Понедельник , 7 июля 2025

ҚОЙ ЖЫЛЫНДА ҚАЗАҚТЫ ҚОЙДАЙ ҚУУ БАСТАЛАДЫ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» № 47 (271) от 25 декаб­ря 2014 г.

 

Жаңа­дан қабыл­данған «Әкім­шілік құқық бұзу­шы­лық тура­лы кодекстің» тала­бы бой­ын­ша, қалаға ауыл­дан жөңкі­ле көшіп кел­ген, тұрақты тір­кеу-тұрағы жоқ қаза­қты қой­дай қуу бас­талады. Осы кодекстің 377-бабы бой­ын­ша: «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы аза­мат­та­ры­ның жеке куәліксіз неме­се жарам­сыз жеке куәлік­пен не тұрғы­лы­қты жері бой­ын­ша күн­тіз­белік он күн­нен астам мерзім­де тiр­ке­уден өтпей тұруы» себеп­ті ескер­ту жаса­ла­ды неме­се бес айлық есеп­тік көр­сет­кіш мөл­шерін­де айып­пұл салынады.

 

Бұл, бәл­кім, мем­ле­кет­тік тұрғы­да дұрыс талап шығар. Бірақ әле­умет­тік-тұр­мыстық мәсе­лесі шешіл­ме­ген ауыл­дан қалаға көшіп кел­ген қаза­қтар үшін бұл нағыз қуғын­ның көкесі бола­ды. Себебі құны­ғуы заң­мен «рет­тел­ген» мигра­ци­я­лық поли­ци­я­ның күні оңы­нан туады.

Қысқа­сы, «тұрғы­лы­қты жерің­де тір­ке­уің бол­ма­са, айып­пұл төлей­сің» деген заң алдағы жыл­дан бастап күшіне енетін бол­ды. Мұның екін­ші мағы­на­сы – кез кел­ген аза­мат тір­кел­ген жерін­де тұруы керек. Олай бол­маған жағ­дай­да, яғни, тұрып жатқан жерін­де тір­ке­уі жоқ аза­мат­тар енді Әкім­шілік құқық бұзу­шы­лық кодексіне енгізіл­ген өзгеріс бой­ын­ша жау­а­пқа тар­ты­лып, айып­пұл төлей­ді. Ал көші-қон поли­ци­я­сы ойран-таяқ ойнатқан айып­пұл­дан қашқан қазақ қуғы­н­мен күн кешеді.

Яғни, 2014 жылғы 1 айлық есеп­тік көр­сет­кіш 1 982 тең­ге десек, айып­пұл көле­мі: 1 982 × 5 = 9910 тең­ге бола­ды. Егер бұл жағ­дай бір жыл­дың ішін­де екін­ші рет қай­та­ла­на­тын бол­са, оның мөл­шері 19 820 тең­гені құрайды.

Бұл – тек бір ада­мға ғана қаты­сты айып­пұл. Ал отба­сы­мен түгел­дей тір­ке­уі жоқ қаза­қтың жанын шыңғыр­та­тын айып­пұл­дың ауқы­мын есеп­тей беріңіз! Яғни тұрақты жұмысы бол­ма­са, қуғын­дау мен қашу­дың көкесі сон­да болады.

Үлкен қала­лар­дың бәрін­де жаға­лай пәтер жал­дап тұрып жатқан­дар­дың дені қаза­қтар болған­ды­қтан, тай­лы-таяғы­мен, отба­сы­мен көшіп келіп, күн көріп, бала­ла­рын оқы­тып жатқан­дар­дың ресми саны жоқ. Егер қазақ отба­сын­да мөл­шер­мен алған­да, үш адам­нан кем бол­май­ды десек, олар төлей­тін бір рет­кі айып­пұл – 29 730 тең­гені, егер бес адам бол­са – 49 550 тең­гені құрай­ды. Енді мұн­дай жағ­дай қай­та­ла­нар бол­са, бұл есеп­тің екі есе­ле­нетінін наза­рға алы­ңыз. «Елім» деп келіп, аза­мат­тық ала алмай жүр­ген қаза­қтар да осы «айып­пұл төлей­тін­дер­дің» қата­рын толы­қтыр­ма­са неғылсын?!

Соны­мен, қоғам­да «тір­кел­ме­ген­дер» деген әле­умет­тік топ ресми түр­де пай­да болып, олар әркім­нің есі­гін жаға­лап, бас­па­на іздеп, күн көріп жатқан­да­ры үшін – «осын­дай күн­көрістері мен босып жүр­ген­дері үшін» мем­ле­кет­ке айып­пұл төлемекші.

Сон­да олар кім­нің кінә­сы­нан босып жүр десеңізші?

Ал азық-түлік күн сай­ын қым­бат­тап жатқан мына заман­да бала-шаға­ның аузы­нан жырып, айып­пұл төлеу – жат­тың босаға­сын­да жаутаң­даған отба­сы үшін оңай сал­мақ емес. Қыс бол­са, қап­тап көмір сатып ала­тын­да­рын және қосыңыз!

Жұмыс­сызды­қтан басын тауға да, тасқа да соғып, бала-шаға­сын асы­рау үшін үлкен қала­лар­ды жаға­лаған тұрғы­лы­қты халы­қта не кінә бар? Егер мем­ле­кет қан­дай жағ­дай­да да адам­дар­ды жұмыспен қам­та­ма­сыз етіп, әр отба­сын бас­па­на­лы етіп барып осын­дай заң шыға­рып, талап қой­са, бір жөн емес пе?

Енді қара халық бар тапқан-таянға­нын пәтер иесіне төлей ме, бол­ма­са мың-мың­дап айып­пұл төлей ме, жоқ әлде поли­ци­яға пара бере ме? Сон­да адам­дар айып­пұл­ды – өз қар­жы­сы­мен көшіп-қонып, өз-өзін жұмыспен қам­тып, мем­ле­кет­ке сал­мақ сал­маға­ны үшін төле­мек пе? Халы­қты ай мен күн­нің ама­нын­да, соғыс­сыз-ақ тен­тірет­кені үшін жау­ап­ты болу­дың орны­на, ішкі мигра­ция мәсе­лесін әлі күн­ге бір жүй­е­ге кел­ті­ре алмай оты­рған билік үшін неге халық айып­ты болуы керек? Онсыз да жанын жал­дап күн көріп жатқан­дарға қаты­сты енгізіл­ген өзгеріс, тура мағы­на­сын­да айтқан­да, олар­ды басы­ну – ада­ми құқын шек­теу бол­са керек…

 

Гүл­ми­ра ТОЙБОЛДИНА,

«

Республиканский еженедельник онлайн