Пятница , 4 июля 2025

Оңайгүл ТҰРЖАН: Димаш біздің ұйықтап қалған СЕЗІМДЕРІМІЗДІ ҚАЙТА ТІРІЛТТІ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №17 (381) от 4 мая 2017 г.

 

Экст­ра­жұл­дыз эпопеясы

 


 

Димаш жай­лы эссе-кітап дүни­е­ге кел­ді. Шын айтай­ық, Дима­штың жан­күй­ер­лері үшін, бала­сы­ның Қытай­дан толағай жеңіспен оралға­ны­на әлі де сен­бей жүр­ген, ова­ция мен сен­са­ци­ядан басы айна­лып, есең­гіреп жүр­ген қазақ үшін бұл үлкен сюр­приз бол­ды. Осын­дай ерекше мәнер­де жарық жұл­ды­зы­мыз Димаш жай­лы кітап шықты деген жаңа­лы­қты алғаш «Инста­г­рам­нан» оқып біл­дік. Авто­ры қаза­қтың сүй­ік­ті ақын қызы, фило­ло­гия ғылым­да­ры­ның кан­ди­да­ты, ЕҰУ-нің «Теле­ра­дио және PR» кафед­рас­ы­ның доцен­ті Оңай­гүл Тұр­жан. Қуа­ны­шы қой­ны­на сый­май, алға­шқы­лар­дың бірі болып халы­қтан сүй­ін­ші сұрап, тұса­уы әлі кесіл­ме­ген дүни­е­ге ақпа­рат­тық демеу көр­сет­кісі кел­ген «Қам­шы» ақпа­рат­тық агент­ті­гі ақы­н­мен сұх­бат құрған екен.

 

– Кітап­ты жазу, оны басып шыға­ру біраз уақыт­ты керек ететін жұмыс. Егер де бұл кітап оның жеңісіне арнал­са, сіз кітап­ты қашан жазып үлгер­ген­сіз? Дима­штың әлем әншісі ата­нып, елге оралға­ны­на көп бола қой­ған жоқ. Әлде Дима­штың жұл­ды­зы ерекше жарқы­рай­ты­нын алдын ала сездіңіз бе?

– Кітап­тағы әңгі­ме Дима­штың жеңісі тура­лы ғана емес. Оның жеңісі «I am a Singer» басталған­да, алғаш орын­даған әні­нен-ақ басталған. Кон­курс қоры­тындыс­ын­да қан­дай орын ала­тын­ды­ғы­на қара­ма­стан, оны әлем мой­ын­дап қой­ды. Мен де сол әлем­нің бір түй­ір бөл­ше­гі едім. Әншілік деген грам­мен өлше­нетін сал­мақ емес. Әншілік – әншілік­пен ғана өлшенеді.

Мен Дима­штың жал­пы әншілік талан­ты тура­лы, оның түп­кі негізі тура­лы жаз­дым. Көре­рмен­дер мен олар­дың өнер­ді баға­ла­у­ы­ның себеп­тері, кон­кур­стың өзі, Қытай көре­рмен­дерінің өзін­дік ерекшелік­тері тура­лы жаз­дым. Өткен жылы «Сла­вян база­рын­дағы» жеңісі­нен кей­ін біз өзі­міздің «Тұмар» жур­на­лы­мы­зда Дима­шпен сұх­бат жари­я­лаған бола­тын­быз. Сол кез­де ол «Таны­мал әнші Тама­ра Асар­дың гру­зин­нің кон­траль­то әншісі Тама­ра Гверд­ци­те­ли­мен қосы­лып, «Ақба­ян­ды» айтқа­ны мені тән­ті етті. Мен де шетел­дің «мен» деген әншілері­мен қаза­қтың халық әнін шырқағым келеді» деген болатын.

«I am a Singer» басталған­да, оның дәл сол бағы­тқа бет бұрға­ны­на және дәл сол арма­ны­на жет­пей қой­май­ты­ны­на күмәнім қалған жоқ. «I am a Singer» кон­кур­сын­дағы алға­шқы әнін айтып шыққан­нан кей­ін, мен Дима­штың әкесі, Қаза­қстан­ның еңбек сіңір­ген қай­рат­кері Қанат Айт­ба­ев­тан сұх­бат алдым. Сұх­батқа көп әңгі­ме сый­май­ты­ны бел­гілі. Біраз ойла­рым айту­сыз қал­ды. Қанатқа теле­фон соғып, айтай­ын деген­дерім­нің тең жар­ты­сы сый­май қалған­ды­ғын, енді оны мақа­ла етіп жазуға ниет­ті екен­ді­гім­ді айтып, келісі­мін алдым.

Деген­мен, Димаш көңіл­дің түк­пірін­де­гі ән өнері жай­лы іште жатқан талай ойла­рым­ды қозғап жібер­ді. Енді ол мақа­ла­ның да көле­міне сый­май­тын бол­ды. Сөй­тіп, осы кітап аз уақыт­тың ішін­де жазыл­ды. Мен жазай­ын деп жазған жоқ­пын, өзі жазыл­ды дегенім дәлірек бола­тын шығар. Бұл бір жағы­нан талант­ты дер кезін­де баға­ла­у­ға өз тара­пым­нан қосқан шағын ғана үлесім деп есептеймін.

 

– Димаш, қате­ле­с­пе­сем, сіздің жер­лесіңіз. Бір топы­рақтан шығу­ла­ры­ңыз да өз әсерін тигіз­ген шығар?

– Жоқ, Димаш менің жер­лесім емес. Ол – Ақтө­бе­ден. Мен – Маңғы­ста­удан. Маған әсер еткені оның тек әншілі­гі ғана десем, ол қысқа қай­ы­рған­дық бола­ды. Ол әлем алдын­да өзінің қаза­қы тәр­би­есін көр­сет­ті. Әлем алдын­да қаза­қы тәр­бие дегені­міз – пара­сат­ты­лық және пат­ри­от­тық екен­ді­гін таныт­ты. Үлкен сахна­дан «Асса­ла­у­маға­лай­кум!» деп аман­да­сып, тек қазақ тілін­де сұх­бат бер­ді. Мұның өзі өз елі­міз­де жүріп, өз тілі­міз­де сөй­ле­у­ге намыста­на­тын қаза­қтар­дың алдын­да тілі­міздің беделін алтын таққа оты­рғы­зды дер едім. Бұл тек менің ғана емес, талай қаза­қтың көңіліне қуа­ныш сый­лаға­ны анық.

 

– «Музы­ка тура­лы тек музы­ка­та­ну­шы­лар жаз­сын» деген ере­же бар шыны­мен де. Сіз ол ере­же­ден кешірім сұрап­сыз. «Біз Димаш арқы­лы өзі­мізді басқа­ша тани баста­дық» деп­сіз «Инста­грам­дағы» жаз­баңы­зда. Сон­да бұл кітап музы­ка жай­лы ма, қаза­қты тану жай­ын­да ма? Эссе-кітап­тың бұры­нғы кітап­та­ры­ңы­здан ерекшелі­гі неде болмақ?

– Бұл кітап, әрине, Димаш тура­лы. Ал Димаш тура­лы әңгі­менің музы­ка, жал­пы ән өнері тура­лы әңгі­ме­ден алшақ тұр­май­ты­ны бел­гілі. Музы­ка­та­ну­шы бол­ма­сам да, музы­ка тура­лы жазған себебім мынау: музы­ка – музы­ка үшін емес, ол соны тың­дай­тын халық үшін. Тың­дар­ман бар бол­са – өнер бар. Баға­лай­тын тың­дар­ман жоқ бол­са, өнер де жоқ. Өнер­дің сусын­дай­тын өзе­гі – халы­қтың көкіре­гін­де. Мен сол тың­дар­ман халы­қтың бірі ретін­де өнер­ге деген, әншілік­ке деген және Дима­штың өнеріне деген өз көзқа­ра­сым­ды айт­тым. Көре­рмен­ге баға беріп көр­ме­ген басы­мыз – көре­рмен­ді жәй әншей­ін ері­гіп келіп оты­рған­дар ретін­де қарай­тын­ды­ғы­мы­зды олар тура­лы бір ауыз әңгі­ме жаз­бай­тын­ды­ғы­мыз арқы­лы дәлел­деп жүр­ген сияқты­мыз. Біз негізін­де өнер иесіне қан­ша­ма қол соға­тын бол­сақ, көре­рмен­ге одан да зор қол соғуы­мыз керек. Өнер­ді өлтір­мей келе жатқан­ды­ғы үшін. Мен осы тура­лы да жаз­дым. Біз имидж деген мәсе­ле­ге немқұрай­лы қарап келе жатқан­дар­дың бірі­міз. Мүл­дем қате. Дима­штың ими­джіне қарап оты­рып, мен соны ұқтым. Біз талай нәр­сені жоғал­тқан­дар­мыз. Мен соны жаз­дым. Біз тіп­ті өзі­мізді өте күр­делі жара­ты­лыс ретін­де тану­дан да бас тар­тқан сияқты­мыз. Соны жаз­дым. Осы­ның бәрі Дима­штың әнін тың­дап оты­рған­да кел­ген ойлар. Димаш біздің ұйы­қтап қалған неме­се көңіл мұхи­ты­мы­зға батып кет­кен сезім­дері­міз бен ой-түй­ін­дері­мізді қай­та тірілт­ті. Ал бұл кітап­тың жазы­лу ерекшелі­гін оқыр­ман өзі айта­тын шығар.

 

– Димаш сіз­ге экс­клю­зив­ті сұх­бат бер­ді ме? «Димаш» эссе-кіта­бын­да Димаш жай­лы еш жер­де айтыл­маған дүние оқыр­манға жария бола ма?

– Димаш маған экс­клю­зив­ті сұх­бат бер­ген жоқ. Ол «I am a Singer» кон­кур­сы­ның ұйым­да­сты­ру­шы­ла­ры­мен жасалған келісім-шар­ты бой­ын­ша әзір­ге сұх­бат бере алмай­ты­нын Алпа­мыс Шари­мов та, Қанат Айт­ба­ев та айтқан. Сон­ды­қтан басқа жұрт біл­мей­тін жаңа­лық деген­нен гөрі, бұл кітап­та Дима­штың басқа жұрт назар аудар­маған қыр­ла­ры тура­лы айтыл­ды десем, дұры­сы­рақ бола­ды. Жал­пы ерекше талант иесі адам­дар өзінің іс-қимы­лы­мен, сөй­ле­ген сөзі­мен небір кешен­ді ойларға сіл­те­ме жасап жүреді ғой. Сол сіл­те­ме­лер көп­те­ген мәсе­ле­лер жай­лы әңгі­ме қозғатты.

 

– Кезін­де отан­дық бір музы­ка­лық-теле­ви­зи­я­лық жоба бары­сын­да айтыс­кер ақын Ринат Заи­тов Дима­шты қат­ты сынға алған бола­тын. Димаш Қытай­да жұрт­ты таң қал­ды­ра бастаған­да, сол ескі видео ғалам­тор­да қай­та тара­ла бастап, шу шығар­ды. «Дима­шта» Ринат Заи­то­вқа орын бар ма?

– Оның ағы­нан жары­лып, сұх­бат бер­гені халы­ққа керек сияқты. Талан­тқа әр кез­де әртүр­лі баға берілуі мүм­кін. Ол баға­ла­у­шы­ға бай­ла­ны­сты. Бірақ шын талант иесі баға­ла­у­шы­ның дең­гей­іне тәу­ел­ді емес.

 

– Елба­сы Дима­шты қабыл­даған кез­де «қазақ деген халық өте жақ­сы көр­ген­нен құшағы­на қысып, өлтіріп жібе­руі мүм­кін, содан бай­қа» деп, ата­лық ақы­лын айт­ты. Қаза­қтың махаб­ба­ты қасірет­ке айнал­мас үшін, Димаш неден сақта­ну керек? Өзін қалай ұстаға­ны дұрыс?

– Қаза­қтың махаб­ба­ты қасірет­ке айна­ла қой­мас. Оған білі­мін шың­дау керекті­гі тура­лы Май­ра Мұха­медқы­зы да, Айман Мұса­ход­жа­е­ва да өз пікір­лерін біл­дір­генін оқы­дым. Нағыз талант иесінің айна­ла­сын­да қызға­ныш та қатар шауып жүретіні түсінік­ті. Бірақ оның бәрі қан­дай да бір ауыр кеселін тигізіп кетер деп ойла­май­мын. Елба­сы айтқан­дай, ден­са­улы­ғын күтіп, әр нәр­се­ге сал­мақ­пен қарап жүр­се, халы­қтың шынайы махаб­ба­ты­ның өзі Дима­шты әлі талай биік­тер­ге жеткізеді.

 

– Кітап қазақ тілін­де. Димаш әлем­дік мас­шта­б­тағы жұл­дыз. Негіз­гі (бұл жер­де Димаш үшін өліп-өшу­ге дай­ын кәдім­гі фанат­тар­ды айтып отыр­мын) жан­күй­ер­лері – Қытай­да. Қытай­дан ауда­рып басай­ық деген өтініш-ұсы­ны­стар түс­пе­ді ме? Түс­се, қан­дай шешім қабылдайсыз?

– Қытай­дан қызы­ғу­шы­лық таны­тып жатқан­дар бар. Ал оны қытай тіліне аудар­ту мәсе­лесін уақыт көр­се­тер деп ойлай­мын. Кітап­тың жары­ққа шыққа­ны да кеше ғана ғой.

 

– Дима­штың ата-ана­сы Қанат пен Свет­ла­на кітап­тың дүни­е­ге келуі бары­сын­да қан­дай рөл ойна­ды? Дима­штың бала­лық шағы кітап­та қам­ты­лған ба?

– Кітап­та Қанат­тың да, Свет­ла­на­ның да айтқан ой-пікір­лері бар­шы­лық. Тіп­ті негізі­нен осы кісілер­дің айтқан­да­ры­на сүй­еніп жаз­дым десем де бола­ды. Дима­штың бала кез­де­гі өмір­ге көзқа­ра­сы тура­лы да жаз­дым. Ол көзқа­рас­ты қай­дан тапқа­ным кітап­та жазылған.

 

– Кітап­тың жар­на­ма­сын жүр­гі­зу мақ­са­тын­да арнайы пиар маман­дар­дың көме­гіне жүгі­несіз бе?

– Жоқ, жүгін­бей­мін. Мен өзім пиар тео­ри­я­сы мен прак­ти­ка­сы тура­лы Стам­бул уни­вер­си­тетінің про­фес­сор­ла­ры Айде­мир және Айла Окай­мен бірі­гіп, оқулық жазған маман­мын. «Ими­дже­ло­гия» атты оқу құра­лы­ның авто­ры­мын. Солай бола тұра, арнайы пиар маман­да­рын жал­даға­ным ұят шығар. Бірақ біздің Қаза­қстан­да кітап пиа­ры деген мүл­дем жоқ деу­ге бола­ды. Керісін­ше, шетел­дік автор­лар­дың кітап­та­рын жақ­сы таны­сты­ра­мыз. Ал біздің қаза­қстан­дық автор­лар­дың қан­ша­ма тама­ша туын­ды­ла­ры оқу­шы­сын таба алмай, сөре­лер­ден қарап тұр. Сон­ды­қтан пиар мәсе­лесі біз­де өте кен­же қалға­нын мой­ын­да­уы­мыз керек. Оны дамы­ту үшін біз қазір уни­вер­си­тет­те арнайы маман­дар даяр­лап жатырмыз.

 

– Кітап­тың тұса­у­ке­серін қай қала­да, қалай­ша кеспекшісіз?

– Кітап­тың тұса­у­ке­серін Аста­на­да өткі­зе­міз бұй­ырт­са. Таяу ара­да бола­тын шығар.

 

– Тұса­у­ке­сер­де күт­пе­ген тосын­сый ұйым­да­сты­ры­ла ма?

– Тосын­сый тура­лы әзір­ге ойланға­ны­мыз жоқ.

 

– Оңай­гүл ханым, «Димаш» атты кіта­бы­ңы­здың жары­ққа шығуы­мен құт­ты­қтай­мыз! Димаш ініңіз­ге қол­дау біл­діріп, қол­ты­ғы­нан демеп, кітап кей­іп­кері ата­нуы­на себеп­кер болға­ны­ңыз үшін Дима­штың жан­күй­ер­лері аты­нан алғыс біл­діре­мін. «Қам­шы» ақпа­рат­тық агент­ті­гі сіз­ге шығар­ма­шы­лық табыс тілейді.

Сұх­бат­тасқан –

Жази­ра БАЙДАЛЫ,

Qamshy.kz

 

ДИМАШТЫҢ ЖҰЛДЫЗЫ ғарыш төрін­де де жанды

 

Қазақ әншісі Дима­штың аты Андро­ме­да галак­ти­ка­сын­дағы жұл­ды­зға берілетін бол­ды, деп хабар­ла­ды «ҚазА­қ­па­рат».

 

Аспан көгін­де­гі жұл­ды­зға Дима­штың аты берілетіні тура­лы ақпар Weibo әле­умет­тік желісін­де­гі Дима­шқа арналған фанат­тар тобы­ның парақ­ша­сын­да жария етіл­ген (бекітіл­ген халы­қа­ра­лық сер­ти­фи­кат­тың фото­кө­шір­месіне қараңыз). Ондағы мәлі­мет­ке сүй­ен­сек, жан­күй­ер­лер аме­ри­ка­лық Name A Star Live жоба­сы арқы­лы бір жұл­ды­зды сатып алып, оны Димаш Құдай­бер­ген деген ата­у­мен арнайы кар­таға енгіз­ген. Сон­дай-ақ бұл жұл­дыз ата­уын Space Service INC (SSI) тізі­міне де бекітіп қой­ып­ты. Ал ол тізім SSI-дің ғары­штық мұраға­тын­да өмір бойы сақта­лып тұра­ды. «Ең жарық жұл­дыз – біздің сүй­ік­ті әнші­міз Димаш үшін» деп жаз­ды «Дима­штың әпке­лері» парақшасында.

Stan.kz

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн