«Общественная позиция»
(проект «DAT» №7 (371) от 23 февраля 2017 г.
Апта аптығы
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ КЕЗЕКТІ ІІІ-ші КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ШЕШІМІ Алматы қаласы. 18.02.2017 жыл
«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасындағы Конституцияның 26-шы бабына енгізілмекші өзгертулердің қажеті жоқ деп санаймыз. Ол бап заң жобасынан мүлдем алынып тасталсын.
1. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңес орнына Конституциялық Сот құрылып, күнделікті орын алып жатқан Қазақстан Республикасы азаматының конституциялық құқық бұзу істерін 48 сағатта қаралу арқылы құқықтық сенім күшейтілсін.
2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-шы бабы 3-ші тармағы редакциясындағы «Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін» дегеннің орнына, жаңа редакцияда «Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар – оны өз ұрпағына аманат ретінде қалдырған Қазақ халқының қалауымен мемлекет меншігінде болады. Жерді пайдалану құқығы ауыл шаруасы, қожалыққа, кооперативке, әлеуметтік тұрғын кешеніне, Отандық тауарды өндіріуші кәсіпорындарға беріледі» деп өзгертілсін.
3. Қазақстан Республикасы Конституциясының 7-ші бабы 2-ші тармағы пайдаланудан алынып тасталсын.
Шешім конференцияда бірауыздан қабылданды. Ол бұқаралық ақпарат құралда жарияланған күні Заңды күшіне енеді. Шешімді атқару Патриоттық қозғалыс «Желтоқсан ақиқаты» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Басқарушы Кеңес төрағасы Болат Құрымбаевқа жүктеледі.
Жеңісбек САБРАЙЫМ
Патриоттық қозғалыс «Желтоқсан ақиқаты»
Республикалық қоғамдық бірлестігінің
ІІІ-ші конференциясы төрағасы