Суббота , 5 июля 2025

ПАРТИЯ ТАЛАБЫ: Қытаймен әріптестік ШАРТЫ ҚАНДАЙ?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №26 (390) от 5 июля 2017 г.

 

Мәлім­де­ме

 


 

Жал­пы­ұлт­тық соци­ал-демо­кра­ти­я­лық пар­ти­я­сы үкі­мет­тен ҚХР-дың Қаза­қстан­дағы инве­сти­ци­я­лық жоба­ла­ры­ның бар­лық шар­тта­ры халы­ққа жари­я­ла­нуын талап етті.

 

Өткен айда Қаза­қстан мен Қытай ара­сын­да құны 7 мил­ли­ард дол­лар­лық 22 инве­сти­ци­я­лық келісім­дер­ге қол қой­ыл­ды, деп атап көр­сетіл­ген осы орай­да пар­тия бас­пасөз­ге таратқан хабар­да. Жал­пы ел аумағын­да Қытай­дың инве­сти­ци­я­сы арқа­сын­да бар­лы­ғы 26 мил­ли­ард дол­ларға баға­ланған 51 кәсі­по­рын құру жөнін­де әңгі­ме жүріп жатыр. Біз осы Қаза­қстан-Қытай келісім­дерінің бұры­нғы­дай бей­мәлім жабық жағ­дай­да жаса­лы­нып, онда халы­қты алаң­да­та­тын сұрақтарға жау­ап­тың жоқ екенін ескерт­кі­міз келеді. Ең басты­сы – мұн­дай бір­жақты «эко­но­ми­ка­лық әріп­те­стік» елі­мізді қар­жы­лық тәу­ел­ділік­ке, жер, демо­гра­фия және сая­си өктем­дік пен экс­пан­си­яға душар етпей ме деген сұрақ.

Қаза­қстан­ның сыр­тқы боры­шы был­тыр 6,7 пай­ы­зға көбей­іп, 164 мил­ли­ард дол­лар­дан асып түс­кенін және бір қаза­қстан­ды­ққа шаққан­да 10 мың дол­ларға жетіп қалға­нын еске алсақ, көтеріліп оты­рған мәсе­ле бізді үнсіз отыр­мауға мәж­бүр ете­ді. Бұл рет­те аталған боры­штың ішін­де­гі мем­ле­кет­тік және мем­ле­кет­пен кепіл­ден­діріл­ген қары­здар­дың үде­мелі қарқы­н­мен өсіп, тиісін­ше 5,5 және 24,4 пай­ы­зға ұлғай­ға­нын және олар­дың ең алды­мен Қытай­дан қары­здар­ды алу есебі­нен екенін айта кету керек.

Ақыр аяғын­да, біздің үнде­уі­міздің себебі – әлі күн­ге дей­ін қаза­қстан­дық жер­ді шетел­дік заң­ды тұлға­ларға сату неме­се жал­гер­лік­ке беру мүм­кін­ді­гі­мен бай­ла­ны­сты қоғам­дық шие­леністік пен алаң­да­у­шы­лы­қтың азай­май­ты­ны – оның ішін­де ауыл шару­а­шы­лық мақ­сат­тағы жер­ге жеке мен­шік инсти­ту­ты­ның жойылмауы.

Бұл ара­да екі елдің тең құқы­лы ынты­мақ­та­сты­ғы тек екі халы­қтың бір-біріне, сон­дай-ақ олар­дың өздерінің өкі­мет­теріне деген толы­қтай сенім біл­діруі арқы­лы ғана дами ала­ды. Осы­ны негіз­ге ала оты­рып, біз Қаза­қстан бас­шы­лы­ғы­нан келесі сау­ал­дарға түбе­гей­лі жау­ап беруді сұраймыз:

ҚР-да қытай­лық капи­тал­мен жұмыс істеп жатқан 2800-ден астам кәсі­по­рын­ның эко­но­ми­ка­лық табыст­ы­лы­ғы, әле­умет­тік тиім­ділі­гі, эко­ло­ги­я­лық қауіп­сізді­гі тұрғы­сы­нан қыз­метінің баға­ла­уы қандай?

ҚР-да құры­лы­сқа болжа­на­тын бар­лық жаңа қытай­лық кәсі­по­рын­дар­дың жоға­ры­да аталған кри­те­рий­лер­ге жоға­ры дәре­же­де сәй­кес келуі үшін қан­дай шара­лар қарастырылуда?

Осы кәсі­по­рын­дар­ды құру ҚХР тара­пы­нан біздің елді мін­дет­тей­тін қан­дай іле­спе­лі шар­ттар­мен бай­ла­ны­сты­ры­лған? Жер­ді пай­да­ла­ну, еңбек мигра­ци­я­сы­ның тәр­тібі қан­дай бола­ды және эко­ло­ги­я­лық бақы­лау қалай­ша жүзе­ге асырылады?

Бұл кәсі­по­рын­дар­дың қыз­метінің сал­да­ры­нан Қаза­қстан­ның сыр­тқы боры­шы одан әрі қан­ша­лы­қты ұлға­юы мүм­кін, осы­ған арналған есеп-қисап­тар жасал­ды ма?

Біздің пар­ти­я­мыз бүгін­гі қаза­қстан­дық-қытай­лық эко­но­ми­ка­лық өза­ра әре­кет­те­судің және оның ары қарай дамуы тек қана оған бай­ла­ны­сты нәти­же­лер мен сал­дар­лар­ды айқын, адал және жау­ап­ты баға­лау арқы­лы іске асы­ры­луы керек екен­ді­гіне сенімді.

ЖСДП

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн