Суббота , 5 июля 2025

ОН ЖАСАР МҰХАМЕДӘЛІ «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №27 (344) от 07 июля 2016 г.

Ойдан-қыр­дан


Бұған дей­ін хабар­ланған­дай, сәуір айын­да Қазы­ғұрт ауда­ны­ның (ОҚО) мек­теп оқу­шы­сы Мұха­медәлі Ағы­манұ­лы өзен­ге ағып кет­кен 3 жасар қызды құтқа­рып қалған еді. Жуы­қта оған ҚР пре­зи­ден­тінің жар­лы­ғы бой­ын­ша беріл­ген «Ерлі­гі үшін» медалі сал­та­нат­ты түр­де табыс етіл­ді, деп хабар­лай­ды Stan.kz порталы.

 

Еске сала кет­сек, оқиға 1 сәуір күні болған еді. Түні бойы жауған нөсер­ден кей­ін Алтын­тө­бе ауыл­ды окру­гіне қарас­ты Қосағаш ауы­лы маңын­дағы шағын Қар­жан өзені күрт тасы­ған. Өзен жаға­сын­да ойнап жүр­ген бала­лар­дың ара­сын­дағы 3 жасар Ақбілек Серік­бай суға құлап кетеді.

Бұл уақыт­та осы маңға жақын жер­де Мұха­медәлі мен оның әкесі мал бағып жүр­ген екен. Әкесі мал­ды қай­ы­руға кет­кен­де, Мұха­медәлі бала­лар­дың шу ете қалған дауы­сын ести­ді. Қара­са, кіш­кен­тай қыз суға ағып бара жатады.

«Ұлым дереу жүгіріп барып, көр­шінің қызын судан құтқа­рып қал­ды. Демі тоқтап қалған қызға жасан­ды жол­мен тыныс алуы­на көмек­тесіп­ті. Кей­ін мұның бәрін қай­дан білесің деп сұра­сақ, мек­теп­те мұғалім­дері алға­шқы көмек көр­се­туді үйрет­кенін айт­ты. Мен өз ұлым­ды мақтан тұта­мын!» – дей­ді оның әкесі Ағы­ман Сманов.

Осы­лай­ша оқу­шы өз өмірін қатер­ге тігіп, кіш­кен­тай қызды аман алып қалған. Бүгін­гі күн­нің жас баты­ры бола­шақта құтқа­ру­шы болу­ды арман­дай­ды. Мұха­медәлі­ге көп­тен күт­кен медалін облы­стық Төтен­ше жағ­дай депар­та­мен­тінің бас­шы­сы Алек­сандр Путей­ко тап­сы­рып, құтқа­ру­шы­лар қата­ры­на қосы­луға ұсы­ныс та жаса­ды, – деп хабар­лай­ды otyrar.kz.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн