Вторник , 13 мая 2025

ОПАСЫЗ БЕН ИБАЛЫНЫҢ ҰЯТЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №10–11 (375) от 16 мар­та 2017 г.

 

Әфсәнә әдебі­мен


 

Опа­сыз бен иба­лы­ның ұяты кез­десіп қалыпты.

– Қалай­сың? – дей­ді иба­лы­ның ұяты.

– Сұра­ма! – деп, екіні­шісі еңіреп жіберіп­ті. – Менің ием ұят­ты ұмыт­ты. Өзі­нен басқа­ны ойла­уды қой­ды. Сезім деген­нің бәрін жер­леп, өзгенің қамын ойлау деген­мен жұмысы жоқ, қары­ны тоқтық, көй­ле­гі көк­тік қана көк­се­гені. Өзгені өкше­мен езіп, кеудесін жан­шып, басы­нан аттап кету оған түк емес. Өле алмай жүрмін!

– Жүре­гін жібітіп, сана­сын сый­па­лап көр­медің бе?

– Әбден тыры­стым. Бай­қат­пай жақ­сы­лық пен жаман­ды­қтың парқын айы­рар кітап­тар­ды да тық­па­лап көр­дім. Иман­ды, сала­у­ат­ты адам­дар­мен де жолы­қтыр­дым. Пай­да жоқ! Керісін­ше, ашкөзді­гі асқы­нып, зұлым­ды­ғы ушы­ғып кет­ті. Оның бетіне де, арты­нан да айты­лған «Ұят­сыз­сың!» – деген­ді есті­ген сай­ын, одан баз кешіп кет­кім келеді. Кете алмай­мын. Сана­ның бір бұры­шын­да бүк түсіп жатыр­мын. Мына­уың адам бол­май­ды! Тек өзін ғана көреді. Басқа­дан ақша­ның көзін ғана көреді. Жай­лы жер­де жам­ба­сы жат­са бол­ды, жоға­ры­ға ұмты­лған жолын­да жолын­дағы­ның бәрін баса көк­теп, өңмең­деп бара­ды. Үлкен­ге құр­мет, кіші­ге ізет жоқ. Тек қазы­на­ның құлы, бай­лы­қтың үмметі. «Алсам, жесем» деп қана тұрады.

– Іммм, солай де. Онда сен былай істе – деп, иба­лы­ның ұяты сыбыр­лай­ды. Еке­уі езу тар­та жымиып екі жаққа кетеді.

Ертесі Опа­сыз оян­са, тұра алмай­ды. Әйелі ас үйді басы­на көтеріп жүр екен. «Осы қатын­нан той­ға­ным-ай!» – деп, іші­нен ойлапты.

– Немене? Менен той­дың ба? – деп әйелі жетіп келеді. «Ойбай, мынау ішім­де­гіні қай­дан біліп қой­ды?» – деп, Опа­сыздың есі кетеді.

Айғай­дан қашып, үйі­нен атып шығып, жұмысы­на бара­ды. Лау­а­зым­ды жұрт жұмыс істей­тін зәулім меке­ме­ге кіре бере, өзі­нен үлкен басты­қты көріп қала­ды. Өтірік күліп, аман­да­сып тұрып, «Осы қызыл көз бәле қашан құрыр екен?» – деп, ойлап қалға­ны сол екен, анау: «Оңбаған, кім­нің арқа­сын­да тал­таң­дап жүр­геніңді ұмы­тқан екен­сің!» – деп, жағы­нан салып қалады.

Сол күні кеш батқан­ша ойы­ның ойра­ны шыға­ды. Көп­тен бері өзі­нен басқа­ны жақ­сы деп ойла­май­тын бұзы­лған сана­сы сыр беріп, кез­дескен­нің бәрі жай­лы ішкі ойын сыр­тқа жай­ып салады.

Ең сорақы­сы – сон­дай ойды қалай өзгер­ту жолын біл­мей қина­ла­ды. Мүл­дем ой ойла­май­ын десе, қолы­нан кел­мей­ді. Қан­ша­ма жыл­дан бері ойы айтқан­ды аузы айт­пай, елді өтірік­пен емізіп кел­ген жан­ның басы­на өзі­нен басқа­ны жақ­сы дей­тін жарқын ой келе қой­май­ды екен. Бұған дей­ін қыз­мет­тес­ке қыр­сық тілеп, көр­ші­ге ауру тілеп, бауы­рға без­гек тілеп кел­ген адам ғой. Көк­се­гені пара­ның кесе­гі, біре­удің әйелінің төсе­гі. Өз басы­на керекті алу үшін бер­гені – пара, кедер­гіні жою үшін айтқа­ны – жала. Біре­уден кек алсам, қазы­на­ны жеп алсам деп, алшаң басып келе жатқан адам­ның аяқ асты­нан бұты көк­тен кел­ді. Енді қайт­пек? Бүгін­дік­ке өзіне қара­та елдің айтқан сөзі: «Ұят­сыз неме, арсыз екен­сің!» – ғана.

«Ұят», «ар» деген не бәле? Олар қай­да тұра­ды, қай­да саты­ла­ды? Не бол­са да, қан­ша тұр­са да, сол ұят­ты тауып алмай болмас!

– Мен осын­да­мын! Қинал­ма, су тегін жаны­ң­да жүр­мін, – дей­ді сол кез­де ұят.

– Айна­лай­ын, ұят­жан, кет­пе­ші, оты­ра тұр, мына бәле­ден қалай құты­лам, жолын айт, ақы­сын берем! – дей­ді Опасыз.

– Ақы­сыз құты­луға бола­ды, тек өзің өзге­руің керек! Әзір­ше мен сенен кетем! – деп, ұят арты­на қара­май тай­ып тұрады.

– Ойбай, тоқта, қалай өзге­рем? Жаңа мәшине сатып алам ба? Шашым­ды түзей­мін бе? Киім ауы­сты­рам ба? Ұят, тоқта­шы?! – деп иесі қала береді.

Амал жоқ, өзге­ру­ге бел буа­ды. Ол оңай­ға түс­пей­ді. Өзінің елге істе­ген қыса­сты­ғы өзіне он есе қай­та келеді. Енді өз басы­на қар­сы істел­ген сатқын­дық пен зұлым­ды­қты көреді. Келе­ке мен кекесін­ді, ашкөздік пен ажы­рас­у­ды, көңіл қимай қошта­су­ды көзі­мен көреді. Аттап басқан сай­ын жана­шыр­лық, аяу­шы­лық деген­ді үйре­ну­ге тура келеді. Жалғы­зды­қты жаны­на серік етеді.

Күн­дер­дің күнін­де кеше­гі Опа­сыз енді Иман­ды пен­де­ге айна­ла­ды. Баяғы екі ұят қай­та кез­де­седі. Иба­лы­ның ұяты:

– Қалай­сың? – дегенде,

– Көріп тұр­сың ғой! – деп, екін­ші ұят қуа­на жау­ап береді. Екі ұят езу тар­та иелеріне кете барады.

P.S. Жаны жай­саң, жаман­дық ойла­удан беті аулақ, игі жақ­сы­лар! Бұл аңы­зды ауы­зға алған­дағы айт­пағым басқа. Көбі­міз іштен тынып, әліп­тің артын бағып, «сен тиме­сең, мен тиме» болып отыр­мыз ғой. Кеше ғана кезек­ті сот оты­ры­сы өтті. Менің Ардақты Ұста­зым Тұңғыш­бай Жаманқұ­лов бұл жолы айқасқа бел буды. Мой­ын­да­удан бас тарт­ты. Кім біл­сін, білек­тілер бәрібір оны кінәлі ғып, айып­тап, тағы да асқақ басын төмен игі­зер. Күштінің кім екенін біл­гі­зер. Тіп­ті сот шеші­мі алдын ала даяр тұрған да шығар. Ол өз кезе­гі­мен бола берер…

Дәл қазір мені түр­шік­тір­ген іс мынау: қашан­нан бері Біз жығы­лған­ды жұды­ры­қтай беретін болға­мыз? Мен айып­та­у­шы жаққа қар­сы шап деп оты­рғам жоқ. Сотқа барып, сой­қан шығар деуден де аулақ­пын. Кеше ғана бірі­міздің арқа сүй­ері­міз, бірі­міздің ақы­л­шы­мыз, біріңіздің сүй­ік­ті актеріңіз, біріңіздің мақтан тұта­ры­ңыз, біріңіздің жер­лесіңіз, біріңіздің құр­да­сы­ңыз еді ғой. Жабы­ққан көңілін жебей қоя­тын жылы лебіз­деріңіз қалған шығар? «Жақ­сы сөз – жарым ырыс» емес пе еді? «Анау олай деді, өзі былай дедіні» қоя тұрып, осын­дағы аузы­на ел қараған ағай­ын енді бір­ге тілеу тіле­ген­нен басқа қай­ран жоқ. Таланған­ды таба­лай бер­мей, аға­мы­зды жігер­лен­дірер, қол­ты­ғы­на демеу болар аға­лық, інілік, бауыр­лық ақ ниет­теріңізді көп­тің алдын­да, осы желі­де біл­дір­сеңіз­дер екен. Желінің де желі кей­де дауыл­дан кем соқ­пай­тын еді ғой. Мүм­кін, Сіз­дер­дің сөз­деріңіз­ден таба­лаған­дар да тәу­ба­сы­на келер…

Менікі өтініш, өздеріңіз білерсіздер!

 

Асқар НАЙМАНТАЕВ


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн