Воскресенье , 6 июля 2025

ПУТИНГЕ  ТАБЫНАТЫН қазақтарға арналған сауат ашу

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №1 (318) от 8 янва­ря 2016 г.

 

Гео­са­я­сат кеңісті­гін­де­гі Ресей

 

 

Уақыт өткен сай­ын әлем­дік қауым­да­стық елдерінің ара­сын­да әлдебір әбі­гер­лік, ала­са­пы­ран жан­та­лас күшей­іп келеді. Бұл жер­де оны қызды­рып оты­рған іргелі елдер­дің гео­са­я­си тар­ты­сы екені анық.

Не үшін? Әрине, ықпал ету аясын кеңей­тіп, табиғи ресур­стар үшін. Халы­қа­ра­лық маңы­зды дәліз­де орна­ласқан елдер­ді өз ырқы­на көн­ді­ру үшін. Айта кетей­ік, ол тала­ста қоға­мы әлсіз, әскері әлжу­аз, жемқор­лы­ққа батқан, орта кеуде бол­ма­са, өлме­стің күнін­дей эко­но­ми­ка­сы бар елдер­ге орын жоқ. Олар­дың жағ­дайы керісін­ше, сон­дай сұм­пайы дер­жа­ва­сы­мақтар­дың тыр­нағы­нан қай­тіп «аман» қала­мыз деген күйде.

 

Сон­дай тар­ты­сты бәсе­ке­ден, тала­стан тыс қал­май­мыз, үлес ала­мыз, бұқ­пай­мыз, біз де дер­жа­ва­мыз деп, тар­ты­сқа түс­кен елдер­дің бірі – Ресей. Бұл мем­ле­кет бұрын­нан басқа елдер­дің есебі­нен «нанын айы­рып» жеу­ге әдет­тен­ген. Импе­ри­я­лық озбыр әдіспен. Залым­ды­қ­пен. Бүтін­дей ұлт­тар­дың несі­бесін тар­тып жей оты­рып, олар­дың өздерін аштан қал­ды­рған кез­дері аз емес.

Путин билік­ке кел­ген­нен бері Ресей­дің импе­ри­я­лық «жезтыр­нағын» қай­та егеп алып, оны тәу­ел­сіз елдер­ге (әсіре­се пост­кеңе­стік рес­пуб­ли­ка­ларға – Ред.) қара­та қол­да­на баста­ды. Бұл дегенің – бір жағы, ежел­ден көр­ші: қазақ, укра­ин, әзір­бай­жан секіл­ді ұлт­тарға оры­стар­ды түр­лі әдістер­мен қар­сы қою деген сөз. Әзір­ге бұл жол­да ресей­лік билік әлем­дік қауым­да­сты­қтың іргелі елдері­нен тай­ы­нар түрі жоқ.

Соңғы уақыт­та­ры бел­сен­ділі­гі тіп­тен арт­ты. Күн­нің бел­сен­ділі­гі әсер етті ме, әлде Ай Жер­ге жақын­дай келіп, Пут­ин­ді «түр­тіп» кет­ті ме – әйте­уір ол қазір әлем­дік қауым­да­стық елдері ішін­де­гі «жүгірісі» көп мем­ле­кет бас­шы­ла­ры­ның бірі.

Әлбет­те, оның адам­за­тқа ортақ ар-ождан­ды қорғай сөй­лей­тін қоным­ды ой-пікір­лері де бар. Ондай ойла­рын тың­даған адам оны жауы­зды­ққа, теңсіздік­ке, азғын­ды­ққа қар­сы күре­су­ші, әлдебір әділ, руха­ни терең пре­зи­дент деп қалуы да мүм­кін. Бірақ сөй­те тұра, Ресей­дің ота­рын­да болған, қазір­гі тәу­ел­сіз елдер­ге қырын қарап, реті кел­се, бұры­нғы бода­ны­на айнал­ды­ра салғы­сы келетін сыңайы бар. ТМД мүше­лерінің ел бас­шы­ла­ры айтқан маңы­зды бітім­ге шақы­рар пікір­лер­ді құлағы­на ілмей жата­ты­ны да содан бол­са керек.

Мұны­сы адам­за­тқа ортақ мораль­ды қорғай сөй­лей­тін ойла­ры­на қай­шы келе ме? Әрине! Алдағы уақыт Путин­нің дең­гей­ін тіп­тен көр­се­те түспек…

Ресей­лік тарихқа үңіл­сеңіз, фами­ли­я­сы «…ин»-нен аяқталған биле­ушілерінің (Ленин, Ста­лин, Ель­цин, сосын Путин) қоғам­дық өмір­ді күрт өзгерт­кенін, сая­си-эко­но­ми­ка­лық сала­ны бұрға­нын, гео­са­яи, т.б., өзгерістер жасаға­нын бай­қау қиын емес. Бәл­кім, бұның бір бей­мәлім сыры болар… Мүм­кін, жай ғана сәйкестік.

 

Пут­ин­ді жақта­у­шы елдер бас­шы­ла­ры – диктаторлар…

Пут­ин­дік билік­ті жақтап оты­рған, жақтаған кей елдер­дің бас­шы­ла­ры мен сая­сат­кер­лері негізі­нен өз халқы­на оқ атқан, елі қуып шыққан пре­зи­дент­тер, үкі­мет бас­шы­сы, басқа да шене­унік­тер тобы­нан тұра­ды. Соны­мен қатар жемқор­лы­ққа батқан, бей­біт халы­ққа қар­сы оқ атқан, билік­ті жеке басы­ның, айна­ла­сы­ның қызы­ғы­на айнал­ды­рып, соңын­да төң­керіс негізін­де өз мем­ле­кеті­нен қашқан ел бас­шы­лы­ғын­да болған­дар­дың көбісі Ресей­ді пана­ла­уда. Мыса­лы, Қырғыз­стан­ның экс-пре­зи­ден­ті Асқар Ақа­ев, Укра­и­на­ның бұры­нғы бас­шы­сы Вик­тор Яну­ко­вич. Олар­дың қата­ры­на Укра­и­на пре­мьер-мини­стрі Нико­лай Аза­ро­вты да қосуға болады.

Кезін­де тиран, қан­ды­қол дик­та­тор­лар – Муам­мар Кад­да­фиді (Ливия) де, Сад­дам Хусейн­ді (Ирак) де қол­даға­ны бел­гілі. Мем­ле­кет­тік билік­ті жеке мен­ші­гіне айнал­ды­рған, әлем­нің көп­те­ген бей­біт ойлы елдеріне қауіп туды­рып оты­рған, өз халқын да аямай езу­мен келе жатқан КХДР (Сол­түстік Корея) бас­шы­сы Ким Чен Ынды да қолдайды.

Тағы бір жақтап оты­рға­ны – мем­ле­кет­тік тер­ро­ризм жаса­ды деп, Батыс тара­пы­нан айып­талған Сирия бас­шы­сы Башар Асад. Ол да өз елін қыру­мен келеді. Кей мәлі­мет­тер­ге қараған­да, асад­тық режим­ді жақта­у­шы­лар мен оған қар­сы топ­тар­дың өза­ра әске­ри қырқы­сы­нан 220 мың­нан астам адам қаза болған екен! Мұны­мен қоса эко­но­ми­ка­лық құл­ды­рау, қала­лар­дың қир­а­уы, өрке­ни­ет­ті өмір­ден алшақтау да жүріп жатыр. Сөйт­кен Асад әлі де мем­ле­кет­тік билік­ті ата­сы­нан қалған жеке мұра­сы секіл­ді оған жата кеп жар­ма­сып, ешкім­ге берер емес. Тіке­лей қол­да­у­шы­сы – тағы да Путин. Осы­дан-ақ пут­ин­дік билік­тің қан­дай ұста­ным­да екенін аңға­руға болады.

 

Кеңе­стер одағын қай­та құру – оған ұйқы бер­мей­тін арман

Мұны айтқан «табиғи» басты қар­сы­ла­сы – АҚШ емес. Керісін­ше, ет жақын сла­вян елі – Поль­ша­ның кеше­ге дей­ін­гі пре­зи­ден­ті болған Бро­ни­слав Комо­ров­ский! Енді Путин­нің қалай ұйы­қтап, қан­дай түс көретінін аны­қтау маңы­зды емес болар. Өйт­кені оның бұры­нғы, әсіре­се соңғы жыл­да­ры жасап жатқан түр­лі сая­си да, эко­но­ми­ка­лық та, әске­ри де қадам­да­ры­нан әлдебір отар­лық ойдың «исі» аңқып тұр. Оған мысал да жетеді.

Ол билік­ке алғаш кел­ген кез­де, 2000 жыл­дың бас жағын­да: «…Халы­қа­ра­лық сахна­да өте қатал, аяу­сыз сипаттағы бәсе­ке­ле­стік жүріп жатыр. Рын­ок­тағы фир­ма­лар­да ғана емес, мем­ле­кет­тер ара­сын­да да. Аса өкіні­штісі, бел­гілі бір қауіп даб­ы­лы сезіледі, себебі біз бұл жары­ста жетек­ші елдер­дің қата­ры­нан емес­піз», – деп мұңай­ған бола­тын. Батыс дүни­есінің іргелі елдерін Ресей­мен сана­са­тын­дай дең­гей­ге дей­ін жет­кі­зу керекті­гін де айтқан еді. Оған Ресей­дің қуа­ты жете­ді деген­ді де қосты сол уақыт­тың өзінде.

Ал соңғы уақыт­та­ры Путин Ресей­ді гео­са­я­си ықпал­ды ойын­шы ретін­де қалып­та­сты­ру мақ­са­тын­дағы қауіп­ті әре­кет­терін жиілет­ті. Көр­ші елдер­дің ғана емес, әлем­дік қауым­да­сты­қтың тыны­шты­ғын бұза­тын иде­я­ла­ры арту­да. Мәсе­лен, Путин қазан айы­ның соңын­да ғана өткен «Вал­дай» халы­қа­ра­лық пікір­та­лас клу­бын­да КСРО-ның құла­у­ы­на қаты­сты тағы да өкіні­шін, әлдебір қима­сты­ғын біл­дір­ді. Оның қир­а­уын «…гума­ни­тар­лық сипаттағы тра­ге­дия» деп атап өтті.

Соны­мен қатар ол: «КСРО-ның құла­уы нәти­же­сін­де 25 млн этни­ка­лық орыс әп-сәт­те өз еркі­нен тыс шетел­дік болып шыға кел­ді», – деді. «Шетел» деп оты­рға­ны, КСРО-ның тіке­лей мұра­гері – Ресей­дің отар­лық езгісін тар­тқан, ұлт ретін­де жой­ы­ла жаз­даған, ұрым­тал тұста тәу­ел­сізді­гін алып үлгір­ген Қаза­қстан, Өзбек­стан, Әзір­бай­жан, Бал­тық жаға­ла­уы елдері. Қысқа­сы, Кеңе­стік шек­пен­де болған мемлекеттер.

Демек, оның сөзі­нен бұры­нғы КСРО құра­мын­да болған елдер­дің шетел болға­нын қала­май­тын, еге­мен­ді­гін еле­гісі кел­мей­тін ниет бай­қа­ла­ды. Енде­ше бұл сөз­дер тәу­ел­сіз елдер­ге ұнай ма? Бей­біт өмір­ге шақы­рып тұр ма?

Әрине, жоқ! Оның сөзін артын­ша билік­те­гі салақұлаш «қол­да­ры» іліп әкет­ті. Қазір олар да отар­лық исі аңқы­ған ойлар тастап, ұсы­ны­стар жасап жатыр. Бұл бар болға­ны соңғы бір-екі айдың төңіре­гін­де жүріп жатқан үдерістер, оқиға­лар ағы­мы. Осы жуы­қта ғана РФ Мем­ду­ма­сы­ның депу­та­ты Евге­ний Федо­ров Путин­нің сол «Вал­дай­дағы» сөзіне сіл­те­ме жасай оты­рып, РФ бас про­ку­ро­ры Юрий Чай­каға КСРО-ның құла­уы қан­ша­лы­қты заң­ды екенін аны­қтау және сол уақыт­та оны ыды­ра­та­тын шешім шығарған­дар­дың қателі­гі бол­са, олар­ды сотқа тар­ту, т.с.с. мәсе­ле­лер­ді қам­ти­тын сұра­ныс хатын тағы бір мәр­те жолдады.

Әлбет­те, Путин қалып­та­сты­рған жар­ты­лай тота­ли­тар­лы авто­ри­тар­лық мем­ле­кет­те Кремль иша­ра етпей, Мем­ду­ма депу­та­ты өзді­гі­нен олай жасай алмай­ты­ны анық. Енде­ше мұның бар­лы­ғы дер­лік бел­гілі бір кремль­дік сце­на­рий­ге негіз­де­ле жүріп жатыр деу­ге келетін­дей. Сон­да бұл ресей­лік билік­тің ТМД мүше­леріне қаты­сты астар­лы да ашық тұста­ры бар отар­лық ойы деген сөз. Бұл – Кремль­дің ТМД елдеріне еме­уріні: баты­стық неме­се қытай­шыл сая­сатқа қарай ойы­спаң­дар, тәу­ел­сіз­бін деп тай­раң­да­маң­дар, әйт­пе­се бұры­нғы КСРО-ның қорас­ы­на қай­та «кіресің­дер» дегендей.

Путин­нің кей­ін­ге сақтап оты­рған сая­си жүрісі де осы­ған сая­тын сияқты: керек кезін­де пай­да­ла­на қоя­тын. Өйт­кені, әлбет­те, Путин қажет қыл­са, ресей­лік бас про­ку­рор КСРО-ның ыды­ра­уы заң­сыз, кезін­де кет­кен қате шешім деген ұйға­рым жасайды.

Десе де, оның соңы немен аяқта­луы мүм­кін?.. Путин­нің «атқа» мініп алып шапқы­лап, КСРО-ның жерін түген­де­умен бе?! Бұл дегенің соғыс қой! Мұны ТМД мүше­лерінің жоғарғы билі­гі біліп оты­рға­ны бел­гілі. Мәсе­лен, Өзбек­стан осы жақын­да ғана Сири­ядағы Ресей әре­кет­терін ашық сына­ма­са да, астар­лап, дұрыс емес екен­ді­гін жет­кіз­ген­дей бол­ды. Қару­ды жалақта­та беру қауіп­ті екенін ескерт­ті. Өзбек­стан­ның соңғы әре­кет­теріне қара­саңыз, қай­та­дан АҚШ-қа қарай бұры­лғы­сы келетін сыңайы бай­қа­ла­ды. Көп­век­тор­лы сая­сат­ты ұстанған біздің елі­міз­ге де оңай болай­ын деп тұрған жоқ. Өйт­кені АҚШ-пен Түр­ки­я­ны Ресей ашы­қтан-ашық сынға алу­да. Лаң­кест­ік­пен бай­ла­ны­сты­ру­да. Түр­ки­я­мен жағ­дайы тіп­тен ауыр. Тіп­ті Ресей бас­шы­сы феде­рал­ды жиын­дағы кезек­ті жол­да­уын­да да Түр­ки­яға деген өкпе­сі тарқа­маға­нын, Су-24 ұшағын атып түсі­ру оқиға­сын ұмыт­пай­ты­нын бай­қат­ты. Бұл тарап­та өзінің жақын әріп­тесі сана­лып кел­ген кей­бір ел бас­шы­ла­ры­ның бітім­ге шақы­рған пікірін де елемегендей.

Сон­ды­қтан бірі – туыс, бірі – көр­ші екі елдің рені­шіне қал­мас үшін, біздің ел не істе­уі қажет? Бұл да күр­делі сұрақ…

КСРО-ны аңсау деген­нен шыға­ды: Ресей бас­шы­сы­ның жоға­ры билік­ке кел­ген­нен бері кеңе­стік кезең­де­гі әнұран­ды қай­та­дан қабыл­даға­ны, бесжұл­ды­зды, орақ пен балға­ны мем­ле­кет­тік дең­гей­де­гі бел­гі ретін­де жаңғыр­тқа­ны және т.б. қадам­да­ры жай­дан-жай бол­ма­са керек.

 

Қазір­гі Ресей билі­гінің «беті ашы­лып» болды

Әділ­ді­гін айтай­ық, соңғы 15 жыл­дың ішін­де пут­ин­дік билік (оған Мед­ве­дев басқарған кез­де­гі «қуыр­шақ» билік те кіреді) Ресей­дің халы­қа­ра­лық сая­сат­тағы орнын кеңейт­ті. Уақыт өткен сай­ын ықпа­лы артып-ақ келеді. Мәсе­лен, өткен ғасыр­дың 90-жыл­да­ры­ның соңын­да неме­се осы ғасыр­дың басын­да АҚШ бастаған Батыс елдері Ресей­ге қара­та тіке­лей, Шешен­стан, жал­пы Кав­каз мәсе­лесіне қаты­сты тақы­рып­тар­ды қозғай ала­тын. Батыл айып­таға­ны да бар. КСРО ықпа­лын­да болған Юго­сла­ви­я­ны сол уақыт­та­ры ресей­лік билік­тен ықпай-ақ бір­не­ше мем­ле­кет­ке бөліп жібер­гені де бел­гілі. Бал­тық жаға­ла­уы, Шығыс Еуро­па­ның көп­те­ген елдері де НАТО құра­мы­на өтіп жат­ты. ТМД мүше­леріне де АҚШ, басқа да еуро­па­лық дер­жа­ва­лар түр­лі тақы­рып­тар­мен, бағыт­тар­мен еркін ене ала­тын. Соны­мен қатар есте болар, бәл­кім, сонау 2003 жылы АҚШ Ира­кқа соғыс ашқан­да, Ресей пре­зи­ден­ті В. Путин теле­ар­на арқы­лы айып­та­удан әрі аса алмаған еді.

Тіп­ті 2000 жыл­дың басын­да Путин­ге әлдебір жур­на­ли­стің: «Ресей бас­шы­сы­ның қыз­метін уақыт­ша атқа­рып тұрған кез­де нелік­тен шетел­ге ісса­пар­мен шық­па­ды­ңыз, әлде Шешен­стан мәсе­лесіне қаты­сты қамап қояды деп қоры­қты­ңыз ба?» – деген мағы­на­да сұрақ қой­ға­ны бар. Осы­дан-ақ Ресей­дің сол уақыт­тағы халы­қа­ра­лық беделін бір бай­қа­уға болады.

Ал қазір­гі жағ­дай басқа­ша (Путин қазір теле­ди­дар­дан «шығып кет­ті». Енді оны күш­теп, қай­та «кір­гі­зу» – үлкен тари­хи жүк). Ресей­лік билік Шешен­стан­ды толы­ғы­мен өзіне қаратқа­ны сон­ша, оған Батыс елдерінің бұры­нғы­дай ара­ла­суы­на жол беріл­мек түгілі, қазір­гі бас­шы­сы Р. Қады­ро­втың сөз­дерін тың­да­саң, Путин­нің семіз малайы болып кет­кен бе деп қалуың ғажап емес.

Мүм­кін, бұл сая­сат шығар?.. Деген­мен, Еуро­па­лық одаққа ұмты­лған тәу­ел­сіз Укра­и­наға да «саған кере­гі осы ма еді?» деген­дей, Қырым­ды тар­тып алды. Оны­мен қой­май, Укра­и­на­ның оңтүстік-шығыс бөлі­гін­де соғыс отын лау­ла­тып отыр. Ашы­қтан-ашық Орта Азия елдеріне, жал­пы ТМД-ның басқа да мүше­леріне түр­лі сипаттағы қысы­мын үде­те түсу­де. ТМД-да мүд­де­міз бар дей оты­рып, оған мүше елдің бас­шы­лы­ғы­на ресей­лік билік­тің сая­са­ты­на қар­сы кел­мей­тін, тіп­ті шаш­ба­уын көтеріп жүретін тұлға кел­тіру­ге дей­ін ара­ла­су­да. Бұл – Путин­нің басқа елдер халқын да қыспаққа алуға ұмты­лға­нын біл­діреді. Бөтен елдің ішкі ісіне ара­ла­су болып саналады.

Бұры­нғы КСРО төңіре­гін қой­ып, алы­стағы Сири­ядағы соғы­сқа да килі­гіп кет­ті. Бұл жағы жай уақыт­та емес – БҰҰ-ның 70 жыл­ды­ғын­да жасалған әре­кет! Кас­пий теңізі Ресей­мен қатар – Қаза­қстан, Әзір­бай­жан, Түр­кі­мен­стан, Иран елдеріне де ортақ. Бірақ пут­ин­дік билік олар­дан рұқ­сат сұра­ма­стан, Кас­пий­ден Сири­яға қара­та зымы­ран­да­рын ұшы­рып жатыр. Ол елдер­ден зымы­ран атуға рұқ­сат сұра­ды ма?

Демек, Путин Ресей­дің бұры­нғы озбыр, қан­ды жол­дар­мен кел­ген гео­са­я­си ықпа­лын қай­та орны­қты­ру­да. Әзір­ге оны­сы­нан тай­ы­нар да емес. Бұл дегенің – соғыс. Тәу­ел­сізді­гін алып, Ресей­ден ірге ажы­ра­тып үлгір­ген елдер­ді қай­та әбі­гер­ге салу, тыны­шты­ғын бұзу, түр­лі сипаттағы дағ­да­ры­старға жол ашу деген сөз.

 

Путин­ге өз халқы қар­сы шығар уақыт алыс емес

Соңғы уақыт­тар­дағы пут­ин­дік билік­тің әре­кет­тері АҚШ және баты­стық дер­жа­ва­лар­дың, НАТО мүше­лерінің ғана емес, басқа да мем­ле­кет­тер­дің Ресей­ден іргесін аулақ салуы­на негіз қала­уда. БРИКС-тің (Бра­зи­лия, Ресей, Үндістан, Қытай, Оңтүстік Афри­ка рес­пуб­ли­ка­сы) Ресей­ден бөлек төрт мүше­сі де пут­ин­дік билік­ті жақтай­тын­дай сыңай бай­қат­пай отыр. Соңғы кез­дер­ден аңға­ры­лға­ны – тіп­ті Бра­зи­лия да, Қытай да Ресей­ден гөрі Батыс тара­пы­мен бір­ге қалған­ды жөн көретіндей.

Оған бір дәлел – Түр­кия бас­шы­сы Ердоған билі­гіне ресей­лік тарап­тың қабағы жазыл­май тұрған­да, Қытай Еуро­паға дай­ын­дай­тын тау­ар­ла­рын Ресей­ді айна­лып, Қаза­қстан, Әзір­бай­жан, Гру­зия, әрі қарай Түр­кия арқы­лы жет­кі­зетін кон­сор­ци­ум құруға уағ­да­ла­сты. Оның құра­мын­да Қытай мен Түр­ки­ядан бөлек, Қаза­қстан, Әзір­бай­жан, Гру­зия да бар. Алдағы уақыт­та олар тіп­ті Укра­и­на арқы­лы Шығыс және Сол­түстік Еуро­паға тау­ар жөнел­туді жос­пар­лап отыр. Сон­да Ресей­ден көп елдер­дің теріс айна­ла баста­уы – Путин­нің тым қыр­сық, бір­бет­кей сая­са­ты­ның кесірі болып шығады.

Ал ресей­лік эко­но­ми­ка бол­са, әбден шатқа­яқта­ды. Мұнай­дың 1 бар­релі $100 боп тұрған кез­бен есеп­те­сек, оның құл­ды­ра­уы­ның өзі­нен бір жыл­да шама­мен 160 млрд АҚШ дол­ла­ры­нан қағы­лып отыр! Халы­қар­лық алтын-валю­та қоры 2017 жылы тау­сы­луы мүм­кін екен­ді­гі айты­лу­да. Сири­ядағы соғы­стың өзі күніне он мил­ли­он­даған ресей­лік рубль­ді жұту­да. Баты­стық санк­ция бол­са, тоқтай­тын түрі жоқ. Мұның бәрі Ресей эко­но­ми­ка­сы­на соққы. Ал оған өзін­дік донор бола­тын инве­сти­ци­яға ыңғай­лы жағ­дай жоқ. Қарым­та­сы күдік туды­ра­тын жер­ге әр ады­мын ойла­нып баса­тын ірі биз­нес өкіл­дері қар­жы салуға тәу­е­кел етпей­тіні айқын. АҚШ-тың 1 дол­ла­ры бол­са, ресей­лік 70 рубль­ді еркін бағын­ды­руға шақ тұр. Баға­лар шары­қта­уда. Еуро­па­лық одақ тау­ар­ла­ры­на деген шек­те­улер енді түр­ки­я­лық өнім­дер­ге де қой­ыл­ды. Демек, Ресей­де­гі тау­ар баға­сы тағы да қым­бат­тай­ды деген сөз.

Орта тап­тар­дың алыс-жақын елдер­ге қыды­рып тұра­ты­ны бар еді. Оған да тый­ым салу әре­кеті бастал­ды. Енді тури­стер қыды­ру­дың орны­на, Путин­нің бетін жиі көріп тұруы­на тура келеді: теле­ди­дар, газет, т.б. арқы­лы. Орта тап­тың жалы­ққа­ны қай кез­де де билік­ке ауыр­лау тиеді. Өйт­кені орта тап көп жағ­дай­да билік­тің арнайы қалы­бы­на сый­май­ды. Қар­сы­лық біл­діретіні бар. Оның үстіне бей­біт ойлы, өрке­ни­ет­ті қоғам­да бей­қам өмір сүр­гісі келетін көзі ашық ресей­лік­тер аз емес. Олар­ды соңы­на ерте ала­тын сая­си қай­рат­кер­лер де бар. Мәсе­лен, Ресей­дің бұры­нғы үкі­мет бас­шы­сы, «ПАРНАС» («Халық-азаттық пар­ти­я­сы») ұйы­мы­ның төраға­сы Миха­ил Касья­нов, ресей­лік қоғам қай­рат­кері, бұры­нғы «ЮКОС» ком­па­ни­я­сы­ның бас­шы­сы болған Миха­ил Ходор­ков­ский, шах­мат­тан әлем чем­пи­о­ны Гар­ри Кас­па­ров… осы­лай жалға­сты­ра беру­ге бола­ды. Олар дик­та­тор­лық үстем­дік­пен кетіп бара жатқан Путин­нің жолы қате екенін ескер­ту­мен келеді. Миха­ил Касья­нов «тұй­ы­ққа апа­ра­тын жол­да­мыз» деген ой түй­іп отыр. М. Ходор­ков­ский бол­са, соңғы уақыт­та­ры қабыл­да­нып жатқан заң­дар Ресей­ді құқы­қтық мем­ле­кет­тілік­тен, демо­кра­ти­ядан алшақта­тып бара жатқа­нын мәлім­де­уде. Тіп­ті мұның соңы төң­керіс­ке апа­руы мүм­кін екенін ескер­тіп отыр.

Енде­ше осын­дай аза­мат­тар жарқын бола­шағы үшін бірі­гіп үлгір­се, Путин билі­гіне соққы беріп, тағы­нан тай­ды­рып түсіруі де мүмкін.

Осы­лай­ша, пут­ин­дік билік Ресей­ді әбден оқша­у­лап бара­ды. Көп­те­ген елдер­ді өзіне жирен­ді­ре оты­рып. Сенім­сіздік­ті өсір­ген күй­де. Ресей дамы­ған мем­ле­кет­тер­дің заң­ды қар­сы­лы­ғы­на тап болған қалып­та. Кей­де ойлай­сың: АҚШ бастаған Батыс елдері ресей­лік билік­тің озбыр, импе­ри­я­шыл әре­кет­теріне санк­ци­я­мен бол­сын қар­сы­лық қой­ып үлгір­гені дұрыс шықты деп (әттең, біздің елі­міз­ге, басқа да қаты­сы жоқтарға зия­ны тиіп жатқа­ны болмаса!).

Эко­но­ми­ка­сы тежеліп, әбден құл­ды­раған кез­де қал­та­сы қағы­лған­да, бәл­кім, ресей­лік билік кей­ін шегініп те қалар?.. Батыс елдері санк­ция қой­май, қарап оты­ра бер­ген­де, пут­ин­дік билік мұнай­дан, басқа да шикі­заттар­дан түсіп жатқан қар­жы­ны Ресей­дің гео­са­я­си қуа­тын арт­ты­ра түсу­ге, әске­ри тұрғы­дан күше­ю­ге жұм­сай беруі әбден мүм­кін еді.

Бірақ Путин өзінің заң аясы­нан шығып кет­кенін білетін­дей… Оған дәлел – Феде­ра­ция кеңесінің Кон­сти­ту­ци­я­лық сот өкілет­ті­гін кеңей­тетін заң­ды мақұл­да­уы. Соған сәй­кес, егер халы­қа­ра­лық сот­тың шеші­мі Ресей Кон­сти­ту­ци­я­сы­на қай­шы кел­се, ол шешім заң­сыз бол­мақ. Әрине, Кон­сти­ту­ция – әр елдің басты заңы.

Десек те, бұл жер­де басқа да мәсе­ле бар сияқты. Мыса­лы, егер Пут­ин­ді әлем­дік қауым­да­стық елдері біра­уы­здан айып­тап, халы­қа­ра­лық сотқа бере қал­са, жағ­дайы қиын бола­ты­ны бел­гілі ғой. Халы­қа­ра­лық сотқа тар­ты­лған дик­та­тор­лар – Сер­бия бас­шы­сы Сло­бо­дан Мило­ше­вич, Румы­ни­я­ны езе биле­ген Нико­лае Чау­шеску өмірінің немен аяқталға­нын біл­мей­ді деу қиын. Енде­ше содан сақта­ну­дың бір жолы секіл­ді. Ал халы­қа­ра­лық сот­тың қасын­да Кон­сти­ту­ци­я­лық сот дегенің не тәйірі?!

 

Путин кім: демо­крат, дер­жа­ва­шыл, христианшыл?

Бұған бір­жақты жау­ап беру жөн бол­ма­са керек. Егер оның демо­кра­тия, заң алдын­дағы теңдік тақы­ры­бын­дағы пікір­лерін оқы­саң… Тың­да­саң. Бірақ қоғам­дық шын­дық басқа­ша болып тұр.

Енде­ше Путин­нің алғаш жоға­ры билік­ке кел­ген кез­де­гі де, соңғы жол­да­уын­да да айтқан демо­кра­ти­я­ны дамы­туға қаты­сты пікір­лері жай сөз болып шыға­ды. Алдарқату!

Оның үстіне демо­кра­ти­я­ны орны­қты­рғы­сы кел­се, Путин тәу­ел­сіз бас­пасөзді қыспаққа алмаған болар еді. Оппо­зи­ци­я­ны көк­жел­ке­ден түй­іп, қуғы­нға ұшы­рат­пай­ты­ны да бел­гілі. Сай­лау әділ өтер еді. Демо­крат бол­са, Ель­цин кезін­де­гі губер­ния бас­шы­ла­рын сай­ла­уды, авто­но­ми­яға беріл­ген сая­си еркін­дік­тер­ді де сол күй­ін­де қал­ды­ра­ты­ны айқын бола­тын. Әрине, оларға заң шең­берін­де­гі ықпа­лын сақтай оты­рып. Соны­мен қатар Ресей­дің көр­нек­ті сая­си қай­рат­кері, демо­крат тұлға Борис Нем­цов та жұм­бақ жағ­дай­да аты­лып кет­пей­тін еді. Бұры­нғы үкі­мет төраға­сы, қазір­гі оппо­зи­ци­о­нер, «Халы­қа­заттық пар­ти­я­сы» ұйы­мы­ның көш­бас­шы­сы Миха­ил Касья­нов та билік­тің қыспағы­на түс­пей­тіні бел­гілі. Осы­лай жалға­сты­ра беру­ге болады.

Демек, сая­си демо­кра­ти­яға кел­ген­де, билік­ті халы­ққа тәу­ел­ді ету­де ол тым сараң. Бұл жағы­нан алған­да Ель­цин кезін­де қалып­тасқан демо­кра­ти­я­ны жою­шы ма деген ойға қалуың кәдік.

Ал дер­жа­ва­шыл ойла­ры мен әре­кет­тері жетер­лік! Әлбет­те, оның кей дер­жа­ва­шыл ойла­ры – бұры­нғы ота­рын­да болған, қазір­гі тәу­ел­сіз елдер­ді қай­та­дан ман­сұқтап, тал­таң­дап жүр­гісі келетін көп­те­ген оры­старға, оры­станған­дарға ұнай­ды. Содан да болар, соңғы уақыт­та­ры Пут­ин­ді қол­да­у­шы отан­даста­ры­ның саны артқан екен. Кей дерекке қараған­да, 90%-ды төңіректеген.

Бірақ қатаң авто­ри­тар­лық билік жағ­дай­ын­да тәу­ел­сіз бас­пасөзді күш­теп жауып жатқан елде оппо­зи­ция қысы­мға түс­кен жер­де 90%-ды қоғам­дық шынайы қол­дау деп санау қиын. Өйт­кені әле­умет­тік желілер­де­гі пікір­лер­ге қара­саң, қазір­гі Путин қалып­та­сты­рған сая­си жүй­ені «иттің еті­нен жек көретін­дер­дің» саны қалың екенін аңға­ра­сың. Ал қазір­гі таң­да әле­умет­тік желі авто­ри­тар­лы билік қалып­тасқан елде­гі бұқа­ра­ның пай­да­ла­на­тын бір­ден-бір демо­кра­ти­я­лық құра­лы екені айқын. Енде­ше оның ойы да, қалып­та­сты­рған сая­си жүй­есі де дик­та­ту­раға негізделген.

Оның хри­сти­ан­шыл екенін талай мәр­те айтқан пікір­лері мен жасаған қадам­да­ры­нан аңға­руға бола­ды. Мәсе­лен, Ресей бас­шы­сы әу бастан-ақ елін­де хри­сти­ан­дық мораль­ды қай­та қал­пы­на кел­тіру­ге ұмты­ла­ты­нын мәлім еткен бола­тын. Еуро­па­ның хри­сти­ан­дық құн­ды­лы­қтар­дан қашы­қтап бара жатқа­нын да қатаң сынаған еді. Сон­ды­қтан да Батыс елдерінің көбісін­де заң­да­сты­ры­лған бір­жы­ны­сты неке секіл­ді адам­затты азды­ра­тын жағ­дай­ларға өз елін­де ресми түр­де рұқ­сат беріл­мей­тінін ескертті.

Был­тыр Ресей Қырым­ды басып алға­ны бел­гілі. Путин Қырым­ды: «Ресей үшін үлкен тари­хи маңы­зы бар жер, өйт­кені оры­стар­дың хри­сти­ан­ды қабыл­да­уы сол жақтан бастау алды», – деді. Мұның бәрі хри­сти­ан діні үшін. Діни-мораль­дық құн­ды­лы­қтар­ды сақтау мақ­са­тын­да-мыс. Мүм­кін, дін­ді сая­си мақ­сат­та­ры­на жету құра­лы ретін­де пай­да­ланғы­сы келеді…

 

Құр­манға­ли НҰРҒАЛИЕВ,

жур­на­лист, эко­но­ми­ка магистрі

Abai.kz

Мақа­ла­ның түп­нұсқа­дағы тақы­ры­бы: «Теле­ди­дар­дан «шығып кет­кен» Путин».

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн