Суббота , 5 июля 2025

ОТАН ДЕГЕН НЕМЕНЕ?

«Обще­ствен­ная позиция»
(про­ект «DAT» №9 (326) от 3 мар­та 2016 г.

Мез­гіл мерезі

ОТАН ДЕГЕН
НЕМЕНЕ?

(Соңы. Басы газет­тің өткен сандарында)

Әне­бір жылы жастар газеті әке-шеше­сінің тапқан-таянға­нын ішіп-жеп, әбден арам­та­мақ, масы­лға айналған бала­ның «әнін» беріп еді. Нұрғи­са аға­мы­здың Мұх­тар Шаха­но­втың сөзіне жазы­лған «Әке тура­лы жырын­дағы» екі жол­ды «Қуан сен, қуа­на бер, әке­тай­ым, Мен сенің пен­си­яңа жар­ма­са­мын» деп құбы­л­тып жазып, әбден кәрілік қажы­тқан кісінің мой­ны­на екі аяғын салақта­та асып қой­ған ұлдың сати­ра­лық суретіне мырс-мырс күл­ген­біз. Сөйт­сек, бекер күліп­піз. Себебі бүгін­гі ел ішін­де­гі аху­ал дәл соған кел­ді. Бала­лар да, қыздар да жап­пай жұмыс­сыз. Аңди­тын­да­ры – кем­пір-шал­дың зей­не­тақы­сы. Сол күн енді үкі­мет­тің басы­на ауды. Бірақ зей­не­тақы қорын­дағы көп қар­жы жұмы­рға жұғын бола қоймайды-ау!..
Одан бұрын үкі­мет Ұлт­тық қорға көз салған. 2014 жыл­дың соңын­да 100 млрд дол­лар­дың үстін­де қар­жы бола­тын. Тең­ге­мізді қайт­сек құн­сызда­ну­дан құтқа­ра­мыз деумен ең ауыр күн­ге деп жинаған қор­дың қор­жы­нын орта­ла­дық. «Біз осы екпіні­міз­ден тан­ба­сақ, онда 6–7 жыл­да Ұлт­тық қор­ды тауы­са­мыз» деп, соның басы-қасын­да жүр­ген, бәрі­нен хабар­дар бір аза­мат ақиқат­ты абай­ла­май айтып қой­ып еді, сен құпи­я­ны ашып таста­дың деп, ол шір­кін­ді сол күні-ақ қыз­мет­тен қуды да жіберді.
Ондай нәр­сені былай­ғы ел біл­ме­уі керек екен. Неге?
Әй, төбе­де­гі қол жет­пей­тін көке­лер, бұл не сон­да? Жау жаға­дан алып жатқан жоқ қой. Соғы­стың ең қиын нүк­тесін­де қорға­ны­ста тұрған диви­зия коман­ди­рі гене­рал Пан­фи­лов бата­льон коман­ди­рі Момы­шұлы­на: «…Шегі­ну­ші әскер­лері­мізді өзіңіздің жауын­гер­лік сап­та­ры­ңыз арқы­лы өткі­зесіз… сіздің мін­детіңіз, жол­дас Момы­шұ­лы, бұры­нғы­ша – жиыр­ма­сы­на дей­ін тап­жыл­мау… төрт күн сіз­ге қиын бола­ды-ау, қиын бола­ды», – деді. Гене­рал­дың дегені – заң. Б.Момышұлының бата­льо­ны төрт күн бораған оқтың, үсті-үстіне жары­лған сна­ряд­тар­дың астын­да жата­ды; беріс­пей шай­қа­са­ды, келесі шеп­ке шегін­ген әскер­лері­міз­ге жағ­дай жасай­ды. Қатар­ла­ры әбден сирей­ді. Сон­да да өлер­мен гит­лер­шіл­дер­ге ажал оғын бора­тып, ілгері аттат­пай ұстап, бесін­ші күн­нің түнін­де аман қалған жауын­гер­лерін бар қару-жарақта­ры­мен жиып, жара­лы­лар­дың ешқай­сысын қал­дыр­май, шегін­ген диви­зи­я­ның соңы­нан кете­ді. Москва үшін, Отан үшін болған осы шай­қа­ста гене­рал Пан­фи­ло­втың өзі де көз жұма­ды. Сон­дай-ақ «Ел үшін, жер үшін, халық үшін! Бола­шақ ұрпақтың бақыт­ты өмірі үшін!» – деп, сана­лы түр­де жауға қар­сы атой­лай шауып, ажал құшқан­дар қаншама!..
Кей­ін сол бір сұра­пыл соғы­ста ажал­мен арпа­лы­сып, өртіне шар­пы­лып, жеңіс туын желбіретіп жет­кен Қасым Аман­жо­лов: «Сен нет­кен бақыт­ты едің, келер ұрпақ, Қарай­мын елесіңе мен таңы­рқап…» – деп, тама­ша жыр жаз­ды. Сон­да ақын­ның елесіне таңы­рқай қызы­ққан бақыт­ты ұрпағы – 50‑, 60–80-жылдары және аңсар­лы тәу­ел­сіздік­тен кей­ін­гі уақыт­та туған ұл-қыздар, ұлан­дар – бәрі-бәрі­міз. Сек­сенін­ші жыл­дар­дың аяққы кезі­нен кей­ін дүни­е­ге кел­ген­дер көре алма­ды, ал оған дей­ін­гілер, мыса­лы, біз­дер ол заман­ның шапағат, шуағы­на малын­дық. Пио­нері, ком­со­мо­лы бол­дық. Аза­мат­тық боры­шы­мы­зды өтеп, кір­пік ілмей шека­ра­сын күзеттік.
Мыса­лы, өз басым 1973–1975 жыл­дың ара­лы­ғын­да ГДР-дағы Совет әскерінің құра­мын­да әске­ри мін­детім­ді өте­дім. Қолы­мы­зға қару алып, өзі­міз күзетіп тұрған жер­ді қаси­ет­ті Ота­ны­мы­здың бір пұшпағы санай­тын­быз. Кей­де взво­ды­мыз асха­наға жұмысқа жіберіледі. Сон­дай күн­дер­дің бірін­де біз­ге қой­ма­дан әкелін­ген сиыр етін түсі­ру тап­сы­рыл­ды. Төрт­ке бөлін­ген туша­лар. Семіз, май­лы, тоңа­зы­тқы­шта әбден мұз­да­тып, қаты­ры­лған. Сан етінің қалың тұсы­на алақан­дай сия­лы таң­ба ұры­лған екен. Соған үңіл­ген жігіт­тің, «Мынау 1952 жылғы ет қой!» деген оқыс дау­сы бәрі­мізді еріксіз жалт қарат­ты. Ойнап айтып тұрған шығар десем, жо-жоқ, шынын­да да, дәл солай. Біз әскер­ден кет­кен­ше 1952–53 жылы сой­ы­лған деген бел­гісі бар еттер­ді жеумен бол­дық. Бірақ қай жақты­кі екеніне мән бер­меп­пін. Қазір ол дәу де бол­са Семей­дің ет ком­би­на­тын­да сой­ы­лған сиыр еті шығар дей­мін. Олай дей­тінім, бізді қыста және жаз­да әске­ри-оқу жат­ты­ғу­ла­ры­на алып бара­тын. Онда ыстық тамақ жоқ, қан­ша күн бол­сақ, сон­ша күн­ге есеп­теп жорық азы­ғын береді. Ол кон­серві­лен­ген ет, ет ара­ла­сты­рып бұқты­ры­лған әртүр­лі ботқа… Қал­быр­дың сыр­ты­на Семей­де дай­ын­дал­ды деген жазуы бар қағаз ора­лып жап­сы­ры­лған. Сөйт­сек, Семей­дің ет ком­би­на­ты одақтық дең­гей­де­гі бүкіл Совет Арми­я­сын азық-түлік­пен қам­та­ма­сыз ететін ең ірі кәсі­по­рын болған екен.
Ол заман­да ет ком­би­нат­та­ры облыс орта­лы­қта­рын­да ғана емес, көп­те­ген май­да қала­лар­да да бола­тын. Өткен жаз­да Таразға жолым түсіп, бір жыл­да­ры мың­даған адам еңбек етіп, облыс халқын ғана емес, Мәс­кеу, Ленин­град­ты да сапа­лы етпен қам­та­ма­сыз ету­ге үлес қосқан ком­би­нат­тың жаны­нан өттім. Орнын­да «Ауыл» база­ры орнап­ты. Бұрын кіре беріс қақ­па­сы­ның екі жағын­да үлкен жылқы мен алып бұқа­ның тас мүсіні тұра­тын. Оған тимеп­ті. Осы жер­де іргелі кәсі­по­рын болға­нын елдің есіне салып тұру үшін әдейі қал­ды­ры­лған­дай әсер етті. Жыл бойы облы­стың аудан­да­ры­нан табын-табын сиыр­лар, қора-қора қой­лар айда­лып келіп, маңы­раған, мөңіре­ген дау­сы­нан айна­ла­сы ертелі-кеш азан-қазан болып жату­шы еді. Ол құры­ға­ны­мен, әйгілі кәсі­по­рын­ды мен­шік­те­ген дирек­то­ры­ның есебі түгел екен, ол күні кеше­ге дей­ін пар­ла­мент мәжілісінің мәр­те­белі депу­та­ты болып отыр­ды… Енді­гі кезек мем­ле­кет­тің мен­ші­гі, халы­қтың бай­лы­ғы есебі­нен мыр­за, бай-бағы­лан атанған­дар­дың ұл-қызда­ры­на кел­ді. «Аузы қисық бол­са да, бай бала­сы сөй­лесін» деген заман­да тір­лік кешіп жатырмыз.
Алай­да мына өмір­де кез­дей­соқ, заң­ды­лы­қ­сыз ештеңе жоқ. Тарих та солай. Голо­ще­кин­нің күш­теп-зор­лап, қаза­қты қына­дай қырып құрғы­зған кол­хоз­да­ры ара­да 70 жыл­дай уақыт өткен­де – билік­тің тізе­ге салуы­мен, әкім­дер­дің әкірең­деп, жер теп­кіле­уі­мен тара­тыл­ды. Мен туып-өскен Жуа­лы ауда­нын­да да дәл солай бол­ды. Мыңғы­рған малы бар, ақ бидай­ы­мен даңқы дүріл­де­ген аудан еді. Сонау 60-жыл­да­ры, әйгілі Шыңғыс Айт­ма­то­втың «Прав­да­ның» қаза­қстан­дық тіл­шісі қыз­метін атқа­рып жүр­ген кезін­де шару­а­шы­лы­қтар­ды ара­лап, «Жуа­лы­ның ақ бидайы» деп, көл­дей мақа­ла жазға­ны бар-ды. Мен өзім 1988 жылы осы аудан­ның бірін­ші хат­шы­сы болған Сағы­н­хан Әміреқұ­ло­втың «Жедел­де­ту көз­дері» деген кіта­бы­на әде­би жаз­ба­шы­лық жаса­дым. Сон­да аудан бас­шы­сы ел дәу­летін есе­ле­ген шару­а­шы­лық төраға­ла­ры мен дирек­тор­ла­ры­ның халы­ққа жана­шыр­лы­ғы, мем­ле­кет­шіл қаси­еті жөнін­де қызы­қты сыр шертті.
– «Карл Маркс» кең­ша­рын Иван Ива­но­вич Зава­ры­кин­нің басқарға­ны­на 20 жыл­дан асты. Шару­а­шы­лы­ғы аудан орта­лы­ғы­ның төмен­гі жағын­да. Ал Ленин атын­дағы ұжым­шар үстің­гі жағын­да. Басты­ғы – Заты­бек Елші­ба­ев. Оның да шару­а­шы­лық басқарға­ны­на көп бол­ды, – деген еді жүзіне күл­кі табы үйіріліп. – Бір күні Иван Ива­но­ви­чтың «Ленин» ұжым­ша­ры­нан екі қой сой­ды­рып алға­нын есті­генім­де айран-асыр бол­дым. Рай­ком­да екі күн­нің бірін­де жина­лыс өте­ді. Соған кел­ген Иван­ды оңа­ша­лап: «Әй, Зава­ры­кин, – дедім түсім­ді суы­тып. – Сенің өз шару­а­шы­лы­ғы­ң­да отыз мың қой бола тұрып, Елші­ба­ев­тың шару­а­шы­лы­ғы­нан екі қой сой­ды­рға­ның не? Кең­ша­рың бай, оны әбден көте­ру­дей көтер­дің. Әлде өзің екі қой­лық еңбе­гім жоқ деп ойлай­сың ба?» – дедім.
«Сәке, мен бәрін жақ­сы түсі­не­мін. Қой емес, сиыр сой­сам да бола­ды. Бірақ менің сой­ған сиы­рым­ды көріп – бас бух­гал­тер, оны көріп – бас зоо­тех­ник, бас инже­нер, басқа да маман­дар бір-бір сиыр, екі-екі қой­дан сой­ып алса не қала­ды? Олар­ды қай­тіп тоқта­та­мын?» – деді Иван Иванович.
Тоқ­са­нын­шы жыл­дар­дың орта шенін­де дүр­ме­гі қызған тара­ту қан­ба­за­ры кезін­де де, одан кей­ін­гі тізе­ге салып күш­те­ген кезең­де де әлгі Ива­ны­мыз міз бақ­па­ды. Шару­а­шы­лы­қтың атын өзгерт­ті, құры­лы­мы­на сәл өзгер­ту жаса­ды. Астық мол, қызыл қыр­ма­ны орнын­да. Еңбек­кер­лерінің айлы­ғы мез­гілі­мен беріледі. Халқы­ның жағ­дайы жақ­сарған үстіне жақ­сар­ды. Кей­бір пысы­қай­лар өз алды­мы­зға қожа­лық құрып, қарық бола­мыз деп еді, оларға тиесілі тех­ни­ка­сы мен малын бөліп бер­ді. Соңын­да өзі басқа­ра­тын Қара­саз ауы­лын алып қал­ды. Бері мұн­дағы­ға дей­ін 15 мың қой, 1300 сиыр, пәлен­бай жүз жылқы­сы бол­ды. Маши­на, трак­тор­ла­ры, басқа да тех­ни­ка­ла­ры гараж­да қаз­дай тізіліп тұр­ды. Қай науқан­да да ешкім­ге ауыз ашпа­ды. Өстіп, шару­а­шы­лы­қты көзі жұмы­лған­ша тарат­пай, уысын­да ұстады.
Айт­пақ­шы, осы жер­де еске ала­тын тағы бір қызық: аудан­да қоғам­дық мал­дан мал қал­маған. Жеке кісілер, сірә да, бер­мей­ді. Сол уақыт­та аудан басқарған әкім жүр­гі­зу­шісінің қолы­на хат ұста­тып: «Мына­ны Зава­ры­кин­ге бер, маған семіз бір қой сой­ып бер­сін», – дей­ді. Ол зула­тып жетіп бара­ды. Кең­сесін­де оты­рған Иван Ива­но­вич­ке әкім­нің үшбу хатын тап­сы­ра­ды. Ашып оқы­ған Иван мырс етіп бір күледі. Қалам­са­бын алып, асты­на: «Құр­мет­ті пәлен­ше, кешіріңіз, қой менікі емес. Егер қажет десеңіз, онда өзіңіз келіп, халы­қтан сұраңыз. Рұқ­сат етсе, біреу емес, еке­уін сой­ғы­зып бере­мін» деп жазып, қолын қой­ып, жүр­гі­зу­ші­ге ұстатады.
Міне, ел-жұрт­тың жай­ын, өз басы­ның халық алдын­дағы жау­ап­кер­шілі­гін шынайы ұғы­нып, абы­рой­ын ұмыт­паған бас­шы­ның іс-әре­кеті! Өкі­нетіні­міз – осы­ған ұқсаған аза­мат­тар қазір бар ма? Қара бастың пай­да­сы­на құры­лған, жеке мен­шік­шіл пиғыл-пай­ым әркім­нің сана­сы­на сына­лап еніп, ұялап алды. Ол да себеп­сіз емес. Билік­тің биші­гін үйір­ген кісі қайт­кен­де де баю­ды ойлаң­дар, бай­ы­ң­дар, біре­удің ақша­сын сана­маң­дар деді. Содан соң қолын­да билі­гі бар­лар­дың бәрі бай­лық бөлісіне ашқа­рақта­нып, көз жұма кірісіп кет­ті. Май­лы жілік­ті өздері иелен­ді. Одан қалға­нын бала-шаға, бауыр­ла­ры­на, құда-жек­жат­та­ры­на ұстат­ты. Өзен-көл­ді де, көрік­ті жер­лер­ді де мен­шік­те­ді. Судың көбін өзінің, жақын-жуы­қта­ры­ның жеріне қарай бұр­ды. Көл көл болға­лы көр­ме­ген қасірет­ке ұшы­ра­ды. Қаз-үйрек­тер қон­бай­тын, сүзе-сүзе балы­ғы әбден тау­сы­лған сүреңсіз күй­ге түсті. Мол астық беретін алқап­тар азды, құнар­лы топы­рағы тозды. Жер­ге еккен егіні жөн­деп шық­пай­тын, шық­са, жары­тып өнім бер­мей­тін және оры­лған асты­ғы мал азы­ғы­на ғана жарай­тын, оны алқап­тағы ком­байн­ның қылқиған мой­ны­нан қорап­ты маши­наға құй­ып әке­тетін жағ­дай­ға жетіп, жұта­ды. Баяғы­дай бабын қадаға­лай­тын маман­дар көз­ден бұлбұл ұшты. Кілең кісі­ге күні қараған қожа­лы­қтар. Жер­лері дұрыс жыр­ты­лып, өңдел­мей­ді; дән мез­гілін­де себіліп, уақы­тын­да жинал­май­ды. Тех­ни­ка тап­шы­лы­ғы – қар­мап қалған­дар бол­ма­са, қалған май­да-шүй­де­лерінің бәрін зар қақтырады.
Бүгін­де елі­міз­де 700 мың­дай ұсақ шаруа қожа­лы­ғы тір­кел­ген. Бұл бүкіл шаруа қожа­лы­қта­ры­ның 90–92 пай­ы­здай­ын құра­са, қалған бөлі­гі – ірі қожалықтар.
«Біз кол­хоз-сов­хоз­дар­ды тара­тып, шаруа қожа­лы­қта­рын құру арқы­лы ауыл шару­а­шы­лы­ғын 40–50 жылға кері шегер­дік, – дей­ді ҚР Жоғарғы Кеңесі он екін­ші шақы­ры­лы­мы­ның депу­та­ты, «Алтын емел» ұлт­тық саябағын құру­шы әрі бұры­нғы дирек­то­ры, Кер­бұлақ ауда­нын­дағы «Бостан» шаруа қожа­лы­ғы­ның төраға­сы Ғалым Тұрған­ба­ев. – Бұрын Пан­фи­лов ауда­нын­да 13 кол­хоз-сов­хоз бол­са, қазір 5700-ге жуық ұсақ шаруа қожа­лы­қта­ры бар. Алды­ңғы жылы суб­си­дия алуға 62 қожа­лық құжат­та­рын тап­сыр­са, соның жар­ты­сы­на жуы­ғы ғана алды.
Мен өзім Алма­ты­ға, ауыл шару­а­шы­лы­ғын қар­жы­лық қол­дау қоры­на жеті рет барып, 14 млн тең­генің кепіл­ді­гін қой­ып, 7 млн тең­гені әзер алдым. Еге­мен ел болған жыл­дар­да ауы­лға бір­де-бір агро­ном, инже­нер, мал дәрі­гері кел­меді. Оған дей­ін мен басқарған бір сов­хоз­да 3 агро­ном, 4 инже­нер-меха­ник, 5 мал дәрі­гері, 3 тех­ник бола­тын, бүгін­де бір­де-бір маман жоқ. Не деп келеді? Кел­се, ала­ты­ны – 35 мың теңге…
Енді тех­ни­ка­ның жай­ы­на кел­сем: Пан­фи­лов ауда­ны­ның 5700 шаруа қожа­лы­қта­рын­да 40–50-дей трак­тор бол­са, Кер­бұлақ ауда­ны шаруа қожа­лы­қта­рын­да 10 ғана бар. Қызық үшін басқа елдер­мен салы­сты­рай­ын. Гер­ма­ни­яда әр 1000 га жер­ге 124 трак­тор­дан кел­се, Фран­ци­яда – 85, Ита­ли­яда – 70, Бело­рус­си­яда – 41, ірге­міз­де­гі Өзбек­стан­да 23 трак­тор­дан келеді, ал біз­де 8,3 трак­тор­дан ғана».
Міне, бұл біздің бар­ды қира­тып-бүл­ді­ру, жер­ді, мал­ды, қора-қоп­сы, тех­ни­ка­ны жеке­ше­лен­діріп, ауыл шару­а­шы­лы­ғын «жаңа­ша» жүр­гі­зу нәти­же­сін­де жет­кен «жетісті­гі­міз»…
«Өткен жылы ма, әлде оның алдын­дағы жыл­да ма, әйте­уір «Аргу­мен­ты неде­ли» газетін­де ака­де­мик Мило­сер­до­втың мақа­ла­сы жари­я­лан­ды. Сол мақа­ла­сын­да «АҚШ бұры­нғы КСРО-ның ауыл шару­а­шы­лық басқа­ру жүй­есіне көшті. Себебі әр елді ауыл шару­а­шы­лық өні­мі­мен қам­та­ма­сыз ету – тек мем­ле­кет­тің ғана қолы­нан келеді деп жаз­ды», – дей­ді Ғ.Тұрғанбаев.
Ал біз бол­сақ, елді оңдыр­май ойсы­ратқан қателік­тері­мізді түзетіп, мем­ле­кет­ті­гі­мізді нығай­ту орны­на жеке­ше­лен­ді­ру ұра­нын одан әрмен жала­у­ла­ту­мен әлек­піз. Жер­дің үстін­де­гілерін бітір­дік, енді дес бер­мей елір­гені­міз сон­дай, жер­дің астын­дағы кен бай­лы­қта­ры­мы­зды да сауда­лау науқа­нын қыздыр­дық. Елдің, жер­дің, халқы­мы­здың қамын жеп, бола­шақ ұрпақта­ры­мы­здың жай­ын ойлап, билік­тің біліксіз, бағ­дар­сыз, сан соқты­рған сая­са­ты­на қар­сы­лық біл­дір­ген пат­ри­от­тар­дың да «шаруа­сын бітіріп», үн шыға­ра алмай­тын еттік. Олар­ды елге жаудай көр­сет­тік. Ауыр жаза­ға тер­геп-тек­се­русіз ұшы­ра­ды. Соның сал­да­ры­нан біра­зы «маши­на­ның асты­на түсіп», я бол­ма­са басқа­дай сан-сапа­лақ себеп­тер­мен ажал құшты; аса ықпал­ды қар­сы­ла­стар­дың бірі «өзін-өзі үш рет атса», елі­міздің мүд­десі, халы­қтың қамы үшін тіресіп тұра ала­тын екін­ші сая­сат­кер тұлға жанын­дағы серік­тері­мен бір­ге қапи­яда оққа ұшты… Сол секіл­ді түр­ме торы­на тоғы­ты­лған­дар мен басқа елдер­ге бас сауға­лап қашып кет­кен­дер ше?..
Қаси­ет­ті қазақ жерін­де сатыл­маған, сат­паған, халы­қтың, мем­ле­кет­тің мен­ші­гі дей­тін ештеңе қал­ма­ды-ау, әсте…
Осы орай­да ару­ағы­нан айна­лай­ын батыр Бау­кеңнің өмір мен өлім бет­тес­кен қан­ды шай­қас алдын­дағы жауын­гер­леріне қой­ған сау­а­лын алда­ры­ңы­зға кесе-көл­де­нең тар­тқым келеді. Иә, бауыр­ла­рым, қимас қан­даста­рым, қаза­қта­рым менің, бар­ша ел болып бір кісі­дей ойла­най­ы­қ­шы: Отан деген немене? Қаза­қстан­да оған кім ие?..

Талғат Айт­бай­ұ­лы,
публицист-жазушы

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн