Суббота , 5 июля 2025

«ОБАЛ ЖОҚ»

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №39 (310) от 12 нояб­ря 2015 г.

 

Апта апты­ғы

Естелік қай­тып келді…

 

Тоқ­са­нын­шы жыл­дар­дың басын­да дүкен сөре­лері жылан жалаған­дай бол­ды. Түк жоқ. Бары­ның өзі қат. Қажет­ті дүни­ең табыл­са, оны ала­тын қара­жат табыл­май­ды деген­дей. Сол кез­де бірақ еңсе­міз тік еді. Сөй­ле­ген­де иегі­міз әуелеп барып қай­та­тын. Тәу­ел­сіздік­тің демі бол­са керек…

Әйт­кен­мен де, жұрт­тың бәрі сон­да «жоққа» бой алды­рып қалған. «Мына кедей­лік­тің соры­нан енді құтыл­мас­пыз», – дей­тін­дер де көп-тұғын. Талай атпал аза­мат дүни­е­ден түңіліп, баз кешіп жат­ты. Ол кезді өкі­мет «өтпе­лі кезең» деп атап, әйте­уір өтке­лек­тен бір өтетіні­міз­ге сендіретін.

Тал­ды­қорған­да «Жерұй­ық» газетінің редак­ци­я­сын­да оты­ра­мыз. Сырт­тан Әбен аға Дәу­рен­бе­ков кіріп келеді. Әбен аға­мен бір­ге редак­ци­яға әде­мі әзіл, күл­кі ере келеді. Бәрі­міз Әбеңнің аузы­на қарай­мыз. Үлкен­дер жағы: «Мына дүние не боп кет­ті, қай­да бара­мыз? Жиған-тер­гені­мізді түгесіп біт­тік қой», – деп уай­ым­да­рын айта­тын. Сөйт­кен­де Әбен аға дауы­сын жіңіш­ке­леп, созып сөй­лей­тін әдеті­мен: «Сас­паң­дар, мен мага­зин ара­лап келе жатыр­мын. Сөре толы нан. Иісі мұр­ны­ң­ды жара­ды. Жаман­ды­қтың беті қай­та­ды. Нан бар жер­де жоқ­шы­лық тұр­май­ды», – деуші еді.

Рас, сон­дағы қиын-қыстау заман­да билік нан­ның «қадірін» айтып, бүгін­гі­дей зар­ла­маған еді. Енді еңіре­ген­де ете­гі көзінің жасы­на толып отыр. Қай­бір жыл­да­ры асты­қтың тең жар­ты­сын шірітіп алып, қалға­нын шетел­ге сатып, қам­ба­ны бос қал­ды­ра жаз­даған. Бұл, жаңы­лы­спа­сам, 2005–2006 жыл­да­ры болған уақиға. Кезек­ті дағ­да­ры­стың қар­саңы еді. Тағы да, міне, дағ­да­рыс. Бұл дағ­да­ры­сты дара қар­сы алу­дан «қорқып», Ресей­дің қолаң­са сасы­ған қол­ты­ғы­на кіріп кетіп едік, соры­мыз сор­па­дай қай­на­уда. Бір нәр­сені бүл­діре­рін бүл­діріп алып, соңы­нан «Өзі­ме де обал жоқ» дей­тін­дер бола­ды ғой. Соның кері келіп тұр.

… Обал жоқ!

Дау­рен Куат­тың «Фейс­бук» парақшасынан

 

 

 

Бұл екі арада

 

Аста­на­да қалып­тағы нан баға­сы 2016 жыл­дың  1 қаңта­ры­нан бастап 80–90 тең­ге бола­ды, деп санай­ды «Елор­да­лық нан» ЖШС-нің дирек­то­ры Әбдірахым Төлен­ди­ев. «Ұн баға­сы 80 тең­ге бола­ды, демек, нан – 80–90. Дүкен­дер­де 1 келі ұн 130 тең­ге тұра­ды, ал біз бол­сақ көтер­ме баға­мен сатып ала­мыз. Қазір көтер­ме баға 65–75 тең­ге. 80–90 тең­ге­ден сата­мыз», – деді Ә. Төлен­ди­ев дүй­сен­бі­де­гі бас­пасөз туры бары­сын­да. «Ресей­де бір бөл­ке нан 30–33 рубль тұра­ды. Біздің ақшаға аударған­да, 150–200 тең­ге», – деп мысал кел­тіріп­ті ол.

Қаз­ТАГ

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн