Суббота , 5 июля 2025

«ҚОНАЕВ» ДЕП АТАУҒА бір ауылды неге қимаймыз?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №26 (390) от 5 июля 2017 г.

 

Редак­ци­яға хат


 

Жам­был облы­сы­ның Қор­дай ауда­нын­дағы ата­уы орыс­ша жалғыз елді мекен – біздің Степ­ной ауы­лы. Тәу­ел­сіздік алға­ны­мы­зға отыз жылға жуы­қ­та­са да, ауыл аты әлі өзгер­ген жоқ. Өзге­ретін түрі де көрін­бей­ді. Оған Д.Қонаевтың есі­мін беру жөнін­де­гі ауыл тұрғын­да­ры­ның орын­ды ұсы­ны­сы «жар­тасқа бар­дым, күн­дей айғай сал­дым­ның» кебін киіп тұр.

 

Кезін­де Ленин, Ста­лин, Кали­нин, Киров, т.б. кол­хоз-сов­хоз­да­ры елі­міздің бар­лық өңірін­де болға­ны бел­гілі. Мұн­дай ауыл­дар біздің аудан­да да болған. Бірақ кей­ін олар­дың аты өзгер­ді. Өзге­ру­ге негіз­гі себеп – Қаза­қстан­ның дер­бес ел ата­нуы бол­са, екін­шісі себеп – халы­қтың ұсы­ныс-тіле­гі. Себебі кезін­де саны жағы­нан өзге ұлт­тар басым болған елді мекен­дер­де соңғы жыл­да­ры қаза­қтар көбейе бастаған. Мәсе­лен, біздің Степ­ной­да бұрын 80 пай­ыз орыс, неміс ұлты­ның өкіл­дері тұр­са, қазір, керісін­ше, қара­көз­дер 80–90 пай­ы­зға жетіп отыр.

Енді мына дерекке қараңыз: жал­пы, Қор­дай ауда­нын­да 41 елді мекен бар екен. Соның Степ­ной­дан басқа­сы­ның аты – қаза­қ­ша. Бұры­нғы қал­пын өзгерт­пе­ген екінің бірі – Слав­ное ауы­лы бірер жыл бұрын Арал болып өзгер­ді. Аудан­да 3 ауыл адам аты­мен ата­ла­ды. Ол қан­дай ауыл­дар? Бірі – Жам­был, екін­шісі – Өте­ген, үшін­шісі – Кенен. Бәрі де талас тудыр­май­тын ірі тұлғалар.

Міне, біз осы қатарға Д.Қонаевты да қосқы­мыз кел­ген. Өйт­кені Степ­ной ата­уы біз үшін «жана­за­сы» әлдеқа­шан шығып кет­кен Совет Одағы­ның «көзін­дей» болып көрі­неді. Одан құты­лу парыз. Ал Қаза­қстан­ды ширек ғасыр басқа­рып, 47 қала салған Д.Қонаев – дүй­ім жұрт мой­ын­даған ірі тұлға. Аста­на­ны Назар­ба­ев­тың аты­мен атау тура­лы ұсы­ныс жасап жүр­ген депу­тат­тар­дың «Бір қала­ны Қона­ев­тың аты­мен атай­ық» деп неге айта алмай­ты­нын жұрт­тың іші сезеді. Бірақ Қона­евқа бір ауыл­дың атын беру­ге неге бол­май­ды? Оған кім қар­сы? Бір ауыл Қона­ев­тың есі­мі­мен атал­са, өзге адам­ның мәр­те­бесі төмен­деп қала ма? Міне, біз осы­ны түсіне алмай-ақ қойдық.

«Степ­ной­дан құты­лай­ық» деген әңгі­ме сонау 1996 жылы көтеріл­ген. Ауыл тұрғын­да­ры­ның жиы­нын­да қызу талқы­ға түс­кен мәсе­ле бой­ын­ша сол кез­де­гі ауыл әкі­мі Тіле­ужан Түстік­ба­ев қау­лы шығарған. Алай­да Степ­ной­ды алма­стыр­мақ болған «Ақ дала» ата­уы әкім­ге тиесілі шаруа қожа­лы­қтың аты болып шыққа­ны ауыл тұрғын­да­ры ара­сын­да әжептәуір дау туды­рға­ны да есімізде.

Біз ауы­лға Қона­ев­тың атын сұрап, есік­тен-есік тозды­рып жүр­ген 7–8 жыл ішін­де ауданға төрт-бес әкім келіп кет­ті. Бірақ бір­де-бірі халы­қтың қала­у­ын жүзе­ге асы­ра алған жоқ. Бір қызы­ғы, Тіле­ужен Түстік­ба­ев­тың да, одан кей­ін әкім болған Мэлс Асанқұ­ло­втың да каби­нетінің төрін­де Д.Қонаевтың порт­реті ілулі тұра­тын. Суретін төріне ілген адам­ның атын ауы­лға бер­гізу­ге олар­дың неге күш сала алмаға­ны біз­ге белгісіз.

Алай­да біз мұны­мен тоқтап қалған жоқ­пыз. Ауыл­да тұра­тын 495 адам қол қой­ып, төлқұ­жат нөміріне дей­ін көр­сетіп, аудан әкі­міне хат жаз­дық. Халық бұған қуа­на-қуа­на өз ерік­тері­мен атса­лы­сты. Олар­дың ара­сын­да зей­нет­кер­лер де, мұғалім­дер де, көп бала­лы ана­лар да, т.б. бар. Бұл хат­тың бір нұсқа­сы күресін­ге шығып кет­пе­се, бұры­нғы аудан әкі­мі Қай­рат Доса­ев­тың суыр­ма­сын­да жатуы керек. Тағы бір нұсқа­сы Степ­ной ауы­лы­ның әкі­мі Ж.Спановта. Алған жау­а­бы­мыз: «Мора­то­рий­ге бай­ла­ны­сты кей­ін­ге қал­ды­рыл­ды» деген бір ауыз сөз. Қона­ев біздің құр­меті­міз­ге мұқтаж емес.

Ол кісінің есі­мі ұрпақтар жадын­да ғасыр­лар бойы жасай­тын бола­ды. Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың өзі: «Қона­ев есі­мі Қаза­қстан халқы­мен бір­ге жаса­ры анық, ақиқат. Ол кісі бәрі­міз­ге ұстаз болған ұлы адам», – деген еді. Бұдан артық не керек?! Пре­зи­дент­тің өзі осы­лай деп оты­рған­да, жер­гілік­ті атқа­мі­нер­лер неден тартынады?

Жуыр­да ғана үкі­мет бас­шы­сы Аста­на­дағы әуе­жай­ды Назар­ба­ев­тың аты­мен атау жөнін­де қау­лы шығар­ды. Пре­зи­дент­ке қалай жағы­на­рын біл­мей жүр­ген жал­бақай депу­тат­тар­дың көк­тен ізде­гені жер­ден табыл­ды. Олар мұны «тари­хи әділет­тілік орна­ды» деп баға­лап жатыр. Бұл қан­дай тари­хи әділет­тілік? Егер бұған дей­ін Назар­ба­ев­тың аты­мен ешбір нысан атал­май кел­се, бір сәрі. Түр­кия, Қырғыз­стан, Укра­и­на­ны айт­паған­да, елі­міздің үш қала­сын­да (Аста­на, Алма­ты, Тал­ды­қорған) ескерт­кі­ші бар. Аста­на­дағы уни­вер­си­тет­тен бөлек, 18 зият­кер­лік мек­теп Назар­ба­ев­тың аты­мен аталады.

Мей­лі ғой, әуе­жай да пре­зи­дент­тің аты­мен ата­ла бер­сін. Бірақ әуе­жай­ға кел­ген­де «кеңдік» жасай­тын мора­то­рий ауы­лға кел­ген­де неге «тары­ла» қала­ды? Осы­ны біз­ге түсін­діріп беретін бір адам бар ма?

Елтай ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ,

Степ­ной ауы­лы­ның тұрғы­ны, зейнеткер,

I топ­тағы мүгедек

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн