Понедельник , 7 июля 2025

Ресей Қазақстанды ӘБДЕН УЛАП кетейін деп жүр…

«Обще­ствен­ная позиция»

(про­ект «DAT» № 01 (272) от 08 янва­ря 2015 г.

 

Қатер қай­дан демеңіз!

 

Ескі жыл­дың соңы­на таман, аны­ғын айтқан­да, 19 жел­тоқ­сан күні “Кондор‑Э» спут­ни­гін Жер орби­та­сы­на шығарған «Стре­ла» тасы­мал­да­у­шы раке­та­сы «Байқо­ңыр» ғарыш айлағы­нан ұшы­рыл­ды. Бұл ресми тіл­де тараған қысқа ғана қатар­дағы хабар сияқты. Бірақ сал­мағы 105 тон­на­лық «Стре­ла» зымы­ра­нын аме­ри­кан­ды­қтар сонау кеңе­стер кезін­де жер мен кеңістік­ке аса залал­ды раке­та деп баға­лаған бола­тын. Ескер­те кетей­ік, бұл зымы­ран «Про­тон» сияқты кеңістік­ке аса улы геп­тил оты­ны­мен ұшырылады.

 

Бір­ден айтай­ық, бұл «Стре­ла» – кеңе­стер ар­мия­сының қаң­сы­ғы. Ол АҚШ пен КСРО ара­сын­да жасалған «ОСВ» (стра­те­ги­я­лық қару­ды шек­теу) келісі­мі кезін­де Қару­лы күш­тер­де пай­да­ла­ны­лу­дан шыға­ры­лған соғыс тех­ни­ка­сы. Аме­ри­ка­лы­қтар «Сата­на» деп өте қорқы­ны­шты атау бер­ген «РС-18» кон­ти­нен­та­ра­лық бал­листикалық раке­та­сы (КБР) – осы тажал.

Әлбет­те, аме­ри­кан­ды­қтар оны «Сата­на» деп атаған­да, оның жой­қын жой­ғыш күшін емес, зымы­ран­ды алып ұша­тын оты­ны­ның адам бала­сы­на өте қатер­лі екен­ді­гі­нен осын­дай атау бер­ген. Әйт­пе­се АҚШ-тың сол за­мандағы «Пер­шинг», «Тома­гавк», «Пол­ла­рис» зымы­ран­да­ры өздерінің қуа­ты жағы­нан «Сата­на­дан» кем емес. Бір­ақ олар­ды ұшы­ру үшін пай­даланған отын қор­шаған ор­таға аса залал кел­тір­мей­тін қат­ты отын еді.

Ал тасы­мал­да­у­шы «Стрела­ның» арғы ата­сы «РС-18» КСРО Қару­лы күш­терін­де алғаш рет 1967 жыл­дан сынаққа қабыл­дан­­ған, тех­но­ло­ги­я­лық тұрғы­да жетіл­діріл­ме­ген раке­та еді. Міне, Қаза­қстан билі­гі осы кон­версияланған (әске­ри пай­да­ла­ну­дан алы­нып тасталған) раке­та­ны Ресей­дің ғары­штық зерт­теу жұмыста­ры­на қолда­ну­ға рұқ­сат бер­гені таңдан­ды­ра­ды. Қор­шаған ортаға зиянды­лығын былай қой­ған күн­нің өзін­де бұл «Сата­на» сынақтан толық өтпе­ген, ұшы­ры­лу кезін­де талай рет апатқа ұшы­раған раке­та бола­тын. Соның сал­да­ры­нан сынақ кезін­де бұның бір­не­ше үлгісі жары­лып, ауа атмо­сфе­ра­сы­нан шық­пай қал­ғаны тура­лы деректер өте көп. Бірақ сол кез­де­гі құпи­я­лы­ққа байланыс­ты ол жағ­дай кеңе­стік ақпа­ратта айтылмады.

Содан бұл раке­та 14 жыл бойы Қару­лы күш­тер­ге қабыл­данбады. Себебі оны ұшы­ру про­цесі өте қауіп­ті бол­ды. Сол сынақтар­дың 90 пай­ы­зы Қазақ­стан жерін­де жасал­ды. Ақы­ры 1981 жыл­дан бастап, мұн­дай раке­та­лық кешен­мен жабдық­талған әске­ри полк­тар тұңғыш рет қорға­ныс шебіне қой­ы­лып, жауын­гер­лік дай­ын­ды­ққа әрең деген­де көшіріледі.

1988 жыл­дың орта­сы­на қа­рай КСРО тара­пы­нан АҚШ жә­не Батыс Еуро­па елдеріне қа­рай бағыт­талған ныса­на­ларға бір сәт­те ұшып шыға ала­тын, есті­ген елдің зәресін ұшы­ра­тын 308 «Сата­на» – шах­та­лық қон­дырғыларда тұр­ды. Олар­дың 157-сі Ресей­де, өзге­лері Бела­русь пен Укра­и­на жерін­де орна­ла­сты­рыл­ды. Әр раке­та­ның 10 жары­лғыш басы (бое­го­лов­ка) бол­ды, ал әрбірінің қуат­тылығы Хиро­си­маға тасталған 1200 бом­баға пара-пар еді.

Миха­ил Гор­ба­чев­тің кеңес­тік елдер­ге жылы­мық әкел­ген «қай­та құру» жыл­да­рын­да АҚШ-пен ара­да жасалған стра­тегиялық қару­ды шек­теу ке­лісімі кезін­де аме­ри­кан­ды­қтар дәл осы «Сата­на­ны» қысқар­ту­ды талап етті. Бірақ КСРО бас­шылығы бұл тала­пқа мойын­сұнғанымен, Кеңес Одағы тарап, Ресей­де эко­но­ми­ка­лық дағ­дарыс орын алған 90-жыл­­дар­дың орта­сы­на дей­ін ол раке­та қол­да­ны­стан шығарылмады.

Міне, енді «Рос­кос­мос» агент­ті­гі осы кон­вер­си­я­лық зымы­ран­ды «бей­біт мақ­сат­та» ғары­штық зерт­теу спут­ник­терін кеңістік­ке шыға­руға пай­да­ла­на бастаға­ны – «Сата­на­ның» әлі күн­ге дей­ін кон­вер­си­яға түс­пегенін дәлел­де­се керек. Яғни, 30 жыл­дан астам уақыт бұрын жасалған бұл раке­та­лар­ды қой­ма­дан шыға­рып, қай­та­дан пай­да­ла­нуға қосуға Ресей­ге Қа­зақстан тара­пы­ның мұр­сат беруі – аме­ри­кан­дық соғыс сая­­са­тының ашу-ыза­сын туды­руы әб­ден мүм­кін. Оның үстіне 30 жыл бұрын жаса­лап, ре­сей­лік салақ­тықпен шаң басқан қой­маларда жатқан раке­та­лар қазақстан­дықтар үшін қанша­лықты қауіп­сіз болуы мүм­кін? Бұл біздің әске­ри маман­дар­дың басы жет­пей­тін сұрақ бол­са керек.

Ал ең қауіп­тісі, тіп­ті басқа жағ­дай. Ресей тара­пы­нан «Сата­на­ны» қай­та­дан пай­да­ла­ну деген сөз – амери­кан­дық раке­та жой­ғыш конти­­н­ент­аралық зымы­ран­дар Қа­зақ­стан тер­ри­то­ри­я­сы­на қарай ныса­наға қой­ыл­ды деген сөз. Яғни, Қаза­қстан тер­ри­то­ри­я­сы­нан «Сата­на» раке­та­сы яд­ро­лық жары­лғыш баспен АҚШ-қа қарай ұшуы мүм­кін деген қау­іп аме­ри­кан­ды­қтар­ды осын­дай қауіп­сіздік шара­сын жасау­ға мүд­делі ете­ді. Егер, Құдай сақ­та­сын, Ресей мен АҚШ ара­сын­да ядро­лық қақты­ғыс бола қал­са, аме­ри­кан­дық ракета­лар­дың Қаза­қстан жеріне де ұшып келуі тіп­тен ғажап емес. Себебі АҚШ агрес­си­я­лық Ресей­ден қорға­ну үшін, амал­сыздан осын­дай қада­мға баруға мәж­бүр болады.

Кон­вер­си­я­лық раке­та­лар­ды қай­та­дан пай­да­ла­нуға Ресей неге жан­та­ла­сып отыр? Себебі, өзінің соғыс док­три­на­сы­на яд­ро­лық қару­ды пай­да­ла­ну мүм­кіндігін енгіз­ген Ресей 2020 жылға дей­ін ядро­лық қару­мен жасақталған әске­ри күш­терін (жер, теңіз, әуе) түгел қай­та­дан жаңарт­пақ­шы. Ал бұл екі ара­да Ресей­де қалып­тасқан эконо­микалық дағ­да­ры­сқа байла­ныс­ты және жаңа зымы­ран тасы­ғы­штар жаса­уға шығын­данбау үшін, Кремль өзінің «қой­ма­да жатқан» ескі раке­та­ла­рын соңғы дана­сы­на дей­ін пай­да­ла­нып қал­мақ ойда.

Иә, бұл Ресей­дің өзін­дік ішкі ісі екені анық. Бірақ ол өзінің «ішкі ісін» Қаза­қстан терри­ториясындағы «Бай­қоңыр» арқы­лы неге жүзе­ге асы­руы тиіс? Өз жерін­де, өзінің ауа кеңісті­гін ластап, күні-түні «Сата­на­сын» самғат­са, оған ешкім қар­сы бо­ла қой­мас. Ал адам­заттың ден­саулығына аса қау­іпті геп­тил оты­ны­мен ұша­тын және бұдан 30 жыл бұрын жа­салған ескі-құсқы раке­та­сын Қаза­қстан аумағын­да пайдала­нуға Ақор­да билі­гі неге рұқ­сат береді?

Аме­ри­кан­дық соғыс маман­дарының пікіріне қараған­да, «Сата­на» раке­та­сы қан­ша­ма ескір­ді деген­мен, оның жарыл­ғыш зат тасы­мал­дау қуа­ты әлі де кем­шін түс­кен жоқ. Оның қуа­ты Аме­ри­ка­ның ең мықты деген «Минитмен‑3» раке­та­сы­нан кем түспейді.

Ал адам­зат үшін ең қорқы­ныштысы – Ресей конти­нент­аралық бал­ли­сти­ка­лық раке­та­ла­рын жаңар­тып, жетіл­діріп, олар­дың жаңа үлгілерін шыға­ра баста­ды. Бұл – ресей­лік соғыс док­три­на­сы­ның қорға­ны­сқа емес, шабуы­лға бағыт­талға­нын дәлел­дей­тін дерек. Осы жағ­дайда ядро­лық қару ата­улы­дан бас тар­тып, оны кон­вер­си­я­лап, бей­біт мақ­сатқа жұм­сау тура­лы әлем­ге жар салып келе жатқан Қаза­қстан билі­гі Ресей тара­пы­нан «Бай­қоңыр­да» соғыс мақ­са­тындағы раке­та­лар­дың ұшы­ры­лып жатқа­ны­на неге үнсіз қа­рап отыр?

Ресей мен Укра­и­на­дағы со­ғыс жағ­дай­ын жіті қадаға­лап оты­рған әлем­дік қауым­дас­тық­қа мұны қалай, не деп түсін­діреміз? Ал біз үшін алаң­дай­тын нәр­се – Ресей кон­вер­си­я­ланған раке­та­лар­ды неге өз ғарыш ай­лағынан ұшыр­май­ды? «Сата­наның» бір түрі «Р‑36М УТТХ» раке­та­сын Ресей 1977 жыл­дан бері «Бай­қоңыр­да» 62 рет сы­нағаны аз бол­ды ма? Сол 62 сынақтың 56-сы сәт­ті болып, өзге­лері апатқа ұшы­рап, айна­ла­сы­на қан­ша зардап шек­кіз­гені сол тұста құпия сақталға­ны анық. Бірақ ара­да қан­ша уақыт өтсе де, оның жеңіл-жел­пі зардап бол­маға­нын түсі­ну қиын емес. Себебі жер мен суда, ауа­да да өзінің улы қаси­етін жой­май­тын геп­тил­дің қатері неге тұрады?!

Әрине, Ресей­дің «Стре­ла» раке­та­сын кон­вер­си­ядан шы­ғаруында басқа да мақ­сат­тар болуы мүм­кін. Мәсе­лен, отын қал­ды­ғы қор­шаған ортаға аса қауіп­ті осы раке­та­лар­ды Қазақ­стан жерін­де пай­да­ла­нып бітіріп, ал өзінің «Пле­сецк» кос­мо­дро­мын таза күй­ін­де сақтап қалу­ды ойлап оты­рған болуы да мүм­кін. Енде­ше Ресей­дің Қаза­қстан жерін әбден улап кетуіне біздің қоғам неге мүм­кін­дік береді?

 

Гүл­ми­ра

ТОЙБОЛДИНА,

«

 

 

РН «Стре­ла»

 

Общие све­де­ния

Стра­на                 Россия

Семей­ство          УР (МБР УР-100Н УТТХ)

Назна­че­ние        ракетаноситель

Раз­ра­бот­чик       НПО Машиностроения

Изго­то­ви­тель     НПО Машиностроения

 

Основ­ные характеристики

Коли­че­ство сту­пе­ней 3

Дли­на                   28,27 м

Диа­метр  2,5 м (2,5×2,62 м для ГО)

Стар­то­вая мас­са                      105 000 кг

Мас­са полез­ной нагруз­ки      – на НОО 2000 кг

 

Исто­рия запусков

Состо­я­ние          действующая

Места запус­ка    Байконур

Чис­ло запус­ков 3

– успеш­ных 3

– неудач­ных 0

Пер­вый запуск  5 декаб­ря 2003

Послед­ний

запуск                   19 декаб­ря 2014

 

Пер­вая ступень

Дли­на                   17,2 м

Мар­ше­вый дви­га­тель 3×РД-0233 и 1×РД-0234

Тяга           1880кН (470×4) /2080 кН (520×4)

Удель­ный импульс       285 с / 310 с

Вре­мя рабо­ты    121 с

Горю­чее НДМГ

Окис­ли­тель АТ

 

Вто­рая ступень

Дли­на                   2,8 м

Мар­ше­вый

дви­га­тель            РД-0235

Руле­вой дви­га­тель      4‑х камер­ный  РД-0236

Тяга           /240 кН (руле­вой:  15,76 кН)

Удель­ный импульс       /320 с (руле­вой: 293 с)

Вре­мя

рабо­ты                 183 с (руле­вой: 200 с)

Горю­чее НДМГ

Окис­ли­тель АТ

 

Республиканский еженедельник онлайн