Воскресенье , 6 июля 2025

Прокурорлар РЭКЕТІНЕН құтқарыңыз!

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №16 (287) от 23 апре­ля 2015 г.

 

Сай­лау алдын­дағы сауға

 

«Қаза­қта «Өзен жаға­лаған­ның өзе­гі тал­май­ды» деген сөз бар ғой. Бірақ біз өзен түгілі, көл жаға­лап жүр­сек те, тақыр-таза тір­лік­тің табал­ды­ры­ғын­да тұр­мыз…» деп, «Зай­сан балы­қ­шы­ла­ры» өндірістік коопе­ра­тивінің құры­л­тай­шы­ла­ры редак­ци­яға хат жол­дап, өздерінің әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық жағ­дайы жөнін­де­гі ақпар ел пре­зи­ден­тінің құлағы­на жет­се деп тілейді.

 

Шығыс Қаза­қстан облы­сы Тар­баға­тай ауда­ны­ның Тұғыл посел­кесіне орна­ласқан біздің «Зай­сан балы­қ­шы­ла­ры» коопе­ра­тиві құқық қорғау орган­да­ры­ның қысым жаса­уы­нан әбден қажы­ды. Енді­гі жер­де ел пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың тара­пы­нан үміт бол­ма­са, жер­гілік­ті жер бас­шы­лы­ғы­нан қай­ыр жоқ.

Бір­ден ескер­тей­ік, Зай­сан көлі маңын мекен еткен Тұғыл ауы­лы­ның басты кәсібі – балық аулау және оның өнім­дерін сауда­лау. Ауыл­да суар­ма­лы егін­шілік пен бау-бақ­ша өндірісіне су тап­шы болған­ды­қтан, мұн­да күн­көрістің басқа көзі жоқ. Ауыл­дың маңайы тақыр дала – мал өсірудің ешбір мүм­кін­ді­гі жоқ.

Сон­ды­қтан бар үміті­міз – балық шару­а­шы­лы­ғын­да болған­ды­қтан, 2003 жылы «Зай­сан балы­қ­шы­ла­ры» өндірістік коопе­ра­тивін құрған едік. Мау­сы­мы­на қарай 150-ден 300-ге дей­ін­гі адам­ды жұмыспен қам­ти оты­рып, өндірістік коопе­ра­тив өз күші­мен балық аулау, оны сақтау, газ­дау және қай­та өндіру­ге арналған зауыт және цех­тар тұрғы­зды, кәсіп­шілік­ке арналған зама­на­уи құрал­дар мен су көлік­терін сатып алды. Бар­лық салы­қтар­ды уақы­тын­да төлеп тұр­дық: мыса­лы, бір ғана 2013 жылы бюд­жет­ке 45 мил­ли­он тең­ге құйылды.

Бірақ табысы мен өнім ауқы­мы мол кәсі­по­рын тек­се­ру­ден көз ашпа­уда. Тек 2006 – 2012 жыл­дар ара­лы­ғын­дағы ғана тек­серістер­дің санын­да есеп жоқ. Ал 2014 жылы ел пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Әбі­шұ­лы орта және шағын биз­нес субъ­ек­тілерін тек­се­ру­ге мора­то­рий жари­я­лаға­ны аян. Бірақ осы мез­гіл­де, яғни 2014 жыл­дың 18 мау­сы­мын­да еш негіз­сіз, «құқық бұзу­шы­лық дере­гі бар» деген желе­умен шұғыл түр­де өндірістік коопе­ра­тив­ке тек­се­ру жүр­гізіліп, меке­менің бар­лық құжат­та­ры ( бух­гал­те­рия, ноут­бук, кас­са­лық аппа­рат, іс өнді­ру бой­ын­ша бар­лық құжат­тар) тар­тып алын­ды. ҚР пре­зи­ден­тінің Жар­лы­ғы­на қара­ма-қай­шы келетін про­ку­ра­ту­ра­ның бұл әре­кеті меке­ме жұмысы­на бай­лау бол­ды. 2014 жыл­дың қазан айын­да әрбір өндірістік коопе­ра­тив мүше­лерінің үйіне, бар­лық нысан­дарға, тоңа­зы­тқыш қой­ма­ларға түгел тін­ту жүр­гізіл­ді. Нәти­же­сін­де ешқан­дай тәр­тіп бұзу­шы­лық аны­қталған жоқ.

2014 жыл­дың қазан айы­нан бастап, біздің құжат­тар­дың түгел, әрі ҚР-да жүк тасы­мал­дау тәр­тібі бой­ын­ша заң­ның бар­лық талап­та­ры­на сай екен­ді­гіне қара­ма­стан, жүк тиел­ген біздің авто­көлік­тер­ді жол­дар­да түгел­ге дер­лік тоқта­та баста­ды. Әрбір осын­дай жағ­дай­да біз түсінік­те­ме жазып, бұл жүк­тер­дің заң­ды екен­ді­гін және біздің балық сатуға құқы­мыз, балық аула­у­ға және сатуға кво­та­мыз бар екен­ді­гін дәлел­де­умен болдық.

2014 жылы 20 қара­ша­сын­да Май­қап­шағай – Омск жолы­ның Боғас айы­ры­ғын­да 70 тон­на­дан астам көлем­де­гі көк­сер­ке балы­ғы тиел­ген біздің үш авто­ма­ши­на Тар­баға­тай ауда­ны про­ку­ра­ту­ра­сы тара­пы­нан тоқта­ты­лып, жүгі­міз тар­тып алын­ды. Бұл жүк­тер­ге қаты­сты бар­лық құжат­та­ры­мы­здың түгел­ді­гіне қара­ма­стан, ол жүгі­міз «Дигам» серік­те­сті­гі аумағы­на түсіріл­ді. Біз про­ку­ра­ту­ра өкіл­дері­нен бұл серік­те­стік балық сапа­сын дұрыс сақтай алмай­ды деп, оны өзге фир­ма­ның база­сы­на түсір­ме­уін сұра­дық. Бірақ біздің өтіні­ші­міз еле­усіз қал­ды. Ізін­ше 22 қара­ша­да про­ку­ра­ту­ра­ның баста­ма­сы­мен өндірістік коопе­ра­тив­тің бар­лық балық пен балық өнім­дерін сақтау қой­ма­ла­ры­на қай­та­дан тін­ту жүр­гізіл­ді. Ал 30 қара­ша күні про­ку­рор­дың санк­ци­я­сы­мен біздің үйлері­міз­ге тін­ту жүр­гізіл­ді, бұған дей­ін қазан айын­да да үйлер­ге тін­ту жүр­гізіл­генін жоға­ры­да жаздық.

Ал 2015 жыл­дың қаңтар айын­да Шығыс Қаза­қстан облы­сы­ның Аягөз қала­сы ста­ци­о­нар­лық бекетін­де тағы да бар­лық құжат­та­ры тала­пқа сай 20 000 келі көк­сер­ке балы­ғын тиеген авто­көлік тоқта­тыл­ды. Бекет­те­гілер Тар­баға­тай ауда­ны про­ку­ро­ры біздің авто­ма­ши­на­ның номерін теле­фон арқы­лы хабар­лап, көлік­ті тоқта­ту­ды сұраға­нын айт­ты. Содан кей­ін жүк­ті және авто­көлік­ті бұға­у­ла­у­ға қажет­ті құжат­тар­сыз Аягөз қала­сы әкім­шілік поли­ци­я­сы­ның алып жүруі­мен Ақсу­ат ауы­лы­на жет­кізіл­ді. Онда про­ку­ра­ту­ра бізді балық аулаға­ны­мыз үшін айып­тап, жүк­ті Тұғыл ауы­лы­на түсір­ді және соны­мен қатар үйлері­мізді және қой­ма­ла­ры­мы­зды тін­туді қай­та­дан баста­ды. Осы заң­сызды­қтың бар­лы­ғы ел пре­зи­ден­тінің кәсіп­кер­лік­ті тек­се­ру­ге мора­то­рий жари­я­лаған кезін­де болға­нын ескер­сек, Тар­баға­тай ауда­ны­ның про­ку­ра­ту­ра­сы елба­сы­ның жар­лы­ғы­на пысқы­рып та қара­май ма деген сұрақ туады.

Иә, жар­ты жыл­дан астам уақыт бойы жалақы алмай, жұмыс­сыз жатқан балы­қ­шы­лар күнел­ту үшін балық аула­удан басқа ама­лы қал­маған еді. Бүгін­де бүтін бір отба­сын асы­рап оты­рған жұмыс­шы­лар үйрен­шік­ті кәсібі­нен айры­лып, табыс­сыз, әбден күй­зел­ді. Оның үстіне өндірістік коопе­ра­тив мүше­леріне және олар­дың отба­сы­ла­ры­на үне­мі қысым көр­сетіліп, қоқан-лоққы жаса­ла­ды. Ара­да бір жыл өткен соң, ШҚО облы­стық арнайы про­ку­ра­ту­ра­сы­ның басты­ғы Серік Баях­ме­тов пен тер­ге­уші Айдар Машо­нов коопе­ра­тив­те­гі 17 адам­ның үсті­нен сырт­тай іс қозғаған екен.

Коопе­ра­тив­тің өндірістік лими­ті және балық аула­у­ға рұқ­са­ты бар бол­са да, 17 ада­мға 20 тон­на көк­сер­ке балы­ғын бра­ко­ньер­лік жол­мен ұста­ды деген ауыр айып таққан. Кей­бір балы­қ­шы­лар тіп­ті үстері­нен іс қозғалға­ны­нан да бей­ха­бар. Соны­мен қатар балық аула­маған айларға да іс қозға­луы – орын алған қыл­мыстық істе күмән­ді тұстар көп екен­ді­гін бай­қа­та­ды. Меке­менің 200 балы­қ­шы­сы­на күн-түн, дема­лыс демей, тер­геу жүр­гіз­ген про­ку­ра­ту­ра жұмыс­шы қауым­ның үрей­ін әбден алып бітті.

Алай­да аудан про­ку­ро­ры Мұх­тар Жүсі­по­втың санк­ци­я­сы­мен келіп тек­сер­ген­дер ешқа­шан біз­ге тін­ту­ге рұқ­сат беретін ордер көр­сет­кен емес, тіп­ті көшір­месін де бер­ген емес. Тәу­ел­сіздік таңын­да кін­дік қаны­мыз тамған қаси­ет­ті туған жері­міз­де елба­сы Жар­лы­ғы­на құлақ аспаған про­ку­ра­ту­ра­ның бұл ісі өмірі еңбек­тен көз ашпаған қара­пай­ым жұмыс­шы­лар­ды көз­сіз басы­ну емес пе?! Ал біздің бар­лық дәлел­дері­мізді, шағым­да­ры­мы­зды облыс про­ку­ро­ры Бағлан Тай­ым­бе­тов (сурет­те) пен орын­ба­са­ры Нұр­лан Бижа­нов ешқа­шан тың­даған емес, тіп­ті еле­мей­ді. Шын­дық іздеп, шырыл­дап бар­маған жері­міз жоқ. Аудан, облыс әкім­деріне де көмек сұрап хат жаз­дық, олар­дан ешбір жау­ап жоқ. Сон­да ШҚО про­ку­ра­ту­ра­сы мем­ле­кет ішін­де­гі мем­ле­кет болға­ны ма?

Біз­ге жасалған мұн­дай заң­сыз қысым­ды облыс про­ку­ра­ту­ра­сы «Дигам» ЖШС-нің мүд­десіне орай әре­кет етіп отыр деп санай­мыз. Себебі бар­лық тұтқын­далған балық Тұғыл ауы­лын­да өзге тех­ни­ка­лық жағы­нан әлдеқай­да жақ­сы қой­ма­лар­дың бар болға­ны­на қара­ма­стан, осы фир­ма­да сақталады.

Бүгін­гі таң­да өндірістік коопе­ра­тив қыз­мет­кер­лері заң­ды түр­де аулаған 70 000 келі балық тоңа­зы­тқыш қой­ма­лар­да сақта­у­лы. Балы­қ­шы­лар­дың табан ақы, маң­дай тері­мен ауланған бұл балы­қты сатуға про­ку­ра­ту­ра тый­ым салу­да. Орын алған осын­дай жағ­дай­лар­дың сал­да­ры­нан қазір­гі кез­де өндірістік коопе­ра­тив 6,5 мил­ли­он тең­ге салы­қты және 12 млн. тең­ге жұмыс­шы­лар­дың жалақы­сын уақы­тын­да төлей алмай отыр.

Осы жағ­дай­ға бай­ла­ны­сты біз рес­пуб­ли­ка пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тан көмек беруді және біздің қауіп­сізді­гі­мізді қам­та­ма­сыз етуді сұрай­мыз. «Зай­сан балы­қ­шы­ла­ры» өндірістік коопе­ра­тивіне қаты­сты про­ку­ра­ту­ра мен ШҚО құқық қорғау орган­да­ры­ның қуда­ла­у­ы­на, рей­дер­лік жол­мен ойлап табы­лған фак­тілер­ге қаты­сты рес­пуб­ли­ка про­ку­ра­ту­ра­сы арқы­лы тек­серіс жүр­гі­зуді өті­не­міз. Өндірістік коопе­ра­тив­ке қар­сы қыл­мыстық іс қозға­у­мен, дамыл­сыз тек­серістер­мен кәсі­по­рын жұмысын тұрақ­сыздан­ды­руға тыры­сқан, бәсе­ке­лес фир­ма­лар­дың мүд­десі үшін қасақа­на күш көр­сетіп оты­рған шене­унік­тер­дің бас­сызды­ғы­нан құты­луға жәр­дем етіңіз, құр­мет­ті пре­зи­дент мыр­за! Кәсіп­кер ретін­де және Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның аза­ма­ты ретін­де құқы­қта­ры тап­талған жан­дар­дың әділет­ке қол жет­кі­зуіне ықпал етуіңізді сұраймыз.

«Зай­сан балықшылары»

өндірістік коопе­ра­тиві атынан:

Жәні­бек Шетекбаев,

Нұр­ланға­ли Өкенов,

Серік Мешім­ба­ев,

Өте­п­бай Рүстемов,

Нұр­лан Қасенов,

Манат­бек Қабиев,

Ләз­зәт Ілбекова.

ШҚО,

Тар­баға­тай ауданы,

Тұғыл ауы­лы

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн