Среда , 27 августа 2025

РАХАТТЫҢ ӨЛІМІ кімге қажет болды?

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №08 (279) от 26 фев­ра­ля 2015 г.

 

Өлген­нің арты­нан сөз айтуға бол­май­ды деген түсінік бар. Бірақ Вена түр­месін­де асы­лып (?) өлген Рахат Әли­ев Қаза­қстан истеб­лиш­мен­ті үшін қатар­дағы қазақ санал­ма­са керек. Бірін­ші­ден, ол бүгін­гі ел пре­зи­ден­тінің бұры­нғы бол­са да – күй­еу бала­сы: Нұр­сұл­тан шал – одан қалған үш бір­дей неме­ренің атасы.

 

Екін­ші­ден, ол Қаза­қстан билі­гін­де лау­а­зым­ды қыз­мет­тер атқарған, елдің сая­си билі­гіне тіке­лей қаты­сы болған адам. Соны­мен бір­ге Рахат Әли­ев қоғам­ды дүр сіл­кін­дір­ген бірқа­тар оқиға­лар­дың, соның ішін­де қан­ды қыл­мыстар­дың фигу­ран­ты. Оның қаты­сы неме­се ара­ла­суы болған істер қалай болған­да да қаза­қстан­дық сот талқы­сы­нан өткен және сырт­тай бол­сын жаза­ға тар­ты­лған қылмыскер.

Соны­мен, осын­дай түй­сік тұрғы­сы­нан айтар бол­сақ, Рахат Әли­ев­тің өлі­мі кім­ге қажет бол­ды? Әрине, австри­я­лық тер­геу орын­да­ры бұл сау­ал­дың қан­дай да бір пұшпағын ұстай­ды деген сенім­ге нәу­ми­ездік таны­туға болады.

Ал жеке­ле­ген сарап­шы­лар­дың пікірін сара­лай кел­ген­де, оның Вена­дағы сот оты­ры­сы­нан бір күн бұрын «асы­лып өлуі» бірін­ші кезек­те Австрия сая­си билі­гіне қажет болған сияқты. Себебі Вена­да елшілік қыз­мет ете жүріп және кей­ін­нен қыл­мыстық қуда­ла­удан бас­са­уға­лау бары­сын­да, ол Австрия өкі­меті билі­гінің бірқа­тар лау­а­зым­гер тұлға­ла­рын өзінің ықпа­лы­на тар­та біл­ді. Олар­дың қата­рын­да әділет, про­ку­ра­ту­ра, дипло­ма­тия өкіл­дері бол­ды. Әсіре­се оның мил­ли­он­даған дол­лар қар­жы­ны «жуу» деректеріне австри­я­лық бірқа­тар шене­унік­тер­дің қаты­сы болға­ны – еуро­па­лық таб­ло­ид­тар­дың тақы­ры­бы­на айналған мәселе.

Ал демо­кра­ти­я­лық Еуро­па елдерін­де лау­а­зым­ды тұлға­лар­дың «көлең­келі қар­жы» махи­на­ци­я­ла­ры­на қаты­суы – өкі­мет­тік дағ­да­рыс туды­ра­тын про­бле­ма. Лас ақша­ны «жууға» қаты­сы болған сая­си тұлға­ның тұты­луы – пар­ти­я­лық негіз­де сай­ла­на­тын билік­ке сая­си скан­дал бола­тын оқиға. Бұл жағ­дай­дың мән-жайы сот бары­сын­да ашы­лар бол­са, Рахат­тың қаты­сы бар деген қос бан­кир­дің қаза­сы Австрия билі­гі үшін ойын­шық болып қала­ры хақ.

Осы ойдың реті­мен алған­да, Рахат Әли­ев­ті өлтіру­ге Австри­я­ның мем­ле­кет­тік сая­си билі­гі иша­ра біл­діруі әбден мүм­кін. Оларға қай­дағы бір қаңғы­рған қазақ үшін өкі­мет билі­гі басын­да сая­си дағ­да­рыс тууы – тіп­ті де қажет емес.

Деген­мен, қаза­қстан­дық сарап­шы­лар­дың ой-жоралғы­сы­на қараған­да, Рахат Әли­ев­ті құр­ту – кезексіз пре­зи­дент­тік сай­лау алдын­дағы қаза­қстан­дық билік­тің мұқтаж­ды­ғы­нан туған қажет­тілік сияқты. Шегі­нер­ге жері қал­маған жара­лы тағы сияқты кеше­гі күй­еу бала сай­лау алдын­да өзінің «КГБ-КНБ»-лік архив­тік арсе­на­лы­нан кезек­ті ком­про­мат­ты төге салуы мүм­кін еді. Оның «соңғы жебе» ретін­де сары май­дай сақтап жүр­ген деректі дәй­ек­тері (фото, видео, аудио, құжат, айғақ, т.б.) барын бұған дей­ін оның жақын сері­гі, ҰҚК гене­ра­лы Әлнұр Мұса­ев­тың айтқа­ны бар. Ол мұн­дай жәйт­ті оппо­зи­ци­я­лық сая­сат­кер Алтын­бек Сәр­сен­бай­ұлы­ның қаза­сы­на қаты­сты біздің газет­ке бер­ген сұх­ба­тын­да суырт­пақтап қана шығарған болатын.

Австрия түр­месінің қатаң бақы­лау жағ­дай­ын­да Рахатқа қаза­қстан­дық тарап­тан қастан­дық жаса­луы мүм­кін емес деген пікір­ге де ден қоюға бола­ды. Жеке каме­ра­да, теле­бақы­ла­удың қара­уын­да жатқан адам­ды құр­ту – біздің ебе­дей­сіз елдің қолы­нан келетін іс пе?

Әйт­се де, Рахат Әли­ев­тің өлі­мі­мен тұс­па-тұс өткен ҚР Қауіп­сіздік кеңесі оты­ры­сы­нан кей­ін, Қаза­қстан «Сыр­бар» сыр­тқы бар­ла­у­ы­ның дирек­то­ры Аман­жол Жанқұ­ли­ев неге аяқ асты­нан «басқа жұмысқа ауы­суы­на бай­ла­ны­сты» қыз­меті­нен боса­тыл­ды? Бұл да сара­ла­у­ға себеп бола­тын сұрақтың сық­пы­тын­дағы мәсе­ле бол­са керек. Интри­га­лық иірім­ге толы сая­сат­тың жілік май­ын шағып ішетін Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев «аяқ асты ажал­дың» артын күт­пей, оны неге қол­ма-қол қыз­меті­нен алып тастады?

Қалай десек те, жоға­ры­да айты­лған қос қисын­нан басқа да себеп-сал­дар суы­ры­лып шығуы ықти­мал. Сон­ды­қтан қаза­қ­ша­лап құма­лақ ашқан­нан гөрі, жуық күн­дері жалға­сы жария бола­тын ақпа­рат ағы­нын тосайық.

Ермұрат БАПИ

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн