Орыс тілінен ажыраса, ҚАЗАҚ КЕДЕЙЛЕНЕ МЕ?

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №30 (394) от 24 августа 2017 г.

 

ДАТ-сауалнама

 


 

Жазғы демалыс айында елдің депутаттары мен лауазымды шенеуніктері шипажай жағалап жүргенде, президент Назарбаев Бурабайда гольф алаңын ашып, телеарнаға бұрқыратып сұхбат беріп тастады. Бұл елде президенттен басқа белсенді қызмет атқаратын жан қалмаған-ау, сірә, дескен жұрт көп.

Президенттің «Хабар» арнасына берген сұхбатында Қазақстанның ғылым мен техника тілі болып отырған орыс тілінен ажырауға болмайтынын, орыс тілінен ажырау біздің еліміз, халқымыз үшін тиімсіз екендігін айтты. Өйткені болашақта елімізде латын алфавиті енгізілуін кейбір саясаттанушылардың «бұл орыс тілінен іргемізді ажырату», – деп баға бергені себеп болған екен.

«Латын әрпіне көшкенде, біз орыс тілінен қашып кетейін деп жатқан жоқпыз. Алып-қашпа сөзбен осыны кейбір саясаткерлер айтады. Әсіресе орыс тілінде. Әліпби – қазақтың тіліне байланысты мәселе. Ғылым мен техниканың көзі орыс тіліне көп аударылған. Барлығынан ажырап қалсақ, біз байымаймыз, кедейленеміз», – деді.

Президенттің осы сұхбатын, әсіресе латын әліпбиі мен орыс тіліне қатысты пікірін кім, қалай қабылдады? Латын қарпіне тек қана қазақтар көшеді деген президент қоғамды екіге жарған жоқ па? Осы сұрақтармен біздің тілшіміз сауалнама жүргізіп, саясаткерлер мен қоғам белсенділерінің пікірін тыңдаған еді.

 

 

Жасарал ҚУАНЫШӘЛИН,

қоғам қайраткері:

Назарбаев қазақ тілін

ЖОҚҚА ШЫҒАРДЫ!

 

Нұрсұлтан Назарбаевтың 18 тамыз күні «Хабар» агенттігінің тілшілеріне берген сұхбатында айды аспаннан бір-ақ шығарған «жаңалығы», меніңше, елін, мемлекетін, ұлтын, өзін-өзі сыйлайтын кез келген қазақтың намысына тиіп, тіксінтіп тастады!

Бұл жерде «елбасы» айтып отырған «кейбір саясаткерлер» ресейлік шовинистер екені өзінен-өзі түсінікті, әрине. Ал егер олар әлгіндей әңгімені «алып-қашпа сөзбен», «әсіресе орыс тілінде» қоздырып жатса, дәл сол орыс тілінің отаны – Ресей тәрізді БҰҰ-ның толыққанды мүшесі болып табылатын Қазақстан латын әрпіне көшу ниеті үшін неге Назарбаевтың ауызымен ондайлардың алдында бүгежектеп, есеп беруге тиіс?!

Біріншіден, адамзат тарихында талай халық, соның ішінде ХХ ғасырдың аяғында өзіміздің тілдес, діндес, тағдырлас бауырларымыз – әзірбайжан, өзбек, түркімен де әліпби өзгертті, бірақ олардың қай президенті өйту үшін біздің «елбасы» тәрізді Ресейге алаңдап, бейне бір кінәлі болып қалғандай ақталып еді? О кезде де орыс шовинистері үнсіз қалмаған, бірақ аталмыш елдер басшылары «ит үреді, керуен көшеді» деді де, біздің билік сияқты ұзақ ырғалып-жырғалмай, КСРО ыдыраған бойда әліпбилерін өзгертті де жіберді.

Екіншіден, егер бізге қазір «кейбір саясаткерлерінің» көзімен осқырына қараушы Ресей өз әліпбиіне реформа жасауды ұйғарса, оның толықтай ішкі мәселесі болып табылатын бұл әрекетінде Қазақстанның қандай шаруасы болуы мүмкін? Ал тіпті біз жақтан әлдекімдер Ресейде миллион қазақтың тұратынын алға тартып, «алып-қашпа сөзбен» мәселе көтерер болса, бұған Кремльдің қожайыны Путин алаңдаушылық білдіріп, ақталар ма еді? Жоқ, әрине. Не елең етпес еді, не империялық өктемдікпен доқ көрсетіп, зекіп тастар еді.

Үшіншіден, Қазақстан тәуелсіздігі жарияланғалы ширек ғасырдан астам уақыт өтсе де, «мәңгілік президентіміз» Назарбаевтың орысқұл саясатының кесірінен күні бүгінге дейін жат тіл – бұрынғы империяның тіліне тас кенеше жабысып алып, өз тіліміз – қазақ тілін «қаңтарып» қойған біздің билік соның арқасында қазақ халқын… байытып жіберіпті ме? Егер ұлтымыздың бүгінгі «Шықпа, жаным, шықпа!» жағдайы «байығандықтың» көрінісі болса, «Ондай байлық әдірем қалсын!» дегеннен басқа не айтуға болады…

Төртіншіден, президенттің «біз байымаймыз, кедейленеміз» дегеніндегі «БІЗ» сөзі әдеттегідей халыққа емес, диктаторлық режимнің өзіне бағыштап айтылған сөзі ме екен? Сірә, солай болар. Өйткені сонау 90-жылдардың басында Компартияның бірінші хатшысы шапанын «президент» шапанына ауыстырып киген болашақ «елбасының»: «Егемендік өзімізге тиді, БІЗ кувейттіктерден де бай тұратын боламыз. Араб Әмірлігінің дүниеге келген әрбір нәрестесінің есепшотына 20 мың доллар салса, БІЗ олардан 20 есе көп саламыз, өйткені олардың мұнайы ғана бар, БІЗДЕ Менделеевтің 92 элементінің бәрі бар!» – деген уәдесін тіпті асыра орындап, содан бері өткен уақыт ішінде Қазақстанның бүкіл қазына-байлықтарын түгел жекешелендіріп алу, халқымызды жаппай қанап-тонап, қайыршыландыру арқылы «Форбс»-тың миллиардерлер тізіміне ашық-жасырын кіріп алған жебір Назарбаевтың өзінің, отбасы мүшелерінің, ұры-қары айналасының, жергілікті және шетелдік сыбайластарының, балалары мен немерелерінің сасық байлықтары араб шейхтерінің байлықтарын жолда қалдырғанына қазір бүкіл әлем куә.

Яғни, Нұрсұлтанның «барлығынан ажырап қалсақ, БІЗ байымаймыз, кедейленеміз» деген сөзі, шынтуайтында: «Елімізге кірме орыс тілін ығыстырып, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін өзінің табиғи заңды орнына көтерер болсақ, Қазақстан билігі Ресейдің наразылығына ұшырап, бар байлығынан айырылып қалады», – деген сөз, меніңше.

Әйтпесе, бесіншіден, мұны Назарбаев білмесе де, қазір тек басқа халықтардың ғана емес, орыс халқының өзінің алдыңғы қатарлы өкілдерінің көзі жетіп, мойындаған бір ақиқат бар. Ол – КСРО құлағалы бері орыс тілінің бұрынғы «одақтас республикалар» – қазіргі тәуелсіз мемлекеттерде, басқа шетелдерде, тіпті Ресейдің өзінде байырғы империялық үстемдігінен айырылып, жыл өткен сайын қолданыс аясының тарылып келе жатқандығы. Осыған орай Ресейдің ақпарат көздерінде жарияланған материалдардың атауларына назар аударыңыз: «Использование русского языка сужается – это объективный процесс», «Русский мир Средней Азии сжимается. За четверть века численность славян в регионе сократилась вдвое», «Русский язык «уходит» из Центральной Азии» және т.б.

Аталмыш процестің айқын дәлелдері ретінде, мәселен, Demoscope.ru сайтында (№571-572, 14-31.10.2013) жарияланған және «СЖИМАЮЩЕЕСЯ РУССКОЯЗЫЧИЕ» тақырыбының өзі айқайлап тұрған А.Арефьевтің мақаласындағы кейбір нақты статистикалық деректерді келтіруге болады (түпнұсқа тілінде).

  • Таблица 1. Изменение доли владеющих русским языком в общей численности населения Земли в 19002050 годах (оценка и прогноз)

Годы

Общемировая численность населения, млн человек

Численность населения Российской империи, СССР, РФ, млн чел.

Доля в общемировой численности населения, %

Число владевших русским языком, млн чел.

Доля в общемировой численности населения, %

1990

5263

286,0

5,4

312

5,9

2004

6400

146,0

2,3

278

4,3

2010

6820

142,7

2,1

260

3,8

2015

7200

139,0

1,9

243

3,4

2025

7800

129,0

1,7

215

2,8

2050

9350

110,0

1,2

130

1,4

 

  • Таблица 3. Владеющие русским языком на постсоветском пространстве в 1990–2015 годах, миллионов человек (оценка и прогноз)

Страны / регионы мира

1990 год

2004 год

2010 год

2015 год

Россия

145,0

140,0

137,5

135,0

Другие бывшие республики СССР

119,5

102,9

93,7

84,5

Итого:

264,5

242,9

231,2

219,5

 

  • Таблица 6. Русскоязычное школьное образование в бывших республиках СССР за пределами России в 1990/1991 и 2010/2011 учебных годах

  

1990/1991 учебный год

2010/2011 учебный год

Изменения за 1990/1991- 2010/2011 годы

Число обучавшихся на русском языке, тысяч человек

9186,4

3034,0

-6152,4

Количество русскоязычных начальных и средних школ, гимназий, лицеев

13132

5015

-8117

Количество билингвальных начальных и средних школ, гимназий, лицеев (с классами/параллелями на русском языке)

5378

3849

-1529

 

  • Таблица 8. Число школьников, обучавшихся на русском языке, в бывших республиках СССР в 1990/1991, 2000/2001 и 2010/2011 учебных годах, тыс.человек

  

1990/1991

2000/2001

2010/2011

2010/2011 -1990/1991

Белоруссия

1204,3

1068,0

758,2

-446,1

Украина

3518,0

1197,2

685,9

-2832,1

Молдавия

239,1

133,6

81,4

-157,7

Казахстан

2224,0

1441,7

834,4

-1389,6

Киргизия

248,9

253,3

283,5

+34,6

Узбекистан

636,0

321,0

221,0

-415,0

Таджикистан

120,0

18,0

47,0

-73,0

Туркмения

127,1

42,3

6,5

-120,6

Азербайджан

250,0

107,5

94,7

-155,3

Армения

92,0

9,2

1,5

-90,5

Грузия

207,0

38,1

8,5

-198,5

Латвия

168,1

115,3

56,6

-111,5

Литва

76,2

41,2

15,9

-60,3

Эстония

75,9

54,0

26,6

-49,3

Всего

9186,4

5561,1

3121,7

-6064,7

 

Мақала соңында автор мынадай қорытынды жасайды: «Русский является единственным из 10-12 ведущих мировых языков, который на протяжении последних 20 лет неуклонно утрачивал свои позиции во всех основных регионах мира, в том числе в странах дальнего зарубежья, и в ближайшие годы эта негативная тенденция сохранится».

Алтыншыдан, бүгінгі таңда Ресейдің өзі заманауи ғылым мен техника жаңалықтарына негізінен ағылшын тілі арқылы сусындайды. Ендеше қазақ халқына не тиімді – сол құндылықтарды бұрынғысынша орыс тіліндегі аудармалар арқылы алған ба, әлде бұрынғы «одақтас республикалар» халықтарының көпшілігі тәрізді тікелей ағылшын тілінен игерген бе? Меніңше, жауап айқын.

Жетіншіден, «Назарбаевтың осыншама қарапайым ақиқатты түсінуіне не кедергі?» деген заңды сұрақ туады. Оның білімінің ПТУ, ВПШ тәрізді «оқу орындарымен» шектелуі ме? «Ғылым докторы» дәрежесінің, түрлі академиялардың «академигі», университеттердің «профессоры» атақтарының оған тек «президент» лауазымына тіркеме ретінде ғана берілгендігі ме? Кремль оны Қазақстан басшысы етіп тағайындаған кезден санасына әбден сіңіп қалған патологиялық орысқұлдығы ма? Әлде осының барлығы ма?

Сегізіншіден, Нұрсұлтан Назарбаев 2006 жылы өзінің ұлылық дертінен (мания величия) туындаған «Қазақта шекара да, мемлекет те, астана да ешқашан болған жоқ» деген, яғни қарапайым логикаға сәйкес, «Мұның бәрін оған мен бердім» дегенге пара-пар сандырағымен қазақтың бүкіл тарихын бел ортасынан бір-ақ сызған болатын! Енді, міне, бұл аз болғандай, ол «Орыс тілінен ажырасақ, байымаймыз, кедейленеміз» деген «кемеңгерлігімен» әлемдегі ең бай тілдердің бірі – ҚАЗАҚ ТІЛІН халқымызды байытуға жарамайтын шалажансар тіл орнына қою арқылы, бір жағынан, ұлтымыздың №1-ші рухани қазынасын, екінші жағынан, еліміздің мемлекеттік тілін ашықтан-ашық қорлап, жоққа шығарып отыр!

 

Әбдірашит БӘКІРҰЛЫ,

публицист-философ:

Біз оза шаппасақ,

КІМ ШАБАДЫ?

 

Сұхбат туралы анонс шыға салысымен, мәселе қызу талқылана бастады. Ұлтшылдар ә дегеннен-ақ «Бұл − қазақ тілділерді оқшаулау, қазақ тілін құрту амалы» деп, өз наразылықтарын жариялады. Негізі, олардың бұл «ашуына» елбасының өзі ықпал еткен десе болады. Себебі биылғы көктемде Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «рухани тамыр», «ұлттық код» туралы айта келе, ұлттық дамуды осы тамырлармен, кодпен байланыстыра қарау керектігі туралы айтып өткен болатын. Сол мақаладан кейін біршама «қанаттанған» ұлтшылдардың бойларына қан жүгіріп, үмітке үміт жалғанғандай болып еді. Дайындығы жүріп жатқан «латынға ену» шарасын да олар осы призма тұрғысынан бағалап, көпшілігі оған қолдау білдіріп жатты. Яғни, олар елбасы мақаласынан кейін:

− 25 жылдан бері жыр болып келе жатқан қазақ тілі мәселесі ретке келе бастайтын болады, қазақ тілі өзіне лайықты конституциялық статусына қол жеткізіп, шынайы мемлекеттік тілге айналады;

− Тіл ұлт болмысын қалыптастыратын басты құрал болғандықтан, оның өрісі кеңеюімен қарқынды жүріп жатқан жаһандану әсерінен шайылып бара жатқан ұлттық құндылықтар қайтадан қалыбына келе бастайды деп үміттенгендері жасырын емес еді.

Бірақ елбасының жоғарыдағы сұхбатынан кейін ол үмітке селеуке түскендей болды да, ұлтшылдар бірден атойлап, қайта бас көтерді… Мұның себебі неде? Себебі елбасы өзінің әртүрлі мәселені қамтыған жедел сұқбатында (уақыт тығыздығы? – Ә.Б.) ана тілдің көп қырлы астарын терең қамтымай өткенінде сияқты. Иә, орыс тілі кезінде КСРО-ға енген халықтардың шығармашылық потенциалын мейлінше қолдана отырып, ғылыми-мәдени тұрғыда қатты дамыды. Соның арқасында ол әлі күнге дейін Қазақстанда «ресми тіл» ретінде басымдық танытуда. Ал тәуелсіз мемлекеттің мемлекеттік тілі оның көлеңкесінде қалып келеді. Міне, бүгінде ұлттық намысты «түрткілеп» отырған осы мәселе болса керек…

Енді мәселеге басқа қырынан қаралық: ұзақ жылдар бойы Қазақстанда «қазақ тілін үйрену» деген бағдарлама жүруде. Кезінде оған 5 млрд теңге ақша бөлініп, оның қомақты бөлігін өзге емес − өз қазағым «үптеп» кетіп, айдай әлемге масқара болмап па едік? (Баспасөзде ол туралы жазылды да!). Соған қарамастан, «тіл сындыру» курстары әлі күнге дейін жалғасуда, қаражат та бөлінуде. Бірақ нәтиже аз. Ең қызығы − тілге келгенде қазақтілділер үлкен толеранттық танытып, ешбір қаражатсыз-ақ орыс және ағылшын тілдерін тез үйреніп алады екен. Ендеше жазуымыз латынға өтуіне қарамастан, осындай дарынды балаларымыз тұрғанда − «орыс тілін жоғалтып алармыз» деп қауіптенуге еш негіз жоқ деп ойлаймыз. Ал, керісінше, орыстілділер мемлекет қанша ақша шығарса да – қазақ тілін үйренуге еш құлықсыз болып отырғаны! Мысалы, жаңадан сайланған министрлерді алайық: олар жыл сайын мінберден «бір жылда үйренемін» деп аямай уәдесін береді де, келесі жылы тағы да сол сөзін қайталап тұрады! Ақыры соңында сол – тіл үйренбеген қалпы − басқа жұмысқа ауысып құтылады… Сонда олар үшін қазақ тілі алынбас қамал болғаны ма? Өзге тұрмақ, өз қазақ министріне «алдырмайтын» бұл неткен «асау» тіл еді соншалық?!.

Әрине, ауызды құрғақ шөппен сүрте бермейік − биылғы оқуға түсуге тест тапсырғандардың 70% жуығы қазақтілділер болды. Бұл − елімізде қазақ тілінің біртіндеп күш алып келе жатқанын білдіреді. Олай болса, ғылым-білімді дамыту бағыты да мемлекеттік тілге қарай бет бұруы тиіс қой? Елбасының өзі де өткендегі мақаласында «Әлемдегі үздік ғылыми еңбектерді, оқулықтарды қазақ тіліне сапалы аудару қажет» деп талап қойғанын қалай ұмытамыз?

Осы тұрғыда тағы бір ой айта кетуге тура келіп тұр: «Латынға көшу» қызу талқыланып жатыр. Ондағы «иә» мен «жоқ» деген пікірталастың дені (пікір қайшылығы) түпкілікті мағынасында бір мәселеге келіп тірелетін сияқты, ол − ұлттық тұтастық! Енді мәселеге осы тұрғыдан қарасақ − стратегиялық мақсат үшін латынға көшкен дұрыс. Бірақ бұл жағдайда бірлік пен тұтастық үшін не маңызды екенін дәл анықтап алғанымыз жөн.

Біздің қоғамда биліктің кез келген реформасына сенімсіздікпен қарау бар, ол − оның «өз қызметінің» жемісі! Бірақ қоғамда неге әрекет-жігер жоқ, «өз күнін өзі көріп жатқан» халық әйтеуір…

Меніңше, ұлтты біріктіретін латын емес, басқа емес − кәсіпкерлік болатын сыңайлы. Кәсіпкерлік – білімді, ғылымды қажет ететін, бос сөзді доғарып, нақты іске жұмылдыратын, халықтың еңсесін көтеріп, өзіне «мен кіммін?» деген сұрақты қойғызатын, сөйтіп діни радикализмге («дін тоқтықта» деген қазақ сөзін еске алайық), басқа да жаман қылықтарға (мысалы, жағымпаздық, өтірік және т.с.с.) тосқауыл қоятын, билік шенеуніктерін заң аясында қызмет етуге мәжбүрлейтін бірден-бір жол, бағыт болайын деп тұр. Себебі кәсіпкерлік халықты туыстық-рулық, қауымдастық-елдік-халықтық-мемлекеттік тұрғыда ұйыстыра отырып, Тәуелсіздіктің бірден-бір кепіліне айналатын ішкі қуатқа ие!

Міне, осындай азаматтарды тәрбиелеу − қазіргі ұлтшылдардың, зиялылардың басты міндеті деп білемін! Ал мыңдаған адамдар үшін, халық үшін латын алфавиті де, кириллица да − осы мақсатқа жету жолында еш тосқауыл бола алмайды!

Оның бәрі біздің халықтың басынан өткерген жағдайлар − құқай емес!

Сондықтан «қазақтар ғана латынға көшеді екен, қалғандары өз білгендерімен жүре береді екен» деген пікірмен келісуге болмайды. Біз бүгін 70% болсақ, ертең 90% боламыз. Оның үстіне латынды да, кириллицаны да игерген, үш, төрт, бес тілді меңгерген біз − қазақтілділер оза шаппағанда – кім шабады! Өтпелі дүние деген осы!

 

 

Айболат БӨКЕНОВ,

блогер:

Екі әліпбиге

ҚАРЫҚ БОЛАМЫЗ

 

Латынға көшу бір жағынан дұрыс. Туелсіздік алдық деген 26 жылда халықты латынға көшуге дайындау керек еді. Яғни, халқымыздың жартысынан көпшілігін қазақыландыру керек еді ғой. Қазір атасы қазақ, анасы қазақ, қазақтың кейбір қара домалақ баласы ана тілін білмейді. Оған кім кінлі?

Ал орыс тілін білмесек, кедей болып қаламыз деген не сөз? Туелсіздік алғанымызға 26- жылға аяқ бастық деп, бөркімізді аспанға атамыз. Сөйткен күннің өзінде сол елге лі туелді секілденіп жүрміз. Күні кешегі «Эйр Астанада» туындаған дау – соның бір себебі. Қазақ елінде қазақ тілін талап еткендерге айыппұл салды. Бүгін ріп, ертең тіл, арғы күні қазақ керек болмай қалмасын. «Өзге тілдің брін біл, өз тіліңді құрметте» демекші, өзіміздің ана тілімізді құрметтемейінше, ұшпаққа ұшпаймыз деп білем.

Президенттің сөзінен ұққанымыз – Қазақстанда екі әліпби болады екен. Орыс тіліне жабысып алған менеджмент кирилицаны латын әліпбиімен қатар алып жүруге ықылас танытуы екіталай. Қазақстанда үш миллионға жуық орыс диаспорасы тұратынын ескерсек, кирилицадан ауысқысы келмейтіндерді қайтеміз? Орыс тілі байытса, ең алдымен қазақ бай болар еді.

Сауалнаманы дайындаған –

Бақытгүл МӘКІМБАЙ,

«D»

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн