Вторник , 1 июля 2025

ОБЫРҒА ҚАРСЫ ОДАҚТАСТЫҚ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №27 (344) от 07 июля 2016 г.

Апта апты­ғы


Отан­дық ірі ком­па­ни­я­лар тобы, соның ішін­де Ustudy ком­па­ни­я­сы мен Алма­ты қала­сы­ның әкім­ді­гі бір­лесіп, қоғам­дық ынты­мақ­та­стық жөнін­де­гі мемо­ран­ду­мға қол қой­ыл­ды. Соның аясын­да Алма­ты­да қатер­лі ісік дер­тіне шал­ды­ққан бүл­дір­шін­дер­ге арналған, жал­пы құны 1 млрд тең­ге бола­тын пан­си­о­нат­тың құры­лы­сы бой көтермек.

 

Құры­лыс аяқталған соң қала әкім­шілі­гіне табыст­а­ла­тын сауы­қты­ру орнын салу жөнін­де­гі ынты­мақ­та­стық мемо­ран­ду­мға Алма­ты қала­сы­ның әкі­мі Бауы­р­жан Бай­бек пен «U Partners» ком­па­ни­я­сы­ның бас­шы­сы Жанат Рах­ма­ни қол қойды.

Мемо­ран­дум­ның аясын­да ком­па­ни­я­лар тобы, соны­мен қатар Ustudy.kz ком­па­ни­я­сы Алма­ты қала­сын­да қатер­лі ісік дер­ті­мен ауы­ра­тын бала­лар мен ата-ана­ла­ры­на арналған педи­ат­рия бөлі­мінің қадаға­ла­у­ы­мен маман­дан­ды­ры­лған пан­си­о­нат салу­ды жос­пар­лап отыр. Қазір­гі таң­да қатер­лі ісік дер­ті­нен ем қабыл­дап жатқан бала­лар мен ата-ана­ла­ры­на бір­ге тұру мүм­кін­шілі­гін айқын­дай­тын 60 орын­дық пан­си­о­нат­тың тех­ни­ка­лық-жоба­лау құжат­та­ры даяр­ла­ну­да. Ком­па­ни­я­лар тара­пы­нан инве­сти­ци­я­ның көле­мі 1 млрд тең­ге бол­мақ, ал құры­лыс мерзі­мі – 14 ай.

– Алма­ты қала­сы­на ем қабыл­да­уға кел­ген бала­лар мен ата-ана­лар үшін уақыт­ша пәтер жал­дап тұру қосым­ша шығы­нға әке­леді. Бұл дегені­міз өте ыңғай­сыз және дұрыс емес. Осы­ның алдын алу мақ­са­тын­да пан­си­о­нат­ты салу­ды қолға алдық. Себебі балаға ата-ана тара­пы­нан күтім мен қол­дау қажет. Соны­мен қатар бүл­дір­шін­дер­дің өзін еркін сезі­нуі, көтеріңкі көңіл-күй­де жүруі үшін құры­лы­стың 2 гек­тар жеріне ойын алаңы, қажет дема­ла­тын орын­дар салы­на­тын бола­ды, – дей­ді Ustudy.кz пор­та­лы­ның бас­шы­сы Жанат Рахмани.

14 айлық құры­лыс жұмысы толық біт­кен соң, меди­ци­на­лық инфрақұры­лым­ның бір бөлі­гі ретін­де ғима­рат қала әкім­ді­гіне беріледі. Жаңа ғима­рат – қала тұрғын­да­ры­на қыз­мет етіп, қатер­лі ісік дер­ті­нен емдеу шара­ла­ры­ның тиім­ділі­гін жақ­сар­туға үлес қос­пақ, делін­ген осы орай­да тара­ты­лған бас­пасөз парақшасында.

Бота ЖҰМАНОВА

[email protected]


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн