Пятница , 4 июля 2025

Полиция зейнеткері ӨЗ ПОЛИЦИЯСЫННЕГЕ СОТҚА БЕРДІ?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №34 (398) от 21 сен­тяб­ря 2017 г.

 

Хат арқа­уы – заңсыздық


 

Ұзақ жыл­дар ішкі істер орга­нын­да әртүр­лі қыз­мет­те болып, зей­нет­кер­лік­ке шықтым. Бірақ әріп­те­стерім­нің бүгін­гі күні маған жасаған әре­кет­теріне қар­ным аша­ды. О заман да, бұл заман, бұры­нғы поли­ция қыз­мет­кері бүгін­гі поли­ци­я­ның үсті­нен арыз түсір­ген­ді кім көріпті?!

 

Түсінік­ті болу үшін әңгі­мем­ді тарқа­тып айтайын:

Алма­ты облы­сы, Іле ауда­ны, Жаңа­дәуір ауы­лы­ның тұрғын­да­ры, ерлі-зай­ып­ты Е. Иса­ев пен С. Бәу­еден және «АТФ Бан­кінің» заң­ды тұлға­ла­ры мен «APPRAISER» тәу­ел­сіз баға­лау ком­па­ни­я­сы­ның жау­ап­ты қыз­мет­кер­лері 2012 жылы қара­ша айын­да алдын ала сөз бай­ла­сып, астыр­тын ымы­раға келіп, қыл­мыстық топ құрып, маған еле­улі түр­де зиян кел­тіріл­ген­ді­гі жай­лы Іле аудан­дық про­ку­ро­ры­ның аты­на ары­зданған болатынмын.

Мен 2006 жылы мау­сым айын­да аза­мат­ша С.Бәуеденнің мен­ші­гін­де болған 13,58 сот­тық жер телі­мінің 7 сот­ты­ғын 7000 АҚШ дол­ла­ры­на сатып алған бола­ты­н­мын. Сөй­тіп, сату­шы жақтың келісі­мі­мен сатып алған жері­ме сол жылы кар­ка­стан үш бөл­мелі тұрғын үй салып алдым. Сол кез­ден бері отба­сым­мен сол үйде тұрып келе­мін. Келісім бой­ын­ша, сату­шы тарап жер­дің құжат­та­рын өздері заң­да­сты­рып беретін болған.

Олар сол жыл­да­ры жер­ке­пе­де тұра­тын. Келесі, яғни 2007 жылы менен алған ақшаға жер­ке­пе­нің үстіне екі бөл­мелі үйді сплин­тер блок­пен тұрғы­зып алды.

Жер­дің құжат­та­рын зан­да­сты­ру жағын әне-міне деп, кей­ін­ге шегін­ді­ре бер­ді. Сөй­тіп жүріп, 2009 жыл­дың мамыр айын­да маған сатқан жер телім­ді (өз атын­да болға­нын пай­да­ла­нып) өздерінің жер­леріне қосып, «АТФ Бан­кі­ге» кепіл­дік­ке қой­ып, С. Бәу­еден ірі мөл­шер­де неси­е­ге ақша алған.

Бұл жағ­дай­ға бай­ла­ны­сты қажет­ті құжат­тар­ды «АТФ Бан­кінің» несие бөлі­мінің және «APPRAISER» тәу­ел­сіз баға­лау ком­па­ни­я­сы­ның орын­да­у­шы қыз­мет­кер­лері­мен келі­се оты­рып, жалған құжат жасаған. Менің құқым­ды қорғай­ды деп сенім артқан өз әріп­те­стерім көр­ген қия­на­ты­ма қия­нат қосып, төрт жыл­дан аса уақыт­тан бері заң­ды шешім қабыл­дай алмай, жүй­кем­ді әбден тозды­рып, керісін­ше, маған қор­лық көр­сетіп келеді.

Осы жағ­дай­ға бай­ла­ны­сты Іле аудан­дық ІІБ-нің аға тер­ге­ушісі Ж. Смай­лов 2012 жылы қара­ша айын­да жазы­лған ары­здың тек­се­ру мерзі­мін созба­лаңға салып, үш айдан аса уақыт өткен соң, ҚР Қыл­мыстық кодексінің 177‑б. 2‑бабының «а» тар­мағы бой­ын­ша қыл­мыстық іс қозғады.

Қыл­мыстық іс қозғалған­нан кей­ін де тер­ге­уші қыз­мет­тік әре­кет­сіздік таны­тып, екі жылға жуық уақыт негіз­сіз созып, сол уақыт­тың ішін­де бар-жоғы алты-ақ тер­геу ама­лын жүр­гізіп, 2015 жылы қаңтар айын­да қыл­мыстық істі өндірі­стен қысқарт­ты. Іле ауда­ны­ның про­ку­ра­ту­ра­сы­ның құзы­ры­мен бұл шешім­нің күші жой­ы­лып, қыл­мыстық іс қай­та тер­ге­у­ге қай­та­рыл­ды. Осы қыл­мыстық істің осын­дай дең­гей­де жүруіне бай­ла­ны­сты 2015 жыл­дың тамыз айын­да Алма­ты облы­стық ішкі істер депар­та­мен­тінің басты­ғы гене­рал М. Үрім­ха­нов мыр­за­ның қабыл­да­уын­да болға­ным­нан не пай­да, одан кей­ін де ешқан­дай нәти­желі өзгеріс болған жоқ.

Бұл қыл­мыстық істің осын­ша­ма уақыт негіз­сіз созы­луы­на бай­ла­ны­сты Іле ауда­ны­ның про­ку­ро­ры М. Сар­пе­ков аға тер­ге­уші Ж.Смайловтың үсті­нен үш рет тәр­тіп­тік іс қозға­са, ал Алма­ты облы­сы­ның про­ку­ро­ры Ғ. Мира­зов мыр­за бір рет тәр­тіп­тік іс қозғаған.

Соны­мен қатар облы­стық ішкі істер депар­та­мен­ті, облы­стық про­ку­ра­ту­ра, Ішкі істер мини­стр­лі­гінің Тер­геу коми­теті мен Бас про­ку­ра­ту­ра тара­пы­нан да бір­не­ше рет нұсқа­у­лар мен тап­сыр­ма­лар болған. Олар­дың біре­уі де орын­далған емес. Керісін­ше, аға тер­ге­уші Ж.Смайлов қатаң тәр­тіп­тік жаза­ға тар­ты­лу­дың орны­на, керісін­ше, Іле аудан­дық ІІБ-ің тер­геу бөлі­мінің басты­ғы қыз­метіне көтеріл­ген. Бұл жағ­дай­ға не деу­ге бола­ды? Осы­ны көріп-біліп оты­рған басқа тер­ге­ушілер­ден кан­дай қыз­мет­тік тәр­тіп­ті талап ету­ге болады?

Мен 2017 жылы қаңтар айын­да Алма­ты облы­сы­ның про­ку­ро­ры Ғ.Миразов мыр­за­ның қабыл­да­уын­да бол­дым, ақпан айын­дағы маған бер­ген жаз­ба­ша жау­а­бын­да осы қыл­мыстық істің тер­ге­луі бақы­ла­уда бола­тын­ды­ғын айтып көр­сет­кен. Облыс про­ку­ро­ры­ның осы жау­а­бы­нан кей­ін тура сегіз күн өткен соң, Іле аудан­дық ІІБ-на Пан­фи­лов аудан­дық ішкі істер басқар­ма­сы­нан кел­ген Е.Баймұхамбетов деген тер­ге­уші бұрын-соң­ды бұл қыл­мыстық іске еш қаты­сы бол­ма­са да, бір­де-бір тер­геу амал­да­рын жүр­гіз­бес­тен, қыл­мыстық істі өндірі­стен қысқар­ту жай­лы шешім қабылдаған.

Сон­да Іле аудан­дық ІІБ-на осы шешім­ді қабыл­дай­тын тер­ге­уші табыл­май қалға­ны ма? Жоқ әлде осы жағ­дай­ға бай­ла­ны­сты осы тер­ге­уші арнайы шақыр­ты­лған ба? Олай дей­тін себебім – 2015 жылы қаңтар айын­да бұл қыл­мыстық істі Ж.Смайлов қысқар­тқан кез­де аудан про­ку­ро­ры М.Сарпеков тер­ге­ушінің ол шеші­мін бұзып, істі қай­та тер­ге­у­ге қай­тарған бола­тын. Қыл­мыстық іс дәл сол қал­пын­да қай­та­дан өндірі­стен қысқар­ты­лған бол­са да, аудан про­ку­ро­ры М.Сарпеков ісса­пар­мен уақыт­ша кел­ген тер­ге­ушінің қабыл­даған осы шеші­міне қалай­ша келісі­мін бере қой­ған­ды­ғы түсініксіз. Содан кей­ін аудан про­ку­ро­ры М.Сарпеков маған бер­ген жау­а­бын­да: «Дау болған жер өзіңіз­ге қай­та­ры­лған, сіз­ге ешқан­дай мүлік­тік залал кел­тіріл­ме­ген», деп көр­сет­кен. Сон­да бұл кісі осы қыл­мыстық іс 2013 жылы қозғалған­да және 2015 жылы қысқар­ты­лған шешім­ді өзі бұзып, кері қай­та тер­ге­у­ге қай­тарған­да қай­да қараған? Осы жағ­дай­ға бай­ла­ны­сты 2017 жылы сәуір­дің 3‑інде жаңа­дан кел­ген Алма­ты облы­сы­ның про­ку­ро­ры А.Жылқыбаев мыр­за­ның қабыл­да­уын­да бол­дым. Ол кісі менің көзім­ше про­ку­ра­ту­ра қыз­мет­кері Ж.Сүлейменовке қыл­мыстық істі мұрағат­тан алды­рып, қай­та тер­ге­у­ге қай­та­руын тап­сы­рған бола­тын. Өкініш­ке қарай, ол кісінің тап­сыр­ма­сы да орын­дал­ма­ды. Осы­дан кей­ін мен өз құқым­ды пай­да­ла­на оты­рып, ҚР Қыл­мыстық іс жүр­гі­зу кодексінің 106-бабы негізін­де Іле ауда­ны­ның соты­на шағым­дан­дым. Биы­лғы жылы шіл­де айы­ның 9‑ында Іле ауда­ны­ның соты тер­ге­уші қабыл­даған шешім­нің күшін жой­ып, қыл­мыстық істі қай­та тер­ге­у­ге қай­тар­ды. Бұл қыл­мыстық іс бүгін­гі таң­да Іле ауда­нын­дағы тер­ге­уші Қ.Алтынбековтің өндірісін­де. Алма­ты облы­сы ІІД‑і басты­ғы­ның N 744-бұй­ры­ғы­мен 2016 жылы қаңтар­дың 19-ында Іле аудан­дық ішкі істер басқар­ма­сы­ның тер­геу бөлі­мінің басты­ғы Ж.Смайлов қыз­меті­нен боса­ты­лған. Сөй­тіп, төрт айдай уақыт бос жүріп, 2017 жылы сәуір­дің 20-ында Алма­ты облы­сы ІІБ-ның бұй­ры­ғы­мен Талғар ауда­ны­на аға тер­ге­уші қыз­метіне қай­та­дан тағай­ын­далған. Сон­да Ж.Смайлов аса құн­ды кадр болға­ны ма?

Осы қыл­мыстық істің қозға­луы­на негіз болған ары­здың жазы­лған уақы­ты­нан бастап есеп­те­сем, 4 жыл 9 айдан асып­ты. Ал осы қыл­мыстық істің соңғы рет қай­та тер­ге­у­ге қай­та­ры­лға­ны­на үш айдан аса уақыт өтсе де, әлі орны­нан қозға­лар емес. Заң­ды­лы­қтың сақта­луын қадаға­лап, бақы­лап оты­ра­тын Іле ауда­ны­ның про­ку­ра­ту­ра­сы, аудан­дық ІІБ-ның тер­геу қыз­метінің заң­ды­лы­қты өрес­кел бұзу фак­тілеріне көз жұма қарап, дәр­мен­сіздік таны­тып, ақыр соңын­да солар­дың жете­гін­де кетіп, заң­сыз іс-әре­кет­терін қол­дап оты­рған­да, осы қыл­мыстық іс сотқа жетуі мүм­кін емес деп есептеймін.

Сон­ды­қтан Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Аза­мат­тық кодексінің 951, 952-бап­та­ры­ның 1‑бөлімі негізін­де, Алма­ты облы­сы Іле аудан­дық ішкі істер басқар­ма­сын жау­ап­кер ретін­де танып, маған кел­тіріл­ген мораль­дық залал ретін­де 10 000 000 (он мил­ли­он) тең­ге өте­мақы ретін­де өндіріп беру жөнін­де сотқа арыз түсір­дім. Алдағы уақыт­та әріп­те­стері­ме сабақ бол­сын деп осын­дай қада­мға бардым!

 

Қаз­бек ЕРТАЕВ,

ҚР Ішкі істер мини­стр­лі­гінің зейнеткері

 

 

ОҚО ПРОКУРОРЫ өзге­лер­ден артық па?

 

Бүгін­де аяқ бас­саң, заң­сызды­ққа тап бола­ты­ның, аза­мат­тар­дың мың­даған арыз-өтіні­ш­теріне «отпис­ка» жау­ап беру, қыл­мыстық істер­ге бай­ла­ны­сты тер­геу сапа­сы­ның сын көтер­мей­тін­ді­гі, құқық қорғау сала­сы­ны­ның қыз­мет­кер­лері тара­пы­нан жеке басы­ның мүд­десі үшін қыз­мет бабын асы­ра пай­да­ла­нуы сияқты жат әре­кет­тер етек алып бара­ды. Осы орай­да про­ку­рор­лар халы­қтың құқы мен бостан­ды­ғын заң тұрғы­сы­нан қан­ша­лы­қты қорғауда?

 

Тура­сын айту керек, «көр­мес – түй­ені де көр­мес» демек­ші, заң талап­та­ры­ның орын­да­луын қадаға­ла­уы тиісті про­ку­рор­лар ойы­на кел­ген­дерін істей­ді. Аудан­дық, облы­стық про­ку­рор­лар­дың кей­бір шек­тен тыс заң­сыз әре­кет­теріне ҚР Бас про­ку­ра­ту­ра­сы тиісті баға беру­ге құлықсыз.

Сөзі­ме дәлел ретін­де нақты бір-екі мысал­ды кел­ті­ре кетей­ін. Осы­дан бір­не­ше жыл бұрын Мақта­арал ауда­ны про­ку­ро­ры­ның көмек­шісі өзінің авто­көлі­гі­мен күн­діз бір жасөс­пірім­ді қағып кетіп, оқиға болған жер­де бала мерт бола­ды. Осы адам өлі­міне бай­ла­ны­сты ОҚО про­ку­ра­ту­ра­сы қыл­мыстық іс қозғап, аудан про­ку­ро­ры­ның тәр­тіп­тік жау­ап­кер­шілі­гін қара­удың орны­на адам өлі­міне себеп­ші болған про­ку­рор­ды Созақ ауда­ны­на ауы­сты­ру­мен тын­ды. Ең бол­маған­да, про­ку­рор­дың көмек­шісіне тәр­тіп­тік шара да қол­да­ныл­ма­ды. Сон­да қалай болға­ны: заң бәріне ортақ дегені­міз қай­да? Қыл­мысқа жол бер­ген про­ку­рор­дың мәсе­лесі неге наза­рдан тыс қалады?

Егер де осын­дай уақиға­ны басқа қара­пай­ым адам жасаған­да, оны жүр­гі­зу­шілік куәлі­гі­нен кем деген­де 2 жылға айы­рып, бел­гілі бір мерзім­ге бас бостан­ды­ға­нан айы­рған болар еді. Шын­дап кел­ген­де, қоғам алдын­да әсіре­се про­ку­ра­ту­ра қыз­мет­кер­лерінің жау­ап­кер­шілі­гі қара­пай­ым адам­мен салы­сты­рған­да әлдеқай­да жоға­ры болуы керек емес пе?

Бір таңқа­лар­лы­ғы, осы тек­тес қыл­мыс жасаған басқа облы­стың про­ку­ра­ту­ра қыз­мет­кер­лері сот­тал­ма­са да, қыз­мет­тері­нен кетіп жата­ды. Ал ОҚО-да ондай бол­май­ды. Неге? Бұған ҚР Бас про­ку­ра­ту­ра­сы не деп жау­ап берер екен?

Еркін КЕРІМБАЙҰЛЫ,

еңбек арда­гері,

Шым­кент қаласы

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн