ОН МЫҢ ТЕҢГЕ – «ЖАҚСЫ ЫРЫМ»

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №42 (359) от 17 ноября 2016 г.

 

Турабилер тұғыры

 


 

 

Жағымпаздар заманы қашан аяқталады?

Назарбаевтың 10 000 теңгеде бейнеленуін жағымпаздар әр түрлі сылтаулар айтып ақтауда. Олардың айтуынша, Ататүрк те, Мандела да өз елінің валютасында бар екен. Назарбаевты ол екеуімен салыстыруға келе ме? Түрік басшысы елін азамат соғысынан сақтап қалды. Оңтүстік Африка елінің батыры әділет үшін күресіп, 25 жыл түрмеде отырып, соңында президент болды.

Менің ойымша, Нұрсұлтан болашақ ұрпаққа сенбейді. Бұл жайлы философ А.Шопенгауэрдің мынадай сөздері бар: «Көзі тірісінде өзіне ескерткіш қойған адамға ұрпағы сенімсіздік танытады».

• Жәби СЕРІК

 

Президент мырза, не бір қазақтың ұлы тұлғалары бейнеленген теңгеміз құнсызданып, айналымнан жоғалды. 10 000 теңгеге басыңыздың басылғаны құтты болсын! Сіз де енді бұдан былай алдыңғы теңгелер сияқты күннен-күнге басыңыз құнсызданып, өмір айналымынан тірідей жоғаласыз. Себебі – сіз алдыңғы ұлы тұлғалардан әулие емессіз!

Негізі, кім ойлап тапса да жақсы ырым екен.

• Ардақ ӘШІМОВА

 

Биліктің өздері ойлағандай, жауы – оппозиция емес, Ақорданың айналасы ма деймін. Өйткені қазіргідей дағдарыс кезінде халықты ашындыру жағынан жағымпаздық алдына жан салар емес.

Экономикалық жағдай жақсы кезде (Астана күні, Бірінші Президент күні, «Ұлт көшбасшысы» т.б.) жағымпаздық онша білінбей қалатын. Ал қазіргідей қиыншылық тұсында 10 мың теңгелік банкнотқа Мемлекет басшысының суретін салып (1993 жылы Назарбаев төл теңгеміз шығарылатын тұста, ақшаға өз суретін салуға мүлде қарсы болған), айналымға шығаруға ұмтылу – жағымпаздықтың тағы бір ерен үлгісі болғалы тұр.

Мұндай қадам тұрмыстан қажыған, экономикалық дағдарыстан шаршаған жұртты ашындыра түсетіні анық. Қазақтар мұндайды «артық қыламын деп тыртық қылды» дейді. Девальвация анау – табан тірейтін түрі жоқ. Бүгіннің өзінде бір доллар 345 теңгеге жетті.

Банкнот номиналы құнсызданған сайын, Елбасы суретінің де құны төмендей бермей ме?! Президентті абыройсыздандырудың бұдан өткен жолы жоқ. Ұлттық банктің жағымпаздығы, айналып келгенде – саяси қателік. Жағдайды пайымдамай – өз президентін масқаралау. Сондықтан Мемлекет басшысы мұндай қадамға дереу тоқтау салады деген үміттеміз.

• Марат ТОҚАШБАЕВ

 

Басында абыройлы еді… Қазір бағасы түсіп, қадірі қалмады… Қайран он мың теңге! Бағаң 28 доллар ғана! Осылай кете берсең, құның нөл болады-ау, ә-ә-ә…

• Дина ЕЛГЕЗЕК

 

Қожанасыр жұмыстан шаршап келіп, кемпіріне:

– Қате-ен, маған піскен айран берші. Тәбетті ашып, ас қорытуға жақсы деп еді.

– Кеше таусылып қалып еді, қожайын.

– Жоқ болғаны да дұрыс болыпты. Ішсем изжога беріп, жүрегімді қыжылдатар, – депті Қожа. Сөйтсе, бәйбішесі:

– Қожеке, біресе жақсы дейсіз, біресе жаман дейсіз. Сіздің қай сөзіңізге сенеміз? – депті. Сонда Қожа:

– Бар болса – біріншісіне, жоқ болса – екіншісіне сеніңіз! – депті.

Жаңа 10 мың теңгелікті ұнамағаннан емес, жоқ болғаннан сөз қылып отырған Ұлы Дала Кемеңгерінің жазбасы ғой. Шіли, неғымаңыздар енді…

• Ержан Тәліп

 

Ұлттық банк нұрсәулелінің бейнесін өте төмен бағалаған екен. Тиын-тебенімен қосқанда небәрі 28 доллар.Инфляцияны есептейтін болсақ, бір жылдан кейін бір «назарбубликке» 10 бакстан кем беретін болады.

• Мұрат ТҰҢҒЫШБАЕВ

 

Телектен (теледидар – Ред.) қарайды, газеттен қарайды, енді «бабаладан» (ақша) қарайтын болады. Бұдан қайда барып тығылсақ екен…

• Асқар АЛАШ

 

Тірі адамға?! Құдайдан қорқыңыздар!

Бұл енді жеке басқа табынушылық деп аталады. Осыны ойлап тапқандар, президентімен қосып, өздерінің сырт көзге қалай көрінетіндерін түсінбейді. Мұндайға тіпті коммунистер рұқсат бермеген.

Дегенмен, экономикалық дағдарысты ескерер болсақ, бұл купюра келесі президенттік сайлауда жақсы үгіт қағазы болмақ. Дүкенге кіресің, ақшаңды бересің, ал саған бір «елбасыға» – бір келі шұжық береді. Бұдан кейін кімге дауыс берерің сенің 10 «елбасылық» жалақыңмен сөзсіз түсінікті болады. Сондықтан бұлар еліре берсін – мұндай қарумен қарсыластың да қажеті болмай қалады. Шамасы, бұл диагноз шығар!

• Сергей ДУВАНОВ

 

«Теңгеге президенттің портретін салу біздің валютаның құнын одан да арттырады. Бұл біздің ақшамыздың тұрақтылығына тағы бір кепілдік болады» – дейді ҚР Ғылым Академиясының президенті М. Жұрынов.

Басқа әдіс қалмаған ба? Егер бұл кепілдікке түкіріп қойып, теңгені тағы бір «құлатып» тастаса, премьер-министр мен Ұлттық банкінің басшысын қайтеміз?

• Бақытжан КЕТЕБАЕВ

 

Алдымен теңгеде Елбасының қолы пайда болды, одан соң – оның күнсәулелі бейнесі шықты. Ал соңында оның к…ті не болады?

• Айнұр ҚҰРМАНОВ

 

Егер Назарбаевтың бейнесі салынған купюрмен есеп айырысар болсақ, күлкіге немесе қорлыққа (қайсысы оңтайлы – өздеріңіз таңдап алыңыздар) тап боламыз. Мәселен, жезөкшемен бір сағаттық «ойының» – 10 мың теңге. Екі қорап анаша – 10 мың теңге. Жол-көлік тәртібін бұзу дерегін базадан алып тастау үшін «гаишникке» беретін параң – 10 мың теңге. Мұндай купюрлермен алынған алғашқы пара қалай боларын сезіп тұрмын.

Кімде тағы қандай осыған ұқсас нұсқалар бар?

• Лұқпан АХМЕДЬЯРОВ

 

(Пікірлер ФБ-желісінен алынды)

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн