ОДАҚТАСТАР Астанада кездесуден НЕГЕ БАС ТАРТТЫ?

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №10 (281) от 12 марта 2015 г.

 

Апта аптығы

 

Қазақстан, Ресей, Белоруссия президенттері – Н. Назарбаев, В. Путин және   А. Лукашенколардың Астанадағы 13 наурызға жоспарланған кездесуі бірнеше күнге кейінге қалдырылды, деп хабарлады ресейлік БАҚ-тар.

«Шынымен де, үш мемлекет басшылары Астанаға жоспарланған кездесуін бірнеше күнге кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады», – деді Ресей үкімет басшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.

Еске салсақ, Қазақстан, Ресей, Белоруссия президенттерінің  Астанадағы кездесуі 13 наурызға жоспарланған болатын. Бұған дейін биресми дереккөздерде үш президент наурыздың 10-ы күні кездеседі деген хабар болған.

Осыған қарағанда, үш президенттің кездесуі қайта-қайта кейін шегерілуінде қандай гәп бар? Жекелеген сарапшылардың пікіріне қарағанда, кездесудің ысырылуына Беларусь президенті Александр Лукашенко себепкер болуда. Ол бұл жолғы кездесуде қол қойылуы тиіс жекелеген әрі маңызды құжаттардың мазмұнына наразы көрінеді.

Ал біздің газет дереккөзінің айтуы бойынша, бұл кездесудің кейінге сырғуына себепкер болған – Ресей президенті Владимир Путин. Ол бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаевқа ҚР президентік сайлауына үміткер ретінде түспеуді және өз орнына әзірге аты-жөні беймәлім үміткерді ұсынуды сұраған. Сонымен бірге Путин наурыздың 13-і күні болуы тиіс басқосуда «Нұр Отан» партиясы құрылтайы кезінде Нұрсұлтан Назарбаев ұсынатын президенттікке үміткермен кездесуі керек болған. Ал Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының және партиялас әріптестерінің үзілді-кесілді «талабынан» кейін, В.Путинге берген уәдесінен тайқуға «мәжбүр» болғаны мәлім.

Енді бұл кездесу қашан және қайсы елдің астанасында өтері әзірге белгісіз дейді газетіміздің ақпаратқа қанық дереккөзі. Қалай болғанда да, біз бұл жағдайдың мән-жайын саралап, газетіміздің алдағы сандарының бірінде оқырман қауымды хабардар ететін боламыз.

Сауыр САЙҚАН

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн