соңғы аты­шу­лы ақпа­рат­тар бой­ын­ша, тағы да біз­ге мәлім С.Мыңбаев пен Б.Атамқұлов деген үкі­мет мүше­лерінің атта­ры ашыл­ды. Бұл біз­ге таңқа­лар­лық жәйт­тер емес. Қазір­гі таң­да көше­ден ұстап алып, кез кел­ген аза­мат­тан сұра­саң, біздің үкі­мет­те кедей­лер жұмыс істе­мей­тінін айтады.

Менің жеке ойым бой­ын­ша, біз­де­гі бар­лау ұйым­да­ры офшор­лар­да қара­жа­тын жасы­рған Қаза­қстан­ның әр аза­ма­ты тура­лы білуі тиіс. Толық сома­сын біле қой­ма­са да, шама­мен кім және қай жер­де қара­жат­та­рын тығып оты­рға­нын біледі.

Мәсе­ле басқа­да. Нелік­тен, біле тұра, біздің құқық қорға­у­шы орган­дар офшор иелеріне қаты­сты тек­серіс жүр­гізіп, жасы­рған қара­жат­та­рын елге қай­та­ру жөнін­де жұмыстар жүр­гіз­бей­ді? Сон­ды­қтан менің ойы­ма келесі жау­ап келеді. Құқық қорға­у­шы орган­дарға жап­пай қара­жат­тар­ды қай­та­ру жөнін­де бұй­рық беріліп оты­рған жоқ! Себебі бұй­рық беретін адам­дар­дың өздері де – сол офшор­лық есеп­шот­ты ұста­у­шы­лар болып табы­ла­ды. Оған мысал – үкі­мет мүше­лері С.Мыңбаев пен Б.Атамқұловтың офшор­лық есеп­шот­та­ры тура­лы ақпа­рат­тар жария болғаны.

Екін­ші жағы тағы бар. Супер­пре­зи­дент­тік жүй­е­де пре­зи­дент эли­та­лық топ­тар­дың офшор­лық ақпа­рат­та­рын, олар­ды өзіне керекті етіп, бел­гілі бір шең­бер­де ұстап оты­ру үшін пай­да­на­ды. Оған дәлел: «Я могу любо­го из вас взять за руку и отве­сти в суд», – деген сөзі.

Жау­а­бым­ның соңын­да бір жақ­сы тен­ден­ци­я­ны атап өтей­ін. АҚШ ресей­лік оли­гарх­тар­дың қара­жат­та­ры­на шабуыл жасап жатқа­нын оқыр­ман­дар есті­ген болар. Менің ойым­ша, дүни­е­жүзілік даму қарқы­ны­ның төмен­де­уіне бай­ла­ны­сты дүние жүзін­де қар­жы­лық транс­фор­ма­ция да орын ала­ды, сол транс­фор­ма­ция кезін­де алпа­уыт мем­ле­кет­тер офшор­лар­да ұстап оты­рған заң­сыз қара­жат­тарға да қол сұға­ды, яғни тәр­кілей­ді. Әрине, біздің мем­ле­кет үшін қар­жы­ны алпа­уыт мем­ле­кет­тер алға­ны­нан гөрі, бүкіл біздің аза­мат­тар­дың жал­тарған қара­жат­та­ры өзі­міз­ге қай­та­ры­лға­ны жақ­сы еді. Бірақ мем­ле­кеті­міз шынайы демо­кра­ти­я­лық жолға түс­пей, қар­жы­лар қай­та­ры­ла­ты­ны­на өз басым сенбеймін.

 

Қаз­бек БЕЙСЕБАЕВ,

дипло­мат-жур­на­лист:

– Мүм­кін, тиісті қаза­қстан­дық орган­дар бел­гілі тұлға­лар­дың осы офшор шот­тар бар екенін біл­мей­ді және біл­гісі кел­мей­ді. Жал­пы, олар бей­ха­бар оты­рған сияқты.

Екін­ші жағы­нан, офшор­дағы қар­жы тура­лы жақ­сы біледі, бірақ аталған тұлға­лар­дың офшор­дағы шот­та­ры салы­қтан жал­та­руға жат­пай­ды, демек, бұл қыл­мыс емес.

Ал шын­дап айт­сақ, лау­а­зым­ды адам­дар ақша­ла­рын жасы­рға­ны бір мәсе­лені анық көр­се­те­ді – олар өздері басқа­рып тұрған мем­ле­кет­ке сенбейді.

Мәсе­ле зан­да емес, мәсе­ле – билік­те. Жақын­да Ресей импе­ри­я­сын­да болған төн­керіс­ке 100 жыл тол­ды, сон­ды­қтан мен Ленин сөзі­мен жау­ап берей­ін – «билік халы­қтан өте алыс отыр».

 

 

Жан­бо­лат МАМАЙ,

қоғам қай­рат­кері:

– Осы мәсе­ленің басты себебін аны­қтау қиын емес: егер офшор­дағы шен­ділер­дің бар­лы­ғы­на қаты­сты іс қозғай­тын бол­са, онда Қаза­қстан­да қуда­ла­удан аман қала­тын шене­унік бол­май­тын шығар… Осы орай­да Сау­ат Мың­ба­ев­тың мәсе­лесіне тоқталғым келеді. Ол 1995 жыл­дан бері үздіксіз мем­ле­кет­тік қыз­мет­те жұмыс істеп келе жатыр. Министр, вице-пре­мьер, ұлт­тық ком­па­ни­я­лар­дың бас­шы­сы бол­ды. Ал оның құны 3 мил­ли­ард дол­лар­дан аса­тын ком­па­ни­я­ның 19 пай­ы­зға жуы­ғы­на ие болуын қалай түсін­діру­ге бола­ды? Бұл ең кемін­де Мың­ба­ев­тың 600 мил­ли­он дол­ларға жуық бай­лы­ғы бар деген сөз. Және назар ауда­ра­тын мәсе­ле: бұл – тек қана бір офшор­лық аймақтан табы­лға­ны! Пана­ма, Бер­муд арал­да­ры әлем­ге бел­гілі болған офшор­лық аймақтар­дың мили­он­нан бір бөлі­гі ғана. АҚШ-та, Еуро­па­да, қазір Шығыс Ази­яда ондаған мил­ли­он офшор ком­па­ни­я­ла­ры қыз­мет ете­ді. Егер олар­дың бәрін зерт­теп, иелерін жары­ққа шығар­са, Қаза­қстан қазы­на­сы­нан ұрланған бай­лы­қтың иегері кім екенін нақты білер едік.

Пана­ма арал­да­рын­дағы офшорға қаты­сты шыққан даудың кесірі­нен Ислан­дия пре­мьері бір апта бол­май қыз­меті­нен кетіп еді. Сол кез­де­гі Бри­тан пре­мьері Кэме­рон­нан офшорға жасы­рған 40 мың фун­ты үшін біраз жау­ап алын­ды. Ал біз­де­гі шене­унік­тер­дің бірі қыз­меті­нен кет­пек түгілі, осын­ша қар­жы­ны қай­дан алға­нын айтқан жоқ. Мың­ба­ев та, Ата­мқұ­лов та мар­дым­ды жау­ап қат­па­ды. Пана­ма­да офшо­ры шыққан Саға­ди­ев әлі күн­ге қыз­метін­де отыр.

Ең жоғарғы билік өкіл­дері үшін шығып жатқан офшор тура­лы мәлі­мет­тер құпия емес деп ойлай­мын. Сол Мың­ба­ев­тың мил­ли­ар­дер екенін тер­геу орын­да­ры тұр­мақ, сая­сат­тан сау­а­ты бар көп адам білетін еді. Онда бұл мәлі­мет­тер­ді неге зерт­те­мей­ді? Себебі бұл билік – жемқор­лы­қты, қазы­на тона­уды, парақор­лы­қты өзіне фун­да­мент етіп қалаған. Шене­унік­ті жемқор­лық ісі­мен оты­рғыз­са, оның аста­рын­да бұл індет­пен күрес емес, кла­на­ра­лық қақты­ғыс, билік үшін мықты­лар­дың өза­ра тар­ты­сы екенін қалың жұрт жақ­сы біледі.

Сон­ды­қтан жемқор­лы­қ­пен шын күрес бұл билік­тің тұсын­да бастал­май­ды. Мек­теп дирек­то­ры­нан бастап, ең биік­те оты­рған шен­ділер­дің бар­лы­ғы жемқор­лы­ққа бел­ше­сі­нен батқан. Мың­ба­ев пен Ата­мқұ­ло­втың әшке­ре болуы – соның кезек­ті дәлелі.

Сол жемқор­лы­қ­пен күре­сетін құзыр­лы орган­дар­дың өзін де айтып өтей­ік. Про­ку­ра­ту­ра, сот, жемқор­лы­ққа қар­сы күрес агент­ті­гі қыз­мет­кер­лері судан таза, сүт­тен ақ па? Пара алмай ма? Парақор­лы­ққа бат­паған ба? Ал енді сол орган­дар жемқор­лы­қ­пен шын күресіп, парақор­лар­ды әшке­ре­лей ала ма? Ол үшін өздерінің қолы таза болуы керек қой?

Жемқор­лы­қты бүгін­гі­дей жағ­дай­да жой­ып, оны жеңу мүм­кін емес. Ол үшін сөз бостан­ды­ғы, «ДАТ» сияқты тәу­ел­сіз газет­тер, тәу­ел­сіз жур­на­ли­стер, сая­си пар­ти­я­лар, әділ сай­ла­уда билік­ке келетін пар­ла­мент керек. Біздің елде оның бірі де жоқ. Сон­ды­қтан ешқан­дай зерт­теу де, тер­геу де мүм­кін емес.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн