Понедельник , 7 июля 2025

Президенттік сайлауға БОЙКОТ ПА, БАСҚА МА?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №07 (278) от 19 фев­ра­ля 2015 г.

 

Сау­ал­на­ма

 

Кеше пар­ла­мент мәжілісінің спи­кері Қабибол­ла Жақы­пов Қаза­қстан пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­евқа мерзі­мі­нен бұрын пре­зи­дент сай­ла­у­ын бел­гілеу тура­лы мәсе­лені қарау жөнін­де жүгін­ді. Яғни, пар­ла­мент «мысы­қта­бан­дап оты­рып алса», пре­зи­дент қай­да қашар дей­сіз – сай­ла­удың бола­ты­ны ақиқатқа айнал­ды деген сөз. 

Жақы­по­втың жоға­ры­дан түс­кен сая­си тап­сыр­ма­ны пар­ла­мент­тің «пакетіне орап», кей­ін қай­та­руы­на қараған­да, «дәл осын­дай ұсы­ны­стар елдің бар­лық өңір­лерін­де тұра­тын сай­ла­у­шы­лар­дан пар­ла­мент­ке бір­не­ше мәр­те келіп түсіп­ті» (Қаз­ТАГ). Бұл халық мерзі­мі­нен бұрын сай­лау өтпе­се, қыры­лып қалай­ын деп жатыр екен…

Ал дәл осы жасан­ды науқан тура­лы біздің сарап­шы­лар не ойлай­ды? Біз де Қабибол­ла сияқты мына­дай сау­ал­дар­мен жүгін­ген едік:

 

1.Қазақстан билі­гіне пре­зи­дент­тік сай­ла­уды кезек­ті рет неге кезек­тен тыс жари­я­лау қажет­ті­гі туды деп ойлайсыз?

2.Демократиялық оппо­зи­ция мен тәу­ел­сіз аза­мат­тар тара­пы­нан пре­зи­дент­тік сай­ла­у­ға түсу қажет пе? Қажет бол­са, сіз кім­дер­дің үміт­кер болға­нын қалар едіңіз?

 

 

Серік­бол­сын ӘБДІЛДИН,  мем­ле­кет және қоғам қайраткері:

1.Ата заң бой­ын­ша, бел­гі­лен­ген пре­зи­дент­тік сай­ла­у­ға дей­ін әлі екі жыл­дай уақыт бар. Назар­ба­ев­тың осы уақыт ара­лы­ғын­да біраз жұмыс жаса­уы­на мүм­кін­дік көп. Ал кезек­тен тыс сай­лау өткі­зу жөнін­де маңай­ын­да жүр­ген­дер­дің өз бетін­ше баста­ма көте­ру­ге дәр­мені жет­пей­ді, сон­ды­қтан бұл – пре­зи­дент­тің қала­уы бой­ын­ша жасалған ұсы­ныс. Назар­ба­ев­тың әре­кеті­мен бір­де-бір сай­лау өз мез­гілін­де өтпе­уі әдет­ке айна­лып кет­ті. Биы­лғы сай­ла­уды қан­дай негіз­де жари­я­ла­са да, оны мен сай­лау деп сана­май­мын, өйт­кені қор­тындысы алдын ала бел­гілі. Осы баста­ма­ны «көтер­ді» деген ассам­блея – пре­зи­дент­тің шаш­ба­уын көте­ру­ші жана­ма орган.

Назар­ба­ев­тың айна­ла­сын­дағы «ақыл­ды» аза­мат­тар биыл кезек­тен тыс сай­лау өткі­зудің себебін өздерін­ше түсін­діріп әлек: келесі жылы пар­ла­мент сай­ла­у­ы­на бөгет жаса­мау үшін, әрі дағ­да­ры­стың шары­қтау шегін­де оның қым­батқа түсетінін айту­да. Бұл – ақы­мақтың ойлап тапқан сөзі дер едім. Себебі Кон­сти­ту­ци­я­ны қабыл­даған кез­де пре­зи­дент пен пар­ла­мент сай­ла­у­ы­ның мерзі­мін әр жыл­дар­да өткі­зу тәр­тібі қарас­ты­ры­лған. Шын­ды­ққа жүгі­нетін бол­сақ, 1999 жылы қаңтар­дың 9‑ында пре­зи­дент сай­ла­уы өтті, сол жылы қазан­ның 10-ында пар­ла­мент сай­ла­уы өтті. Бір жыл­да өткізіл­ген екі сай­лау ешкім­ге де қиын­дық әкел­ген жоқ. Пре­зи­дент­тің айна­ла­сын­дағы адам­дар­дың ерік-жігері жет­се, олар сай­лау ата­улы­дан мүл­де бас тар­тар еді. Ал билік­тің осы жолы ойда жоқта тапқан сай­ла­уы – келер жылы дағ­да­рыс ушы­ға түсер бол­са, Назар­ба­ев­тың сай­ла­ну-сай­лан­ба­уы неғай­был болып қала­ты­нын ескер­ген қитұрқы амал.

2.Осы сай­ла­у­ға қаты­са­мын деп ниет біл­діретін аза­мат­тар таққа оты­ра­мын деп ойла­май­ты­ны анық. Елдің келе­ше­гіне алаң­дай­тын, сая­си пар­ти­ядан шыққан үміт­кер халы­қтың ара­сы­на барып, сая­си науқан алаңын пай­да­ланға­ны жөн деп санай­мын. Демо­кра­ти­я­лық оппо­зи­ци­я­ның қата­рын­да жүр­ген аза­мат­тар сай­ла­у­ға түсу­ге тал­пы­нған тәу­ел­сіз үміт­кер­ді қол­да­уы тиіс. Мәң­гілік ештеңе жоқ: бірін­ші пре­зи­дент те өмір­лік лау­а­зым емес екені бел­гілі, халы­қтың қамын ойлай­тын аза­мат­тар дәл осы сай­ла­уда жеңе алмай­ты­нын біл­се де, науқан кезін­де елге шын жағ­дай­ды жет­кі­зу үшін, ақиқат­ты наси­хат­тау үшін қаты­сқа­ны дұрыс болар еді.

 

Зәу­реш БАТТАЛОВАэкс-сена­тор:

1.Кезектен тыс өтетін сай­лау – пре­зи­дент Назар­ба­ев­ты қай­та сай­лау екенін жұрт­тың бәрі біледі. Осы кезексіз науқан бүгін­гі пре­зи­дент­тің өкілет­тілік мерзі­мін тағы да ұзар­туға арналған. Бұл – бүгін­гі билік­тің қауқар­сызды­ғы­ның көр­сет­кі­ші. Мем­ле­кет­те тұрақты­лық жоқты­ғы­ның бел­гісі. Зай­ыр­лы мем­ле­кет­те заң­ды­лы­қтың сақта­луы­на ерекше мән беріледі. Ал Кон­сти­ту­ци­я­ның кепілі сана­ла­тын адам осы қағи­да­ның орын­да­луын қам­та­ма­сыз етуі тиіс, сон­ды­қтан кезек­тен тыс сай­лау өткі­зу – халы­қтың пікірін, Кон­сти­ту­ция мен, Сай­лау заңы­ның мәр­те­бесін жоққа шыға­ру деп санаймын.

Пре­зи­дент­тік және пар­ла­мент сай­ла­уы бір мерзім­де өтпей­ді деп, елдің көзін бай­ла­мақ болған дәлел­дері де дәй­ексіз. Бір күн­де екі сай­ла­уды қатар өткіз­беу ере­же­сі қарас­ты­ры­лған, бір жыл­дың ішін­де екі сай­ла­уды да өткізу­ге бола­ды. Сай­лау заңын­да былай деп көр­сетіл­ген: «Пре­зи­дент­тiң кезек­тi сай­ла­уы бес жыл­да бiр рет тиiстi жылғы жел­тоқ­сан­ның бiрiн­шi жек­сен­бiсiн­де өткiзiледi және ол мерзi­мi жағы­нан Рес­пуб­ли­ка пар­ла­мен­тiнiң жаңа құра­мын сай­ла­у­мен тұс­па-тұс кел­ме­у­ге тиiс».

Сон­ды­қтан келесі 2016 жыл­дың басын­да пар­ла­мент депу­тат­та­ры­ның сай­ла­уы, ал жыл­дың аяғын­да пре­зи­дент сай­ла­уы болуы тиіс еді. Заң жоба­сын жасап және оны қабыл­дап оты­рған ерекше өкілет­тілік­ке ие болған екі пала­та­лы пар­ла­мент осын­дай заң шең­берін­де­гі «сау­ат­сызды­ққа» қалай жол береді? Демек, олар өздерінің «жеп оты­рған» нанын да ақтай алмауда. Осын­дай жағ­дай­дан кей­ін халық қала­у­лы­ла­ры күр­делі мәсе­ле­лер­ге мән бере ала­ды деген­ге қалай сену­ге бола­ды? Осын­дай «сау­ат­сызды­қты» қол­дап оты­рған депу­тат­тар­ды елі­міз­де­гі салық төле­ушілер асы­рап оты­рға­ны өкіні­шті жағдай.

  1. Қаза­қстан­дық демо­кра­ти­я­лық қауым­да­сты­қтың бүгін­гі билік­ке қар­сы тұра ала­тын­дай күші де, мүм­кін­ді­гі де шек­те­улі. Оның себебі де елге мәлім: тәу­ел­сіздік­тің жиыр­ма төрт жылы­ның ішін­де билік сая­си алаң­да көш бастап жүр­ген, аза­мат­тық ұста­ны­мы­на берік аза­мат­тар­ды қуғы­нға түсіріп, абақты­ға қамап, кей­бірін атып өлтір­ді. Ал Қаза­қстан аза­мат­та­ры­ның кон­сти­ту­ци­я­лық құқын бел­ден баса­тын сая­си науқанға демо­кра­ти­я­лық оппо­зи­ци­я­ның, аза­мат­тық қоғам­ның өкіл­дері қаты­суы керек пе деген сау­ал – күн тәр­тібін­де тұрған өткір мәсе­ле. Кім­нің жеңетіні алдын ала бел­гі­леніп қой­ған­ды­қтан, халы­қа­ра­лық қауым­да­стық алдын­да елі­міздің беделін түсіретін сай­ла­у­ға қаты­су­дың қажеті жоқ екені анық. Бірақ сая­си науқан кезін­де елдің көзін ашу үшін, ақиқат­ты айтуға бел буа­тын шара­лар­ды жасау керек. Бұл сай­лау заңы­ның 27-бабын­да былай деп көр­сетіл­ген: «Сай­лау алдын­дағы үгiт – сай­ла­у­шы­лар­дың бел­гiлi бiр кан­ди­дат­ты, сая­си пар­ти­я­ны жақтап неме­се қар­сы дауыс беру­ге қаты­суы­на түрт­кi болу мақ­са­тын­дағы қызмет».

 

Расул ЖҰМАЛЫсая­сат­та­ну­шы:

1.Кезектен тыс сай­лау өткі­зу Тәу­ел­сіз Қаза­қстан тарихын­дағы жаңа­лық емес, дәл осы жолы да әдет­ке айналған үрдіс жалға­су­да. Осы күн­ге дей­ін­гі айты­лып жүр­ген дәй­ек­те­ме­лер қай­та­ла­ну­да: алда – дағ­да­рыс, соған бес қаруы­мы­зды сай­лап алуы­мыз керек, осы жылы сай­лау өткіз­бе­сек, келер жылы қисы­ны келе қой­май­ды деген дәй­ек қаза­қстан­ды­қтар­ды сен­ді­ре ала ма, жоқ па – оның бай­ы­бы­на барып жатқан ешкім жоқ. Жағ­дай­дың түп­кі негізін­де – 2016 жылы эко­но­ми­ка­лық әле­умет­тік мәсе­ле тығы­ры­ққа тіре­летіні, әлем­дік дағ­да­ры­стың ықпа­лы, мұнай мен газ баға­сы­ның арзан­да­уы, рубль­дің құн­сызда­нуы, осы екі ара­да Қаза­қстан­ның Ресей­ге тәу­ел­ділі­гі елдің әле­умет­тік тұр­мысы­ның нашар­ла­у­ы­на әкеліп тіре­уіне бай­ла­ны­сты ел аза­мат­та­ры­ның билік­ке деген сені­мі жоға­лып, қар­сы­лық шара­ла­ры­на әке­луі мүм­кін. Сол себеп­тен де билік істі насы­рға шап­тыр­май, пре­зи­дент­тік сай­ла­уды биыл өткізу­ге кіріспек.

2.Сайлау – демо­кра­ти­я­ның көр­сет­кі­ші, аза­мат­тар­дың сая­си шешім қабыл­да­уға ара­ла­сып, оған қаты­суы. Сон­ды­қтан сай­ла­у­ға бой­кот жари­я­лау тура­лы шешім қабыл­дау дұрыс тәсіл емес дер едім. Ел ішін­де «мем­ле­кет ісін басқа­руға қабілет­ті, ұлт көш­бас­шы­сы бола ала­тын тұлға жоқ» деген сөз­дер­ге сен­бей­мін. Сол себеп­тен де жаңа тұлға­лар топ­ты жарып шығып, осы сай­ла­у­ға қаты­сқа­ны дұрыс болар еді.

 

Мақ­сат ІЛИЯСҰЛЫзаң­гер:

1.Қазақстан Рес­пуб­ли­ка­сы Кон­сти­ту­ци­я­сы­ның 41-бабы­ның 3–1 тар­мақ­ша­сын­да «Пре­зи­дент­тің кезек­тен тыс сай­ла­уы Рес­пуб­ли­ка Пре­зи­ден­тінің шеші­мі­мен тағай­ын­да­ла­ды және кон­сти­ту­ци­я­лық заң­да бел­гі­лен­ген тәр­тіп пен мерзім­де өткізіледі» деп жазы­лып тұр. Бұл бапқа 02.02.2011 жылы Кон­сти­ту­ци­яға өзгерістер енгі­зу арқы­лы қол жет­кізіл­ген болатын.

Ал Кон­сти­уци­яда да, «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сын­дағы сай­лау тура­лы» Кон­сти­ту­ци­я­лық заңын­да да Қаза­қстан халқы ассам­бле­я­сы тура­лы бір­де-бір сөз жоқ. Сон­ды­қтан бұл заң­сыз орган­ның баста­ма­сын қабыл­дау – елде­гі заң­сыздық пен әділет­сіздік­ті одан ары ушы­қты­ра­ды деп ойлаймын.

Екін­ші­ден, ҚР «Қаза­қстан халқы ассам­бле­я­сы тура­лы» заңы­на сәй­кес, Қаза­қстан халқы ассам­бле­я­сы­ның сес­си­я­сы­на да, кеңесіне де мерзі­мі­нен бұрын пре­зи­дент сай­ла­у­ын өткі­зу тура­лы ұсы­ныс жасау құқы­ғы беріл­ме­ген. Демек, Қаза­қстан халқы ассам­бле­я­сы­ның мерзі­мі­нен бұрын пре­зи­дент сай­ла­у­ын өткі­зу тура­лы ұсы­ныс жаса­уға құқы­ғы жоқ.

  1. «Жеңім­па­зы» алдын ала бел­гілі бола­тын науқанға үміт­кер ретін­де түсу-түс­пеу – ел аза­мат­та­ры­ның пай­ы­мы мен түсіні­гіне сай бола­тын шешім деп ойлаймын.

Сау­ал­на­ма­ны жүргізген –

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,

«

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн