Суббота , 5 июля 2025

ПОСТМОДЕРНИЗМ УАҚЫТЫ: МӘДЕНИЕТ, ӨНЕР, ТАЛҒАМ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №25 (389) от 29 июня 2017 г.

 

Пай­ым патшалығы

 


 

 

Посмо­дер­низм бе, әлде пост­мо­дерн бе?

Бұл фило­со­фи­я­лық сау­ал­дарға жау­ап беру мақ­са­тын­да әуелі тер­мин­дері­мізді аны­қтап, кате­го­ри­я­ла­ры­мы­зды рет­теп алай­ық. Содан кей­ін дефи­ни­ци­я­ла­ры­мы­зды бекітіп, ғылы­ми-кате­го­ри­я­лық аппа­рат жүй­есін қалып­та­сты­ра­мыз, жал­пы­ға ортақ ойлау тәр­тібін орна­та­мыз, ұғым-түсінік­тер­дің өмір сүру ере­же­сін жария етеміз.

Пост­мо­дер­низм дегені­міз – біз өмір сүріп оты­рған ЗАМАН.

Пост­мо­дерн – сол біз өмір сүріп оты­рған ЗАМАННЫҢ МӘДЕНИЕТІ.

Яғни, пост­мо­дер­низм – көз алды­мы­здағы қоғам­ның кес­кін-кел­беті, Ниц­ше айтып, Энгельс қостаған мета­фо­ра тәрізді, көше кезіп жүр­ген уақыт­тың сана­мы­зда қалып­тасқан обра­зы, енші­міз­де­гі мез­гіл, осы шақ, басы­мы­здағы тұр­мыс, жағ­дай, дәу­рен, ой-сана­мыз қабыл­даған модуль, былай­ша айтқан­да, кезең көрінісі, дәуірі­міздің кей­пі. Ал пост­мо­дерн – сол қалып­тасқан образ­дың мәде­ни­еті, өнері, қан­дай фор­ма­да, қалай өмір сүретіндігі.

Жал­пы, фран­цуз фило­соф­та­ры Мишель Фуко, Жак Дер­ри­да, Жан Бодрий­ар пост­ин­ду­стри­ал­дық өрке­ни­ет тұрғын­да­ры сана­сын қорқы­ныш пен маза­сыздық билеп-төстей­тіні тура­лы жаза­ды. Пост­мо­дер­нист ойшыл­дар пост­ин­ду­стри­ал­дық заман­да, қоғам­да төрт нәр­се үстем­дік құра­ты­нын алға тар­тып отыр:

Бірін­шісі, АГНОСТИЦИЗМ. Ақиқат – линг­ви­сти­ка туындысы, сөз­де ғана өмір сүретін құбы­лыс; білім кеңісті­гі – тіл­дің ойын алаңы, ақиқат­та­ры­мыз – жал­пы, интел­лек­ту­ал­дар бекітіп, қоғам қабыл­даған көзқа­рас, түй­ін, толғам, ешқан­дай да бол­мыстың не өмір­дің бей­несі емес.

Екін­шісі, ПРАГМАТИЗМ. Интел­лект бел­гісі – табыс, ал табыст­ың қазір­гі капи­та­ли­стік қоғам­дағы көрінісі – бай­лық, дәулет.

Үшін­шісі, ЭКЛЕКТИЗМ. Ақиқатқа емес, табысқа ұмты­лыс, бұл жол­да – жеке­ле­ген неме­се ара­лас-құра­лас күй­ін­де – бар­лық айла-амал, іс-әре­кет, құлық-сұм­дық, әдіс-тәсіл қол­да­ны­ла­ды, сон­ды­қтан дүниенің бей­несі, көрінісі – кол­лаж, мұра­жай коллекциясы.

Төр­тін­шісі, АНОРХО-ДЕМОКРАТИЗМ. Ақиқат­тың жоқты­ғы, ақиқатқа жете алмау, әлем­де ақиқат тура­лы бұл­дыр түсінік­тің қалып­та­суы түр­лі ұйым­дар­ды (мем­ле­кет­ті де) тұлға­лар­ды езіп-жан­ши­тын қия­нат­шыл күш­ке айналдыруы.

Модерн­нің гума­низм иде­ал­да­ры­на сенім артқан опти­ми­стік сары­ны бар еді. Ол антро­по­цен­тризм­ге де, раци­о­на­лизм­ге де, ғылы­мға да сен­ді. Иосиф Брод­ский тама­ша бір эссесін­де: «Модер­низм тек логи­ка­лық сал­дар, клас­си­ка­ның нығы­здалған ықшам түрі» – деген ой айтқан еді.

Сон­ды­қтан ақпа­рат­тық қоғам дегені­міз – пост­мо­дер­ни­стік қоғам­ның нұсқа­ланған бір вари­а­ци­я­сы. Бүгін­гі мәде­ни­ет­ке бұқа­ра­лық ақпа­рат құрал­да­ры қат­ты әсер ететіні жөнін­де кезін­де пікір айтып, атал­мыш маңы­зды тақы­ры­пқа бір­не­ше рет қалам тарт­тық, тіп­ті БАҚ мәде­ни­ет­тің модуста­рын қалып­та­сты­ра­ты­ны тура­лы да мәсе­ле көтеріл­ді. Қазір­гі заман­да өске­лең ұрпақ поп-жұл­ды­здар­ды өне­ге тұта­ты­ны рас, елік­тей­ді, солы­қтай­ды, өнер­паз қауым, теле-тұлға­лар жүріп-тұру­дың үлгісіне айна­ла­ды, арти­стер­дің мой­нын­да осын­дай үлкен әле­умет­тік жау­ап­кер­шілік, ауыр жүк бар…

Пост­мо­дер­ни­стік кезең­де мәде­ни­ет, өнер және әде­би­ет эст­ра­да­лық сипат ала­ды. Таным қабілетіне шәк кел­тір­ген ізденістер өнер­дің шын мұра­ты­нан пай­да көр­мей, тез ара­да табысқа қол жет­кі­зе ала­тын жай­дар­ман түр­леріне ауысады.

Әнге сөз жаза­тын қалам­гер нағыз шай­ыр­дан гөрі, әлдеқай­да ақы­ны­рақ көрі­неді. Негіз бар, өлше­мі де анық, ол – табыс.

Бүгін­гі халық шығар­ма­шы­лы­қта жүр­ген қай­рат­кер­ді сіңір­ген еңбе­гіне қарай емес, көп­шілік таны­ған табысы­на қарай, яғни бір­не­ше кри­те­рий неме­се еңбек­тің өзі емес, еңбек­тің нәти­же­сі бой­ын­ша бағалайды.

Менің ойым­ша, қазір­гі қоғам­да қалып­тасқан пост­мо­дер­ни­стік табыс түрлері:

1. Таны­мал­ды­лық;

2. Бай­лық;

3. Ықпал­ды топ­тар­мен таныстығы;

4. Жоға­ры оқу орнын бітір­ген­ді­гі жөнін­де бір емес, бір­не­ше дипло­мға ие болуы;

5. Жоға­ры қызмет;

6. Топқа кіру;

7. Епті парақор­лық неме­се кор­руп­ци­я­лық жетістік;

8. Ұлт мұра­ты мен топ­тық мүд­де диа­лек­ти­ка­сын мең­ге­ру: жари­я­лы­лық пен құпиялылық.

Пост­мо­дер­низм – ғалам­заттық құбы­лыс, циви­ли­за­ция дамуын­дағы бел­гілі бір кезең. Ол Баты­сқа ғана тән емес. Адам­за­тқа – бір, өрке­ни­ет­тер­ге тең дүние. Соны­мен қатар пост­мо­дер­низмді құбы­жы­ққа айнал­ды­ру­дың да қажеті жоқ, бір басы­на бүкіл жақ­сы-жаман­ды үйіп-төгудің де кере­гі шама­лы. Біздің мақ­са­ты­мыз – мәнін ашып, шын­ды­ққа жету, сәті түсіп, жолы­мыз бол­са, ақиқа­тын тану.

Посмо­дер­низм деген тұтас бір құбы­лыс жоқ. Ол тура­лы түсінік – әртүр­лі циви­ли­за­ци­я­лық көрінісі­нен, қоғам­дағы бел­гілері­нен жинақталған қаси­ет­тер жиын­ты­ғы, оқшау кате­го­рия, жеке мән, ескі де жаңа маз­мұн, содан біз қол­да­нып жүр­ген жал­пы ұғым қалыптасқан.

Менің ойым­ша, өнер тарихы дегені­міз – стиль неме­се стиль­дер­дің тарихы. Әде­би­ет – машық био­гра­фи­я­сы. Кине­ма­то­гра­фия – бей­не­леу тілінің ғұмырнамасы.

Әде­би­ет­те­гі пост­мо­дерн дегені­міз не?

Тегін­де өнер­де­гі посмо­дерн стиль­ді біл­дір­мей­ді. Пост­мо­дерн – стиль емес, кино тіліне жат­пай­ды, қой­ы­лым фор­ма­сы­на келмейді.

Пост­мо­дерн – мәде­ни­ет, өнер­де­гі қалып­тасқан ситу­а­ция. Басы­мы­зға туған күн неме­се қонған бақ.

Модерн стиль бол­ды. Көп стиль, бірақ ортақ бел­гілері бар стиль. Дүниені қай­та жаңғыр­туға, ойды, құбы­лы­сты қай­та түсін­діру­ге ұмты­лған стиль: Уильям Фолк­нер, Эрнест Хемин­гу­эй, Джеймс Джойс, Гер­тру­да Стайн, Мар­сель Пруст, Франц Кафка…

Ертең­ге асы­ққан, ізденістері сөздің жаңа мүм­кін­дік­терін көр­ген, жаңа қабілетін ашқан, қысқа да жазған, ұзақ та тер­бе­ген стильдер.

Ал пост­мо­дерн – стиль­дің өзі емес, стиль­дер­дің ара­ла­суы. Бір шығар­ма­да бір­не­ше жазу тәсілі көрініс табуы мүм­кін. Тіп­ті қалам­гер рома­ны­на басқа жазу­шы не ойшыл­дың мәтін­дерін енгі­зуі де мүм­кін. Енгіз­бе­уі де мүм­кін. Демо­кра­тия. Қатаң тәр­тіп жоқ.

Бастан-аяқ өзі жазып шыққан туын­ды нелік­тен пост­мо­дерн болады?

Жазу тәсілі түр­лі, не тақы­ры­бы қал­жың, епті бокс­шы тәрізді біре­се солға шыға­ды, біре­се жыл­дам секіріп билеп, оң жақтан көрі­неді. Вир­ту­оз. Интел­лек­ту­ал. Эрудит.

Кітап­тың соңын жыр­лаған ақы­рғы алып­тар. Гигант­тар­дың құлауы.

Тарих та біт­ті. Өнер де сол­ды. Әде­би­ет те ақы­ры­на кел­ді. Сөз тау­сыл­ды, ой сарқыл­ды. Бір қарағанда.

Бірақ үміт бар.

Оқыр­ман­дар­дың ора­луын күтіп жүрміз.

Бұрын кітап­ты ақиқат­ты таба­мын деп оқи­тын еді, қазір кітап­тан баю­дың жол­да­рын іздейді.

Бірақ талғам өзгер­ген емес.

Талғам­ның көрінісі – стиль.

Мода – стиль­дің сал­та­на­ты. Сән­де уай­ым-қай­ғы бол­май­ды. Стиль қашан да сал­та­нат­ты. Асқақ.

Стиль­дің Ота­ны – талғам.

Талғам­да жағра­фи­я­лық шека­ра жоқ. Әде­мілік бір-ақ модуста өмір сүреді. Мәде­ни талғам Оңтүстік­те бір басқа, Сол­түстік­те бір басқа емес. Шығы­стық не Баты­стық деп бөлін­бей­ді. Ғалам­дық аяда адам­зат мәде­ни­ет­тері түр­лі нұсқа­ларға бөлі­неді, бірақ талғам­ның қай орта, қан­дай қоғам бол­ма­сын, тала­бы бір, ол талап – өмір­де­гі құбы­лы­стар­ды, фило­со­фи­я­лық-мета­фи­зи­ка­лық ойды көр­кем­дік шын­ды­ққа айнал­ды­рған­да, үйлесім­ділік пен үндестік­ті – ең қысқа, ең ықшам, ең төте – жол­мен неме­се көрініс, әлде бел­гі арқы­лы бей­не­леп жет­кі­зе білу.

Яғни, көр­кем шығар­маңыз арқы­лы бел­гілі бір түй­ген ойды не қалып­тасқан атмо­сфе­ра­ны жұр­тқа жет­кіз­ген­де, тіл қатқан туын­ды­ңыз ашпақ сырын неғұр­лым аз ашса, онда жаны­ңыз өнер­ден соғұр­лым көп рақат кешеді, көңіліңіз қанағат таба­ды, талға­мы­ңыз да жоға­ры болады.

Жақ­сы талғам – көр­кем­дік тұрғы­дан үйлесі­мін тапқан, артық-кемі жоқ, фаль­ш­тен таза, пафо­стан ары­лған дүние.

Біз Баты­стың не Шығы­стың үздік про­за­сын қолы­мы­зға алған­да, жазу тәсіліне елтіп, жақ­сы стиль­ден қуа­нып отырамыз.

Талғам үшін талас­пай­ды деген аса бір кең тараған, аса бір асқақ айты­лған қанат­ты сөз бар, жаң­сақ түсінік, теріс мәтел, талғам үшін талас­пақ түгілі, тар­ты­су керек, тіп­ті күре­су де қажет бола­ды. Біз қоғам­да жақ­сы талғам үшін күре­се біл­гені­міз жөн, күресі­міздің түрі – жақ­сы бала­ма жасап, жұрт наза­ры­на ұсыну.

Дидар АМАНТАЙ

 

 

 

Айт­пақ­шы

 

Түн­гі сту­ди­я­ның» бене­фисін­де қар­тай­са да, қай­ра­ты бекем қунақ шал пост­мо­дерн көп­шілік­тің көңілін қал­дыр­май, билеп те беретін еді, әттең, елге жолы түс­пей тұр… Бірақ модерн­нің қадіріне жет­пе­ген қазақ пост­мо­дерн кел­меді деп қай­ғы­рып та жүр­ген жоқ, қазақ әде­би­еті модерн­сіз де күн көр­ген, ештеңе етпейді.

Ең басты­сы, мыл­жы­ң­дар кет­пе­сін деңіз, әсіре­се көке мыл­жы­ң­дар құры­ма­сын деп тілек айты­ңыз, дұға оқы­ңыз. Қазір бәрі мыл­жың: тама­да мыл­жың жер­де – той да мыл­жың, сөзі көп жер­де – ой да мыл­жың, өздеріне айт­саң, халқы­ма ұнай­ды деп сызы­лып қарап тұрады…

Демек, ш(о)у тоқта­май­ды, Шу деп тебініп, шула­тып жүре бересіз.

Келесі стан­ция – Шу!

 

Гла­мур – жалған образ. Бүгін­де жеке адам түгілі, қоғам жап­пай гла­мур­ла­нып жатыр. Жалған әсер үшін күрес сұлулық салон­да­ры­на деген сұра­ны­сты күшейтті.

Гла­мур бей­не­лер­дің өмір сүру уақы­ты – бір той­дың мез­гілі. Бір той – бай­лы­қтың да, бақыт­тың да өлше­мі. Яғни, бір той дегені­міз – өлшем бір­лі­гі. Бір қым­бат гла­мур кей­де бес той­дың құны­на жетеді.

Гла­мур­дың баға­сы әсер­ден қалып­та­са­ды. Той­шыл қауы­мға әсері күшей­ген сай­ын образ­дың құны да, қадірі де артады.

Дидар Аман­тай­дың ФБ-парақшасынан

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн