«Общественная позиция»
(проект «DAT» №43 (407) от 23 ноября 2017 г.
Апта аптығы
2017 жылдың қыркүйек айының соңына дейін жеке тұлғаларға берілген тұтынушылық несиелер көлемі 2,9 триллион теңгені құрады. Ол дегеніміз алдыңғы жылмен салыстырғанда 15 пайызға артық. Бірінші орында – алматылықтар. Олар қаржы ұйымдарына 83,6 млрд теңге берешек. Тізімде екінші боп Қарағанды тұр. Бұл қаланың тұрғындары банктен 32 млрд теңгені қарызға алған.
Алғашқы үштікке Астана да кіріпті. Елордалықтар 31 млрд теңгеге жуық несие алған. Ал банкке қарыз сұрауға ең аз жүгінетіндер теріскейліктер екен. Солтүстік қазақстандықтар алған кредит көлемі 4 млрд 700 млн теңгеге жуық.
Stan.kz