Пятница , 4 июля 2025

ҚОЯНДЫ ЖӘРМЕҢКЕСІН қалпына келтіре аламыз ба?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №42 (406) от 16 нояб­ря 2017 г.

Ойдан-қыр­дан

 

 


 

Келер жылы Қоян­ды жәр­мең­кесіне тура 170 жыл тол­мақ­шы. Егер Қараған­ды облы­сын­да ұлтқа жана­шыр шене­унік­тер отыр­са, мына жәр­мең­кенің қиран­ды қой­ма­сын қал­пы­на кел­тіру­ге қазір­ден бастап күш салған болар еді. Сауда-сат­ты­қтың, керу­ен­дер­дің, сал-серілер­дің, шабан­до­з­дар­дың, күресіп жатқан балу­ан­дар­дың, жәр­мең­ке­ге кел­ген ірі тұлға­лар­дың мүсін­дері мен макет­терін жасап, үлкен кешен жасап қой­са, туризм тұрғы­сы­нан да, елдің тари­хи жадын оятуға да пай­да­лы емес пе? Осын­дағы тұр­мысы төмен титы­қтаған ел-жұр­тқа да табыс көзі болар еді.

 

Қоян­ды жәр­мең­кесінің жалғыз бел­гісін­дей болып сол кез­де­гі қой­ма­ның дуал­да­ры ғана сақталған. 1990 жыл­да­ры темір-тестек тер­ген жұрт құй­ма темір­лі ауыр қақ­па­ла­рын қол­ды еткен.

1848 жылы ашы­лған мау­сым­дық сауда жәр­мең­кесі 1930 жылға дей­ін өмір сүр­ген. Қызыл­дар мал мен жанға қырғын салғанға дей­ін Қоян­ды­ның дәу­рені сүріп тұра­ды. Тал­ды өзенінің бойы мыңғы­рған мал болып­ты. Тал­ды­дан әрі үш өзен бар. Бәрінің саға­сы малға сый­май, сіресіп тұра­ды деседі.

Мұн­да сауда-сат­ты­қтан бөлек, күрес, ән-күй, айтыс, т.б. өнер түр­лері бой­ын­ша ірі шара­лар болып тұр­ды. Қаза­қтың небір әйгілі сал-серілері, балу­ан­да­ры осын­да өнер көр­сет­кен. Соны­мен бір­ге мұн­да сая­си-әле­умет­тік мәсе­ле­лер де қара­лып оты­рған. Мыса­лы, 1905 жылы Қарқа­ра­лы пети­ци­я­сы тура осы жер­де қабыл­данған. Қоянды­дағы өлке­та­ну­шы Серік Нәби­а­но­втың айтуын­ша, «Бесе­удің хаты» да осы Қоянды­да әзір­лен­ген. Осын­дай терең тарихы бар орын­ның жағ­дайы тым мүшкіл.

Арман ӘУБӘКІР

 

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн