Суббота , 12 июля 2025

ҚҰРАЛАЙ соттасып ЖАТЫР

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» №11 (282) от 19 мар­та 2015 г.

 

Ойдан-қыр­дан

Қаз-қал­пын­да

 

Таны­мал моде­льер Құра­лай Нұрқа­ді­ло­ва мен «Қаз­ком­мерц­банк» сот­та­сып жатыр. Құра­лай Заман­бекқы­зы­ның сөзін­ше, банк 2006 жылы алған неси­есінің үстіне қосым­ша 44 мың дол­лар қосып қой­ған. Бұл іс жақын­да Жоғарғы сотқа да жетті.

Нұрқа­ді­ло­ва мен банк ара­сын­дағы ақша дауы екі жыл бойы жалға­сып келеді. Осы уақыт бойы банк Нұрқа­ді­ло­ва келісім­ді сақта­ма­ды деп, 2006 жылы 20 жылға беріл­ген 641 900 АҚШ дол­ла­ры­ның несие шар­тын мерзі­мі­нен бұрын сот арқы­лы бұзуға тыры­сып бағу­да. Сән мама­ны бол­са банк­ті қай­та құры­лым­дау мен капи­тал­дан­ды­ру­дан кей­ін, оның негіз­гі қары­зы­на 44 мың АҚШ дол­ла­рын заң­сыз қосты деп кінәлай­ды. Жоғарғы сот қарыз­гер­дің жағы­на шығып, Алма­ты­дағы бар­лық сот инстан­ци­я­ла­ры­ның жұмысы­нан көп­те­ген заң бұзу­шы­лы­қтар аны­қтап, істі қай­та қара­уға жібер­ді. Таласқа түсіп жатқан сома да аз емес, егер келісім-шарт бұзы­ла­тын бол­са, Нұрқа­ді­ло­ва бір­ден банк­ке 100 млн тең­ге­ден астам ақша төле­уі қажет.

Нұрқа­ді­ло­ва­ның сот­тағы өкілі Евге­ний Приц­кер­дің сөзіне қараған­да, Құра­лай Нұрқа­ді­ло­ва 2012 жылы банк­ке деген бере­ше­гінің азай­ып емес, керісін­ше, көбей­іп бара жатқа­нын көр­ген соң, несие бой­ын­ша қары­зын жабу­ды тоқтатқан. Несие шар­ты бекітіл­ген күн­нен бастап, банк оның негіз­гі қары­зы­ның сома­сын үш (!) рет арт­ты­рған. Бұдан алдын-ала құй­ы­лған 13 мил­ли­он тең­ге де құтқармапты.

«Сот­та­сып жүріп, сома­сы 13 мил­ли­он тең­ге бола­тын кем деген­де жеті төлем­ді банк­тың қарыз көле­мін есеп­теу кезін­де ескер­ме­генін аны­қта­дық, — дей­ді ол. — Осы­дан кей­ін кенет бұл ақша­ның Нұрқа­ді­ло­ва әкеліп төле­ген соң екі апта­дан кей­ін барып қары­зды жабуға арналған қара­жат ретін­де қабыл­данға­ны бел­гілі бол­ды. Алай­да банк қай­та есеп­теу жүр­гіз­бе­ген. Сот­та тағы бір қызық факт аны­қтал­ды: валю­та­лық шот­тан қары­зды жабу кон­вер­та­ци­я­сыз, ұлт­тық валю­та күй­ін­де төленіп оты­рған. Неге бұлай болға­нын «Қаз­ком» да, Ұлт­тық банк те түсін­діріп бере алмады».

Нұрқа­ді­ло­ва­ның неси­есіне қаты­сты істе ең қара­ма-қай­шы­лы­ққа толы дүние ретін­де Евге­ний Приц­кер мерзі­мі өтіп кет­кен қары­здың нақты сома­сын есеп­теу мүм­кін емес болып оты­рға­нын атай­ды. Бұл мәсе­лені тіп­ті сот-эко­но­ми­ка­лық сарап­та­ма маман­да­ры да шеше алмаған.

Басын­да биз­несін дамы­та­мын деп, қарыз жүгін мой­ны­на алған Құра­лай Нұрқа­ді­ло­ва бол­са өзінің таны­мал­ды­лы­ғы мен сот­тың әділ­ді­гі бұл жағ­дай­ды екі жаққа да тиім­ді жол­мен шешіп береді деп ұзақ уақыт сеніп келіп­ті. Егер осы істе Құра­лай жеңіс­ке жет­се, онда көп­те­ген банк­тер­дің басы­на қара бұлт үйіріл­гелі тұр, дей­ді Евге­ний Прицкер.

ult.kz

Добавить комментарий

Республиканский еженедельник онлайн