Воскресенье , 20 июля 2025

ҚОЙ ЖЫЛЫ ҚОЙДАН ЖУАС ПА?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» № 47 (271) от 25 декаб­ря 2014 г.

 

Жат­тап ал

Түйе (тышқан) сеніп (сиыр) бой­ы­на (барыс),

Қалған (қоян) ұмыт (ұлу) жыл­дар­дан (жылан).

Жат­па (жылқы) қарап (қой), мой­ы­ма (мешін),

Тай­ма (тауық), именіп (ит) діл­мар­дан (доңыз).

 

Шығыс күн­тіз­бесіне сәй­кес Қой жылы ақпан­ның 19-ында кіреді. 

Қаза­қтар қой жылын жақ­сы жыл санай­ды. Қой жылы халы­ққа жай­лы болған, ел мол­шы­лы­ққа кенел­ген. Қаза­қстан­да 1966–67 қой жылы мил­ли­ард пұт­тан астам астық алын­ды. Құнан­бай қажы Қой жылы туып, Қой жылы қай­тыс болған. Қаза­қстан 1991 Қой жылы тәу­ел­сіз ел атан­ды. Ахмет Бай­тұр­сы­нов та Қой жылы (1873) дүни­е­ге келді.

DАТ-тың тап­сы­ры­сы бой­ын­ша жұл­дызна­ма­шы­лар жасаған болжам-жоралғы­ға қараған­да, Қаза­қстан­да 2015 жыл бұр­нағы жыл­дар­мен салы­сты­рған­да тыныш өте­ді. Бірақ жора­мал­шы­лар мен сәу­е­гей­лер­дің пікіріне қараған­да, қоғам­дағы тыны­шты­қты билік­тің өзі бүл­діруі мүм­кін. Мәсе­лен, 2015 жылы үш ғалам­шар – Юпи­тер, Сатурн және Уран Зоди­ак бел­гілерінің кеңістік­те­гі орын­да­ры ауы­суы мен Жер бетінің тең жар­ты­сы – Еура­зи­я­лық құры­лы­қтағы қоғам­дық қаты­на­стар­дың өзге­руі сал­да­ры­нан әле­умет­тік толқын туу қатерін қапер­ге алу керек. Осы­ған бай­ла­ны­сты қоғам­ның ниет­тері де өзгереді. 

Деген­мен, қаза­қтар­дың ұғы­мын­да әр жыл­да­ры қан­дай қиын­дық көр­се де, жыл­дың жама­ны жоқ. Сон­ды­қтан олар: «Тышқан жылы – тыны­штық; Сиыр жылы – сый­лық; Барыс жылы – бір­лік; Қоян жылы – қам­ба­лы; Ұлу жылы – үлгілі; Жылан жылы – жай­лы; Жылқы жылы – жұт­сыз; Қой жылы – құт­ты; Мешін жылы – мерей­лі; Тауық жылы – табысты; Ит жылы – игілік; Доңыз жылы – дүни­елі» – деп, қаза­қы қалып­пен баға берген.

Егер жұл­ды­здар мен кеңістік­тер­дің алма­су кезеңін­де Жер бетінің биле­ушілері адам­за­тқа қаты­сты ақыл­ман іс жасаған жағ­дай­да, жаңа істер баста­уын алып, жаңа мұрат­тарға жете­лей­тін қуат күшей­мек. Ал Қой жылы­ның жеке тұлға­ларға әсері қалай бола­рын төмен­гі жора­мал­дан оқып алуға болады. 

 

Тышқан

  • Нази­ра Дәрім­бет, Нұр­лан Ерім­бе­тов, Вла­ди­мир Коз­лов, Бақты­лы Түменова.

Тын­бай еңбек­тен­се, Тышқан жылын­да туған­дарға бар­мақтай бақ бұй­ы­рға­лы тұр. Кез кел­ген тығы­ры­қтан жол тауып, «сүт­тен ақ, судан таза» боп шыға келетін дағдыс­ы­нан жаңыл­май­ды. Қауіп­тен қашық жүреді. Сон­ды­қтан да момақан Қой­дың мінезіне тез бей­ім­дел­мек. Өзгені алдап соғып, оңай пай­да таба­мын деу – дал­ба­са тір­лік. Сау басы­ңы­зға сақи­на тілеп қайтесіз?!

Тағ­дыр­дың қан­дай тауқы­метін тарт­са да, туған-туы­ста­ры­на сал­мақ түсір­мей­ді, бар­лық ауырт­па­лы­қты өзі көтеріп, қай­сар­лық таны­та­ды. Қой жылы Тышқан­дар қоғам­дық жұмыстар­да бел­сен­ділі­гі­мен ерекше­ле­неді. Аса қолай­сыз айлар – ақпан және наурыз. Қыз­мет бабын­да сізді доста­ры­ңыз қол­дай­ды. Соған қара­ма­стан, ман­сап жолын­да біраз кикіл­жің­дер орын алуы мүмкін.

Ой-өрісіңізді, білі­міңізді кеңей­те түсесіз, жұмысқа керек тәжіри­бе жинақта­удың жаңа мүм­кін­дік­тері туа­ды. Біл­геніңізді басқа­мен бөлі­су­де тар­тын­баңыз, ұжым­да бірі­гіп істе­ген жұмысы­ңыз жемісті бола­ды. Әсіре­се мамыр айын­да мен­мен­дік қаси­ет­ті тіз­гін­деп ұста­уға тура келеді, бұл қаси­ет жақ­сы­лы­ққа апар­май­ты­нын түсініңіз.

 

Сиыр

  • Зәу­реш Бат­та­ло­ва, Серға­зы Мұх­тар­бек, Дәу­рен Қуат, Мұх­тар Тайжан.

Тышқан жылы­нан кей­ін кіретін Зең­гі бабаң – осы. Қан­дай қиын­ды­қты бол­ма­сын, белі қай­ы­сқан­ша көте­ру­ге әзір Сиыр­лар биыл да сол табан­ды­лы­ғы­мен табысқа кене­леді. Сіз үшін инно­ва­ци­я­лық маңы­зды жоба баста­удың сәті түсіп тұр. Жұмыс ауы­сты­рған жағ­дай­да одан қол үзбе­ген дұрыс. Тұр­мысы төмен, жетім-жесір­лер­ге көмек­те­су арқы­лы сау­а­пқа бөлен­се, жақ­сы­лы­қтың түбі Алла­дан қай­та­ты­ны қапе­ріңіз­де жүрсін.

Отба­сын­дағы кикіл­жің әдет­те сіздің ашуға ерік беріп, өз-өзіңізді басқа­ра алмауы­ңы­здан туын­дай­ды. «Жоқтық ұят емес, бай­лық мұрат емес» деп, баба­ла­ры­мыз айтқан­дай өзіңізді, өмір­де­гі орны­ңы­зды, сүй­ген жары­ңы­зды, мақ­са­ты­ңы­зды ізде­уді жалға­сты­ры­ңыз. Айна­лаңы­здағы­лар­дың сенім­сіздік­теріне, мағы­на­сыз әңгі­ме­леріне назар аудар­маңыз. Сәт­тілік сіздің жағы­ңы­зда. Соны­мен қатар оқу орнын, жұмысы­ңыз неме­се тұра­тын қалаңы­зды ауы­сты­рғы­ңыз келіп жүр­се, Қой жылы ең ыңғай­лы кезең. Жақ­сы қыз­мет­ке ие болу неме­се қар­жы­лық жағ­дай­ы­ңы­зды жақ­сар­ту тура­лы мақ­сат-мұрат­та­ры­ңыз толы­ғы­мен орындалады.

 

Барыс

  • Досым Сәт­па­ев, Ната­лья Сады­ко­ва, Талғат Мамы­рай­ы­мов, Аян Шәріпбаев.

Бары­стар өзі­нен де, өзге­ден де бар жақ­сы­лы­ғын аямай­ды. Маңай­ын­дағы­лар­дың қуа­ны­шы мен рені­шін бір­ге бөлісіп, мей­лін­ше қамқор болуға тыры­са­ды. Бұры­нғы кедер­гі болған мәсе­ле­лер­ді жеңіп, ойы­на алған іске тәу­е­кел ете­ді. Бой­ын­да бай­қал­май жүр­ген талан­ты ашы­лып, елді аузы­на қара­та­ды. Жаңа жыл­дағы өзгерістер қаңтар айы­нан-ақ басталады.

Деген­мен, адам­дарға деген қарым-қаты­на­сы­ңы­зға көңіл бөліңіз. Бұл жыл маңы­зды әрі еле­улі оқиға­ларға толы екенін ұмыт­паңыз. Екін­ші жар­ты жыл­ды­қта мін­дет­ті түр­де дема­лыс ала­тын болы­ңыз. Өзіңізді сынап көріңіз және кәсі­би өсу мен биік жетістік­тер­ге жет­кі­зер қадам­дар­ды қоры­қ­пай жасаңыз. Ұнжы­рғаңы­зды түсір­ме­у­ге тыры­сы­ңыз. Жаңа жоба­лар­дан жақ­сы нәти­же күту­ге әлі ерте. Жыл орта­сын­да қара­жатқа қаты­сты түсініс­пе­ушілік­тер орын алып, аз-кем қолай­сызды­ққа тап бола­сыз. Ал жыл соңын­да мол табысқа кенел­гелі тұр­сыз. Алай­да осы жол­да сәл сабыр­лық таны­тқа­ны­ңыз абзал, әйт­пе­ген­де тиесілі үлесіңіз­ден айы­ры­лып қалуы­ңыз ғажап емес.

 

Қоян

  • Мұх­тар Әбілә­зов, Гүл­нар Салы­қ­бай, Айдос Сарым, Серік Әбдірах­ма­нов.

Қоян бел­гісін­де­гілер­ге де басқа­лар сияқты тер­леп-теп­шіп жұмыс істеу қажет­тілі­гі туып тұр. Есесіне қол жет­кі­зер табысы­ңы­зда есеп бол­май­ды. Өткен жолғы кем­шілік­теріңізді қай­та­ла­мауға тыры­сы­ңыз. Кесе-көл­де­нең қиын­ды­қты еңсе­ру – өз қолы­ңы­зда. Қысы­лған­да арқаңы­здан қағып, қол ұшын созуға дай­ын досқа зәрусіз. Адам­дар­мен тез тіл табысып, ара­лас-құра­лас боп кететін қаси­етіңіз бары­на қара­ма­стан, сыры ортақ, мұңы бір досқа кен­де сияқтысыз.

Қой жылы Қоян­дар қоғам­дық жұмыстар­да бел­сен­ділі­гі­мен ерекше­ле­неді. Қыз­мет бабын­да да ілгеріле­ушілік бай­қа­ла­ды. Отба­сы­мен бір­ге шетел­де дема­луға жол түсіп тұр.

Сырт көз­ге қорқақ Қоян болға­ны­мен, сөзі мен ісі мығым болып, енді батыл іске көшу­ге ұмты­ла­ды. Біраз уақы­тқа дей­ін әріп­те­стеріңіз­бен ара­дағы үзіліп қалған қарым-қаты­на­сты жөн­деу оңай­ға түс­пей­ді. Жыл­дың алға­шқы шире­гі жаңа таны­сты­ққа толы. Бірақ оларға аса үлкен үміт арт­паға­ны­ңыз жөн, шынайы сезім­нің шары­қтау кезеңі қыр­күй­ек айы­на келіп тұр.

 

Ұлу

  • Әке­жан Қажы­гел­дин, Мақ­пал Жүні­со­ва, Ерлан Карин, Жұма­бай Доспанов.

Қой жылы сіз үшін сәт­ті өтпек. Әлем­де, елде болып жатқан жаңа­лы­қтар­дан қапы қал­май, өз пай­даңы­зға қол­да­ны­ңыз. Өйт­кені сіздің шығар­ма­шы­лық бел­сен­ділі­гіңіз күн­нен-күн­ге артып келеді. Алға қой­ған мақ­сат­та­ры­ңы­здың көп­шілі­гі орын­да­ла­ды. Сізді биз­нес жолын­да көп­те­ген табыст­ар күтіп тұр. Сон­ды­қтан өмір­лік жос­пар­ла­ры­ңы­зды тағы бір айқын­дап алыңыз.

Үйіңіз­ге және отба­сы­ңы­зға көбірек уақыт бөліңіз. Жыл­дың алға­шқы жар­ты­сын­да ман­са­бы­ңыз өспек. Қыс айла­рын­да жұмысы­ңыз алға баса­ды. Ата-ана­ла­ры­мыз үйрет­кен­дей сабыр­лық таны­ты­ңыз. Басты­қтарға сіздің жұмысқа деген құл­шы­ны­сы­ңыз бен өзіңізді көр­се­те білуіңіз ұнай­ды. Қой жылы – Ұлу бел­гісін­де дүни­е­ге кел­ген­дер­ден үлкен жау­ап­кер­шілік­ті талап етеді.

Бұл жылы бел­сен­ділік таны­ту­дың арқа­сын­да батыл баста­ма­лар­дың бел орта­сы­нан табы­лып, жыл басын­да-ақ соның жемісін татуы­ңыз мүм­кін. Алай­да мой­ны­ңы­зға артық сал­мақ арту­дың қажеті жоқ. Өмір­де­гі қан­дай да бір өзгерістер­ге дай­ын болыңыз.

 

Жылан

  • Сер­гей Дува­нов, Қасым Аман­жол, Инга Иман­бай, Денис Кривошеев.

Жылан жылы туы­лған­дар сырт көз­ге ұяң, маңы­зды істер­ден қашқақтап жүреді. Себебі басы­на пәле болып жабы­са­тын нәр­се – тілі. Бой­дағы бар күш- жігер­ді сарқуға тыры­спаңыз. Қол­да бар­дың қадірін баға­лаған жөн. Өзгенің пікіріне мән беріп, күмән­да­на бер­ген­ді қою керек. Өзім білем­ге салып, өзге­лер­ді ығыр қылмаңыз.

Арманға жету үшін, жеңіл жол­ды таң­дау оңай болға­ны­мен, одан түк шық­пай­ты­нын түсініңіз. Бұл жыл сіз­ден төзім мен ақыл­ды қажет ете­ді. Жыл бойы сіңір­ген еңбе­гіңіздің жемісін қара­ша айын­да көретін бола­сыз. Тәу­е­кел­ге бел буып үйреніңіз! Күштілер мен тәу­е­кел­шіл­дер­ді таңға­жай­ып сый­лы­қтар күтіп тұр.

Екін­ші жар­ты­ңыз сізді үне­мі қол­дап, құл­шы­ны­сы­ңы­зды арт­ты­рып оты­ра­ды. Қара­ша айын­да өміріңіз­де айтар­лы­қтай оң өзгеріс бола­ды. Айна­лаңы­зда қан­дай адам­дар жүр­генін қараңыз. Осы жылы өзіңіз­ге деген сенім­ділік пен бел­сен­ділі­гіңіздің арқа­сын­да ман­са­бы­ңы­зды өсі­ре ала­сыз. Алдын ала жақ­сы жос­пар құрып, оны қаңтар айы­нан бастаңыз, ең табысты уақы­ты­ңыз – қазан мен қара­ша айлары.

 

Жылқы

  • Сей­тқа­зы Мата­ев, Әділ Той­ған­ба­ев, Талғат Айт­бай­ұ­лы, Дастан Қадыржанов.

Жылқы жылы туы­лған­дар – «арбаға жегіл­ген ат» сияқты. Жұмыстан ешқа­шан да жалы­қ­пай, таңер­тең­нен кеш­ке дей­ін бір тыным тап­пай­ды. Деген­мен, Қой жылы сіз үшін ең сәт­ті жыл болға­лы тұр. Қай­сар жан екеніңізді естен шығар­маңыз. Кез кел­ген маңы­зды және қиын жұмысты еш қоры­қ­пас­тан бастап кете ала­сыз. Сіз үшін әсіре­се жыл­дың екін­ші жар­ты­сы табысты болмақ.

Алға­шқы жар­ты жыл­ды­қта көп уақы­ты­ңы­зды отба­сы­ңы­зға бөліңіз. Мүм­кін емес деген нәр­се­лер­дің өзін еш қоры­қ­пас­тан арман­даңыз, биыл сол арман­дар орын­да­ла­тын сәт­ті жыл болмақ.

Өміріңіз­ге кедер­гі жасай­тын, түк­ке де кере­гі жоқ дүни­е­лер­ден ары­лы­ңыз. Қазан айы қызы­қты, аяқа­сты таны­су­лар­мен ерекше­ле­нетін бола­ды. Қыз­мет бабы бір қалып­ты, қиын­дық бола қалған жағ­дай­дың өзін­де дос-жаран­да­ры­ңыз жалғыз қал­дыр­май­ды. Сіздің дос-жаран­да­ры­ңы­здың қата­ры сире­уі мүм­кін. Қар­жы сала­сын­да аяқа­сты өзгерістер бола­ды деп күтілуде.

 

Қой

  • Аман­гел­ді Керім­та­ев, Евге­ний Жовтис, Мұрат Әуе­зов, Бауы­р­жан Жақып.

Жыл иесі атанған төрт түлік­тің бірі – Қой жылын­да туған­дар өзім­шіл­ді­гі мен өмір­дің қал­та­рыс-бұл­та­ры­сын­да сабыр­сыздық таны­туы­нан жиі жапа шегеді. Сәл нәр­се­ге ашу­ла­на­ды, қисай­ған беті­нен қайт­пай­ды. Сон­дай сәт­тер­де өзіне де, жанын­да жүр­ген­дер­ге де қауіп­ті. Өзін жарға жыға­тын мінезі – шешім­ді тым асы­ғыс қабылдайтындығы.

Әйт­се де, осы жылы көп­те­ген мәсе­ленің түй­інін оңтай­лы шеше­сіз. Сон­ды­қтан Қой жылын­да жұмыста да, үйде де көп­тің наза­рын­да бола­сыз. Қазақ халқы­мы­зға дары­ған қаси­ет – қонақ­жай­лы­ғы­ңы­зды көр­сетіңіз. Әріп­те­стеріңізді, туы­ста­ры­ңы­зды, жора-жол­даста­ры­ңы­зды рен­жітіп алмауға тыры­сы­ңыз, арты жақ­сы­лы­ққа апар­май­ды. Бұл жыл сіз­ден еңбекқор­лы­қты, төзім­ділік пен сабыр­лы­лы­қты күте­ді. Дәл қазір сіздің мәр­те­беңіз жет­кілік­ті дәре­же­де биік, сон­ды­қтан әріп­те­стеріңіздің ара­сын­да көш­бас­шы болуға мүм­кін­ді­гіңіз бар.

Жаңа жыл кірісі­мен отба­сы­ның татулы­ғын сақтап қалу үшін, бере­ке-бір­лік­ке, қазан­ның тоқты­ғы­на аса мән бер­ген абзал. Жел­дің ығын­да тұрып, күй­сеп қал­май, қар­сы жүріңіз.

 

Мешін

  • Ақбе­рен Елге­зек, Окса­на Маку­ши­на, Аман­гел­ді Кең­шілікұ­лы, Иманға­ли Тасмағамбетов.

Мешін­дер – өзіне-өзі ғашық жан­дар. Өзін өзге­лер­ден артық санай­ды. Деген­мен, бұл жылы бірін­ші кезек­ке отба­сы мен үй шаруа­сын қой­ған дұрыс бола­ды. Жыл­дың орта­сы мен соңын­да жан дүни­еңіз­де көп­те­ген өзгерістер болуы мүм­кін. Жаңа үй тұрғы­зуға неме­се ескі үйіңізді жөн­де­у­ге кіріс­сеңіз, жөн болар еді. Осы­лай күшіңіз жұмысқа да, үй шаруа­сы­на жетер­лі­гін дәлелдеңіз.

Қой жылын­да жеке өміріңіз­де келеңсіз жағ­дай­лар бола қой­май­ды. Жыл баста­лы­сы­мен-ақ өзіңіздің басқаға керек екен­ді­гіңізді сезініп, бақыт­ты күй кеше­сіз. Бұл жыл қолы­на қалам ұстаған қауым үшін қолай­лы бол­мақ. Екін­ші жар­ты жыл­ды­қта дизай­нер­лер мен шығар­ма­шы­лық адам­да­рын сәт­тілік күтіп тұр. Десе де ман­сап өсі­ру үшін жан­та­ла­су­дың қажеті шама­лы. Қыз­мет­пен бай­ла­ны­сты кей­бір жәйт­тер­ді тамыр-таны­стың көме­гі­мен рет­те­ме­се бол­май­тын түрі бар. Құмар ойын­дарға әуе­сті­гіңіз бүкіл өміріңіз­ге бал­та шабуы ғажап емес. Жыл басын­да көп­тен берi қолға алған iсiңiздi аяғы­на дей­iн жет­кiзiп тыны­шта­ла­сыз. Маза­лап жүр­ген қар­жы мәсе­лесін жыл басын­да рет­теп алға­ны­ңыз жөн.

 

Тауық

  • Темір­хан Медет­бек, Тоқтар Рах­ме­то­ва, Тыным­бай Нұрмағамбетов,

Әсел Қара­уы­ло­ва.

Биыл жолын­дағы әртүр­лі қиын­ды­қты толық еңсеріп, еңсесін тік ұстап шыға­тын бір­ден-бір бел­гі иелері – Тауы­қтар бол­мақ. Отба­сын­да ашық-жарқын, ал қыз­мет­те талап­шыл­сыз. Көре алмай­тын­дар сыр­ты­ңы­здан сөз тасып, атақ-абы­рой­ы­ңы­зға дақ түсіру­ге тыры­сып баға­ды. «Ит үреді, керу­ен көшеді»: өзіңіздің таза, адал екеніңізді дәлел­дей­мін деп, шыж-быж болу­дың қажеті шама­лы. Жақын-жуы­қта­ры­ңы­здың өміріне орын­сыз ара­ла­сып, олар үшін шешім қабыл­да­маға­ны­ңыз дұрыс. Бұл қарым-қаты­на­ста­ры­ңы­зға тек сызат түсіреді. «Тағ­дыр­дың басқа салға­ны» деп, бола­шағы­ңы­зға бей-жай қара­уды қой­саңыз болар еді.

Қой жылы руха­ни-дүни­е­та­ным­дық құн­ды­лы­қта­ры­ңы­зды да құнт­тап алуға ыңғай­лы. Маман­дық пен ман­сап сала­сын­да айтар­лы­қтай өзгеріс бола қой­май­ды. Қара­жат жағы да бұл жылы аса жарқын жаңа­лы­ғы­мен қуантпайды.

Жыл аяғын­да асы­ғы­ңыз алшы­сы­нан түсіп, бір жақ­сы­лы­ққа кеңе­луіңіз мүм­кін. Сон­ды­қтан бұл жылы барын­ша сал­мақты болуға тыры­сы­ңыз. Мұның ортақ іске де пай­да­сы тиеді.

 

Ит

  • Ерлан Сай­ы­ров, Асыл­бек Қожах­ме­тов, Арман­жан Бай­та­сов, Герольд Бельгер.

Мынау жарық дүни­е­ге Ит жылы кел­сеңіз, есеп­сіз әл-қуат пен шығын­ды талап ететін жұмысқа дай­ын­да­ла беріңіз. Әле­умет­тік жеңіл­дік­тер алып, соны пай­даға жара­та­сыз. Шек­тен тыс адал­ды­ғы­ңыз, адам­дар­мен жылы қарым-қаты­на­сы­ңыз кез кел­ген ұжым­да өзіңізді еркін сезініп, ешкім­нен имен­бе­у­ге жол ашады.

Қой жыл сіз үшін ең бақыт­ты жыл болға­лы тұр. Бірін­ші бай­лық – ден­са­улық, екін­ші бай­лық – ақ жаулық, үшін­ші бай­лық – он саулық. Тек реті­мен шата­сты­рып алмаңыз. Опти­миз­мнен қашпай, тек пози­тив­ті күн кешу­ге тырысыңыз.

Егер бала­ла­ры­ңыз бол­са, оларға көп уақы­ты­ңы­зды жұм­саңыз. Сіз шыға­рып салған жыл­дан қалған сенім келер жылы біраз істің басын қай­ы­рып таста­уға жете­ді. Шек­тен тыс өркөкірек­тік таны­ту­дан сақта­ны­ңыз. Егер бұл мінезіңіз­ге бой бер­сеңіз, біраз жақ­сы адам­дар­мен бай­ла­ны­сы­ңыз үзіліп қалуы мүмкін.

Жұмыс ауы­сты­руы­ңыз ықти­мал. Бұл жыл сіз үшін шешім қабыл­дау мен тәу­е­кел­ге бел буу­дың жылы бол­мақ. Өзіңізді баға­лай, құр­мет­тей білу арқы­лы жаны­ңы­здағы­лар­дың пікірін айтар­лы­қтай өзгертесіз.

 

Доңыз

  • Жар­ма­хан Тұяқ­бай, Расул Жұма­лы, Ғаб­бас Қабы­шұ­лы, Берік Әбдіғалиев.

Жүр­ген ортаңы­зда мерей­іңіз үстем болып, дәре­жеңіз арта түседі. Ең басты­сы – басқа­ны тың­да­удан бас тарт­паңыз. Дәре­жеңіздің көтерілуі соған бай­ла­ны­сты. Қан­дай қиын­дық бол­ма­сын, сіз жеңе ала­сыз, соны ұмыт­паңыз! Жыл­дың алға­шқы жар­ты­сы тыным­сыз болға­ны­мен, екін­ші жар­ты жыл­ды­қта бай­сал­ды өмір кеше­сіз. Жаны­ңыз қалаған іспен шұғылданыңыз.

Махаб­бат мәсе­лесін­де айтар­лы­қтай қиын­дық бол­май­ды. Күз айы жұмысы­ңы­здың өрге басар мез­гілі дей беру­ге де бола­ды. Қой жылы сіз­ден көп мөл­шер­де сабыр­лық пен төзім­ділік күте­ді. Бастаған істі аяқ­сыз қал­дыр­саңыз, еңбе­гіңіздің жемісін күт­пе­ңіз. Ал қара­ша айын­да сіз­ге жаңа жұмыс тап­сы­ры­ла­ды. Жау­ап­кер­шілік­тен қашпаңыз.

Сіз аузын ашса, арғы жағы көрі­нетін ақкөңіл адам­дар­дың қата­ры­нан­сыз. Осы қаси­етіңіз орға жығуы мүм­кін. Біреу жақ­сы сөз айт­са, соған еріп, дала­да қалуы­ңыз ғажап емес. Абай болған дұрыс. Жаз мез­гілін­де тамақ өнім­дерінің жарам­ды­лық мерзі­мін ескер­ген арты­қтық етпейді.

 

Республиканский еженедельник онлайн