Суббота , 12 июля 2025

Орыстың шовинизмі ШЕГІНЕ ЖЕТКЕНДЕ, садизмге айналады…

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №12 (283) от 26 мар­та 2015 г.

 

 Қаз-қал­пын­да

 

Соңғы кез­дері Қаза­қстан­ды Ресей­дің отар­ла­у­ын «жұм­сақ бол­ды», неме­се «гума­нист бол­ды» деген пікір­лер жиі айты­лып, жазы­лып жүр. Негізін­де, Ресей­дің отар­ла­уы дүние жүзін­де­гі бар­лық отар­ла­удың әдістері мен тәсіл­дерінің жиын­ты­ғы болған орыс импе­ри­я­сы­ның аса зұлым­ды­ғы­мен жүзе­ге асырылды.

Оған бір ғана мысал,      К.Маркс пен Ф.Энгельстің бүкіл еңбек­тері орыс тіліне ауда­ры­лып, 55 том болып шықты. Оны біз сту­дент­тік кез­ден біле­міз. Соның ішін­де бір ауда­рыл­маға­ны – Марк­стың «Тай­ная дипло­ма­тия» деген еңбе­гі. Ол К. Маркс пен Ф.Энгельстің Бер­лин­де шыққан толық шығар­ма­лар жинағы­ның он бесін­ші томын­да бар. Сон­да бүкіл орыс импе­ри­а­лиз­міне, орыс сая­са­ты­на, керек десеңіз, орыс халқы­на мінез­де­ме береді. Орта­лық Ази­я­ны, оның ішін­де Қаза­қстан­ды қалай жау­лап алға­ны айты­ла­ды. Қан­дай қулық-сұм­ды­қ­пен, қан­дай алдап-арба­у­мен жасалға­нын айта оты­рып: «Оры­стың шови­низ­мі шегіне жет­кен­де, ол садизм­ге айна­ла­ды», – дейді.

Біз осын­дай отар­ла­уды айтып келе­міз де, орыс отар­ла­у­ын «гума­ни­стік» деп, қаза­ққа білім-ғылым алып кел­ді, мек­теп сал­ды, темір­жол сал­ды деп айта­мыз. Осын­дай сөз­дер­ге әуеспіз.

Осы шешен соғы­сы қай­дан пай­да бол­ды? Неге кере­мет­тей рух­ты халық соғы­сқа душар бол­ды. Шешен­нің Автор­ха­нов деген тарих­шы­сы мына­дай тер­мин кір­гізді. «Орта Азия – екі рет жау­лап алы­нған Кав­каз», – деп жаза­ды ол. Бірін­шісі – оры­стың жау­лап алуы, екін­шісі – қызыл ком­му­ни­стер­дің жау­лап алуы. Ком­му­ни­стер­дің жау­лап алуы – оры­стың жау­лап алуы­нан бір­не­ше есе қырғын алып кел­ді. Сон­ды­қтан да біз осы жағы­на көңіл ауда­руы­мыз керек. Осы Автор­ха­но­втың кіта­бын қазақ тіліне ауда­руы­мыз қажет.

Соңғы кез­дері біз­дер, этно­граф­тар, Қаза­қстан тәу­ел­сіздік алған­нан кей­ін шетел­де­гі қаза­қтар­ды зерт­тей баста­дық. Сон­да көз жет­кіз­ген бір мәсе­ле – қаза­қтар қан­ша­ма дүни­есі­нен айры­лған: жұр­дай болған екен­біз. Көр­ші Моңғо­ли­ядағы қаза­қтар­дың тұр­мысы, әдет-ғұр­пы, сал­ты, бүкіл қаза­қтың қай­мағы бұзыл­маған дәстүрі бар. Моңғо­ли­я­ны зерт­теп кел­ген­де, қазақ тарихын­дағы ең қан­ды қасірет – «Ақта­бан шұбы­рын­ды, алқа­көл сұла­ма­дан» кей­ін­гісі – 1929–31 жылғы аштық. Әдейі қол­дан ұйым­да­сты­ры­лған аштық. Боль­ше­вик­тер­ге қазақ халқы керек болған жоқ. Оларға жер қажет бол­ды. Бос Қаза­қстан, бос жатқан Сары­арқа керек болды.

Содан кей­ін 1956 жылы тың иге­руді желеу етіп, екі мил­ли­он қазақ қыры­лған жер­ге екі мил­ли­он кір­мені орна­ла­стыр­ды. Қытай­дағы қаза­қтар талай жағ­дай­лар­ды бастан кешті. Бірақ соған қара­ма­стан, олар тап біз­де­гі­дей емес екен. Біз­де­гі­дей этно­мә­де­ни­еті­нен, тарихы­нан, ұлт­тық құн­ды­лы­ғы­нан айрыл­маған екен. Мен соған таң қалдым.

Ахмет ТОҚТАБАЙ,

тарих ғылы­мы­ның докторы

 

 

 

Мәм­бет ҚОЙГЕЛДИЕВ, профессор:

Біздің тарихы­мыз –

«ЖЕҢІЛГЕН ТАРИХ»

 

МАМБЕТ КОЙГЕЛДИЕВ БИЗДИН ТАРИХ ЖЕНИЛГЕН ТАРИХБіз, жал­пы, соңғы екі-үш ғасыр­да бір емес, әлде­не­ше рет жеңіл­ген ұлт­пыз. Өкініш­ке қарай – солай. Ары­ға бар­май, бер­гі ХІХ ғасы­рға келер бол­сақ, Кене­са­ры бастаған қозға­лыс. Оның фина­лы өте тра­ге­ди­я­лы, үлкен жеңіліс бол­ды. Үш жүздің басын қосып, жер­дің тұта­сты­ғын сақтай­мын, бар­лы­ғын қал­пы­на кел­тіре­мін деген қозға­лыс еді бұл. Кене­са­ры хан­ның көтерілісіне «ұлт­тық көтеріліс» деп баға беру­ге қар­сы топ­тар әлі бар.

Кене­са­ры өзінің Ресей пат­ша­сы­на жазған хаты­ның бірін­де: «Менің атам хан Абы­лай тұсын­да сіз­дер Ерті­стен бері енбе­ген­сіз­дер. Шека­ра сол жер­мен шек­тел­ген. Қазір қаза­қтың жерін басып алды­ңы­здар. Соны қаза­ққа қай­та­ры­ңы­здар», – деген сыңай­дағы пікірін ашық мәлімдеген.

Енде­ше ол неге ұлт­тық көтеріліс емес? Біз осын­дай дүм­білез тұжы­рым­дар мен ойлар­дан ары­луға әре­кет жаса­уға тиіспіз.

Одан кей­ін­гі 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс: ол да жеңіліс. Алаш қозға­лы­сы – бұл да жеңіліс. Ұлт­тық қозға­лы­стың бәрі – жеңіліс. 1931–32 жылғы көтерілістер – бұлар да жеңілістер.

Сон­ды­қтан біз қазір қан­дай терең құз­дан шығып келе жатқа­ны­мы­зды түсіне баста­дық. Ұлт азатты­ғы үшін күре­сте тек қана халық жеңіл­ген жоқ, оның тарихы да жеңіл­ді. Бағ­зы заман­дар­дағы бір даны­шпан­ның айтқан сөзі бар екен: «Тарих­ты жазуға тап­сы­ры­сты жең­ген адам береді», – деп. Расын­да да, тарих­ты жазуға тап­сы­ры­сты жеңіл­ген адам бер­мей­ді. Кеңе­стік дәуір­де біздің тарихы­мыз осы ұста­ным тұрғы­сы­нан жазыл­ды деп ойлаймын.

Енді тап­сы­рыс қай­та­дан баян­да­луы керек. Тарих деген ғылым біз­ге ХХ ғасыр­да дүни­е­ге кел­ді. Тарих­шы­лар­дың ең алға­шқы буы­ны – ол Бек Сүлей­ме­нов пен Ермұ­хан Бек­ма­ха­нов. Әрине, бұдан да бұрын тарих­шы­ла­ры­мыз болған. Олар: Сан­жар Асфанди­я­ров, Тұрар Рысқұ­лов, Мұха­меджан Тыны­шпа­ев сияқты буын бар. Халел Досмұ­ха­ме­дов та бар бұл қатар­да. Олар тарих­ты қоры­туға әре­кет жаса­ды. Олар тарих­ты сол кез­де­гі халық өмірін­де­гі қозға­лы­старға, өзгерістер­ге бай­ла­ны­сты қоры­туға тыры­сты. Олар­дың арнайы тари­хи білі­мі бол­ма­са да, барын­ша күш сал­ды. Себебі азаттық қозға­лы­ста ұлт­тық интел­ли­ген­ци­я­ның функ­ци­я­сы сол – тарих­ты қоры­ту бола­тын. Олар осы функ­ци­я­ны атқарды.

Ал кәсі­би тарих­шы­ла­ры­мыз Ермұ­хан Бек­ма­ха­нов пен Бек Сүлей­ме­нов 25 жылға сот­тал­ды. Ол не деген сөз? Олар тарих­ты дер­бес, тәу­ел­сіз деп айта алған жоқ, бірақ өзінің табиғи арна­сын­да қоры­туға тыры­сты, әре­кет жаса­ды. Сол әре­кет­тің өзі сол кез­де­гі билік­ке ұнаған жоқ. Сол себеп­ті олар­ды сот­тап жіберді.

Кеңе­стік дәуір­ге қара­сақ, мына­дай қызық ситу­а­ция бар. Қаза­қстан тарихы Москва­да төрт рет талқы­ға түсіп­ті. Бір­де-бір рес­пуб­ли­ка­ның тарихы мұн­дай талқы­ға түс­кен емес. Ең алғаш рет осы Алма­ты­да Голо­ще­кин­нің тап­сы­ры­сы бой­ын­ша дай­ын­далған бір кітап болған. Ол Брай­нин мен Шапи­ро­ның Алаш тарихы­на қаты­сты жазған кіта­бы. Сол кітап үлкен талқы­ға түсті. Кей­інірек, 1944 жылы «Исто­рия Казах­ской ССР» атты жинақ талқы­ға түсті. Бұл жинақ – Ресей автор­ла­ры мен қазақ ғалым­да­ры­ның бірі­гіп жазған алға­шқы жинағы. Бұл кітап­ты талқы­ла­у­ға бас­шы­лық жасаған сол кез­де­гі Орта­лық коми­тет­тің хат­шы­ла­ры Щер­ба­ков пен Моло­тов бола­тын. Әрине, оның арғы жағын­да Ста­лин отырды.

Сол талқы­лау бары­сын­да: «Сон­ша­лы­қты талқы­ға сала­тын­дай бұл қан­дай таң­да­у­лы халық?» – деген сөз айтыл­ды. «Избран­ный народ» – әлем тарихын­да біреу.

Бұдан кей­ін Бек­ма­ха­но­втың моно­гра­фи­я­сы талқы­ға түсті. Оны Ғылым ака­де­ми­я­сы­ның тарих инсти­ту­ты талқы­ла­ды. Одан кей­ін Олжас Сүлей­ме­но­втің «АЗиЯ»-сы 1976 жылы талқы­ға түсті. Мұны тарих бөлі­мі мен фило­ло­гия бөлі­мі бірі­гіп талқы­ла­ды. Осы­лай­ша, қазақ тарихы төрт рет талқы­ға түсті.

Бұл жай талқы емес. Бұл дегені­міз – ұлт тарихы­на жасалған шабуыл. Ұлт тарихы­на бағыт-бағ­дар беру, соған мәж­бүр­леу деген сөз. Біздің тарихы­мыз жеңіл­ген тарих. Мұны мой­ын­да­уға тиіс­піз. Кезін­де осын­дай хал­де, осын­дай жағ­дай­да жазы­лған тарих­ты қай­та қарау, қай­та қоры­ту қажет.

 

(Жари­я­ланған пікір­лер Jolimbet Makishev-тің 

«Фейс­бук­тағы» «Қаза­қтың ТЫҢ тарихы» тобы­нан алынды)

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн