Суббота , 5 июля 2025

ОСЫ БІЗ, ҚАЗАҚ, КІМБІЗ?

«Обще­ствен­ная позиция»
(про­ект «DAT» №8 (325) от 25 фев­ра­ля 2016 г.

Пай­ым патшалығы

ОСЫ БІЗ,
ҚАЗАҚ, КІМБІЗ?

Кез кел­ген адам­дар қауы­мы мен олар­дың ара­сын­дағы қарым-қаты­нас «біз» деген ұғым­ның құбы­лы­сы сақталған жағ­дай­да нығай­ып, қалып­ты қыз­мет ете­ді. Адам­дарға өздерін бел­гілі бір ұлтқа, дін­ге, мем­ле­кет­ке, кәсіп иесіне, т.б. жатқы­зып, өзін сон­дай бел­гілер­мен айқын­да­уы тән. Ал «біз» деген ұғым­ның мәні мен маз­мұ­нын түсі­ну үшін, оған қара­ма-қар­сы ұғым «олар» (өзге ұлт­тар, дін өкіл­дері, шетел­дік­тер, т.с.с.) болуы шарт. «Біз» «оларға» қарай оты­рып, өзі­міздің ерекшелі­гі­мізді түсі­не­міз, мықты бол­сақ мақта­нып, кем­шілік­тері­міз бол­са түзе­у­ге тыры­са­мыз, «олар­дың» озық тәжіри­бесін мең­геріп, мінез-құлы­қта­ры жақ­сы бол­са, «оларға» ұқсап, бей­ім­де­лу­ге тал­пы­на­мыз. Яғни, адам ата­улы­ға өзін-өзі айқын­дау (иден­ти­фи­ка­ция), өзі тек­те­стер­мен бәсе­ке­ле­су және қар­сы­ла­су тән. Әлем тарихын­да мың­дап болған сан алу­ан соғы­стар­ды айт­паған­да, орта ғасыр­лар­дан бері-ақ Ұлы Крест жоры­қта­ры, Шыңғыс хан шапқын­шы­лы­ғы, Араб шапқын­шы­лы­ғы және өзге де ірі соғы­стар қауым­дарға жік­тел­ген адам­дар­дың ара­сын­дағы қарым-қаты­на­сқа сызат түсіріп, «біз» бен «олар» бір-бірі­мен үздіксіз теке-тіре­су­мен келеді. Иә, адам­зат тарихы – соғы­стар тарихы. Тіп­тен осы «Біз адам ретін­де кім­біз?» деген сұрақ ХХ ғасыр­да ала­пат Екін­ші дүни­е­жүзілік соғы­стың тұта­нуы­на ықпал еткен ұшқын бол­ды. Гит­лер­лік Гер­ма­ния немістер­ді таза ари­я­лық, асқақ ұлт деп жари­я­лап, өзге ұлт­тар­ды құл ретін­де сана­уы­ның соңы әлем­ді қам­ты­ған қан­ды қырғы­нға ұла­сты… Бірақ адам­зат тарих­тың ащы сабақта­ры­нан нәти­же шыға­рар емес. Баяғы сол, «біз» бен «олар­дың» ара­сын­дағы пен­де­шілік пен күн­шіл­дік, бақта­ла­стық пен бәсе­ке, жан­жал­да­су мен қан төгіл­ген қару­лы қақты­ғы­стар әлем­нің әр түп­кірін­де әлі күн­ге дей­ін жалға­сып келеді…
Бәсе­ке­ге қабілет­ті ұлт ретін­де тай­та­ласқа түс­пес бұрын, әрбір ұлт өзінің кім екенін, әле­уеті қан­дай екенін, өзге­лер­ден қан­дай арты­қ­шы­лы­қта­ры мен кем­шілік­тері бар екенін бағам­дай­ды. Ұлы Абай ата­мыз «Қара сөзінің» екін­ші сөзін­де қазақ ұлтын көр­шілес ноғай, орыс, татар, сарт­пен салы­сты­рып, өз ұлты­ның кем-кеті­гін көр­се­туі тегін емес.
Енді­гі мәсе­ле – қазір­гі әлем­де­гі мықты ұлт­тар­дың біз­ден нен­дей арты­қ­шы­лы­қта­ры бар? Әрине, адам­ды Алла таға­ла пен­де етіп жаратқан­ды­қтан, ол кем­шіліксіз емес, сол сияқты кез кел­ген ұлт­тың да кем­шілік­ті тұста­ры мен жағым­сыз қаси­ет­тері болуы һақ. Біз ондай көлең­келі тұстарға назар аудар­май, әр ұлт­тың үлгі тұтар­лық сапа­ла­ры­на ғана тоқталғы­мыз келіп отыр. Ондағы ойы­мыз – өзге өрке­ни­ет­тен өне­ге алу.
Мықты ұлт деген­де, алды­мен ақыл-айла­сы мол еврей­лер көп­шілік­тің ойы­на бір­ден түсері сөз­сіз. Әрине, әрбір ұлт­тың тарихы ерекше, бірақ еврей­лер­дің тарихы мүл­дем бөлек. Еврей ұлты түр­лі қуғын-сүр­гін көріп, өзінің бай­ы­рғы ата­ме­кені­нен өте ұзақ уақыт жырақта өмір сүр­се де, өзінің ана тілін, ата-баба­ла­ры­ның салт-дәстүрі мен діни ұста­ным­да­рын ұмыт­паған. Олар­дың өзге халы­қтар­дың ара­сын­да шашы­рап өмір сүру­ге әбден бей­ім­дел­гені сон­ша, анти­се­мит­тер олар­ды тіп­тен «өзге ұлт­тың денесін­де өмір сүр­гі­ш­тер» деп жазғы­ра­ды. Қолы­нан кел­ме­гесін, көре алмаған­ды­ғы­нан іші күй­іп, тұз жалай­ды­ның кері бұл…
Еврей­лер­дің бәсе­ке­ге қабілет­ті ұлт екен­ді­гінің тағы бір айқын дәлелі. Forbes жур­на­лы­ның мәлі­мет­теріне сүй­е­нер бол­сақ, әлем­де­гі мил­ли­ар­дер алпа­уыт­тар­дың да басым бөлі­гі еврейлер.
Қаза­қтар­дың еврей ұлты­нан үйре­нетін нәр­се­лері көп-ақ. Ең алды­мен ұлт­тың ішкі бір­лі­гін нығай­ту, бір-біріне қамқор болып, қол­дау көр­се­ту, жеке мүд­де­ден ұлт­тық мақ­сат-мұрат­ты биік қоя білу сияқты қаси­ет­тер­ді бой­ға сіңірер бол­са, қазақ халқы әлем­ді билеп-төсте­ме­се де, өзге­лер­мен бәсе­ке­ге төтеп беретін бір­тұ­тас һәм сапа­лы ұлтқа айна­лар еді.
Соны­мен қатар еврей­лер­дің бой­ын­дағы ерекше атап өтетін асыл қаси­ет – олар­дың өз ана тіл­дері мен ұлт­тық құн­ды­лы­қта­рын сақтап, одан әрі бай­ы­туға деген ұмты­лы­сы. Он сегіз ғасыр бойы «тіл ретін­де өліп қалған» деп сана­лып кел­ген иврит тілі бүгін­де Изра­иль­дің мем­ле­кет­тік тіліне айна­лып отыр. Бүгін иврит тілі – жап­пай қол­да­ны­стағы нағыз мем­ле­кет­тік тіл. Олар көне иврит тілін тіріл­тіп қана қой­май, жаңа заманға сай бей­ім­деп, жаңғыр­туға күш салу­да. Иврит­ті дамы­ту – сио­низм идео­ло­ги­я­сы­ның ажы­ра­мас бөлі­гі. Изра­иль­дің бірін­ші пре­зи­ден­ті Хаим Вейц­ман: «Біз Эрец-Исра­эль­ге Вар­ша­ва­ның, Пинск мен Лон­дон­ның өмірін көшіріп алу үшін кел­ген жоқ­пыз. Сио­низ­мнің мәні – еврей­лер­дің бөтен мәде­ни­ет­тің қысы­мы­м­ен бой­ы­на сіңір­ген бар­лық бөг­де құн­ды­лы­қтар­ды өзгер­ту», – деп айтқан екен. Содан бері иврит тілін дамы­ту бес түр­лі бағыт­та жүру­де: Бірін­ші – қол­да­ныл­май­тын ежел­гі сөз­дер­дің мәнін жаңа­ша­лап өзгер­ту; екін­ші – иврит грам­ма­ти­ка­сы­ның заң­да­ры бой­ын­ша бір түбір­ді түр­лен­ді­ру арқы­лы жаңа сөз жасау; үшін­ші – екі және одан да көп зат есім­дер­ді қосып айту арқы­лы жаңа ұғым біл­діретін қос сөз­дер жасау; төр­тін­ші – жаңа ұғым біл­діретін күр­делі қысқар­ты­лған сөз­дер жасау; бесін­ші – шетел­дік сөз­дер­ді иврит­ке сіңіріп алу.
Шір­кін-ай, еврей­лер неше­ме ғасыр бұрын өлген иврит тілін тіріл­тіп жатқан­да, біздің қазақ өзінің көр­кем де бай ана тілі – тірі қазақ тілін жап­пай мең­геріп, нағыз мем­ле­кет­тік тіл ретін­де көр­кей­ту­ге «шала қазақ» – «таза қазақ» болып жік­тел­мей, бір кісі­дей атса­лы­сар күн қашан туар екен?!. Қаза­қтар аты-жөні мен бет-әлпе­ті бой­ын­ша ғана емес, ішкі жан дүни­есі­мен, ұлт­тық рухы­мен де нағыз қазақ болуы тиіс. Қан­ша­ма азап көр­се де, ешбір мой­ы­маған еврей­лер бейне бір суа­ры­лған болат­тай асыл сапа­ларға қол жет­кізіп отыр.
Еврей­лер­ден ұлт­тық сапа­сы бой­ын­ша асып түс­пе­се, ешбір кем түс­пей­тін келесі бір ұлт – жапон­дар. Жапон­дар­дың басты ұлт­тық ерекшелік­терінің бірі – дәстүр­шіл­дік пен еңбекқор­лық. Олар жан-жақты жаңа­руға қан­дай құштар бол­са, дәстүр­ді сақта­уға да сон­дай адал, қор­шаған дүниені қан­дай әсем­дік­пен сезін­се, еңбек­ке де сон­дай сүй­іспен­шілік­пен беріл­ген. Бұл олар­дың қаны­на сің­ген әдет. Тіп­тен 140 мил­ли­он адам еркін сөй­леп, 128 мил­ли­он адам ана тілім деп есеп­тей­тін, 2136 иеро­глиф­тен тұра­тын (1006 кёи­ку кан­д­зи және 1130 кан­д­зи иеро­глиф­тері­нен жинақталған, негізі иеро­глиф­тері одан да көп, 2010 жылы Жапо­ния Білім мини­стр­лі­гі алфа­вит­ті 2136 иеро­гли­ф­пен шек­теу тура­лы бәту­аға кел­ген) ұлт­тық жазу­ла­ры­ның өзі – тұтас бір әлем…
Жапон­ды­қтар «тіл­дік ауруға» бой алдыр­маған. Тілі мен жазуы қазақ тіліне қараған­да анағұр­лым күр­делі бол­са да, өз ана тілін – жапон тілін біл­мей­тін жапон­дық жоқ. Оған қоса тең­десі жоқ клас­си­ка­лық теат­ры, сан алу­ан жек­пе-жек­тері, біре­гей шай жасау рәсі­мі, нәзік­тік пен әсем­дік­ке толы ике­ба­на жасау өнері, т.б. жапон­дарға ғана тән салт-дәстүр­лері сабыр­лық пен еңбекқор­лы­қты қажет­сі­нетін ұлт­тық өнер­ге айналған.
Жапон­дар­дың басқа­лар­дан ерекшелі­гі – олар түп­кі нәти­же­ге жетудің маз­мұ­ны­на қат­ты мән береді. Бір ғана мысал: кюдо ата­ла­тын жапон­дық садақ ату өнері үшін ныса­наға дәл тигі­зу­ден бұрын, садақ тар­ту өнерінің қыр-сырын асқан шебер­лік­пен орын­дау маңы­зды­рақ. Мұн­дай ыждағат­ты­лық жағ­дай­ын­да өзін-өзі алдау мен немқұрай­лы­ққа ешбір орын бол­ма­сы анық. Жапон­дар үшін дүниенің ең асы­лы – ар-намыс. Ар-намыс үшін хара­ки­ри жасап, отан үшін ками­кад­зе болып, өз еркі­мен жан қию да тарих­та­рын­да бар.
Басқа­сы-басқа, дәстүр­шіл­дік жапон­дар­да мықты сақталған. Осы­ған бай­ла­ны­сты олар­дың Екін­ші дүни­е­жүзілік соғы­стан кей­ін бас­шы­лы­ққа алған «Жапон­дық рух, еуро­па­лық білім мен тех­но­ло­гия» ұста­ны­мы елдің кере­мет жетістік­тер­ге жетуіне, соны­мен бір­ге отан­шыл­дық сезім­дерін дамы­ту­ла­ры­на үлкен сер­пін бер­ді. Жапо­ни­ядағы ұлт­тық иден­ти­фи­ка­ция про­цесін­де «Шығыс-Батыс» қарым-қаты­на­сы­ның мәсе­ле­лерін үйлесім­ді шешу­ге баса назар ауда­ры­ла­ды. Жапон елі үшін бұл қиын түй­ін­ді табысты шешу әлем­дік тарих­тағы, халы­қа­ра­лық қаты­на­стар мен мәде­ни-гума­ни­тар­лық ынты­мақ­та­сты­қтағы елдің өз орнын табуын біл­діреді. Біз де осы­лай­ша, қаза­қы рух­ты сақтай оты­рып, жан-жақты жаңғы­руы­мыз қажет…
Ал ағы­л­шын­дар импе­ри­а­лист отар­шы ел ретін­де де, бәсе­ке­ге қабілет­ті ұлағат­ты ұлт ретін­де де әлем­ді мой­ын­датқа­лы қашан. Ұлы­бри­та­ни­ядағы халық саны 62,2 млн адам бол­са да, ағы­л­шын тілін ана тілім деушілер әлем­де 410 млн, ал 1 млрд-тан астам адам­зат оны ана тілі­мен қатар жүретін екін­ші тіл ретін­де мой­ын­дай­ды, оған қоса ағы­л­шын тілі БҰҰ таны­ған 6 ресми тіл­дің бірі (араб, испан, қытай, орыс, фран­цуз тіл­дері­мен қатар). Әлем­де­гі ең көп қол­да­ны­ла­тын тіл­ге айналған ағы­л­шын тілінің лек­си­ка­сын­дағы сөз­дер­дің 70 пай­ы­зы кір­ме сөз­дер болып табы­ла­ды. Яғни, ағы­л­шын­дар­да тіл бай­ы­ту про­цесі үздіксіз жүріп келеді, өзге тіл­дер­ден енген ұғым­дар, жаңа тер­мин­дер, нео­ло­гизмдер, т.б. есебі­нен дамып кет­кен. Бұл қазақ тілін дамы­ту­да еске­ретін өзек­ті мәсе­ле. Қазір­гі кез­де біздің кей­бір сөздік жаса­у­шы маман­да­ры­мыз тер­мин­дер­ді қаза­қ­шаға ауда­руға құмар. Өкіні­штісі сол – бұл тіл­ді бай­ыт­пай­ды, керісін­ше, оны оқша­у­лай­тын қадам. Кей­де сон­дай «аудар­ма­шы­лар­дың» аударған тер­мин­дерін өзге ұлт емес, қаза­қтар­дың өзі түсін­бей, басын қаты­рып жата­ды… Халы­қа­ра­лық ауқым­да қол­да­ны­ла­тын, бар­шаға түсінік­ті тер­мин­дер кез кел­ген тіл­ді бай­ы­та­ды емес пе, олар­ды қаза­қ­шаға ауда­рып, арам тер болу­дың қан­ша­лы­қты қажеті бар?! Кір­ме сөз­дер тілі­мізді шұбар­лай­ды деп оқша­у­ла­на бер­ме­уі­міз керек, біле біл­сек – дәстүр­лі қазақ тілінің өзін­де өзге тіл­дер­ден енген кір­ме сөз­дер толып жүр. Кезін­де араб, пар­сы тіл­дері­нен енген қалам, білім, ғылым, кәме­лет, тәр­бие, мұғалім, кітап, дәп­тер, әде­би­ет, абы­рой, амал, адал, арам, әскер, әйел, дәу­лет, дәу­рен, зай­ып, зей­ін, күмән, т.б. оры­стан енген барқыт, бақал­шік, бодан, болыс, зауыт, ояз, сияз, сот, стар­шын, самау­рын, сома, т.б. сөз­дер бүгін­де қаза­қтың тума сөзін­дей болып сіңіп кеткен.
Бар сала­да бағы жанып, аты озып тұрған өне­гелі ұлт­тар тура­лы әңгі­ме қозғал­са, кей­бір қазе­кем­дер: «Қазір нарық зама­ны ғой, бәрін ақша билей­ді, ел мен жер қай­да қашар дей­сің, алды­мен өз жағ­дай­ым­ды түзеп алай­ын» деуі мүм­кін. Бұл ұлт­тың келе­ше­гін ойла­май­тын, бір күн­дік өмір сүрудің надан пси­хо­ло­ги­я­сы. Ұлт пен мем­ле­кет­тің қары­штап дамуы үшін, оның әрбір өкілі өзінің тағ­ды­рын ел-жұр­ты­ның бола­шағы­мен тығыз бай­ла­ны­сты­руы тиіс. Қаза­қстан­дық ғалым А. Айта­лы нары­қтық қаты­на­стар қалып­та­сып келе жатқан елдер­де пат­ри­о­тиз­мнің ірге­та­сын эко­но­ми­ка­лық көзқа­рас­тар құрай­ты­нын атап көр­се­те­ді. Осы­ған бай­ла­ны­сты ол «Ұлт­та­ну» атты еңбе­гін­де Екін­ші дүни­е­жүзілік соғы­стан кей­ін күл-талқа­ны шыққан Гер­ма­ни­я­ның эко­но­ми­ка­сын қал­пы­на кел­тіру­ге ықпал еткен неміс пат­ри­о­тиз­мінің он өси­етіне назар аударады:
1. Тіп­ті ұсақ-түй­ек шығын шығарған­да да, отан­ның және ел аза­мат­та­ры­ның мүд­де­лері­мен есептес.
2. Шетел­дің бір тең­ге­ге тұра­тын тау­а­рын сатып алған­да, өз еліңе бір тең­ге зиян кел­тіретініңді ұмытпа.
3. Сенің ақшаң тек неміс сауда­гер­лері мен жұмыс­шы­ла­ры­на пай­да әке­луі тиіс.
4. Шетел­ден кел­ген маши­на мен құрал-сай­ман­дар­ды қол­да­нып, неміс жерін, шаңы­рағын, неміс шебер­ха­на­сын қорлама.
5. Дастар­ха­ны­ңа шетел­дің етін, май­ын, т.б. қой­ма, себебі ол неміс ет өндірісі­мен отан­дық мал шару­а­шы­лы­ғы­на зиян келтіреді.
6. Әр уақыт­та неміс қаға­зы­на неміс сия­сын малып, неміс қала­мы­м­ен жаз да, неміс сорғы­шы­мен сорғыз.
7. Неміс игілі­гіне тек немістің ұны, немістің жемісі, немістің еті жарайды.
8. Тек қана неміс мата­сы­нан тігіл­ген сырт киім мен неміс қолы­нан шыққан бас киім­дер­ді ки.
9. Егер сен неміс кофесін ішкің кел­ме­се, Гер­ма­ни­я­ның одақ­та­ста­ры­нан әкелін­ген кофені іш.
10. Еш уақыт­та шетел­дің тау­а­ры­на қызы­қ­па және есің­де берік сақта: Гер­ма­ния аза­мат­та­ры­ның кере­гін тек Гер­ма­ния ғана шыға­ра алады.
Ал енді осы сарын­дағы ұста­ным­дар қазір­гі Қаза­қстан жағ­дай­ын­да қан­дай күй­де тұр? Әрине, өкініш­ке орай, мүл­дем керісін­ше жағ­дай­да: ішкі нары­қты импорт­тық заттар басып тұрған, тұты­ну­шы­лық пси­хо­ло­гия адам­дар­дың сана­сын жау­лап алған қазір­гі кезең­де мұн­дай ұранға аза­мат­та­ры­мы­здың мән бер­мей­тіні анық, әрі бұл кекесін күл­кі туын­да­та­ры һақ. Қан­дай кезең­де өмір сүр­сек те, ұлт­тық бол­мысы­мы­зды сақтай оты­рып, Ота­ны­мы­зды көр­кей­ту­ге күш салу – ата-баба­ла­ры­мы­здың ару­ағы алдын­дағы асыл боры­шы­мыз болып табылады.
Өз зама­нын­да Кемал Ататүрік: «Кере­мет тек шетел­де ғана емес. Сырт­тағы­ға табы­нған­ша, батыс жұмыс­шы­сы, инже­нері және бан­ки­рі­нен кем түс­пей­тіні­мізді дәлел­дей­ік» деген ұран көтер­ген. Халы­қты өз күшіне сен­ді­ру тәжіри­бесі, шын мәнін­де, ғажа­пқа тең. Толас­сыз соғы­стар­да зия­лы қауы­мы­ның еле­улі бөлі­гі­нен айы­рыл­са да, түрік­тер жаңа құрал-сай­ман­ды тосы­рқа­май, тех­но­ло­гия тілін тез мең­гер­ді. Туған ұлты­на Ататүрік қалай сен­се, халқы да оны медет тұт­ты. Осы ұлы сенім қыру­ар қиын­ды­қтар­ды жой­ды. 1933 жылы Түр­кия Рес­пуб­ли­ка­сы­ның 10 жыл­ды­ғын­да Ататүрік халы­ққа арнаған лебізін «Түрік­пін деген адам қан­дай бақыт­ты!» – деген сөз­бен аяқтаған. Өзінің туған ұлты­на деген мақта­ныш пен сүй­іспен­шілік сезі­мін ол осы бес сөз­ге сыйғызған.
Міне, бәсе­ке­ге қабілет­ті ұлт болу­дың аста­рын­да қан­ша­ма тыл­сым сыр жатыр. Қай ұлт­тың өмір тәжіри­бесіне қара­саңыз да, олар ұлт­тық рухын, тілін, дінін, ділін, салт-дәстүрін, жал­пы ұлт­тық ерекшелік­терін сақтай оты­рып, жан-жақты дамуға қол жет­кіз­ген. Қазақ ұлты да осы­ны әрдай­ым есте сақта­уы тиіс.

Сей­іл­бек МҰСАТАЕВ,
сая­си ғылымдарының
докторы
Ult.kzпорталынан ықшам­да­лып алынды

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн