Суббота , 12 июля 2025

Президенттен пәрмен күтем МӘДИНА ТУРАЛЫ КІТАП жазғаным үшін қудалауға түстім

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №11 (282) от 19 мар­та 2015 г.

 

 Редак­ци­яға хат

 

Өзінің бас­па­на мәсе­лесін шеше алмай, жер­гілік­ті құзыр­лы орын­дарға сөзін жет­кі­зе алмаған аты­ра­улық тұрғын мұң-зарын айтып, ҚР пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­евқа жазған хаты­ның көшір­месін біздің газет­ке де жол­даған екен. Бәл­кім, сай­лау науқа­ны­мен жүр­ген ел пре­зи­ден­ті мүге­дек мұңлы­қтың мәсе­лесін сай­лау науқа­ны­мен қабат­та­сты­рып, шешіп берер деген үміт бар.

 

Мен, үшін­ші топ­тағы мүге­дек Рау­ан Тұрған­тай, ҚР «Тұрғын үй қаты­на­ста­ры тура­лы» заңы­на сәй­кес, осы­дан 8 жыл бұрын Аты­рау қала­лық тұрғын үй бөлі­міне тұрғын үй кезе­гіне тір­кел­ген бола­ты­н­мын. 2012 жылы 6 қара­ша­да облыс әкі­мі Бақты­қо­жа Ізмұқан­бе­то­втің жеке қабыл­да­уы­на кіріп, ден­са­улы­ғы­ма бай­ла­ны­сты заң­ды үйге кезе­гім кел­ген­ше уақыт­ша тұра тұруға бас­па­на сұраған едім. Бұл ұсы­ны­сым­ды облыс әкі­мі құп алып, «СМП-163» мик­ро­ауда­ны­нан №5 «б» үйден уақыт­ша бір бөл­ме берді.

Бұл, расын­да да, жатақ­ха­на сияқты уақыт­ша бас­па­на еді: себебі ас бөл­месі небәрі 4 шар­шы метр, ал бір бөл­месі тек 9 шар­шы метр ғана еді. Қай­та­лап айтай­ын, бұл тар бас­па­на­ны маған облыс әкі­мі уақыт­ша, «заң­ды үйге кезе­гің кел­ген­ше тұра тұр» деп бер­ген еді.

Алай­да 2013 жылы қала­лық тұрғын үй сек­то­ры­ның басты­ғы Мар­та Нәсі­пқы­зы менің келісі­мім­сіз мені заң­ды тұрғын үй кезе­гім­нен шыға­рып таста­ды. Мен оны құжат­та­рым­ды жаңар­туға барған­да, кез­дей­соқ естіп, Мар­та Нәсі­пқы­зы­нан себебін сұраған едім. Сол кез­де ол маған: «Сізді үй кезе­гі­нен шыға­рып жіберің­дер деп, облы­стық әкім­шілік­те­гі заң­гер тап­сыр­ма бер­ді. Бұған менің еш қаты­сым жоқ. Бәрі сіз­ге қар­сы шығып жатыр, не бүл­діріп қой­ып едіңіз?» – деді.

Шама­сы, менің «бүл­діріп» қой­ға­ным – 2013 жыл­дың басын­да Аты­рау қала­сын­дағы «Аға­тай» бас­па­сы­нан менің «Қаза­қтың Мәди­на­сы» деген тұңғыш кіта­бым жарық көруі еді. Мәсе­ле кітап­тің кей­іп­кері – Мәди­на Ера­ли­е­ва­ның екін­ші некесіне бай­ла­ны­сты болып тұрға­нын да тез түсіне қой­дым. Сөй­тіп, сол 2013 жыл­дан бастап мені тұрғын үй кезе­гі­нен заң­сыз шыға­рып тастаған екен.

Ескер­те кетей­ін, мен бұл кіта­бым­да ҚР еңбек сіңір­ген әртісі Мәди­на Ера­ли­е­ва­ның твор­че­ство­лық жолы тура­лы ғана жазған едім, әрі ол 2014 жылы ата­лып өтетін әншінің 60 жыл­дық мерей­той­ы­на арналған тар­туым еді. Мен бұл кіта­бым­да Мәди­на­ның жеке өмірі тура­лы мүл­де жазған емес­пін. Бірақ Аты­рау облы­стық әкім­шілі­гі өз көлең­ке­лері­нен өздері қорқып, 2013 жыл­дан бері мені «сенім­сіз­дер» тізі­міне кір­гізіп қой­ған сияқты. Маған қар­сы пси­хо­ло­ги­я­лық қысым, тіп­ті күш көр­се­ту де қолданылды.

Ең қат­ты жаны­ма бата­ты­ны – менің 8 жыл­дан бері күтіп жүр­ген заң­ды тұрғын үй кезе­гім­нен шыға­рып жібер­гені болып отыр. Мені күш­теп псих­боль­ни­ца­ға тір­кеп, тіп­ті зор­лы­қ­пен жатқы­зуға да тыры­сты. Бұл баяғы ком­му­ни­стік импе­ри­ядан қалған қолай­лы әдіс қой. Осы заң­сызды­қтар­ды шешу үшін, облыс әкі­мі Б.Ізмұқанбетовтың жеке қабыл­да­уы­на кіре алмай жүрмін.

Енді сай­лау науқа­ны баста­луы­на орай, олар мені уақыт­ша қамауда ұста­уы да әбден мүм­кін. Алай­да облыс әкі­мі Б.Ізмұқанбетовтың жеке қабыл­да­уы­на кір­мей­ін­ше, мен ары­зда­на бере­мін. Бүкіл рес­пуб­ли­ка жұрт­шы­лы­ғы­нан көмек сұрай­мын. Әкім­нің қабыл­да­уы­на кіре алмай жүр­гені­ме 5 айдан аса уақыт өтті. Ал тая­у­да облыс әкі­мі аппа­ра­ты бас­шы­сы­ның мін­детін атқа­ру­шы И.Әубәкіровтен: «Сізді облыс әкі­міне кір­гі­зе алмай­мыз» деген жау­ап хат алдым.

«Бар­лық дең­гей­лер­де­гі әкім­дер­дің аза­мат­тар­ды жеке қабыл­да­уы тура­лы» ере­же­ге орай, өз облы­сым­ның әкі­міне кіру­ге менің толық құқым бар. Олай бол­маған жағ­дай­да, бұл заң­сызды­ққа қар­сы аза­мат­тық нара­зы­лы­ғым­ды «басқа» жол­мен біл­діру­ге мәж­бүр болам. Ескер­те кетем, мені қинап жүр­ген басты мәсе­лем – бас­па­на мәселесі.

Рау­ан ТҰРҒАНТАЙ,

үшін­ші топ­тағы мүгедек,

Аты­рау қаласы

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн