Пятница , 4 июля 2025

ПАНТЕОН және БАЙҒАРА

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №23 (387) от 15 июня 2017 г.

 

Желі­де­гі жазбалар

 

 

 

Өмір­дің өзі анекDАТ

 

Отаға­сы еке­уміз әңгі­ме­лесіп отыр­мыз… Сөз ара­сын­да кідіріп қалған ол маған:

– Әлгі ақша­ны оңды-сол­ды шашу­ды не деуші еді, тілім­нің ішін­де тұрға­ны… –дегені. Сөйт­се, ана­дай бұры­шта қуыр­шағын жұл­ма­лап оты­рған алты жасар қызым:

– Ол – ЭКСПО ғой! – деп қой­ып қал­ды. Еке­уміз күл­кі­ден сұлап жатыр­мыз. Бір кез­де бақ­шиған екі жана­ры жаутаңдап:

– Тү-ш‑ш, ешкім­ге айтпаңдар,әйтпесе мені сот­тай­ды! – демесі бар ма!..

• Динар Ками­ло­ва­ның ФБ-парақшасынан

 

 


 

Ерте­де қай­тыс болған хан мен би, батыр­лар­ды Түр­кістанға жер­лей­тін үрдіс болған. Сол үрдісті бұзған Най­ман­ның Сыбан тар­мағы­нан тарай­тын Таш­кент­тің бегі болған Нар дауы­сты Нарым­бай­дың неме­ресі, Қуда­уы­сты Құт­ты­бай­дың бала­сы, атақты Ақтай­лақ бидің әкесі Бай­ға­ра би зерт­те­усіз қал­ды. Орта Жүз­ге қожа­лар­ды алғаш әкел­ген (Мұх­тар Әуе­зо­втың ата­ла­рын) осы Бай­ға­ра би. Кей­ін Бай­ға­ра­ның ауы­лы­на қыды­рып кел­ген Кең­гір­бай би Мұх­тар­дың баба­ла­рын аттай қалап, қалың Тобы­қты­ға апа­рып­ты. Мүм­кін, сол қожа­лар Бай­ға­ра­ның ауы­лын­да қалған­да, Мұх­тар, бәл­кім, Дулат Баба­тай­ұлы­ның ғұмы­ры­нан «Дулат жолын» жазар ма еді? Бұл енді бөлек әңгіме.

Осы Бай­ға­ра ата­мыз ауы­рып жатқан­да, елдің игі жақ­сы­ла­ры көңілін сұрай келіп, ақы­рғы ама­на­тын сұрап­ты. Бай­ға­ра би сол кездің «пан­тео­ны» Түр­кістанға жер­лен­ген 300-дей хан мен би, батыр­лар­дың сүй­е­гін бола­шақта кәпір­лер­дің (оры­стар­дың) күреп тастай­ты­нын сезген­дей: «Мені осы қоны­сым­нан қозға­маң­дар. Сүй­е­гім­ді осын­да жер­лең­дер. Түр­кістанға жер­лен­бе­сем, жұмақтан тозақ оты­на бар­май­тын шығар­мын», – деген екен.

Сөй­тіп, Би-ата­мыз қазір­гі Шығыс Қаза­қстан облы­сы, Аягөз ауда­ны, Сары­арқа ауы­лы­ның маңы­на жер­леніп­ті. Бай­ға­ра бидің осы өси­еті­нен кей­ін кей­ін­гі баба­ла­ры­мыз Би Боран­бай, Нар­бо­та батыр, Дулат Баба­тай­ұ­лы, тобы­қты­ның пірі Кең­гір­бай би сияқты батыр­лар мен билері­міз өзінің ата-қоны­сы­на қой­ы­лған екен.

P.S.Болашақта Аста­на­дағы пан­те­он Түр­кістан­ны­ңтағ­ды­рын қай­та­ла­ма­сы­на кім кепіл? Тарих қай­та­ла­на­ды. Сол Бай­ға­ра бабам айт­пақ­шы, пан­теонға қазір қаза­ғым деп қан жұтып, тер төгіп жүр­ген Аза­мат­тар жат­па­са, тоза­ққа бар­май­тын шығар?

Оңғар ҚАБДЕНОВ

 

 

 

РЕЙДЕРЛІК ЕМЕС ПЕ ЕКЕН?

 

Кеше тін­ту жүр­гізіл­ген «Қаз­Строй­Стек­ло» ком­па­ни­я­сын да, оның пре­зи­ден­ті Мұратхан Тоқ­ма­ди мыр­за­ны да көп жыл­дар­дан бері біле­мін. Көп қабат­ты әйнек ғима­рат­тар үшін берік­ті­гі жоға­ры, оңай­лы­қ­пен сын­бай­тын, сын­са да, айна­ла­сын­дағы адам­дарға зала­лын тигіз­беу үшін бұр­шақтай ұсақ түй­ір­шік­тер­ге шашы­лып кететін, әлем­дік стан­дарт­тарға сай әйнек шыға­ру­мен айналысатын.

Оншақты жыл бұрын Жүсіп Ерға­ли деген фото­тіл­ші­міз үйсіз-күй­сіз қина­лып жүр­ген шағын­да, өтіні­ші­мізді қабыл алып, зауы­ты­нан бас­па­на­лы қорын тауып бер­ген. Мұқтаж басқа да талай адам­дарға қолұ­шын бер­генін құлағы­мыз шала­тын. Тек Алма­ты­да ғана емес, Аста­на қала­сын­да да осын­дай зауыт ашқа­ны есте. Салы­нып жатқан құры­лыс көп, яғни әйнек­ке деген сұра­ныс та көп. Биз­несі жүріп тұрған, қажы­лы­ққа барып кел­ген, біздің түсіні­гі­міз­де адал жол­мен ақша тауып тұрған иман­ды жігіт­ке ҰҚТ (ОПГ) құру­дың қажеті қан­ша? Мұратханды ондай ала­яқтық пен қыл­мысқа қимаймын.

Бұны күш құры­лым­да­рын пай­да­ла­на оты­рып, біре­удің адал биз­несін тар­тып алуға жасалған рей­дер­лік әре­кеті­ме деп ойлай­мын. Кей­бір елдер­де адал­ды­қтан алыс, әділ­дік­тен жұр­дай, құдай сүй­етін қылы­ғы жоқ клан­дар билік­те­гі қол­да­у­шы­ла­ры­на сүй­еніп, ойы­на кел­генін осы­лай істей беретіні өкіні­шті. Бірақ Алла таға­ла­ның алдын­да жасалған зәре­дей ізгілік­тің де, зұлым­ды­қтың да өте­уі бола­ты­ны­на күмән жоқ!

Марат ТОҚАШБАЕВ

 

 

 

БИЛІКТЕГІЛЕР бай­ла­ныс аясы­нан ТЫС ЖЕРДЕ

 

Осын­дағы біраз аға­ла­рым пре­зи­дент­ті әле­умет­тік желі­де оты­ра­ды деп ойлай­ды екен. Пре­зи­дент­ті былай қой­ып, мини­стр­лер­дің өзі отыр­май­ды. Өткен­де біре­уі тір­ке­ле қалып еді, халы­қтың бета­лы­сы­нан шошып кет­ті ме, қалай кел­се, солай шығып кетті.

Елба­сы­мыз да марқұм болған Ислам ака­ның сыңа­ры секіл­ді. Ислам Кәрі­мов өмір бойы «Ком­со­моль­ская прав­да­ны» оқып өткен. Тіп­ті кей­де газет бетін­де өзбек­тер тура­лы өзіне жақ­пай­тын бір­нәр­се жазы­ла қал­са, Путин­мен кез­дескен­де әлгіні шағым­данған­дай қылып айта­ды екен. Бәрі сол қарт ком­му­ни­стер­дің жаңа дүниені әлі қабыл­дай қой­май, ескі фор­ма­ци­яда қалға­ны­ның кесірі…

Әкім­дер­дің кей­бірі анда-сан­да жасы­рын акка­унт­тар­мен әле­умет­тік желі­ге «үңіліп» тұра­ды деп естідім. Нақты қай­сысы екенін айт­пай-ақ қояй­ын. Біздің билік­тің бір кем­шілі­гі осы – әле­умет­тік орта­да не айты­лып жатқа­нын біл­мей­ді. Халы­қ­пен тек әртүр­лі «көпір­лер» арқы­лы ғана бай­ла­ны­са­ды. Бір мәсе­ле­ге қаты­сты дау шыққан­да, мини­стр­лер­дің кеш қимыл­дап жата­ты­ны содан. Өйт­кені олар ондағы айқай-шуды екін­ші біре­уден ғана ести­ді. Бәрі халы­қтың біт­пей­тін про­бле­ма­сы­нан қорқып, өзінің иллю­зи­я­лы әле­міне кіріп алған. «Фейс­бук­те» оты­ра­тын бол­са, кіш­кене бол­сын халы­қ­пен ара­да бай­ла­ныс орнай­тын еді. «Бай­ла­ныс аясы­нан тыс жер­де» жүреді де, ауыл­дан ұзап кетіп, үйін­де не болып жатқа­нын біл­мей­тін адам сияқты мәң­гіріп отырады.

Жолым­бет МӘКІШ

 

 

Жоба­лы сөз

 

БІЗ АРАБТЫҢ ҚАҚПАНЫНА ҚАЛАЙ ТҮСТІК?

 

Осы­дан 10–15 жыл бұры­нғы біздің руха­ни жағ­дай­ы­мыз кім­нің есін­де? Біз үшін мой­ны­мы­зға тұмар тағу, көлі­гі­міз­ге көз тию­ден сақтай­тын дүни­е­лер­ді асып қою, ата-баба­мы­здың әру­ақта­ры­на құран оқып, олар­дан медет сұрау деген нәр­се­лер күн­делік­ті өмір сал­ты­мы­здағы бар нәр­се­лер болатын.

Қыдыр бол­сын жолдасың!

Ісіңді Тәңірім оңдасын!

Әру­ақтар жар болып,

Кәміл де пір­лер қол­да­сын! – деген бата-тілек­тер­ді бар­лы­ғы­мыз да ауыл­дағы кез кел­ген қарт­та­ры­мы­здың ауы­зда­ры­нан естіп жүретін­біз. Ауы­лы­мы­здағы құр­сақ көтер­ме­ген келін­шек­тер­ді әже­лері­міз әули­е­лер­дің басы­на жіберетін.

– Пәлен­шенің келіні Әзірет кесе­несіне барып кел­ген соң көтеріпті!

– Еее, әули­елі жер ғой… – деп ауы­за­шар­да оты­ра­тын әже­лер­дің әңгі­ме­лері әлі күн­ге дей­ін есімде.

Қалаға оқуға әр кетер уақыт­та атам­ның «Қыдыр бол­сын жол­да­сың, балам!» деп шыға­рып сала­ты­ны есімде.

Біздің дәстүр­лі діни таны­мы­м­ы­зды «өлтіретін» нәр­се – «линг­во­цен­тризм» мен «гео­ген­тризм» деген ұғым­дар. Осы еке­уі толық бол­са, кез­кел­ген халы­қтың ара­б­ты ұлы­қта­уы оп-оңай. Біз мұсыл­ман дінін ұста­нып жүр­гелі бері линг­во­цен­тризм бол­ды. Яғни, «Бір дін –бір тіл» стра­те­ги­я­сы. Араб тілі бол­ма­са, Ислам жоқ. Құран­ды араб­ша оқуы­мыз осы­ның бір модулі.

Линг­во­цен­тризм­ге ілік­пе­ген – біздің халы­қтың дұға­ла­ры мен бата-тілек­тері еді. Бірақ соңғы жыл­да­ры оны да қой­ып, дастар­хандағы дұға­ла­ры­мы­зды араб­ша айта­тын бол­дық. Тіп­ті өзі­міз­де­гі көр­кем­дік пен құдай­ға барын­ша жақын сезін­діретін тілек­тері­мізді ұмы­тып, араб тілін­де­гі дұға­лар­ды жат­тай баста­дық. Қара­пай­ым күн­делік­ті ауыз ашып, бекі­тер­де­гі дұғаңыз да араб­ша болып кет­ті. Сон­ды­қтан діни линг­во­цен­триз­мнен құтқа­рып тұрған соңғы бөл­ше­гі­міз­ден де айырылдық.

Гео­ген­тризм дегені­міз – өз аны­қта­мам­мен қара­пай­ым түр­де айта­тын бол­сам, бел­гілі бір аймақты қаси­ет­ті етіп, сол жер­ге назар мен ниет­ті, ақша­ны топ­та­сты­ру. Біздің жағ­дай­ы­мы­зда – Мек­ке қала­сы. Бұл қала бар­ша мұсыл­ман­ның қаси­ет­ті орны. Пары­здар­дың ішін­де­гі кез кел­ген мұсыл­ман келіп өтей­тін арнайы риту­ал­дар­мен бекітіл­ген арнайы жүйе – қажы­лық. Әлгі ара­би идео­ло­гия Қаза­қстанға келе бастаған кез­де «ЛЦ» бой­ын­ша мәсе­ле аз екенін көрді.

Бірақ біздің елде «ГЦ» бой­ын­ша үлкен мәсе­ле бар еді. Біз үшін бел­гілі дең­гей­де екін­ші Мек­ке деп сана­ла­тын Түр­кістан қала­сы бар бола­тын. Біздің халық үшін Түр­кістан мен Ары­стан-бабқа барып қай­ту деген қажы­лық жаса­у­мен бір­дей қаси­ет­ті ұғым еді. Әлбет­те, бұл дәстүр ара­б­тық топ­тар үшін өте ыңғай­сыз болды.

 

Біз сол діни мате­ри­ал­дар­ды қарап жүр­ген кез­де келесі бір сарын­дағы деректі фильм­дер шыға баста­ды. Ол фильм­дер­де Түр­кістан мен Ары­стан-бабқа барып жүр­ген­дер­ден сұқ­бат алып, олар­ды ақы­маққа балап, «Алла ғана береді ғой, мына­лар ештеңе бере алмай­ды» деген сияқты аят тәп­сір­лерін сіңіріп, бүкіл халы­қтық сана­ны жын­ды қыл­ды. Тұмар сату­шы­ларға барып, «өзін қорғай алмаған қасқыр­дың тыр­нағы сені қалай қорғай­ды?» деген сияқты сау­ал­дар қой­ып, әп-cәт­те бәрін ақы­маққа шыға­ра сал­ды. Басын­да өзі­міздің мол­да­лар мен имам­дар да қар­сы­ла­са­тын еді. Кей­ін­нен олар­дың өздері де мешіт­тер­де құдірет­ке табы­ну­шы­лы­ққа Ислам­да тый­ым салы­нға­нын айтып, әлгі топ­тар­дың сой­ы­лын соғып кет­ті. Дәл осы­лай жалғасқан медиа-жұмыстар­дың нәти­же­сін­де айнал­ды­рған 3–4 жыл­дың ішін­де тіл­дік және жер­лік үстем­дік­тері­міз­ден айы­ры­лған күйі біз ара­би топ­тар­дың тұза­ғы­на топ етіп түстік.

Осы­лай­ша, айнал­ды­рған 10 жыл­дың ішін­де локал­ды дәстүр­лі Ислам­ды ұстанған Түр­кістанға, басқа да қаси­ет­ті орын­дарға бара­тын, ата-баба­сы­нан медет сұрай­тын, әру­ақта­рын құр­мет­тей­тін ұлт­тан Түр­кістанға бар­мас, ата-баба­ла­ры медет бере алмас, әру­ақта­ры есті­мес халы­ққа айнал­дық. Сәй­кесін­ше, өзі­міздің локал­ды ерекшелік­тері­міз дін­нен алшақтаған соң, біз гло­бал-мұсыл­ман­ды­ққа жақын­да­дық та, олар­дың бар­лық про­бле­ма­ла­ры біздің де про­бле­маға айнал­ды. Соның әсері­нен көп­шілі­гі­міз осы­дан он жыл­дар алды­ңғы ата­ла­ры­мыз үшін нор­ма болған ұғым­дар­дәл қазір біз үшін «харам» нәр­се­лер сияқты әсер туды­рып кетті.

Қазір әру­ақтар жар бол­сын деп ойла­удың өзіне қорқа­мыз. Себебі «ширк» деген сөз­бен сана­мыз әлдеқа­шан шіріп кет­кен. Егер дәл осы қалып­та жалға­са берер бол­са, әле­умет­тік эффект пен діни аху­ал нашар­лай түсері һәм қаза­қтар­дың іші­нен тер­ро­ризм сала­сы­ның жұл­ды­зда­ры шыға­ры­на еш дау жоқ.

Уаха­б­тар асы­лып қал­са да айты­ңы­здар: «Түр­кістан – Қаза­қтың Мек­кесі! Жара­ту­шы мен қаза­қтар­дың бай­ла­ныс тілі – Қазақ тілі!» – деп. «Мына қиын кезең­де Жаратқан жар болып, әр қаза­ғы­ма Баба­лар рухы медет бер­гей! – деп, дұға етіп жүруді ұмытпаңыздар!

• Michael Sherimbek-тің ФБ-парақшасынан

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн