Суббота , 5 июля 2025

ҚОС БАТЫР

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №15 (379) от 20 апре­ля 2017 г.

 

Даб­ыл­ды дата

 

Алдас­пан

 


Жері­міз үшін шырыл­даған Макс пен Талғатқа арналады

 

Қара­лы күн… Қос құлы­ның сотталды,

Көзі­міз­ден жас түгілі – от тамды.

Керісін­ше темір торға тық­пай ма,

Бой­ла­рын­да ар-намысы жоқтарды!

 

Көз­бен көр­дік жер­ге талас – көкпарды,

Ерлер басын көтер­ген соң тоқталды.

Талғат, Макс атан­са да қылмыскер –

Алаш үшін нағыз батыр боп қалды.

 

Артық емес ақыр заман десем бұл,

Жалған жала қазақ үшін кесел құр.

Бұл жерім­ді қорғаған­дар қор болып,

«Бір жер­лерін» қорғаған­дар есен жүр.

 

Біздің билік кешіретін тегінде,

Кешір­меді… тықты келіп темірге.

«Жерім» деген ерлеріңді соттаса,

«Елім» дей­тін ерлер қал­мас елімде.

 

Тақ басын­да ойлай­тын­дар өз басын –

Қаның қай­нап қай­тіп арқаң қозбасын?!

Қар­нын сипап оты­рған­дар – Талғаттың,

Ана­сы­ның көр­ме­ген бе көз жасын?!

 

Түк өзгер­мес – айта-айта жақ талар,

Күн жет­кен­де қос баты­рың ақталар.

Сон­да билік төмен қарап қалғанда,

Сон­да халық қос батыр­мен мақтанар!

Торғай­лық ақын –

Саят ӘБЕНОВ

 


 

Аты­рау митин­гісіне – БІР ЖЫЛ БОЛДЫ

 

Алды­мы­здағы 24 сәуір­де Аты­ра­удағы Махам­бет пен Иса­тай алаңын­да жер­ді сатуға қар­сы­лық митин­гісінің өткеніне бір жыл тола­ды. Бүкіл Қаза­қстан­дағы нара­зы­лық акци­я­ла­ры­на түрт­кі болған осы Аты­рау митин­гісі – жаңа тарих­тың жарқын бет­терінің бірі бол­са керек. Төмен­де біз осы датаға бай­ла­ны­сты редак­ци­яға келіп түс­кен хат­тар­дың бір порас­ын жари­я­лап отырмыз.

 

 

Иә, ел халқы­ның ерік-жігерін оятқан осы митин­гілер­ден қалған көңіл­сіз естелік – Макс Боқа­ев пен Талғат Аян­ның жазы­қ­сыз сот­та­луы бол­ды. Біздің бүгін­гі батыр­ла­ры­мыз «аук­ци­он арқы­лы саты­ла­тын бол­са, шетел­дік­тер сатып алып, жер­сіз қала­мыз» деген түсінік­ті ту етті. Ақы­ры, бірін­ші болып атой­лап шыққан­да­ры үшін жазы­қты болды. 

Бірақ қос баты­ры­мы­здың баста­ма­сын қол­даған қалың халы­қтың қаһа­ры­нан қай­мы­ққан билік Жер кодексінің дау-дамай туды­рған бап­та­ры­на мора­то­рий жари­я­ла­у­ға мәж­бүр бол­ды. Қазақ халқы үшін жер деген ұғым киелі екені Ақор­да­ның сана­сы­на осы­лай­ша жет­кен еді. Енде­ше қаза­қстан­дық билік өз жер­лерін қорғап қалған қос қыран­да­ры­мы­зды боса­туы керек! Макс пен Талғат­тың тағ­ды­ры – бұл қазақ халқы­ның тағ­ды­ры. Қос баты­ры­мыз бол­маған­да, жері­міз саты­лып кетер ме еді?

Олар қоғам алдын­да жазы­ғы бар қыл­мыс­кер­лер емес! Ал Макс пен Талғат­ты нақақ сот­таған судья­ларға – Сан­дуғаш Сүлей­ме­но­ваға, Тәт­ті Уали­е­ваға және Жұл­дыз Мадь­я­ро­ваға тарих өзінің қара таң­ба­сын сала­ры хақ.

Гүл­нәр БЕСҚЫЗЫ,

Аты­рау облысы


Осы­дан бір жыл бұрын Аты­ра­уда өткен митинг­те халық өз дау­сын билік­ке бей­біт және мәде­ни­ет­ті түр­де жет­кізді, ешқан­дай бұза­қы­лық жасал­ма­ды, еш нәр­се сынып, бүлін­бес­тен өткені өз алды­на, «елім, жерім» деп елжіре­ген аты­ра­улы­қтар Қаза­қстан­ның әнұра­нын қай­та-қай­та шырқап, мил­ли­он­даған жүрек­тер­ді сүй­сінт­ті, жер-жаһанға демо­кра­ти­я­лық үрдістің үлгісін көр­сет­ті десем артық емес.

Бірақ қын­жы­л­та­ты­ны, зығыр­дан­ды қай­на­та­ты­ны – халық бұл қой­ы­лым­ды көріп, түсініп, біліп тұрып, көбінің әділін айта алмаған­да­ры… Жазы­қ­сыз сот­талған Макс пен Талғатқа бір ауыз қол­дау лебізін біл­діру­ге жара­май, талай­лар теріс айнал­ды… Қол­дай­тын­да­рын сырт­тай айтқан­да­ры­мен, талай соқтал­дай жігіт­тер бір­де-бір сот оты­ры­ста­рын­да төбесін көр­сет­пе­ді. Таны­ста­рым мен жақын деген адам­да­рым­ның өзі мің­гір­леп, тіп­ті сыбыр­лап қал­ды, «құдай­шы­лы­ғын», әділ­ді­гін, дұры­сты­ғын, тура­сын айта алма­ды… Әркім өз қара басы­ның, одан қал­ды бала-шаға­сы мен туған-туы­ста­ры­ның қамы үшін «үнсіз» қалды.

Ақы­ры «істі қай­та қара­уға негіз жоқ» деп, ҚР Жоғарғы соты Макс Бока­ев пен Талғат Аяно­втың ісі бой­ын­ша кас­са­ци­я­лық шағым­ды қай­та қара­удан бас тарт­ты. Сот про­цесі басталған кез­ден бастап, судья Г.Даулешова өз қауіп­сізді­гін заң­мен қам­та­ма­сыз етіп алды. Оған не себеп бол­ды деген еріксіз ой келеді. Мой­нын­да бір­не­ше адам­ның қаны жүк­тел­ген қані­шер­ді неме­се тер­рор­шы­лар­ды сот­тап оты­рған жоқ, бар айып­та­ры – қаза­қтың жерін қорға­уға бас боп шыққан жазы­қ­сыз жігіт­терін жазы­қ­сыз жала­лы етті.

Тер­ге­уде том-том мате­ри­ал жазы­лып, ондағы айып­тау куә­гер­лері болып сана­ла­тын 247 адам­ның төрт­тен бірі сот бары­сын­да куә­гер­лер ретін­де шақы­ры­лған жоқ. Неге? Әлде судья «олар­ды шақыр­сақ, екі аза­мат­тың жазы­қ­сыз сот­та­лып жатқан­да­ры тура­лы айта­ды» деп қоры­қты ма?

2016 жылғы 21 қазан­дағы сот­та про­ку­рор­лар К.Сыдықов пен М.Хабибуллин «Сот­та­лушы­лар­дың кінәсі толы­ғы­мен дәлел­ден­ді, себебі 24 сәуір­де­гі митин­гі бей­біт өтпе­ген­де, алаң­да кетіп бара жатқан­дар мен дема­лып жүр­ген­дер, сон­дай-ақ кіші биз­нес нысан­да­ры зардап шегуі мүм­кін, Бока­ев пен Аяно­втың келісіп іс-әре­кет жасаған­да­ры дәлел­ден­ді» деді. Бұл барып тұрған нақақ жала еді.

Сот­та қаралған 59 бей­не­ро­лик­тер­дің ешбірін­де ҚР ҚК 400-бабы­на жата­тын, қыл­мыстық жау­ап­кер­шілік­ке тар­ты­ла­тын­дай әре­кет көрін­беді. ҚР ҚК 174-бабы­ның 2‑тармағына келетін бол­сақ, мем­ле­кет­тік билік­тің өкіл­дері мен халы­қтың ара­сын­да «әле­умет­тік ала­у­ы­здық» тууы мүм­кін емес. Себебі билік өкіл­дері әле­умет­тік топқа жатпайды.

Бес айға созы­лған тер­геу кезін­де­гі 73 том­дық мате­ри­ал­дың 30-дан аста­мы аудар­ма, 5‑і куә­гер­лер­ді тер­геу кезін­де­гі хат­та­ма­сы (осы куәлар­дың өзі сотқа шақы­рыл­ма­ды), ал 17 томын­да тек скрин­шот­тар (іске қаты­сы жоқ) тігіл­ген. Нәти­же­сін­де небәрі 20 том­дай мате­ри­ал­дың бар­лы­ғы дер­лік дәлелденбеді.

Адво­кат Т.Аяновтың айтуын­ша, 21 шіл­де­де тер­геу тобы­ның жетек­шісі, ҰҚК-нің Аты­рау облы­стық депар­та­мен­ті 9‑басқармасының басты­ғы пол­ков­ник Абуға­ли­ев құра­мын­да қыл­мыс бол­маған­ды­қтан, осы қыл­мыстық істі қысқар­ту тура­лы қау­лы шығарған. Бірақ бұл қау­лы сот кезін­де қаралмады.

Жер­дi сатуға қар­сы митинг­ке шыққан­дар төң­керiс жаса­уды мақ­сат тұтқан жоқ. Төле­шо­втiң сан­ды­рағын бұл іске қысты­рып, оқиға­ны ушы­қты­рған­нан кім, не ұтты? Осы іске «бас­шы­лық жасаған­дар­дың» көз­де­генi не?

М.Боқаев пен Т.Аяновтың жазы­қ­сыз сот­талға­ны тура­лы елба­сы­ның аты­на да жазы­лып, құзірет­тi орган­дар­дың жiбер­ген қателiк­терiн түзет­тiрудi, екi аза­мат­ты бостан­ды­ққа шығар­ту тура­лы көмек сұрал­ды, бір­не­ше мәр­те пети­ция жазыл­ды – осы­лар­дың ешбірі­нен нәти­же жоқ. Тек қана қос батыр­дың арқа­сын­да «мора­то­рий»» жари­я­лан­ды. Ол да 5 жылға ғана…

Шат­тық ТӘЖКЕНОВА,

Аты­рау қаласы

 

• Макс пен Талғат батыр­ла­ры­мы­зды қорғай алма­сақ та, қолы­мы­здан кел­ген­ше қол­дай­ық! Теле­грам­ма жіберіңіз­дер, xат жазы­ңы­здар! Олар оты­рған түр­менің мекен-жайы: Зареч­ная көше­сі, 100. ЕС 1643 меке­месі. Пет­ро­павл қала­сы, Сол­түстік Қаза­қстан облы­сы. Пошта индексі – 150000.

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн