Суббота , 5 июля 2025

ПРЕМЬЕРБАЙҒҰС, ХАЛЫҚБЕЙШАРА

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №37 (401) от 12 октяб­ря 2017 г.

 

Апта апты­ғы


 

Енді­гі теле­жаңа­лы­қтар арқы­лы бел­гілі болған­дай, кеше Қаза­қстан пре­зи­ден­ті ҚР энер­ге­ти­ка мини­стрі Қанат Бозым­ба­евқа өзіне жүк­тел­ген мін­дет­терін дұрыс орын­да­маға­ны үшін сөгіс жари­я­ла­ды, деп хабар­ла­ды мем­ле­кет бас­шы­сы­ның бас­пасөз қызметінен.

 

«Мем­ле­кет бас­шы­сы­ның өкі­мі­мен Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы пре­мьер-мини­стрінің ұсы­ны­мы негізін­де жанар-жағар­май мате­ри­ал­да­ры­ның ішкі нары­ғы­на тиісті бақы­ла­уды қам­та­ма­сыз етпеу түрін­де көрініс тапқан жүк­тел­ген мін­дет­тер­ді тиісін­ше орын­да­маға­ны үшін Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның энер­ге­ти­ка мини­стрі Қанат Алдаб­ер­генұ­лы Бозым­ба­евқа сөгіс жари­я­лан­ды», – делін­ген сәр­сен­бі­де Ақор­да сай­тын­да жари­я­ланған хабарда.

Өз кезе­гін­де Қ.Бозымбаев елде орын алған бен­зин тап­шы­лы­ғы үшін қаза­қстан­ды­қтар­дан кешірім сұрап­ты. Енді осы­мен «бен­зин дағ­да­ры­сы» сап тый­ы­ла ма? Әрине, қазір нары­қта пай­да болған тап­шы­лы­қты бүр­кеп-қым­та­уға бола­ды, бірақ мәсе­ле түбірі­мен шешіліп кет­пе­сі анық.

Себебі бақан­дай пре­мьер-министр өз үкі­метінің бір мүше­сіне сөгіс беру­ге қауһа­ры кел­ме­се, бұл Каби­нет ел эко­но­ми­ка­сын қарық қыла­ры­на күдік мол. Оған бола Сағын­та­ев­ты сыбап таста­удың реті жоқ – билік­тің сая­си иерар­хи­я­сы солай құры­лған: пре­мьер-министр – пре­зи­дент аппа­ра­ты­ның эко­но­ми­ка­лық бөлі­мі сияқты құзыр­дан аспаған.

Осы орай­да әле­умет­тік желі­де бел­гілі маңғы­ста­улық бло­гер Қуа­ныш Еділ­хан­те­гі мына­дай жаз­ба қал­ды­рып­ты: «Пре­мьер-министр қара­мағын­дағы мини­стр­лер­ге сөгіс те бере алмай­ды екен ғой… Ойбү-ү‑й бай­ғұс-ай, обал-ақ екен!..».

Иә, оба­лы бір Сағын­та­ев­пен шек­тел­се, арман бар ма? Бұл обал­дың зардаб­ын қалың халық тар­тып оты­рға­ны көп­ке аян. Пре­мьер бай­ғұс болған­да, халық – бей­ша­ра болға­ны да…

Ермұрат БАПИ

 

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн