Суббота , 5 июля 2025

Прокуратура ереуілшілерді ЖАЗАЛАЙ БАСТАДЫ?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №4 (368) от 2 фев­ра­ля 2017 г.

 

Апта апты­ғы

 


 

 

Аты­рау облы­сын­дағы Теңіз кені­шін­де мұнай өнді­ру сала­сы нысан­да­ры­на электр-тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту­мен айна­лы­са­тын «Kentech Kazakhstan technical services» (KKTS) мер­ді­гер­лік ком­па­ни­я­сы­ның жұмыс­шы­ла­ры бас­шы­лы­ққа еңбе­кақы­ны көбей­ту тура­лы талап қой­ып, жұмысқа шығу­дан бас тар­тқан­нан кей­ін, дау­лы мәсе­ле­ге про­ку­ра­ту­ра да назар ауда­рып, тек­се­ру жүр­гіз­ген. Бұл тура­лы «Азатты­ққа» Жылыой аудан­дық про­ку­ра­ту­ра­сы өкілі Бал­нұр Есен­гел­ди­нов хабарлады.

 

– Оқиғаға қаты­сты про­ку­ра­ту­ра тара­пы­нан тек­се­ру бол­ды, бірақ оның қоры­тындысы әлі дай­ын емес. Сау­а­лы­ңы­зды жаз­ба­ша жол­даңыз, – деді Бал­нұр Есенгелдинов.

Аты-жөнін ата­мауды өтін­ген жұмыс­шы­ның «Азатты­ққа» айтуын­ша, жұма күні жұмыс­шы­лар еңбе­кақы­ға қаты­сты талап қой­ған­нан кей­ін, ком­па­ния әкім­шілі­гі нара­зы­лық біл­дір­ген­дер­дің жұмыс орны­на кіретін рұқ­сат қағаз­да­рын жинап алып, олар үйлеріне тараған.

Ескер­те кетей­ік, бұған дей­ін қаңтар­дың 27‑і күні KKTS серік­те­сті­гінің 120 жұмыс­шы­сы еңбе­кақы­ны 50 пай­ы­зға көбей­туді талап етіп, жұмысқа шығу­дан бас тар­тқа­ны тура­лы хабар­ланған. Аты­ра­улық «Ақ жай­ық» басы­лы­мы ком­па­ния бас­шы­лы­ғы еңбе­кақы­ны шама­мен 12 пай­ы­зға көбей­ту­ге дай­ын екенін мәлім­де­гені­мен, нара­зы­лар оған көн­бе­ген деп жазды.

Еске сал­сақ, Қаза­қстан­дағы ең ірі мұнай кен орын­да­ры­ның бірі сана­ла­тын Теңіз кені­шін иге­ру­мен «Теңіз­шев­ройл» бір­лес­кен мұнай-газ кәсі­по­ры­ны айналысады.

Azattyq.org

 


 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн