Суббота , 12 июля 2025

Оралда Исатай мен Махамбет ЕСКЕРТКІШІ НЕГЕ ЖОҚ?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №11 (282) от 19 мар­та 2015 г.

 

Әкім­ге сауал

Осы жыл­дың қаңтар айын­да БҚО әкі­мі Нұр­лан Ноға­ев мыр­за­ға «Жай­ы­қтағы Орал­да Иса­тай мен Махам­бет батыр­лар­дың ескерт­кі­ші неге жоқ?» деп, хат жазған едім. Ондағы ойым – биыл ел тарихы­на пәр­мен­ді көңіл бөлініп жатқан жаңа­лы­ққа елтіп, облы­ста өлке тарихы­ның кен­же­леп қалған тұста­ры­на ізденіс баста­ла­ды деген үмітім болған. «Орал­да кім­дер болған?» – деген­де, бүгін­де көрсететі­німіз Сырым батыр­дың ғана ескерт­кі­ші – оған да шүкүр­шілік. Айтай­ын дегенім – Орал­да Иса­тай – Махам­бет ескерт­кішін орна­ту мәсе­лесі созы­лып кет­ті. Тіп­ті оның соңы құр­ды­мға кетіп бара жатқан­дай. Ал қиыр­дағы Нарын­да Жәң­гірханға ақшаңқан кесене ың-шың­сыз («қор» құры­лып, жұрт­тан ақша жина­лын­бай-ақ) бір жаз­да бой көтерді.

Облы­стағы билік­тің жаңа буы­ны соңғы жыл­да­ры қалып­та­сып қалған Иса­тай батыр мен Махам­бет­тің аруа­ғына жаса­лып келе жатқан қиянат­шыл­дыққа тоқтау салып, өлке тарихы­ның осы тұсы­ның ғылы­ми негіз­де­луіне жол ашы­луы­на түрт­кі бола­ды деп сен­ген едім. Расын­да, Иса­тай мен Махам­бет біздің өлке­міздің ғана емес, бүкіл Қазақ халқы­ның айбын­ды сим­во­лы емес пе?! Солай бола тұр­са да, облыс бас­шы­лы­ғы батыр баба­лар рухы­на арнап ескерт­кіш ашу­ды шеге­ру­ден шар­ша­май келеді.

Ол тұр ғой, оның үстіне Иса­тай – Махам­бет тура­лы соңғы 15–20 жыл­да алыс-жақын­дағы кей­бір зия­лы­лар тара­пы­нан бөтен сөз­дер айты­ла баста­ды. Махам­бет атын­дағы уни­вер­си­теті­міз­де Махам­бет­тің біре­гей өлең­дерінің өзіне қырын сөз­дер айты­лып қалып жұр. Осы­ның өзі ескерт­кіш ашуға қарсылас­тар­дың шыға­рып жүр­ген шат­пағы емес пе деген күдік бар. Облыс әкі­мі Ноға­ев мыр­за да пен­де­шілік таны­тып, сол қи­сық сөз­ге қонақ беріп жүр ме? Кеше­гі мен бүгін­гі қазақ тарихы бет­терін­де де, кәзір­гі бел­гілі тарих­шы­лар да (Мәм­бет Қой­гел­ди­ев, Көшім Есмағам­бе­тов, т.б.) Иса­тай – Махам­бет өмірінің тарихи­лы­ғына – елдік, аза­мат­тық құн­ды­лы­ғы­на ешқан­дай күмән кел­тір­мей­ді. Ол мүм­кін де емес. Бүгін­де Махам­бет шығар­машылығына «ұры­нып» жүр­ген­дер­дің мақ­са­ты түсініксіз. Қоғам­дық ой-санаға кереғар надан­ды­ққа сая­ды. Осы уа­қытқа дей­ін Нарын – Жай­ы­қтың ерен ұл­дарына Орал­да ескерт­кіш бой көтер­ме­уі – облыс жұрт­шы­лы­ғы­на да, оның бас­шылығына да сын.

Міне, осын­дай маз­мұн­да жазы­лған хаты­ма облыс әкі­мі тара­пы­нан жау­ап алдым (№ ЖТ Ө‑38 26.02.2015 ж). Оны дай­ын­даған шене­унік­тер: «Иса­тай Тай­ма­нов пен Махам­бет Өте­мі­сов­ке ар­налған ескерт­кі­ш­тер орна­ту жөнін­де­гі ұсы­ны­ста­ры­ңыз алдағы уақыт­та қарас­тырылады» деп, жал­пы­ла­ма жал­тар­ма жау­ап жазыпты.

Ат үстілеу ғана жазы­лған осы жау­ап­тан облыс әкі­мі­нен күт­кен елдік әңгі­менің тұз­ды­ғын көре алмай отыр­мын. Тәу­ел­сіз елдің аза­ма­ты­мын деп, әкім­ге ойым­дағы шағым-зарым­ды ақтар­сам, ол күні кеше­гі совет­тік жыл­на­ма­ны алға тар­та­ды – Чер­но­быль апа­ты мен Ауған со­ғысы құр­бан­да­ры­на ескерт­кіш аш­ылғалы жатқа­нын хабар етіп­ті. Қоға­мға бұл да қажет­сіз бол­мас. Бірақ та ол құр­бан­дар қазақ рухы­ның туын Иса­тай мен Махам­бет­тей аспан­да­та алмай­ды, Қазақ елі тарихын­да азаттық күре­стің шежіресін­дей оқыл­май­ды. Әкім болып тұрға­нын­да Иманға­ли Тасмағам­бе­тов Чер­но­быль мен Ауған соғы­сын көл­де­нең тарт­пай-ақ, Аты­ра­уда Иса­тай мен Ма­хамбеттің зәулім ескерт­кі­шін тұрғы­зды. «Неге өйт­тің?» деп, оған сес көр­сет­кен ешкім бол­ма­ды. Себебі Иса­тай мен Махам­бет – елдің естен кет­пес тарихы.

Ал Ноға­ев мыр­за­ның еңсесін басып, қазақ бол­мысын тіз­гін­деп оты­рған – бүгін­гі Орал­дағы жалаң қылы­шты «ер» Чапай­дың қаһар­лы кес­кіні, Ауыл­ шаруа­шылық уни­вер­си­теті қақ­па­сы­ның алды­на жай­ға­сып алған орыс пат­ша­сы­ның еркесі – гене­рал хан Жәң­гір­дің ескерт­кіштері ме? Зер­де­де­гі таны­мға сал­сақ, ғалым-тарих­шы­лар Н.Савичев, А.Рязанов, В.Шахматов, т.б. Жәң­гір­дің зор­лық­шыл, пат­ша үкі­метінің қол­шоқ­па­ры ғана болға­нын жазды…

Жәң­гір­ді дәріп­те­ушілер­ді тың­да­сақ, «Жәң­гір тең­дес­сіз рефор­ма­тор», «Жәң­гір дана»… «Иса­тай мен Махам­бет На­рындағы елді босқа дүр­лік­тіріп­ті». «Жәң­гір халы­қтың қанын сорып, алым-салық алмап­ты, тіп­ті бір деся­ти­на жері де бол­маған…». «Орын­борға ат шабы­л­тып, әс­кер де шақыр­маған…». «Өз табалды­рығында Махам­бет­тің басын шапқы­лап, Ақбұлақта Иса­тай­ды кес­кілеп өлтіру­ге Жәң­гір мен Бай­мағам­бет­тің ешқан­дай қаты­сы жоқ екен…». «Жет­пей тұрға­ны – Жәң­гір­ге Аста­на­да ескерт­кіш орнату…».

Осын­дай әңгі­ме 15–20 жыл­дан бері айты­лып келе жатыр. Осы жағ­дай­да облы­стың бүгін­гі әкі­мі басқа­ша сөз айтуы – әрине, қиын шаруа. Ресей мен Ор­алдағы оры­стың қаһа­ры­нан қай­мы­ққан облыс бас­шы­лы­ғы білім­паз Халел Дос­мұхамедовті де, кеше­гі ака­де­мик Қа­жым Жұма­ли­ев­ті де көз­ге ілмейді.

Шексіз мадақта­у­шы­ларға қар­сы тарих шын­ды­ғын айтуға кел­ген­де, неге ос­ындай сорақы­лы­ққа барып, бүгежек­тейміз? Бүгін­гі істеп оты­рға­ны­мыз – Иса­тай мен Махам­бет ару­ағы­на жаса­лы­нып оты­рған қып-қызыл қиянат­шыл­дық. Қаза­қтың Иса­тайы мен Махам­бетіне деген құр­мет пен зия­лы­лық жа­сауға облыс бас­шы­лы­ғы дәр­мен­сіз бол­ған соң, «ДАТ» газеті арқы­лы жал­пақ жұр­тқа жүгініп отырғаным.

Ғаділ­ше ӨТЕБӘЛІ,

Батыс Қаза­қстан облысы,

Дари­ян ауылы

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн