Суббота , 5 июля 2025

Омарғазы АЙТАН. ҰЛАР НЕГЕ ШАҚЫРАДЫ?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №21 (385) от 1 июня 2017 г.

 

Ойдан-қыр­дан

Бай­ға­зы

 


 

 

Көріп пе ең шығып бұрын ұлы тауға,

Ұлар неге шақырады?

Баста­лып дәл қасы­ң­нан жасыл аспан,

Одан ары

Қорым­дар созы­ла­ды қына басқан.

 

Мекені тау­те­ке мен қодастардың,

Жар­та­стар қабат-қабат

Сіресіп құз-қияда жатқан бәрі.

Әттең-ай, көрер ме едің

Сол шағын­да

Күп-күң­гірт үңіре­ген шатқалдарды!

 

Бол­дың ба қақ­па­ны­ң­ды енді жайып,

Аңшы­сы таулықтардың,

Естідің бе,

Тың­да­шы ұлар неге шақырады?

Мал екеш мал да ұйып тыңдағандай,

Мүл­гиді бұта бүрген

Қой жақтан сонау арғы қарсыдағы.

 

Қалып­ты тіп­ті төмен ағаш кескен,

Бұл жер­ден естілмейді

Үні де бір шың еткен балтасының.

Тау­лар­дың бір тұсында

Қалы­қтап жүр айна­лып қыран бүркіт

Үстіне ұя салған жартасының.

 

Одан ары жоғарырақ

Мұз­дар мен аппақ қар­дың етегінде

Отыр­ды ұлы құсы биіктердің.

Ұлар неге шақырады?

Тол­ты­рып аспан астын қуанышқа

Табиғат нет­кен таза, сүй­ік­ті едің!

 

Егіліп кетер дей­сің ізгілікке,

Дәл сол кезде –

Мүл­гі­ген тәңір­дің нұр-шуағы.

Боя­уы құрға­маған жап-таулар,

Көңіл­дер елжірейді,

Тың­да­шы, ұлар неге шақырады?

 

1976 жыл

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн