Пятница , 4 июля 2025

РАКТЫ ЕРТЕ АНЫҚТАУ орталығы Алматыда ашылады

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №33 (397) от 14 сен­тяб­ря 2017 г.

 

Апта апты­ғы

Жақ­сы хабар


 

Алма­ты­да обыр­ды ерте кезең­де аны­қтау бой­ын­ша орта­лық ашу жос­пар­ла­ну­да, деп хабар­ла­ды қала әкі­мінің бас­пасөз қызметінен.

 

«Алма­ты әкі­мі Бауы­р­жан Бай­бек «Medical Excellence Japan» ұйы­мы­ның вице-пре­зи­ден­ті Кени­чи Кома­цу­мен кез­десіп, қала­мы­зда сапа­лы меди­ци­на­лық диа­гно­сти­ка­лық орта­лық ашу мәсе­лесін талқы­ла­ды», – делін­ген сей­сен­бі­де тара­ты­лған хабар­да. К. Кома­цу­дың айтуын­ша, олар ұсы­нып оты­рған ұйым­ның басты мақ­са­ты – жапон меди­ци­на­сы­ның жетістік­терін шетел­ге экс­порт­тау және Алма­ты Орта­лық Азия өңірін­де алға­шқы қала болып таң­да­лып отыр.

«Біз Алма­ты­да тек кли­ни­ка ғана емес, обыр­ды ерте аны­қтай­тын диа­гно­сти­ка­лық орта­лық ашқы­мыз келеді, сон­да ғана оны емде­удің тиім­ділі­гі арта­ды, емде­лу­ші үшін де арзан бола­ды. Ол орта­лық ең озық тех­но­ло­ги­я­лар­мен жаб­ды­қта­ла­ды. Қар­жы инве­сти­ци­я­сы­мен қоса, тех­но­ло­гия транс­фер­ті де бола­ды, біз үшін жер­гілік­ті маман­дар­дың білік­тілі­гін арт­ты­ру маңы­зды. Олар Жапо­ни­яда тәжіри­бе­ден өте­ді», – деді жапон­дық меке­менің вице-президенті.

Кез­де­су қоры­тындысы бой­ын­ша ынты­мақ­та­стық тура­лы мемо­ран­ду­мға қол қой­ыл­ды және аталған жоба­ны жүзе­ге асы­ру­дың нақты­лы жос­па­рын жаса­уға келісті.

Қаз­ТАГ

 

 

 

 

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн