Воскресенье , 6 июля 2025

ӘР КӘЛЛӘДАБІР УАЙЫМ

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №20 (291) от 21 мая 2015 г.

 

Тура­биЛЕР тұғыры

 

Расул Жұма­лы:

Халы­қты әле­умет­тік қорғау мини­стрі Тама­ра Дүй­се­но­ваға: Сіздің ұйға­руы­ңы­з­бен Қаза­қстан­да ең төмен өмір сүру дең­гейі 21 364 тең­ге болып бекітіл­гені мәлім. Қамқор­лы­ғы­ңы­зға көп рах­мет! Алай­да дәл осы 21 мың тең­ге­ге өзіңіз ай бойы күнел­те ала­сыз ба? Шешім қабыл­даған – сіз, демек, оның негізді екеніне сіз­ден басқа кім жау­ап­ты? Дәлел­деңіз – халқы­ңы­зға бұл сан­ның Айдан алын­баға­нын! Ал енді аштық сынағы­нан аман-сау шық­саңыз, сізді, әрі сіз бас­таған мини­стр­лік­ті сына­мауға өз басым сөз беремін.

 

Аңсаған Мұста­фа:

Бала­лар бірі­нен кей­ін бірі суи­цид жасап жатыр: оқу бітіре­рде нер­вы­ла­ры құрып, әке-шеше­лері ақша, жұмыс деп, көңіл бөл­мей жатқан­да­ры бар; оқу­ды нашар аяқтап, аз балл алып, оқуға түс­пей қал­са, өмір бітетін­дей; біз біле­міз ғой – ол өмір баспалда­ғының бірін­ші саты­сы ғана, ал алда нешетүр­лі басқа сынақтар бар екенін. Бір ауыз жақ­сы сөз аяп қал­май, бола­шаққа деген үміт­терін ұлай­тай­ық: ештеҢе ойла­май, бала болып, жүгіріп жүріп, көп қиын­ды­ққа тіреліп қалып жатыр. Көмектесіңдер!

 

Бей­сен СерІкбай:

Біздің қауым­ның көп­шілі­гі елік­те­гіш, яғни жақ­сы мен жаман­ды ажы­ры­тып жат­пай­ды. Не бол­са соны көре береді, тың­дай береді. Қазір бір-біріне елік­те­удің кесірі­нен ана тіл­де сөй­лей­тін ағай­ын­ның 90 пай­ы­зы жалғау-жұр­нақтан жұр­дай бол­ды. Басқа­ны қой­ып, радио, теле­ар­на­дағы жур­на­ли­стер мен театр арти­стері де осы­лай сөй­лей­ді. Мыса­лы: келе ма? бере ма?, жүре ма?, емес па?, білесіз ба?, кіресіз ба? Сіз шәкірт тәр­би­е­леп жүр­сіз ба? – деп сұрақ қояды «Шалқар» радио­сы­нан… Айта бер­сең тау­сыл­май­ды. Бұл жур­на­ли­стер мен арти­стер қай­дан білім алған, онсыз да шала тіл­ді жал­мап бітіретін болды?

 

Халел­хан ӘДІЛХАН:

Қаза­қты құр­тқан – «тәу­бе». «Осы күні­міз­ге тәу­бе – елі­міз­де тыны­штық қой, басқа елдер­де соғыс болып жатыр…». Міне, бізді құр­тқан – осы сөз. Басқа­лар жақ­сы өмір үшін, бала­ла­ры­ның бола­шағы үшін соғы­сып жатыр. Бүйт­кен тыны­шты­ғы­ң­ды ұрай­ын! Қазақ айтқан: «Мың күн атан болған­ша, бір күн бура бол» деп. Мешіт­ке бар­саң да, ести­тінің осы – тыны­штық. Басқа­лар біл­генін істесін, қаза­қтар тыныш жүрей­ік дей­ді. Қыса-қыса к…т ойыл­ды ғой… Әр жек­сен­бі сай­ын Рай­ым­бек батыр­дың басы­на жина­лып, құран оқып, бас қосып жүр­міз. Тамақ алып барып, әңгі­ме­ле­су­ге бола­ды: ата­мы­здың басы ғой. Ұлт­шыл қаза­қтар, жина­лы­ң­дар! Әр жек­сен­бі сағат 12-де.

 

Imash Balgynbek:

Демең­дер сақал қой­са, шал болады,

Бұл сақал ерге көрік – сән болады!

Адам түгіл, аң пат­ша­сы арыстанның,

Ерке­гінің бәрін­де жал болады!

Кей інім – жүр­сем мен ақын ғой деп,

Аға­сын маза­қтай­ды жақын­дай кеп:

«Сақа­лы­ң­нан қоры­қ­пай – қасыңызға,

Жатып жүр­се, жең­ге­міз батыр ғой» деп.

Оянып кет­се, қай­та ол қуанады,

Басы­на нешетүр­лі ақыл­ды ой кеп.

Сақа­лым­ды сипа­лап мәз болады:

«Күй­е­уім – біз­ге қорған, шатыр ғой» деп.

Содан кей­ін бата­ды тәт­ті ұйқыға,

«Ары­ста­ным қасым­да жатыр ғой» деп.

 

Айгүл Орын­бек:

Балғын­бек бра­тан, сіз аң шығар­сыз – ары­станға ұқсаған. Ал менің әкем, аға­ла­рым, інілерім – адам!

Сақалға жақ­сы­лап жар­на­ма жасап­сыз – өзіңізді хай­у­а­нат­тарға теңеп. Адам болы­ңыз, хай­у­ан болы­ңыз: теке­де де сақал болған! Өткен­де анау келін­нің сәле­міне тиісіп, соңын­да мой­ын­да­май кет­кен едіңіз – ақта­лып. Енді бұл жолы не деп ақта­ла­ды екен­сіз? Жүрей­ік енді – жүн-жүн басып кет­кен еркек­тер мем­ле­кеті болып! Сақа­лы­ңыз да, жар­на­маңыз да – өзіңізге!

 

Марат Уатқан:

Төл жазуы­мыз – түрік біті­гі тура­лы біле­міз бе?

Орхон бой­ын­дағы ескерт­кі­ш­тер­ге қаша­лып жазы­лған жазу­ды Түрік біті­гі атай­ды. Бітік – көне түрік тілін­де «жазу» деген мән­ді біл­діреді. Мажар­лар осы­дан 6–7 жыл бұрын өздерінің төл жазуы «мажар-секей» біті­гін БҰҰ-на тір­кетіп, заң­да­сты­рып алған. Ал біз әлі күн­ге бөтен­су­мен әлек боп жүр­гені­міз өкінішті!

Көне түрік­ше бітік – жазу, моңғол­дар – бичиг, мажар­лар – betű деп, әріп­ті айтады.

Мәң­гі ел болу­дың алғы шарты:

  1. Мәң­гі Көк Тәңірін тану (түр­кі дәстүрі бой­ын­ша, билік­тің баста­уы Тәңірден).
  2. Ортақ жазу – Қаси­ет­ті Түрік бітігі.
  3. Түрік тек­ті бауыр­лас мемлекет­тердің одағы.

(Пікір­лер интер­нет­тің әле­умет­тік желілерінен

алын­ды)

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн