Одағың осы ма?
«Россельхознадзор» мекемесінің Новосибирь облыстық басқармасы 48 тоннаны құрайтын Қырғызстаннан апарылған капуста, сәбіз бен Қазақстаннан апарылған құрғатылған жемісті еліне кіргізуге тыйым салды, деп хабарлайды Azattyq.org порталы.
Ресейге кіргізілмеген жүктердің ішінде Қазақстаннан жеткізілген 500 түп жеміс ағашы мен сегіз мың түп раушан гүлі де бар. Мұның себебі ретінде өнімдердің қауіпсіздігін растайтын фитосанитарлы сертификаттардың жоқтығы айтылған. Ресейге кіргізілмеген өнімдер кері қайтарылған.
Ескерте кетейік, өткен аптада Қазақстан жағы да Астана қаласында Ресейден жеткізілген тауық етін сатуға тыйым салған еді. Оған ресейлік тауық етінде сальмонелла бактериясы бар-мыс деген сылтау желеу болған. Міне, ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев «тауарлар еркін айналады» деген Еуразиялық одақта осындай ойрандар болып жатыр.
«D»