Воскресенье , 20 апреля 2025

Путин патша туралы ҚЫЖЫРТПАЛАР

«Общественная позиция»

(проект «DAT» №35 (306) от 15 октября 2015 г.

 

 

– Сен Путиннің жолдауларына, жоспарларына сенесің бе?

– Әрине.

– Ал оның жоспарлары дегеніміз не?

– Ол… енді… баяғы сөздері… әлгі… ол баяғыдан бергі Путин ғой.

 

***

– Путинге Нобель сыйлығы керек пе?

– О, керек болғанда қандай! Оған физика саласындағысын беру керек, ол Ресейді кері өзгеріс заңымен басқарып отыр.

 

***

Путин: Біз келесі жылы байимыз!

Халық: Қуанышыңа ортақпыз.

 

***

«Халықтың сенімі жоғалды. Тауып алғандар Кремльге алып келсін, сыйлық беріледі».

 

***

Путин көріпкелге: Мен өле-өлгенше президент болсам деймін, ол мүмкін бе, не істеуім керек?

Көріпкел: Өзің алды-артыңа жинап алған жағымпаздарыңның ұйымшылдығын күшейте бер!

 

***

Путиннің халыққа берген уәделері 33 том болыпты, ол сонысын Христостың ғибадатханасына қоюды ойластырып жүр.

 

***

– Прасковья, Путин Украинаны мүлдем басып алмақшы екен.

– Өсек тасымасаңшы.

– Қайдағы өсек?! Украинаның президенті Янукович өзі тіленіп барып, №1 тұтқын болыпты ғой?!

 

***

Путинге сұрақ:

– Украина мен Қырым қайтадан қосыла ала ма?

– Әрине. Ол үшін Украина Қырымның қол астына өтіп, автономиялы республика болуы және Қадыровты президенті етіп сайлап алуы керек.

 

***

Путин: Өте сабырлы, салмақты, жуас екен. Айтқаныңды ұғып-ақ отыр, бірақ сөйлей алмайды, қайтсін-ай!..

– Владимир Владимирович, андағы Анатолий Дмитриевич Медведев қой, коала аю оның ту сыртында отыр.

 

***

– Владимир Владимирович, штат қысқартуға қарсылық бола бастады.

– Әр ұжымның жартысын алды-арттарына қаратпай, қысқарта салыңдар, сонда қалған жартысы жым болады!

***

– Владимир Владимирович, сіз неге өтірік айта саласыз?

– Мен ешқашан өтірік айтқан емеспін, тек шындықты керек етпеймін.

 

***

– Обама мырза, ең сөзқұмар, соғысқұмар елде президент болу қиын ба, жоқ па, білесіз бе?

– Оны Путиннен сұраңыз.

 

***

Түрмеде отырғандардың сөздерінен:

– Сені не үшін соттады?

– «Біздің президенттің ақылы шамалы» деп қалғаным үшін.

– Сол үшін ғана ма?

– Иә. «Мемлекеттік құпияны» жария еттің, – деді.

 

Ресейдің интернет-сайттарынан

таңдап алып, тақырып қойып ұсынған –

Ғаббас ҚАБЫШҰЛЫ

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн