Суббота , 19 апреля 2025

«ОРАЛМАН» әлемдік жүлдеге ИЕ БОЛДЫ

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №43 (407) от 23 ноября 2017 г.

 

Ойдан-қырдан

 


Германияда өткен 66-шы Халықаралық Мангейм-Хайдельберг (International Filmfestival Mannheim-Heidelberg) кинофестивалінде «Оралман» фильмі үздік жетістіктері үшін арнайы жүлдемен марапатталды, деп хабарлады ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.

 

«Мәдени және діни өзгешеліктеріне қарамастан, өз еліне қайта оралған отбасының драмалық оқиғасы эмоционалды әсерлі баяндалғаны үшін марапатталады», – делінген таратылған хабарда.Одан бөлек, кинофестивальдің ұйымдастырушылары аталған кинотуындыны Германияда прокатқа шығаруына ұсыныс жасады.

Еске сала кетсек,«Оралман» көркем фильмі осы жылдың басында Иранның астанасы Тегеранда өткен 35-ші Халықаралық «Фаджр» кинофестивалі мен XIII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің бас жүлдесін жеңіп алған болатын. Фильмде басты рөлді сомдаған актер Дулыға Ақмолда қыркүйек айында Татарстанда өткен XIII Халықаралық мұсылмандар киносы фестивалінде «Үздік ер адам рөлі» жүлдесімен марапатталды. Сондай-ақ картина Италияда өткен ХХ Халықаралық «Religion Today» кинофестивалінде «Үздік фильм» номинациясында жеңіске жетіп, тәуелсіз SIGNIS қазылар алқасының арнайы жүлдесін иемденді.

Айсұлу ОСПАН

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн